Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет123/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126

Мазмұны


Кіріспе 2

Жалпы ережелер 5

І Бөлім 10

Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) 10

Бас бухгалтер 13

Бас диспетчер 16

Бас инженер 18

Бас конструктор 21

Бас металлург 24

Бас метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау қызметінің бастығы) 26

Ақпаратты қорғау жөніндегі бас маман 28

Еңбекті қорғау бойынша аға техникалық басшы 30

Бас технолог 32

Бас энергетик 35

Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының директоры (бастығы) 38

Қонақүйдің директоры 41

Лауазымдық міндеттері. Өз атынан қызметке басшылық жасайды немесе өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтер басшылықтарымен өзара байланыста орындайды. Қонақүй қызметінің жұмысын ұйымдастырады және экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Қонақүйдің дәрежесіне сәйкес, тұрғын бөлмелерді және бос орындарды бөлу және дұрыс пайдалану есебімен, сонымен қатар төлқұжаттық және визалық режимді сақтаумен клиенттерге қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады. Қонақүйдің персоналы мен қызметтерінің жұмысын ғимарат пен мүліктің пайдалану ережесі мен нормаларына сәйкес дұрыс жағдайда сақтау мен күтіп ұстауына, жабдықтың үздіксіз жұмысына, көркейтілуі мен жайлығына, санитарлық-техникалық және өртке қарсы талаптарын сақтауға бағыттайды. Қонақүй шаруашылығының рентабельділігін, тұрып жатқандарға қызметтер кешенін уақытылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз етеді. Тұрғын бөлмелерді, қойма және қонақүйдің өзге де бөлмелерін профилактикалық қарап шығу, күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізу, оның материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамыту, жайлылықтың деңгейін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қонақүйдің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, салықтар мен алымдарды төлеу туралы орнатылған есепті жүргізу және уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қонақүйді білікті персоналмен қамтамасыз ету бойынша, басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін үйлестіру бойынша шараларды қабылдайды. Клиенттерге қызмет көрсету мен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Коммерциялық қызметтің кеңеюіне ықпал жасайды. 42

Бу қазандықтары орнының директоры 42

Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор 45

Баспахана (полиграфия) директоры 47

Машина басу бюросының меңгерушісі 48

Лауазымдық міндеттері. Машина басу бюросының жұмысына басшылықты жүзеге асырады. Басу үшін материалды қабылдайды, оны машина басатындардың арасында бөледі, өндіру есебін жүргізеді, орындалған жұмысты тапсырады. Машина басу жұмыстарының орындалу сапасы мен мерзімі үшін бақылауды, қабылдаған құжаттардың және фонограммалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Машина басатындарды жұмыс үшін қажетті техникалық құралдармен және материалдармен қамтамасыз етеді. Компьютерлердің, басу машиналарының, диктофондардың жағдайын қадағалайды және олардың бұзылыстарын жою бойынша шаралар қабылдайды. Негізгі міндеттерге қоса машина басу жұмысын орындай алады. 49

Мұрағат меңгерушісі 49

Лауазымдық міндеттері. Ұйымда мұрағат ісін ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмысты басқарады. Белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, жүйелеуді, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді. Мұрағат құжаттарын есепке алуды және пайдалануды жеңілдететін анықтама аппаратын құрастыру бойынша жұмысты басқарады. Қажетті құжаттарды іздестіруде әдістемелік көмек көрсетеді. Істерді құрастыру, дайындау және мұрағатқа тапсыру ережелері туралы құрылымдық бөлімшелер жұмысшыларына нұсқаулар береді. Мұрағатқа іс жүргізу аяқталған құжаттардың уақтылы келіп түсуін бақылайды. Мұрағат құжаттарының құндылығын сараптау, құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау мерзімді істеріне құрастыру бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Құжаттарды мемлекеттік мұрағаттарға тапсыру үшін істердің тізбелерін, сақтау мерзімдері біткен құжаттарды жою туралы актілерді құрастыру бойынша жұмыстарға басшылық етеді. Құжаттардың жағдайына, олардың уақтылы қалпына келтірілуіне, мұрағат жайларында құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Құжат айналымының және істердің санының есебін жүргізу, мұрағат құжаттарында бар ақпараттардың негізінде мұрағат анықтамаларын беру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есептілікті құрастырады. Іс жүргізу және мұрағат ісін ұйымдастыру бойынша ережелерді және нұсқаулықтарды даярлауға қатысады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігін сақтауын қамтамасыз етеді. 50

Рұқсатнама бюросының меңгерушісі 50

Жүк сақтау қоймасының меңгерушісі 51

Кеңсе меңгерушісі 52

Көшіру-көбейту бюросының меңгерушісі 53

Лауазымдық міндеттері. Көшіру және көбейту жұмысының уақытылы және сапалы орындалуын, соның ішінде ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелері үшін техникалық құжаттаманы микрофильмациясын қамтамасыз етеді. Техникалық және қызметтік құжаттаманы көшіру, көбейту үшін қабылдауды, бөлімшелерден материалдардың келіп түсуінің есебін ұйымдастырады. Материалдар шығынын және тапсырыс берушіге дайын өнімді беруді анықтайды. Көшіру және көбейту жұмыстардың орындалу кестесін құрастырады. Орындаушылар арасында жұмысты олардың мамандығы мен біліктілігіне сәйкес бөледі және қызметкерлерге нұсқау береді. Бюроның жабдыққа, материалға қажеттілігін анықтайды және оларды алу үшін өтінім беруді қамтамасыз етеді. Көшіру және көбейту жұмыстарының орындалу мерзімі мен сапасына, сонымен қатар тапсырыс берушіге тапсырылатын материалдың жинағына бақылауды жүзеге асырады. Көшіру және көбейту жұмыстарының орындалу техникасы бойынша нұсқауларды, ережелерді және өзге де нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Бюро қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша, материалдар шығындарын азайту мақсатында жұмыстың алдынғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін енгізу, жабдықты пайдалануды жақсарту және еңбек өнімділігін арттыру бойынша шараларды қабылдайды. Жұмысқа қабылданған құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Жұмыс орындарының, жабдықтың жағдайын және оның уақытылы жөндеуден өтуін, жабдықты пайдалану және еңбекті қорғау ережесінің көшіру және көбейту жұмыстары кезінде сақталуын бақылайды. Көшіру және көбейту жұмыстарын орындау кезінде ақауды туғызатын себептерді зерттейді және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. 54

Ғылыми-техникалық кітапхананың меңгерушісі 55

Жатақхана меңгерушісі 57

Лауазымдық міндеттері. Жатақхананың қызмет көрсетуші мамандарының жұмысын басқарады. Жатақханаға келгендердің орналасуын жүзеге асырады, жатақханаға орналасқан және шығып кеткен азаматтардың уақытылы және дұрыс тіркелуін қадағалайды. Бөлмелерді жиыстыруды ұйымдастырады және ұйықтайтын бөлмелерде және ортақ пайдалану орындарында тазалықтың сақталуын қадағалайды. Жатақхана электр желісінің, байланыстың, су құбырының, канализацияның және жабдықтың дұрыс жұмысын қадағалайды. Мүліктің және басқа да қажетті мүліктің берілуі мен қабылдауын қамтамасыз етеді. Жатақханадан шығатындардың аралап шығу парағына белгі қояды немесе берешегі жоқ екені туралы анықтама береді. Қолданыстағы мүліктің есебін жүргізеді, оны мерзімдік тексеруді және сақталуын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда мүлікті, жатақхана тұрғындары бүлдірген немесе жоғалтқан материалдық құндылықтарды шығынға жатқызуға актілерді құрастырады, белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардан олардың құнын өндіруге құжаттарды рәсімдейді. Жатақхананы қажетті мүлікпен, жабдықпен, құрал-жабдықпен және өртке қарсы қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, өртке қарсы қорғау ережелерінің орындалуын бақылайды. Санитарлық және өрт қадағалау жазба кітабын, сонымен қатар арыздар мен шағымдар кітабын жүргізеді, көрсетілген кемшіліктерді жою, жатақханада тұратындар және қызмет көрсету персоналы арасында пайда болатын даулы жағдайларды шешу бойынша шараларды қабылдайды. Мәдени-бұқаралық және тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді. 57

Өндіріс меңгерушісі (бас аспаз) 58

Қойма меңгерушісі 60

Асхана (дәмхана, мейрамхана, бар) меңгерушісі 63

Фотозертхана (фотоателье) меңгерушісі 63

Шаруашылық меңгерушісі 65

(әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер) 65

Күрделі құрылыс бойынша директордың 67

(директор, вице-президент) орынбасары 67

Коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары (коммерциялық директор, вице-президент) 70

Персоналды басқару бойынша директордың орынбасары 72

(директор, вице-президент) 72

Экономикалық мәселелер бойынша директордың 74

(директор, вице-президент) орынбасары (аға экономист) 74

Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары 77

(директор, вице-президент) 77

Қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары 80

Жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары 81

(әкімшілік директор) 81

Лауазымдық міндеттері. Ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қарым-қатынаста өз міндеттерін орындайды. Ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді. өзіне қарасты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді байланысын ұйымдастырады, олардың жұмысын ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға бағыттайды. Ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын техникалық қайта жарақтау және реконструкциялау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады. Жаңа техника мен технологияны, басқарудың прогрессивті нысандарын, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау негізінде өндірістік-шаруашылық қызметі ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес ұйым жұмысы мен басқару аппараты қызметінің тәртібін айқындайды. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын әкімшілік қолдауды жүзеге асырады. Офистік шығыстардың бюджетін жоспарлайды. Офисті ұстау, жұмыс орындарын ұйымдастыру шығыстарын бақылауды жүзеге асырады. Шаруашылық шарттарды жасауды ұйымдастырады және олардың уақтылы орындалуын бақылайды. Ұйымның шаруашылық байланыстарын кеңейту шараларын қабылдайды. Ұйымның жалдау саясатын басқаруды жүзеге асырады. Корпоративтік құжаттамаларды тіркеу және мұрағаттауды бақылайды. Жылжымайтын мүлік нарығын талдайды, кеңсе орындарын іздеуді басқарады. Өртке қарсы құралдардың болуы мен дұрыстығын, үй-жайлардың, жабдықтар мен керек-жарақтардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Ғимараттар мен құрылыстарға, инженерлік, жылумен және электрмен жабдықтау коммуникацияларына қызмет көрсету және пайдалану бойынша қызметкерлердің жұмысын бақылауды қамтамасыз ету. Көліктің барлық түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, бұл қызметті қажетті механизмдермен және айлабұйымдармен жабдықтау бойынша шараларды қабылдайды. Қызметкерлер үшін денсаулықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. Қажетті есепті және есептілікті жасауды ұйымдастырады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын бақылайды. 82

Акционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) 83

корпоративтік хатшысы 83

Бақылау (учаскенің, цехтың) мастері 86

Учаске мастері 88

Персонал бойынша менеджер (HR-менеджер) 93

Персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер) 95

Лауазымдық міндеттері. Персоналдың жалдау процессін және жүйесін енгізеді және дамытады. Персоналды белсенді іздеуді жүзеге асырады. Кандидаттарға қойылатын талаптарды тұжырымдайды, қажетті жұмысшының және бос позицияның сипаттамасын жасайды; бос орын сараптамасын жүргізеді. Сауалнамаларды жасау және толтыру мәселелері бойынша консультация береді. Қажет кандидаттарды жеке ақпараттық қорлар және байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет құралдары арқылы, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық дереккөздерде жарнамалар беру көмегімен іздейді. Нақты кәсіпке немесе лауазымға қатысты талаптармен байланысты сұрақ қою және оған жауап алу арқылы кандидаттармен әңгімелесуді ұйымдастырады және жүргізеді. Кандидаттарға түйіндеме жасауға белсенді көмек көрсетеді. Кандидаттардың іскерлік және психологиялық қасиеттерін бағалайды, оларға психологиялық және кәсіби тестілеу ұйымдастырады. Кандидаттарды: кәсіпорындардағы еңбек шарттары, режимі, сипаты, біліктілік және психологиялық талаптары, қызметкерлерге ұсынылған жеңілдіктер, материалдық және моральдық көтермелеу бағдарламалары туралы хабардар етеді. Талдау материалдарын құрастырады: құзыреттер бойынша құрылымдық бағалау қорытындысы; кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау, кандидаттың қажетті талаптар бойынша лауазымға сәйкестік дәрежесі. Кандидаттардың, бос орындардың, кәсіпорындардың және еңбек нарығы бойынша (ақпараттарды алу, жүргізу, өңдеу, талдау, сыныптау, бағалау, салыстыру және сақтау) басқа да ақпараттық дерекқорларды құруды қамтамасыз етеді, дерекқорлардан ақпаратты пайдалану және алуды үйлестіреді. 96

Жарнама менеджері 97

Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 99

Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер (пиар–менеджер) 101

Сауда маркасы менеджерi (бренд-менеджер) 103

Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы 106

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы 108

Шеберхана бастығы (меңгерушiсі) 112

Құрал-сайман бөлімінің бастығы 112

Зерттеу зертханасының бастығы 114

Өндірістік зертхананың (өндірісті бақылау бойынша) бастығы 115

Өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру жөніндегі зертхананың (бюроның) бастығы 116

Лауазымдық міндеттерi. Өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыру саласында өндірісті басқарудың ұйымдастыру құрылымын жасауға бағытталған еңбектің тиімділігін арттыру және сыртқы ортаның өзгерістеріне (нарық конъюнктурасы) оперативті бейімделуі мен инновацияларды енгізуге қабілетті зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бағдарламаларын енгізу мен жасауда зертхананың (бюро) қатысуын ұйымдастырады. Еңбек жағдайларын зерттеуде, оның ұйымдастырылуын, еңбектің социологиялық және психофизиологиялық аспектілерін, оның еңбектің сапасы мен жемістілігіне ықпалын, еңбек кооперациясы мен бөлісу формаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасаудың, еңбек уақытын тиімді пайдалануын, еңбектің озық әдіс-тәсілдерін кеңейту, жұмыс орындарын рационализациялау мен аттестаттау, ауыр дене еңбегін қолдануды қысқарту, психофизиологиялық және санитарлық гигиеналық тұрғыда жайлы еңбек жағдайларын жасау, еңбек пен демалыстың анағұрлым тиімді тәртібін енгізу, өндірістің мәдениетін өсіруді зерттеуді өткізуді басқарады. Ұйымды басқарудың жүріп тұрған құрылымын зерттеуді, ұқсас өнімді шығарушы озат ұйымдардың құрылымымен салыстыру негізінде нарықтың иелік шарттарына сәйкес оның тиімділігінің анализін жасауды ұйымдастырады. Басқару құрылымын автоматтандырылған жұмыс орындарын, желі мен жеке компьютерлерді, ақпараттың өңдеудің техникалық құралдарын енгізу, құжат айналымын ұйымдастыру мен ұйымдық-өкімдік құжаттамасын жетілдіру, өндірісті басқарудың қолданыстағы әдістерін, ұйымның стратегиясы мен мақсаттарына сәйкес рационализациялау бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады. Өндіріс көлемінің өзгеруі жағдайында ұйымда жұмыс істейтіндердің санын орынсыз қысқартудың алдын алу (жұмыс уақытын реттеу, басқа жұмыс учаскелеріне көшіру, т.б.) бойынша ұйымдастырушылық шараларды жасауға қатысады. Қызметкерлердің еңбегін регламенттеу, олардың лауазымдық нұсқаулықтары мен ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді жасау бойынша жұмыстарды үйлестіру мен әдістемелік басшылықты іске асыруды жүргізеді. Нормативтік зерттемелерді бекіткеннен кейін енгізуді қамтамасыз етеді, ұйым шарттарына экономикалық қызметтерінің барлық түрлерінің нормативтік материалдарын, олардың қолданылуы бойынша нұсқаулықтар дайындау, үлгілік шешімдерді бейімдеу, өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру саласында отандық және шетелдік тәжірибедегі жетістіктерді қорытындылау және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралардың тиімділігін анықтау мен талдауға, есеп жүргізуге және белгіленген есептілік жасауға басшылық етеді. Зертхана (бюро) қызметкерлеріне басшылық етеді. 117

Еңбек социологиясы зертханасының (бюро) бастығы 118

Техникалық-экономикалық зерттеулер зертханасының 120

(бюросының) бастығы 120

Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы 122

Өндіріс процестерін автоматтандыру мен механикаландыру 124

бөлімінің бастығы 124

Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (ӨБЖ) (ақпараттық технологиялар ортасы немесе бөлімшелері) 126

Ақпарат (ғылыми–техникалық ақпарат) бөлімінің бастығы 128

Лауазымдық міндеттерi. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымның сыртқы және ішкі ақпараттық ортасын дайындау және ұйым бөлімшелері мен жекелеген қызметкерлерді арнайы дайындалған отандық және шетелдік экономикалық, техникалық, ғылыми жетістіктер мен жаңа өндірістік тәжірибелері туралы мәліметпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Ұйымның өнімінің маркетингтік міндеттерін шешуге қатысады және талдау, жарнамалық материалдарды дайындау мен ақпараттық өнімнің маркетингтік жеке бағдарламасын іске асыру шарттарын қамтамасыз етеді. Ұйымның басшылары мен мамандарының ұйымды басқару, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс процестерін жетілдіру бойынша шараларды дайындау, техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау, конструкторлық және технологиялық жоспарларды жасау, ұйым өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтау, нарық конъюктурасын зерттеу үшін қажетті ғылыми–техникалық және экономикалық мәліметтердің қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстарды басқарады. Ұйымның ақпараттық-анықтамалық қорын жасауды басқарады, қазіргі заманғы ақпараттық ізденіс жүйесін енгізуді, тақырыптық жоспарларының негізінде қордың отандық және шетелдік материалдармен жүйелі толықтырылуын және жаңа ақпараттық технологияларды қолданылуын қамтамасыз етеді. Ұйымның қызметтері мен ақпараттық өнімінің маркетингтік және ақпараттық қызмет көрсету нарығын зерттеу, ақпараттық материалдарды зерттеу, жинау, жүйелеу, рефераттар мен аннотацияларды, өндірістің дамуының тенденциясы мен жай-күйі туралы тақырыптық шолу дайындау, сонымен қатар ұйым қызметінің нәтижесін ұқсас отандық және шетелдік ұйымдардың жетістіктерімен салыстыру, басқа ұйымдардың сұранысы бойынша ұйымның жаңа өндіріс тәжірибесі туралы материалдар жинауды ұйымдастырады. Ұйымның бөлімшелерінде ақпараттық материалдардың қолданылуын бақылайды. Бөлімнің отандық және шетелдік ғылым және техника жетістіктерін үгіттеуде, оларды енгізудің жаңа тәжірибесін, сонымен қатар жиналыстар, семинарлар, лекциялар, экскурсиялар, демонстрациялар, ғылыми-техникалық фильмдер өткізуге қатысуын қамтамасыз етеді. Ұйым шығаратын өнім туралы каталогтар, проспектілер және ақпараттық материалдарды шығаруға қатысады. Аудармаларды қолданыстағы үйлестіру тәртібін ескере отырып, шетелдік әдебиеттерді, каталогтарды, ғылыми- техникалық құжаттамаларды аударуды, жаңа өндіріс тәжірибесі, ғылым және техника жетістіктері туралы ақпараттық материалдарды ұйымда қолданудың тиімділік есебін жүргізуді, бөлімнің ақпараттық жұмысы туралы есепті дайындауды ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерін басқарады. 129

Кадр бөлімінің бастығы 130

Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы 133

Жабдықты жинақтау бөлімінің бастығы 135

Сапаны бақылау бөлімінің бастығы 137

Маркетинг бөлімінің бастығы 139

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің 141

(логистика бөлімінің) бастығы 141

Ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бөлімінің бастығы 143

Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы 146

Еңбекті қорғау бөлімінің бастығы 148

Патенттік және өнертапқыштық жұмыстар бөлімінің бастығы 151

Кадрларды даярлау бөлімінің бастығы 154

Ақпаратты қорғау бөлімінің (зертхана, сектор) бастығы 156

Өткізу (сату) бөлімінің бастығы 159

Әлеуметтік даму бөлімінің бастығы 161

Стандарттау бөлімінің бастығы 163

Жоспарлық-экономикалық бөлімінің бастығы 165

Өндірістік бөлімінің бастығы 167

Жөндеу цехының бастығы 169

Қаржы бөлімнің бастығы (қаржы директоры) 179

Шаруашылық бөлімінің бастығы 181

Орталық зауыттық зертхананың бастығы 183

Лауазымдық міндеттері. Өндіріске прогрессивті технологияны, бәсекеге қабілетті жаңа технологиялық жабдықты енгізу мақсатында ұйымның ғылыми-техникалық саясаты мен дамудың келешектеріне сәйкес ғылыми-зерттеу және сарап жұмыстарын ұйымдастырады. Бұйымдардың жаңа түрлерін әзірлеу және меңгеру, жобаланатын өнім түрлерінде жаңа материалдарды қолдану, сапаны жақсарту және өнімнің шығарылымын ұлғайту, материалдық-шикізатты ресурстарды үнемді жұмсау бойынша зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етеді. Ұйымдарға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін ендіруге ықпал етеді. Жүргізілген зерттеулер негізінде технологиялық нұсқаулар, техникалық шарттар және стандарттарды өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Өнеркәсіп санитариясы, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау салаларында бақылаудың жаңа әдістері, материалдар мен шығарылатын өнімдердің сапасын бағалау мен өлшеудің жаңа әдістерін жетілдіру және енгізу бойынша жұмысты басқарады. Цехтардағы технологиялық тәртіптің сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді. Өндіріске келіп түсетін шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, сондай-ақ дайын өнімнің олардың қолданыстағы өндірістік стандарттар мен техникалық шарттарға, экологиялық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында сапаларына зертханалық бақылауды жүргізуді ұйымдастырады. Сынамалар нәтижелері бойынша құжаттаманың рәсімделуін қамтамасыз етеді. Ұйым өнімінің сертификациясы мен мемлекеттік аттестациясына қатысады. Өнімдегі пайда болған ақаудың себебін анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың алдын алу және болдырмау жөнінде ұсыныстарды әзірлейді. Зертхана күшімен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарларын әзірлейді, сондай-ақ ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе оларды белгіленген мерзімде орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бірлескен жұмыстарды жүргізуге ғылыми-зерттеу ұйымдарымен шарт жасасады. Ұйымның стратегиялық және бизнес-жоспарларын әзірлеуге қатысады. Цехтық зертханаларға әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады, олардың жүргізетін зерттеулері мен сынамаларының қорытындыларына талдау жасау және оларды қорыту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жүргізілуіне кететін еңбек шығынын қысқарту мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың ұйымдастырылуын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындайды. Өлшемнің жаңа технологиялары, әдістері мен тәсілдерін жобалау, өндірілетін материал, шикізат және өнімнің сапасына зертханалық бақылау саласында озық отандық және шетел тәжірибесінің зерделенуін ұйымдастырады. Орталық зауыттық зертхана жұмысшыларына басшылық етеді. 184

Цех (учаске) бастығы 185

Тәжірибелі өндірістің цех бастығы 187

Лауазымдық міндеттері. Жаңа немесе жетілдірілетін (модернизацияланатын) өнімді сынау және әзірлеу бойынша, сондай-ақ сериялық немесе массалық өндірісті әрі қарай ұйымдастыру үшін жаңа технологиялық процестерді зерттеу бойынша цехтың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады. Зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстардың келешектегі және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге, тақырыптық жоспарлар мен олардың кезең –кезеңмен орындалуының кестесін құруға, сынаулар бағдарламаларын және тәжірибелі үлгілердің сынауларын әзірлеуге, доводтық жұмыстарды орындауға, техникалық құжаттаманың (жұмыс сызбалары, технологиялық нұсқаулар, техникалық шарттар, сынаулар жөніндегі әдістемелер және т.б.) апробациясына, жүргізілген сынаулар кесімдерін ресімдеуге қатысады. Жаңа өнім мен технологиялық процестерді меңгеруде өндірістік цехтарға (учаскелерге) техникалық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Негізгі және айналым қаражатын тиімді пайдалану кезінде белгіленген мерзімдерде тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өндірістің ұйымдастырылуын, оның технологиясының, өндіріс процестерінің механизациясы мен автоматизациясын жетілдіру, ақаулықтың алдын алу мен өнім сапасын жоғарылату, ресурстарды үнемдеу, жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау (ұтымды ету), еңбекті ұйымдастырудың озық түрлерін енгізу, еңбек өнімділігін жоғарылатудың резервтерін пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді. Өндірістік-шаруашылық қызмет туралы есептілікті құруды, есебін жүргізуді және жоспарлауды, шаруашылық етудің жаңа формаларын енгізуді, еңбектің нормалануын жақсартуды, материалдық ынталандыру мен еңбек ақы жүйелері мен формаларының дұрыс қолданылуын, еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін тарату мен жинақтауды, ұқсас өнімдер өндірісінің технологиясы мен құрылымдалуының озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеуді, өнертапқыштық пен рационалдауды дамытуды ұйымдастыру. Жабдық және басқа да негізгі құралдардың техникалық түрде дұрыс пайдалануын, оларды жөндеу кестелерінің орындалуын, еңбектің қауіпсіз шарттарын, сондай-ақ жұмысшыларға ұйымда қарастырылған еңбек шарты бойынша жеңілдіктердің уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді. Цех қызметтері мен шеберлерді жұмысын үйлестіреді. Кадрлардың іріктелуін, олардың орналастырылуы мен мақсатқа лайық пайдаланылуын жүзеге асырады. Жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелерін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауын бақылайды. Цех жұмысшыларының біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады. Цех бойынша орнатылған есептіліктің уақытылы ұсынылуы мен жасалуын қамтамасыз етеді. 188



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет