АҚпараттық хабарлама «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»



Дата29.02.2016
өлшемі72.48 Kb.
#31937
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 9 қазан күні (Астана уақытымен) сағат 12.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында ағылшын әдісін қолдану арқылы облыстық коммуналдық мүліктерді сату бойынша электрондық аукцион өткізеді.

Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық аукционға төмендегі облыстық коммуналдық мүліктер қойылады:




Объектінің атауы

Мекенжайы

Теңгерім ұстаушы

Алғашқы баға, теңге

Бастапқы баға (алғашқы бағаның 60%), теңге

Кепілдік

жарна

(алғашқы бағаның 15%), теңге

1

Ғимараттың бөлігі (А), 1987 жылы салынған 2 қабатты, жалпы алаңы 583,9 шаршы метр:

1) 1-қабат бойынша барлығы 156,4 шаршы метр:

- тамбур-1/2 жалпы пайдалы алаңы 1,8 шаршы метр;

- дәліз-1/2 жалпы пайдалы алаңы 5,6 шаршы метр;

-басқыш тор, жалпы пайдалы алаңы 15 шаршы метр;

- дәліз-1/2 жалпы пайдалы алаңы 8 шаршы метр;

- дәліз-1/2 жалпы пайдалы алаңы 23 шаршы метр;

- №6 негізгі жай, жалпы пайдалы алаңы 24,8 шаршы метр;

- №7 қызметтік жай, жалпы пайдалы алаңы 31,6 шаршы метр;

- №8 қызметтік жай, жалпы пайдалы алаңы 4,5 шаршы метр;

- №9 қызметтік жай, жалпы пайдалы алаңы 5 шаршы метр;

- №10 қызметтік жай, жалпы пайдалы алаңы 5,2 шаршы метр;

- №11 негізгі жай, жалпы пайдалы алаңы 15,7 шаршы метр;

- №12 негізгі жай, жалпы пайдалы алаңы 16,2 шаршы метр;

2) 2-қабат бойынша барлығы 427,5 шаршы метр:

- басқыш тор, жалпы пайдалы алаңы 15,8 шаршы метр;

- дәліз, жалпы пайдалы алаңы 75,9 шаршы метр;

- №3 негізгі жай, жалпы пайдалы алаңы 218 шаршы метр;

- №4 негізгі жай, жалпы пайдалы алаңы 17 шаршы метр;

- №5 негізгі жай, жалпы пайдалы алаңы 16,4 шаршы метр;

- №6 негізгі жай, жалпы пайдалы алаңы 33 шаршы метр;

- №7 негізгі жай, жалпы пайдалы алаңы 51,4 шаршы метр.

Жер телімі: алаңы 0,0868 га, «А» литерлі ғимаратқа қызмет көрсетуге арналған, кадастрлық нөмірі 08-130-031-780 (жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы 5 жыл мерзімге ортақ үлеспен берілген).


БҚО, Орал қ., Ю.Гагарин көшесі №70/7 үй, 1 жай

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» МКҚК

11 735 045

7 041 027

1 760 257

2

Қыдырбай қыстағы:

- жалпы алаңы 72 шаршы метр, 1980 жылы салынған жеке тұрғын үй (А);

- құрылыс алаңы 11,8 шаршы метр, 1980 жылы салынған суық жапсарлас жай (а1);

- құрылыс алаңы 9,6 шаршы метр, 2010 жылы салынған қора (Г1);

- құрылыс алаңы 7,2 шаршы метр, 2010 жылы салынған монша (Г2);

-құрылыс алаңы 2,3 шаршы метр, 2010 жылы салынған әжетхана (Г3);

-құрылыс алаңы 27 шаршы метр, 2013 жылы салынған аспа жай (Г4);

-құрылыс алаңы 111,2 шаршы метр, 2011 жылы салынған мал қора (Г5).

Жер телімі: алаңы 0,5 га, тұрғын үй мен мал қорасына қызмет көрсету үшін, кадастрлық нөмірі 08-115-025-250 (жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы 5 жыл мерізге).


БҚО, Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылы, Қыдырбай қыстағы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Жаңақала колледжі» МКҚК

732 702

439 622

109 906

3

12 (он екі) бас ірі қара мал, 19 (он тоғыз) бас қой және 1 (бір) жылқы.

БҚО, Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылы, Қыдырбай қыстағы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Жаңақала колледжі» МКҚК

2 441 547

1 464 929

366 233

4

Уаз 315195-025 маркалы автокөлігі, 2005 жылы шығарылған, м/н 465АА07.

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Нұрпейісова көшесі, 34

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Жаңақала колледжі» МКҚК

112 000

67 200

16 800

5

Ваз 21213 маркалы автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, м/н L471BN.

БҚО, Орал қ., А.Тайманов көшесі

№221 А


Батыс Қазақстан облысы Әкімдігінің білім басқармасының «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК

80 000

48 000

12 000

Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталуына екі сағат қалғанда аяқталады.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна бірыңғай оператордың шотына төленеді:

«Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ;

БИН 050540004455,

ИИК KZ529261501102032004,

БИК KZKOKZKX,

«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ,

КНП 171,


Кбе 16.

Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін, қосымшалармен қатысушының қол қойылған ЭЦҚ, пішін бойынша электронды аукционға қатысу үшін электронды өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Әрбiр сатылған жекешелендiру объектiсi бойынша электрондық аукцион нәтижелерi туралы электронды хаттамамен ресiмделедi, оған сатушы және жеңiмпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейiн жиырма төрт сағат iшiнде тiзiлiмнiң веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нәтижелерi туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерiн және жеңiмпазбен сатушының жекешелендiру объектiсiн сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттерiн белгiлейтiн құжат болып табылады.

Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде қол қойылады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде келесі көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалдық куәландырылған көшірмелерін салыстыру үшін міндетті түрде көрсете отырып, сатушыға ұсынады:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатттар.

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттар.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі.

Ескерту: Мүлікті жеңімпаз өз күшімен алып кетеді.

Сауда-саттық ұйымдастырушының мекенжайы және телефоны: БҚО, Орал қ., Ж. Досмұхамедов көшесі, 45, 301 кабинет, 8(7112)-50-50-65, 8(7112)-50-65-78.



Назар аударыңыз! Бірыңғай оператордың есеп шотына кепілді жарнаның аукцион басталған уақытына дейін екі сағатқа дейін түспеген жағдайында, сонымен қатар, тіркеу бойынша талаптарды қатысушылар орындамаған жағдайда, өтініштерді қабылдау тізілімнің веб-порталының бас тарту үшін негіз болып табылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8(7112)-50-50-65, 8(7112)-50-65-78 телефондары арқылы алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет