Графикалық планшет (дигитайзер) – көркемдеуші графикалық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. Мұндай құрылғылар суретшілер мен иллюстраторлардың қолдануына ыңғайлы.
Команданы басқару құрылғысы, арнайы манипулятор - «тышқан» тетігі, компьютерге электр өткізгіш сым арқылы жалғастырылатын кішкене пластмассалық қорап. Тышқаннан басқа манипулятор типтеріне трекбол, пенмаус, инфрақызыл тышқан жатады.
Модем (модулятор-демодулятор) — телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы, мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (хаттамасы) бойынша жұмыс атқарады. Модем - компьютер желісіне (Іnternet, Relсоm, FіdоNеt, т.б.) немесе электрондық поштаға байланысты ең керекті құрылғы - телефон арналарына қосылған.
ЭЕМ-нің мультимедия мүмкіндігі - ақпаратты бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі-түсті мәтіндік, графикалык, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарады, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мультимедиалы компьютер фотоаппараттарды, бейне магнитофондарды, бейне камераларды қосуға арналған арнаулы бейнелік тақшамен жабдықталады, ол көптеген бейнелік суреттерді өңдегенде қажет болады.
Дәріс-10. Санау жүйесi. Санау жүйесінің түрлері. Бір санау жүйесінен екіншісіне өту жолы.
Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.
Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.
Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады.
Санау жүйесi төртке бөлiнедi:
ондық санау жүйесi;
екiлiк санау жүйесi;
сегiздiк санау жүйесi;
оналтылық санау жүйесi.
Достарыңызбен бөлісу: |