Микропроцессор үлгілері. Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 100 МГц–тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады. (1 МГц=1000000 такт/сек).
Дербес компьютердің типі онда орналастырылған микропроцессордың модельдеріне сәйкес (Іntеl 8088, 80286, 803865Х, 80386ОХ, 80486, Реntuim маркалы) және жұмыс өнімділігімен (дәлірек айтқанда, тактілі жиілігі МГц-пен өлшенетін) анықталады. Процессорда жедел жад пен қатты дискінің мөлшері маңызды рөл атқарады. Микропроцессорға жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. ІВМ тәрізді компьютерлерде INТEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Дербес компьютердің типтері 1-кестеде көрсетілген.
1- кесте ДК типтері мен мінездемесі
Процессор моделі
|
Жұмыс
өнімділігі
|
Жедел жады
Мөлшері
|
Қатты диск
(винчестер)
|
Типі
|
МГц
|
Мб
|
Мб
|
Intel 286
|
8-20
|
1-2
|
20-80
|
Intel 386
|
40-60
|
2-4
|
40-200
|
Intel 486
|
66-100
|
4-8
|
80-500
|
Pentium
|
100-300
|
8-32
|
500-2000
|
Pentium IV
|
1000-3400
|
128-512
|
10000-80000
|
Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші - тактілік жиілігінде жатыр. Жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі. Қазіргі уақытта PentiumIV процессорлы компьютер қолданысқа еніп, басқа көрсетілген модельдер ескірген.
Достарыңызбен бөлісу: |