Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады



бет31/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
С тілінде программалау УМКД

Мұрагерлік және полиморфизм


Әрбір объект қайсыбір объектер класының экземпляры болып табылады. Мысалы, Audi 6 автомобилі осы модель автомобильдері классының экземпляры болып табылады, ал, мысық сүтқоректілер классының экземпляры. Осылайша, класс – бұл абстрактілі ұғым. Класстар бір-бірімен әртүрлі қатынаста болады. Осындай қатынастардың негізгілерінің бірі: клас-ішкі класс қатынасы. Бұл объектті- программалауда мұрагерлік қатынасы ретінде белгілі. Мысалы, Audi 6 автомобильдер классы жеңіл автомобильдер классына ішкі класс болып табылады. Жеңіл автомобильдер классы көліктер классының ішкі классы. Көліктер өз кезегінде транспорт құралдары классының ішкі классы. Транспорт құралдарына көліктермен қатар самолеттер, поезд, корабль т.б. жатады.


Мұрагерлік қатынасында берлық атрибуттар мен тәсілдер аталық класстанн ұрпақ-классқа беріледі. Мұрагерлік көпдеңгейлі болуы мүмкін. Бұл жағдайда, иерархияның төменгі деңгейіндегі класстар тікелей не жанама аталық класстардың барлық қасиеттерін мұраға алады.
Бірегей мұрагерліктен бөлек көпмұрагерлік те бар. Бұл жағдайда класс бірден бірнеше класстардың мұрагері болып табылады, және оларың барық қасиеттерін мұраға алады. Көпмұрагерлік қатынасын қолдану барысында мынаған көңіл аудару керек: ұрпақ класс бірдей атаулы бірақ, мазмұны әртүрлі қасиеттерге ие болып қалуы мүмкін.
Мұрагерлікте бір тәсілдің орнын басқа бір тәсіл алмастыруы мүмкін. Мысалы, транспорт құралдары классы қозғалу қасиетіне ие(жалпыға бірдей). Бұл әдіс ұрпақ-класстарда нақтыланады: автомобиль – жүреді, самолет – ұшады, корабль – жүзеді. Тәсіл семантикасының осылайша өзгеруі полиморфизм делінеді. Полиморфизм – бұл сол бір атаулы тәсілдің контекстке тәуелді(дербес жағдайда, қайсы классқа тиістілігіне байланысты) әртүрлі әрекеттер орындауы.
Объекттер полиморфизмі. Объектігі бағытталған программалауды қолдану барысында объекттердің полиморфизмі қамтамасыз етіледі. Бұл термин нені білдіреді?
Объекттердің полиморфизмі мынаны білдіреді: әртүрлі объекттерге жіберілген бір және сол бір хабарлама программаның орындалу этапында нақты қайсы объект осы хабарламаның қабылдаушысы болуына байланысты әртүрлі әрекеттердің орындалуына (әртүрлі тәсілдердің шақырылуы)әкелуі мүмкін.
Басқаша айтқанда: қасиеті, қызметі, ішкі құрылымы бойынша әртүрлі объекттер мағынасы бойынша бірдей(програмисттің көзқарасы тұрғысынан) әрекеттерді табиғаты мен ішкі құрылымына байланысты әртүрлі орындауы мүмкін.
Егер хабарламаны жіберу тәсілдің процедура сияқты шақырылуына алмастырылған болса(Си, Паскаль тілдерінде), онда полиморфизм мынаны білдіреді: тәсіл шақыруы сақталған программа кодының сол және тек сол бір бөлігі кодтың орындалу кезінде қайсы класстың экземпляры әрекетті орындаушы боп табылуына байланысты әртүрлі тәсілдердің шақырылуына әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет