7 – 8 - АПТАНЫҢ СРСП ҚТӘ – 203 АБДЫРАХМАНОВА ҚАЛИЯ Есім сөз таптары: Зат есім. Сын есім Сан есім Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? Не? Кімдер? Нелер? Мысалы, кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы.
Зат есімдер мағыналық ерекшеліктеріне қарай деректі және дерексіз болып екіге бөлінеді. Деректі зат есім –көзге көрінетін, қолға ұсталатын нақтылы зат атауын деректі зат есім дейміз. Мысалы : қалам , кітап ,
Дерексіз зат есім – көзге көрінбейтін , қолға ұсталмайтын, ой – түйсік арқылы танылатын ұғымды атаймыз. Мысалы : ашу , қуаныш, ыза . Зат есімдер жасалуына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара зат есім - бір ғана негізгі және туынды түбірден тұрады. Мысалы : кітап , кітапхана . Күрделі зат есім – кемінде екі немесе бірнеше сөздің бірігу, тіркесуі , қосарлануы , қысқаруы арқылы жасалады. Мысалы : кәсіпорын , компьютерлік жүйе, салт-дәстүр, ТМД. Зат есімдер құрамына қарай негізгі және туынды зат есім болып екіге бөлінеді. Негізгі зат есім – бөлшектеуге келмейтін, түбір тұлғадағы сөздер. Мысалы: әке , ана , аға , қала . Туынды зат есім – жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімдер. Мысалы: әнші , күйші, етікші. Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады. Мысалы : ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су. Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Мысалы : кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. Б.) Үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. Б.) Өндіріс, мекеме, ұйым аттары («Еңбек», «Қайрат», «Түрксіб» т. Б.) Зат есімдердің жасалу тәсілдері