1
Қазақстан Республикасы
инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы «30» желтоқсандағы
№ 346
бұйрығымен бекітілген
Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.
2. Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және олардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша объектілер үшін мыналардыи ұйымның бас инженері (техникалық басшысы) әзірлейді және бекітеді:
1) өндірістік бақылау туралы ереже;
2) аварияларды жою жоспары;
3) технологиялық регламенттер.
Технологиялық регламенттер ұйымның бас инженері (техникалық басшы) бекіткен технологиялық регламентті әзірлеу жөніндегі нұсқаулар негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әзірленеді.
3. Жаңа өндірістерді, технологиялар мен жабдықты енгізетін ғылыми-зерттеу және жобалық институттармен іске қосылатын бұл өндірістер үшін кәсіпорынның бас инженері (техникалық басшы) технологиялық үдерістерді қауіпсіз жүргізуді және жабдықты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық регламенттерді әзірлейді және бекітеді.
4. Жұмысқа кіретін жұмысшылар мен мамандар алдын ала, ал жұмыс істеп жүргендер мерзімді медициналық тексеруден өтеді.
5. Қызметкерлер құрамын дайындау, жұмыстарды өндіру азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Іске қосу-реттеу жұмыстарын жұргізу мерзімінде қолданысқа енгізілетін технологиялық үдерістер үшін ұйымның техникалық басшысы бекіткен жарылысөртқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірленіп жатыр.
2. Технологиялық процестерді жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
7. Балқыту агрегаттарының жұмыс алаңында және балқытылған металдың және (немесе) қождың ықтимал түсу орындарында ылғалдың, балқымалармен әрекеттесуге қабілетті тез ыдырайтын материалдар мен заттардың бар болуына жол берілмейді.
8. Құрамында балқытылған металл және (немесе) қож бар агрегаттарға ылғалды шикіқұрамды, сондай-ақ құрамында ылғал немесе ылғалды материалдар бар агрегаттарға немесе ыдыстарға балқытылған металды және (немесе) қожды тиеуге жол берілмейді. Балқыту агрегатына тиелетін шихтадағы ылғалдың шекті құрамы технологиялық регламентпен белгіленеді.
9. Балқыманы пешке құю дыбыс дабылымен сүйемелденеді.
10. Аталған агрегаттардың сулы салқындату жүйесін қымтау кезінде балқыту агрегаттарын пайдалануға жол берілмейді.
11. Жарылысөртқауіпті немесе қауіпті заттарды қолданумен (түзілумен) байланысты технологиялық үдерістерді жүргізуде пайдаланылатын техникалық құрылғылар мен коммуникациялар герметикаландырылған күйде пайдаланылады. Толық герметикаландыру мүмкін емес жағдайда қауіпті заттар бөлінетін орындар жергілікті сорулармен және жұмыс аймағының ауасын бақылау құралдарымен жабдықталады.
12. Қуыс заттарды болат астауларға, күрекшелерге, қораптарға, қауаларға, шөміштерге (одан әрі технологиялық ыдыс) оларды одан әрі шихта ретінде зиянсыз етпей, босатпай және бөліктерге бөлмей-ақ балқыту агрегаттары үшін пайдаланып тиеуге жол берілмейді.
13. Қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының шихта материалдарын технологиялық ыдысқа грейферлік немесе магнитті крандармен тиеу аймағында болуына жол берілмейді.
14. Материалды тиеу кезінде грейферді немесе магнитті ұзындығы кемінде 3 метр ілгектер, қадалар көмегімен бағытталады. Болат астаулардағы, күрекшелердегі, қораптардағы, қауғалардағы, шөміштердегі сынықтарды қолмен түзеу кран басқа жаққа кеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
15. Техникалық құрылғылардың құрылымына немесе технологиялық сұлбаларға өзгерістер енгізуге жобалаушымен, жабдықты дайындаушымен келісу бойынша жол беріледі.
16. Металл шихтасын болат астауларға, күрекшеге, қораптарға, қауғаларға, шөміштерге тиеу аяқталған соң сынықтың шеттері шығып тұрмайды немесе олардың шеттерінен салбырап тұрмайды, ал технологиялық ыдыстың құлыптарын тазаланады және тексеріледі.
17. Құрамның қозғалуы кезінде болат астаулардағы, күрекшедегі, қораптағы, қауғадағы, шөміштегі сынықты түзетуге жол берілмейді
18. Судың ағып кетуі үшін болат астаудың, күрекшенің, қораптың, қауғаның, шөміштің түбінде тура тесіктер жасалады. Бұл тесіктер түптің барлық ауданы бойынша біркелкі орналасып, жүйелі түрде ластанудан тазартылады.
19. Шөміштердің мұрындығын толтырылған және жиындыдан тазартылған күйде ұстау қажет.
20. Қожды шөміштерден және миксерлерден қалқу үдерісі механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі. Қож қож шөміштеріне төгіліп бөлімшеден шығарылады. Газдар мен тозаңды аулау бойынша жұмыс істемейтін аспирациялық жүйе кезінде қожды айдап шығаруға жол берілмейді.
21. Жөндеуден кейін балқыманы шөмішке құюға оларды кептіріп қыздырғаннан кейін ғана жол беріледі.
22. Мынадай шөміштерді пайдалануға жол берілмейді:
1) қаяуы, қабырғаларында және шетмойындарын бекіту орындарында жарықшақтары бар;
2) өзгеру салдарынан нысанын жоғалтқан немесе шөміш денесінде шетмойындардың ауытқуы бар.
23. Шөмішті оның сыйымдылығын ұлғату үшін арттыруға жол берілмейді. Шөміштерді балқымалармен толтыру деңгейі төгу тұмсығынан төмен, ал ол жоқ болған жағдайда кемінде 200 миллиметрдегі шөміш ергенектерінен төмен болуы тиіс.
24. Шөміштерді жүккөтергіш крандармен тасымалдау траверсалар көмегімен жүргізіледі.
25. Шөміштер арнайы орындарда орнатылады. Шөміштер орнатылатын алаңдар көлденең етіп орындалады.
26. Металл құрылымдары мен жабдық шөгінділерден тазартылады.
27. Төкпенің астында орнатылған шойынтасығыш шөміштің төгу тесігі осінің құю шөмішінің осіне тура келуі қамтамасыз етіледі.
28. Электрпешке тиелетін кенді, ферроқорытпаларды және өзге де материалдарды алдын ала кептіру және шынықтыру қажет. Электрпешке тиелетін кендегі, ферроқорытпалардағы және өзге де материалдардағы ылғал мөлшері технологиялық регламентпен анықталады.
29. Пештердің маңындағы жұмыс алаңында балқыту кезінде пайдаланылатын материалдардың екіден астам емес-үш ауысымдық қорын сақтауға жол беріледі.
30. Бункерлерге қызмет көрсету алаңдардың құрылғысы мен оның орналастыру жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей етіп орындалады.
-
Сұйық металы немесе қорытпасы бар шөмішті жылжыту бірқалыпты бағытта жүргізіледі. Сұйық металы немесе қорытпасы бар шөмішті оның көтерілуі немесе түсуі кезінде көлденең бағытта бір уақытта жылжытуға жол берілмейді.
32. Қожды шөгудің қауіпсіз тәсілі технологиялық регламентпен белгіленеді. Қожды балқытуды жетілдіруде және шығаруда ылғал материалдарымен және сумен шөгуге жол берілмейді.
33. Қожды түсіру кезінде оның сұйық металмен құлауына жол берілмейді, түсіру біркелкі жүргізіледі.
34. Балқытуды жетілдіру кезеңінде пешке қосылатын материалдар құрғақ күйінде және пештен лақтырындыға жол бермейтін мөлшерлермен беріледі. Материалдарды қосу технологиялық регламентке сәйкес пештің жылу жүктемесінің азаюы кезінде жүзеге асырылады.
35. Сұйық металды газбен үрлеуге арналған үрлеуіштер кептіріліп, технологиялық регламентке сәйкес температураға дейін пеште қыздырылады.
36. Механизмдерді майлау жүйесі қымталған. Механизмдердің қиын қол жететін, жиі майланатын тораптары олардың едәуір көлемі кезінде майлаудың орталықтандырылған автоматтандырылған жүйесімен жабдықталады.
37. Ауысымды қабылдау және тапсыру ауысымды қабылдау-тапсыру журналында көрсетіледі және мыналарды тексерумен сүйемелденеді:
1) техникалық құрылғылардың жарамдылығын;
2) қоршаулардың, қорғау бұғаттауларының, дабылдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, жерқосқыштарының бар болуын және жай-күйін;
3) жарық беру және желдету (аспирация) жүйелерінің жарамдылығын.
Тексеру нәтижелері ауысымды қабылдау және тапсыру журналына енгізіледі. Айқындалған ақаулықтар дереу жойылады.
38. Техникалық құрылғыларға төлқұжаттар құралады. Техникалық құрылғыларды ағымдағы жөндеу және оларға қызмет көрсету туралы деректер ұйымның бас инженерімен (техникалық басшымен) бекітілген агрегаттық журналды және нысанды толтыру бойынша нұсқауларды негізінде қағидаға 2-қосымшамен сәйкестікте агрегаттық журналға енгізіледі.
39. Агрегаттардың немесе қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы тұрған орындардың маңында тікелей агрегаттар мен құбыржолдардың орналасу және технологиялық байланысының анық орындалған сұлбаларын ілу қажет.
40. Бекіту құрылғыларын нөмірлеп, соңғы жай-күйлердің нұсқағыштарымен (ашық-жабық) жабдықтау қажет. Бекіту құрылғыларының нөмірі мен сұлбалардағы белгілеулер технологиялық регламенттегі нөмірлер мен белгілеулерге сәйкес келеді.
41. Тораптары мен барлық құрылғысы жұмыс үдерісінде жылжитын техникалық құрылғыны жұмысқа қоспас бұрын жарық және дыбыс дабылы беріледі.
42. Жарылысөртқауіпті үй-жайларда пайдаланылатын құрал-саймандар мен айлабұйымдар ұшқынқауіпсіз қолданылады.
43. Құрал-саймандар мен айлабұйымдар бұл үшін арнайы бөлінген орындарда немесе аспап шкафтарында сақталады.
44. Механикаландырылған құрал-сайманды және айлабұйымдарды пайдалану кезінде дайындаушы зауыттың пайдалану бойынша басшылығында көрсетілген талаптарды сақтау қажет.
45. Айналмалы және қозғалмалы механизмдерді қолмен майлауға олар тоқтатылған кезде ғана жол беріледі.
46. Жұмыс орындарында техникалық құрылғылар, құбыржолдар мен қоршаулар беттерінің температурасының 45 °С астам артуына жол берілмейді. Техникалық себептер бойынша жұмыс орындарында көрсетілген температураға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда сәулелі және конвективті жылу ағын көздерінің маңында өндірістік қызметкерлер құрамының ықтимал артық қыздырылуынан (экрандау, ауамен душтау, қоршау орнату) қорғау жөнінде шаралар қабылданады.
47. Электрмагниттік өрісте энергия бөлетін қондырғыларға қызмет көрсететін және өндірістік жағдайларда электрмагниттік өріс энергиясының әсеріне ұшырайтын өндірістік қызметкерлер құрамының жұмыс орындарында радиожиіліктің электрмагниттік өрісі энергиясы ағынының кернеулілігі мен тығыздығының шекті рұқсат етілген мәндерін сақтау қамтамасыз етіледі.
48. Сұйықтық деңгейін бақылау кезінде жұмыс ортасының фазаларын бөлудің шектері бар ыдыстар деңгей нұсқағыштарымен жабдықталады. Ыдыстарда дыбыс, жарық және өзге де дабыл бергіштерді, сұйықтық бойынша бұғаттауларды орнатуға жол беріледі.
49. Металлургия өндірістерінің материалдарын кептіру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
50. Қауіптілігі жоғары орындарда ескерту плакаттары ілінеді, қауіпсіздік белгілері немесе жарық, дыбыс дабылы орнатылады.
51. Қожды қабылдауға арналған шөміштер құрғақ күйде пайдаланады. Шөміштің түбіне құрғақ қож, толтыру және отқа төзімді материалдардың қалдықтары төгіледі. Шикі немесе майланған материалдары бар шөміштерге қожды түсіруге жол берілмейді.
52. Шөміштерді орнату орындарындағы еден құрғақ күйде ұсталады.
53. Пешке жағу үшін берілетін мазут сүзгіленген және бұлардың тұтану темпертурасынан аспайтын температураға дейін қыздырылған.
54. Мазут құбырлары жылуоқшауланады және оларды босату жағына қарай еңісі кемінде 0,0030 болып орындалады.
55. Мазут құбырымен қатар онымен жалпы оқшаулауда жылыту бу құбыры төселді.
56. Мазут құбырын бумен үрлеу мүмкіндігін ескеру қажет.
57. Мазут құбырларын босату кезінде мазутты төгуге арналған сыйымдылықтар ғимараттан жерде тыс орнатылады.
58. Мазут құбырын пештің үстіне төсеуге жол берілмейді.
59. Мазуты бар шығын бактары пештен кемінде 5 метр қашықтықта орнатылады және жылуоқшаулаумен қыздырылудан экрандармен қорғалады.
60. Өрт болған жағдайда мазутты түсіру үшін шығын бактары резервтік сыйымдылықтары бар жабық құбыржолдармен біріккен. Бұл резервтік сыйымдылықтарға шығын бактарының қайта құю құрылғылары келтіріледі.
61. Авария немесе өрт болған жағдайда мазутты беруді тез өшіру үшін мазут құбырларында қызмет көрсету үшін қолжетімді орындарда орналасқан бекіту арматурасы орнатылады.
62. Жұмыс істейтіндердің мазут немесе шайыр бактарына қол жеткізуіне бактарды құбыржолдардан, босатудан, буландырудан, желдетуден және оларда зиян заттардың бар болуына ауа талдауынан өшіргеннен және белгіленген тәртіпте жүктелім-рұқсатнама дайындалғаннан кейін ғана осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес жол беріледі.
63. Жұмыс істейтіндердің бактарда болу уақытында барлық люктерді ашық күйде ұстау қажет.
64. Егер ашық люктар кезінде бактар желдетілуіне қол жетпесе, онда бұл жағдайда мәжбүрлі желдету қолданылады.
65. Қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы бактың ішінде жұмыс істеген кезде жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалған 12 Вольт жоғары емес кернеудегі шырақтар пайдаланылады. Шырақтарды қосу және өшіру бактардың сыртынан жүргізіледі.
66. Металлургия машиналарының гидроқұбырлар жүйелерінде жанғыш емес және улы емес заттар пайдаланылады. Гидроқұбырларда жанғыш сұйықтықтар пайдаланылған жағдайда өрт сөндіру қауіпсіздігі жөнінде іс-шаралар көзделуі тиіс.
67. Технологиялық ыдыс дайындалғаннан кейін және жөнделгеннен кейін тексеруге жатады. Ыдыста оның міндеті, нөмірі, өз массасы және жүккөтергіші көрсетіледі.
68. Ыдыс пен траверсалар дайындауға арналған жобалау құжаттамасына сәйкес дайындалады, технологиялық регламентпен белгіленген мерзімдерде олардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін тұлға оларды мерзімді тексереді. Тексеру нәтижелері ыдысты және жүкқармауыш айлабұйымдарды мерзімді тексеру журналында тіркеледі.
69. Радиоактивті заттарды және иондау сәулеленудің өзге де көздерін пайдаланатын техникалық құрылғыларды пайдалану жобалау құжаттамасымен және технологиялық регламентпен анықталады.
70. Пештегі жұмыс және қарау терезелері, өзге де технологиялық тесіктер құрылымдары олардың өздігінен ашылуына және жанғыш газдар мен шаңның лақтырындысына жол бермейтін тығыз жабылатын есіктермен (қақпақтармен) жабдықталады.
71. Пештерді қыздыру үшін пайдаланылатын оттықтар мен форсункалардың құрылымы пеш іске қосылғаннан кейін олардың пештен тез және қауіпті алынуын қамтамасыз етеді.
72. Егер материалдарды қайнап тұрған қабатта күйдіру пешінің күмбезімен және газарна терезесінің жоғарғы жиегі арқылы оны футерлеуден кейін өтетін көлденең жазықтықпен қалыптақан кеңістік пештің көлемінен 10 % астам болса, күмбезде жарылғыш мембраналар орнатылады.
73. Материалды пешке беретін құрылғының құрылымы материалдың шығының автоматты реттей отырып, мөлшерленген үздіксіз немесе мерзімді берілісін қамтамасыз етеді.
74. Бункерден күйдірілген материалды түсіру механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.
75. Түсірілген күйдірілген материалды тасымалдау және оны салқындату шаң мен газдың бөлінуіне жол бермейтін құрылғыларда жүргізіледі.
76. Пештен салқындату аппаратына дейін және аппараттың өзіне дейін газарнасы телімінің құрылымы шаңның шөгуіне жол бермейді және пешкөмей мен газарнасын қарау және тазартуға арналған терезелер мен алаңды көздейді.
77. Шаң жинағыштарды түсіру кезінде шаңның бөлінуіне жол бермейтін бекітпелермен немесе өзге құрылғылармен жабдықталады.
Шаңданатын материалдарды қайта тиеу орындары шаңтұту құрылғылармен жабдықталады.
78. Басқару жүйесі пештің жұмысын қолмен, сондай-ақ автоматты режімде қамтамасыз етеді.
Бақылау-өлшеу аспаптары жеке үй-жайда орналасқан басқарудың жалпы пультіне шығарылады, олардың көрсеткіштері бойынша пеш жұмысын автоматты және қолмен басқару жүргізіледі.
79. Пешті басқару жүйесінде пештің авариялық тоқтап қалуы туралы ескертетін жарық және дыбыс дабылы, сондай-ақ технологиялық жабдықтың немесе сықағыштардың тоқтап қалуы кезінде пештің жұмыс істеуіне жол бермейтін бұғаттаулар көзделіп отыр. Жарық және дыбыс дабылын орнату орны жобалық құжатнамамен көзделеді.
80. Газдарды пештерден сору үшін резервті эксгаустер (газбен үрлеу) көзделіп отыр.
81. Табанды, тиеу, түсіру тораптарын, пешкөмейді, газарналарды және шаңтұтқыш құрылғыларды тексеру үшін, сондай-ақ пешті жөндеу кезінде оларға жарық беру үшін қауіпсіз электр желісін немесе жарық берудің тасымалдық құрылғыларын көздеу қажет.
82. Материалдарды күйдіру үшін пештерді іске қосу және тоқтату технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
83. Технологиялық регламентте көрсетілген шамадан төмен қалдық сирету кезінде пештерді пайдалануға жол берілмейді.
84. Қоймалар аумағында тиеу және түсіру жұмыстары, материалдарды тасымалдау технологиялық регламентке сәйкес механикаландырылған тәсілмен орындалады.
85. Келген құрамды түсіру оны толық тоқтатқаннан, тоқтату дабылымен қоршағаннан (қызыл түсті тікбұрышты қалқан немесе қызыл түсті диск күндіз жер үсті және парк жолдарында, шамның қызыл оты түнде немесе үңгі жолда – «Тоқта! Ескертуден өтуге тыйым салынады!»), тежеу тіректерін орнатқаннан және жүк көтергіш машиналарды, алмалы-салмалы жүкқармау тетіктерін және ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін бақылау жөнінде тұлғаның рұқсатын алғаннан кейін жүзеге асырылады.
86. Бункерлерді ашық люктер немесе бекітпелер кезінде тиеуге, сондай қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының бункерлерді түсірген кезде люктер мен бекітпелерге қарама-қарсы тұруына жол берілмейді.
87. Вагондарда қатып қалған материалдарды (сусымалы жүктерді) жылыту жібіту құрылғыларының көмегімен жүргізіледі.
88. Шихта материалдарын вагондардан түсіру механикаландырылған. Өзі түсіретін вагондардың есіктері мен люктерін ашу технологиялық регламентте көзделген тиісті айлабұйымдарды пайдалана отырып жүргізіледі.
89. Шихта материалдарын вагондардан түсіру және оларды күрекшелерге, болат астауларға, қораптарға тиеу жөнінде барлық жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
90. Болат астауларды тасымалдауға арналған арбашалар жұмысшылардың болат астау құрамдарын тіркеу және тіркеуін ағыту уақытында арбашалар арасында тұруына жол бермейтін автоматты және жартылай автоматты ілініс құрылғыларымен, итермелер мен сілкінулер кезінде бойлық бағытта болат астаулардың ығысуына кедергі келтіретін тіректермен немесе құйылмалармен жабдықталады.
91. Пеш аралығының балконында болат астауларын орнату үшін стеллаждар орнатылады.
92. Қоспалары мен қышқылдансыздырғыштары бар болат астауларды орнатуға арналған мартен цехтарында пештер арасында стеллаждар құрылғысына жол берілеі. Стеллаждардың бүйірлері бойынша тіреулер орнатылады.
93. Болат астауларды жүккөтергіш механизмнің пеш аралығына тасымалдау үшін шихтаны кранмен беру цехтарын механикаландырылған қармаулармен жабдықтау қажет. Қармауларды басқаруды жүккөтергіш механизмнің операторының кабинасынан жүргізу қажет. Болат астауларды қармау құрылғылары болат астаулардың үзілуіне немесе құлауына жол бермейтіндей етіп орындалуы тиіс.
94. Мульда қармаулары жоқ болған кезде болат астауларды тіркеу ілмектер мен шығыршықтар көмегімен жүргізіледі. Қармауыш айлабұйымдардың құрылымы болат астауларды жылжыту кезінде олардың құлауына жол бермейді.
95. Еденге төңкеру аудару машиналары бар цехтарда сусымалы материалдар бункерлерде пештің жұмыс алаңына жеткізіледі.
96. Болат астаулы арбашаларды жөндеу үшін бөгеуіш білеулермен және тоқтату дабылымен жабдықталған тұйық жолдар орналасады.
Арбашаларды жөндеуді жұмыс орындарын тоқтату дабылымен қоршау, тіректерді соңғы арбашалар дөнгелектерінің астына төсеу және бақылаушы-дабыл берушінің бақылау жағдайларында шихтаны жеткізу жолдарында жүзеге асыруға жол беріледі.
97. Арбашаның іске қосу механизмі үюші қауғаны тасымалдау үшін оның қозғалысының өздігінен басталу мүмкіндігін жоққа шығарады.
98. Аудару қауағасын тасымалдау үшін арбашаның іске қосу механизмінің құрылғысы оның өздігінен қозғалу мүмкіндігіне жол бермейді.
99. Адамдарды аудару қауағасының үстіне көтеру және ішіне түсіру үшін баспалдақты қауағаның бортына бекітуге мүмкіндік беретін ілгектері бар тасымалдық металл баспалдақтары қолданылады.
Қауаға ішінде жұмыстарды өндіру кезінде бір жұмысшы байқау және сақтандыру үшін сыртта тұруы қажет.
100. Электрпештің жұмыс алаңының балконына материалдарды электрмагниттермен жеткізуге жол берілмейді.
101. Шихта материалдарын және қышқылдансыздырғыштарды конвертерлік бөлімшеге жеткізу механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.
102. Сусымалы материалдарды беру трактысының қайта тиеу тораптары герметикаландырылады және аспирациялық жүйеге қосылады.
103. Аралық (шығын) бункерлердің қабырғалары материалдардың салбырауына жол бермейтін еңіспен орындалады және дірілдеткіштермен жабдықталады.
104. Басқару пультімен өздігінен жүретін арбашаны қашықтықтан басқару кезінде оның қозғалу жолының көрінуі қамтамасыз етіледі.
105. Арбаша қозғалған кезде дыбыс дабылы беріледі.
106. Күрекшелерді тасымалдауға арналған арбашалар күрекшелердің арбашалардан ығысуына кедергі келтіретін тежеу құрылғылары мен тіреулермен жабдықталады.
107. Үю аяқталған соң және құрамды цехтан жөнелтпес бұрын болат астауларды арбашаларға орнату дұрыстығы тексеріледі. Дұрыс орнатылмаған және габаритті емес тиелген болат астаулары бар цехтан құрамды жөнелтуге команда беруге жол берілмейді.
108. Ұсақтау және ұнақтау машиналарының іске қосу құрылғылары қоректендіргіштердің іске қосу құрығыларымен бұғатталады немесе тәуелсіз басқару құрылғысы бар болады. Бұғаттаулар кездейсоқ тоқтау кезінде жұмыс істемейтін машиналарға материалды беруге жол бермейді.
109. Ұсақтау, ұнтақтау және елеу жабдығының тиеу және түсіру құрылғылары (құйғыштар, бекітпелер) шаңды басу (шаңтұту) – шаңтуындату материалын өңдеу жағдайында аспирация немесе гидрошаңсыздандыру құрылғыларымен жарақталады.
110. Саңылау енін реттеу, серіппелерді, бұрандамаларды тарту және материалды итеру және көсеу ұсатқышты тоқтату, оның іске қосылуын бұғаттау кезінде жүргізіледі.
111. Материалды ұсақтау немесе ұнтақтау кезінде оны дымқылдау және гидрошаңсыздандыру үшін құрылғылар ұсатқыш немесе ұнтақтау жабдығымен бұғатталады. Дымқылдау жүйелері үшін жабдықтың бос жұмыс істеуі кезінде автоматты өшіру көзделеді.
112. Ұсақтау және ұнтақтау жабдығын іске қосу, пайдалану және оған қызмет көрсету технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
113. Ұсақтау және ұнтақтау машиналарын тексеру және жөндеу, науашалар мен жұмыс кеңістігін материалдан және бөгде заттардан тазалау, адамдардың науашаларға немесе жұмыс кеңістігіне түсуін талап ететін өзге де жұмыстар жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.
114. Өзектер, шарлар, футерлеу, қосалқы тетіктер және айлабұйымдар стеллаждарда немесе ыдыста тағайындалған орындарда сақталады.
115. Авариялық жағдайларды қоспағанда, ұсатқыштарды тоқтатуға тиелген материал толық қайта өңделгеннен кейін және қоректендіргіштен материалдың салбыраңқы кесектерін алып тастағаннан кейін жол беріледі.
116. Ұсатқыштардың жұмыс кеңістігіне адамдарды түсірген кезде қорғағыш белдіктер пайдаланады, ұсатқыштардың тиеу тесіктерінің үстінде қызмет көрсететін қызметкерлер құрамын бөгде заттардың кездейсоқ құлауынан қорғауға арналған уақытша аражабындар орнатылады.
117. Ұнтақтау кезінде жарылысқауіпті шаңды қалыптастыратын материалдарды ұсақтау шаңның жарылуына, «шаң-жанғыш газ-ауа» ұш жарылысқауіпті қоспаның түзілуіне жол бермейтін іс-шараларды орындай отырып жүргізіледі.
118. Жергілікті басқару кезінде диірмендердің іске қосу құрылғыларын орналастыру оператордың диірменнің жұмысын бақылауын қамтамасыз етеді.
119. Люк қақпақтарының сомын бұрауға немесе диірмен люгі төмен күйде тұрғанда оларды босатуға, диірмен жұмыс істеген кезде ұлылы қоректендіргіш қаптамасының бұрандамаларын тартуға жол берілмейді.
120. Тостаған периметрі бойынша дымқыл ұнтақ жүгірткілері биіктігі кемінде 1,5 метр тұтас металл қоршауларымен жабдықталады. Қоршауда жүгірткілердің іске қосқыш құрылғыларымен бұғатталған есіктер орнатылады.
121. Құрғақ ұнтақ жүгірткілері аспирациялық жүйеге қосылған тұтас герметикаланған қаптамамен жабдықталады және алынып тасталған қаптама кезінде жүгірткілердің іске қосылуының алдын алатын бұғаттаулары болады. Жүгірткілердің жұмысын байқау үшін қаптамада қарау терезелері орнатылады. Тиеу есіктері қымталған күйде және жүгірткілердің іске қосу құрылғыларымен бұғатталып орындалады.
122. Жүгірткілердің жұмыс істеу уақытында қайта өңделетін материалдардың сынамасын қолмен алуға жол берілмейді.
123. Електердің тиеу және түсіру құйғыштарында олардың барлық ені бойынша қызмет көрсететін қызметкерлер құрамын материал кесектерінің кездейсоқ лақтырындысынан қорғайтын қорғау айлабұйымдар көзделіп отыр.
124. Електер мен атанақ елеуіштерін жұмысқа қоспас бұрын барлық бекітулер теңдеспеген дебалансты жүктердің бекітілуіне назар аудара отырып тексеріледі.
125. Жұмыс істейтін қоректендіргіштер мен електер кезінде тиеу және түсіру құйғыштарында материалды елекке беретін қоректендіргіштердің шығару тесіктерінде көсеу айлабұйымдары мен құрал-саймандарын пайдалана отырып, көсеу тесіктерінің бар болуы кезінде жүзеге асырылады.
126. Електердің түсіру құйғыштарын қолмен тазалау, өндірістік қызметкерлер құрамын түсіру құйғыштарына, ұнтақтағыш және ұсақтағыш жабдыққа түсіру, атанақ елеуіштерінің жұмыс кеңістігін тазалау жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |