Қарағанды қаласы білім бөлімі Келісілді Бекітемін «Қарағанды қаласының білім бөлімі»



бет1/122
Дата04.04.2024
өлшемі1.88 Mb.
#497586
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
8-10 кл. сор соч каз яз -готовый (6)


Қарағанды қаласы білім бөлімі
Келісілді Бекітемін
«Қарағанды қаласының білім «Қарағанды қаласының білім
бөлімі» ММ бөлімі» ММ басшысы
ӘК меңгерушісі ____________ Г. Қожахметова
___________ Б.Х. Абдикерова «____» ___________2020 жыл
«____» ___________2020 жыл
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде емес)
бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ


8-10 – сыныптар


Қарағанды 2020 жыл
Жинақ құрастырушылар:



  1. Абдраева Аяулы Табылгановна, №97 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

  2. Жумабекова Гулбахит Амановна, ЖББ №4орта мектебініің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

  3. Кубекова Куралай Тулепбергеновна, № 93 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

  4. Омарова Данагуль Тлеукеновна, ЖББ №23 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

  5. Төлеуғазы Жанар Егинбайқызы, ЖББ №77 мектеп балабакша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Бұл жинақ жаңартылған білім мазмұны бойынша жасалған. Жинақта жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) білім алатын 8, 9, 10-сынып оқушыларына арнап бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары берілген. Жинақ мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.



МАЗМҰНЫ
8-сынып 5
9-сынып 55
10-сынып 114

Түсінік хат

Қазіргі кезде қазақ тілін өзге ұлтқа оқытып үйретуде негізгі мақсатқа жетуге мүмкіндік жасайтын еуростандарт қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесіне көшкен. Оқытудың түрлі әдіс- тәсілдері өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытып- үйретуде тиімді пайдаланған жағдайда ғана дұрыс нәтиже беретіндігі айдан анық. . Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыту көп факторлы және әр жақты құбылыс.


Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыта отырып мынадай ұстанымдарды негізге алу қажет:

  • Дидактикалық мақсат талабына сай материалды меңгеру және оны тәжірбиеде қолдануды үйрену мен үйрету тәсілдерін көрсететін әдістерді анықтайтын мақсаттылығы ұстанымы

  • Оқып үйреніп жатқан тілдің және оны оқытуда қолданатын әдістердің ерекшелігіне бағытталған пән тілі ұстанымы

  • Дидактикалық қызметтерді жеке емес бірге орындайтын әдістердің ұтымды жүйесін бейнелейтін тіркесімдік ұстанымы.

Қазақ тілін үйрету барысында өзге ұлт өкілдеріне еліміздің ұлттық құндылықтарына оқытып- үйретуіміз керек.
Бүгінгі таңда «қазақ тілі» пәнін оқытудың басты мақсаты – еліміздің жергілікті тұрғындары болып есептелетін мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгерте отырып, күнделікті тұрмыста қажетті жағдаяттардан еркін шығуға тәрбиелеу.
Ол үшін төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- күнделіті сөйлеу тілі- ауызекі тілде пікірлесу , өзгелермен еркін қарым- қатынасқа түсу тілін қалыптастыру.
- тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, оларды өзара салыстыра отырып, топтай және жинақтай білуге үйрету;
- Орфографиялық дағдыларды қалыптастыра отырып, пунктуациялық ережелерді практика жүзінде меңгерту
- Диалогтық және монологтық сөйлеу )ауызекі, жазба тіл) дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
- Оқушылардың адамгершілік, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау керек. Ол үшін бағалаудың екі түрі бар. Соның бірі -жиынтық бағалау. Осы жиынтық бағалауды жүзеге асыру мақсатында пән жетекшілері мектеп бағдарламасы бойнша өткен әр бөлімнен кейін бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысы мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысын өткізеді. Жиынтық бағалау-белгілі бір оқу кезеңі аяқталған уақытта өткізіледі. Қазақ тілінен бөлім бойынша жиынтық бағалау/БЖБ/ тоқсанына әр бөлімнен кейін екі рет, тоқсан бойынша жиынтық бағалау /ТЖБ/ тоқсанына сол тоқсанда өткен бөлімдер бойынша өткізілетін жүйелі жұмыстар. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ең алдымен берілген бөлімде не болмаса тоқсанда оқу бағдарламасында қойылатын мақсаттардың аясында оқушыларға тапсырмалар беріліп, соған сай дескриптор бойынша білімдері ұпайлық жүйемен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет