«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет64/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117
№ 1. Балалық шақтың іздері 
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың  24 желтоқсанында Жамбыл 
облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған.
Дулат тайпасының Шымыр руынан. Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында 
дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил 
алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі 
болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал 
болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш 
ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-
туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 
3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі [1]. Б.Момышұлы 
«Ұшқан ұя» повесінде есін біле бастағаннан мектепке барып, сабақ оқып 
бастағанға дейінгі өмірі, өскен ортасы, ауыл адамдары, сол кездегі қазақ 
халқының тұрмыс-тіршілігі суреттеледі. Батырдың мейірімді, дана 
әжесінің тәрбиесінде болғаны, ол кісінің сан түрлі ертегілер айтып беруі 
Абайды еске түсіреді. Ерекше ыстық әже махаббатымен, үлкендердің 
батасымен өскен, білім алған баланың үлкен азамат болу заңды шығар. 
Кітапты оқып отырып, сол кездегі қазақ ауылы, кеңпейіл халық көз 
алдымнан көркем фильмдей өтіп жатты. Қазақы мінез, дәстүр, өнер, 
шынайы суреттеулер тәнті етеді. Сағындырады. Автор балалық шағын, 
естеліктерін арқау етіп, бауырмалдықты, достықты, ерлікті, адал да аңқау, 
қарапайым ауыл адамдарын шебер суреттеген [2]. 
№ 2. Болашаққа бастар жол 
1921 жылы бастауыш мектеп-интернатына түседі. 1924 жылдан бастап 
жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 
жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір 
сыныпта Әбділда 
Тәжібаев және Құрманбек 
Сағындықов оқиды. 1928 


147 
жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық 
институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі 
болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің 
кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып 
беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға 
қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан 
кетеді. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт 
мұғалім болған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. 
Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде 
қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. Сонда 
жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл 
жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған 
соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан 
Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота 
командирі болады.
1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында қызмет 
етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Атқару комитетіндегі қызметімен 
көзге 
түскен 
Бауыржан 
Тимофей 
Дубовиктің 
қолдауымен
Шымкент өнеркәсіп банкісінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген 
уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М. Барханның 
жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір 
жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО 
өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде 
тағайындайды.1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод 
командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы 
бастығының көмекшісі болады [1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет