147
жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ
Педагогикалық
институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі
болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің
кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып
беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға
қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан
кетеді. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен
кейін біраз уақыт
мұғалім болған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді.
Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде
қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. Сонда
жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл
жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған
соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан
Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота
командирі болады.
1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында қызмет
етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Атқару комитетіндегі қызметімен
көзге
түскен
Бауыржан
Тимофей
Дубовиктің
қолдауымен
Шымкент өнеркәсіп банкісінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген
уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.
Барханның
жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір
жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО
өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде
тағайындайды.1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод
командирлігіне шақырылады.
Бұл кезде рота командирі, полк штабы
бастығының көмекшісі болады [1].
Достарыңызбен бөлісу: