Қаражал қ. SWOT ТАЛДАУЫ
Басым жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
- кеннің барлық сорттарының 18 және одан да көп жылдық баланстық қорлары;
- дамыған инженерлік инфрақұрылым;
- бос аумақтың болуы;
- шағын және орта бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар.
|
- инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың тозу деңгейінің жоғарлылығы:
- кәріз желілері -90 %;
- жылу желілері - 15%;
- электр желілері - 80%;
- су құбыры желілері - 80%;
- автокөлік жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы - 44%.
- қала бюджетінің қала құраушы кәсіпорынның салықтық түсімдеріне тәуелділігі деңгейінің жоғарлылығы (бюджетке қала құраушы (Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі) кәсіпорындардан түсімдер).
- балаларды 100% мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға арналған мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жетіспеушілігі.
- заманауи спорттық инфрақұрылым желілерінің жетіспушілігі. Заманауи үлгідегі денешынықтыру-сауықтыру кешеннің жетіспеушілігі.
- медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігі (жабдықталу деңгейі минималды нормативтен 75-80%, тозуы 50%).
- төтенше жағдайларды жою және ескерту инфрақұрылымының дамытылмағандығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
Өнеркәсіптік алаңдарындағы өсу орындарының болжамы (қосымшаны қараңыз)
Келесідей инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
- 2013-2016 жылдары - тұрақты 200 жұмыс орнын құрайтын полиметалл кенін өңдеу мен байыту фабрикасының құрылысы (Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы);
- 2015-2018 жылдары - өндірісі жылына 4,0 миллион тоннаны құрайтын полиметалл кенін өңдейтін және байытатын Қиыр батыс кенішін кеңейту (Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы);
- 2015-2020 жылдары - жобалық қуаттылығы жылына 1,8 миллион тоннаға жететіндей Батыс Қаражал шахтасын кеңейту;
- 2012-2016 жылдары - «Қарағанды геологиялық барлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қаражал қаласы Шалғы поселкесінде кенді және кенді емес минералды шикізатты (алтын, цинк, вольфрам) өңдеу бойынша кешеннің құрылысы мен пайдалануға берілуі;
- «Үлкен Қтай» мен «Орта Қтай» кен орындарында темір кенін өндіру және байыту фабрикасының құрылысы;
- 2013-2016 жылдары - Бестөбе кен орнында барит кенін өндіретін қуаттылығы 200,0 мың тонна болатын байыту фабрикасының құрылысы;
- 2013 жылы - «JUDO» спорт саласын жетілдіру;
- 2013 жылы – нан пісіру жабдықтарын көбейту және жетілдіру.
|
Қала құраушы кәсіпорындар:
- коммерциялық тәуекелдер (темір және марганец кендірінің әлемдік нарықтағы баға конъюктурасына тәуелділігі);
- техникалық-өндірістік қауіптер (өндірістік жоспарлардың орындалмау қаупі);
Жергілікті атқарушы ұйымдар:
- салықтық мөлшерлемелердің өзгеруін ескере отырып бюджеттің салықтық және салықтық емес көздерін азайту, қала құраушы кәсіпорындардың бөлімшелерін қайта құрылымдау;
- қалалық әлеуметтік іс-шаралар, қаланың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамытуға қайырымдылық және демеушілік көмек түріндегі бюджеттен тыс қаржы көздерін жоғалту.
Тұрғындар:
- қала құраушы кәсірорынның тұрақты жұмыс істеп тұруына үлкен тәуелділік;
Инфрақұрылым:
- ішкіорамдық желінің негізгі қорлары тозуының үлкен деңгейі (жылу желілерінің, электр және су құбыры желілерінің);
- кәріз желілерінің және нысандарының тозу деңгейінің жоғарғылығы;
- әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының тозу деңгейінің жоғарғылығы;
- Орталық аурухананы оттегімен, көмірқышқыл газымен қамтамасыз етілмеуі; Орталық аурухананың автономды электрмен қамтылмауы, Орталық аурухананың жедел медициналық көліктермен қамтылмауы (5 көлікітің 3-еуі есептен шығаруға арналғандар қатарына жатады; медициналық кадрлардың жетіспеуі (жетіспеушілік 24 маманды құрайды); медициналық кадрлардың қартаю мәселесі (50 жастан жоғары – 60%).
|
Қаражал қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау көрсеткіштері бойынша тұжырымдамалар.
Негізгі қауіптер болып қала құраушы кәсіпорындардың қауіптері мен инфрақұрылым қауіптері саналады (түсті металлдардың әлемдік нарықтағы баға конъюктурасына тәуелділігі және инфрақұрылым элементтерінің тозуы); техникалық-өндірістік қауіптер (өндірістік жоспарлардың орындалмау қаупі).
Қала құраушы кәсіпорындар мен инфрақұрылым қауіптері мәселесін тек қана өндірісті жаңғырту мен инфрақұрылымды қайта жаңғырту арқылы шешуге болады.
Сонымен, 2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасын тиімді іске асыру үшін, шағын және орта бизнесті дамытуды, жұмыспен қамтылған тұрғындарға қолдау ретінде кадрларды дайындауды және қаладағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды негізгі іс-шаралар ретінде тану қажет.
Қаражал қаласын дамыту кешенді даму жоспары, бәсекеге қабілеттіліктің өсуін, экономика құрылымын әртараптандыруын, кәсіпкерліктің дамуы мен іскерлік белсенділігін, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың және орта және де ұзақ мерзімде қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
1.8. Моноқаланың негізгі жоспарын түзету
Негізгі жоспар 2011 жылы 2020 жылға дейінгі мерзімге әзірленген., қазіргі таңда Қаражал қаласының бас жоспары облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекіту бойынша әзірленуде. Жәйрем кентінің топографиялық түсірілімі мен негізгі жоспарын әзірлеу қажет.
2015 жылға дейін Қаражал қаласының әлеуметтік және инженерлік инфқұрылымын дамытып, халық санын 2011 жылғы халық санының мөлшерінде сақтап қалу керек.
II. МОНОҚАЛАЛАР ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫМЫН ОҢТАЙЛЫ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖӘНЕ ДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ.
Қаланың индустриалды-инновациялық келешек дамуы, бірінші кезекте Жеделдетілген индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жобаларын іске асырумен байланысты.
Қаланың экономикасын әртараптандыру әлеуеті болып Жеделдетілген индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру саналады.
2012 жылы кенді және кенді емес минералды шикізатты (алтын, молибден, вольфрам, жез ) өңдеу бойынша кешеннің құрылысы мен пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Жобаның құны 12,0 млн. теңге, 50 жұмыс орны құрылады. Қуаттылығы: жылына 300 тонна.
2.1. Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру.
Тұрақты 200 жұмыс орнын құрайтын полиметалл кенін өңдеу мен байыту фабрикасының құрылысы («Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы). «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы «Жәйрем» кен орнының Қиыр батыс, Батыс пен Шығыс, сонымен қоса Үшқатын-3 және Үшқатын-2 аумақтарындағы полиметалл кендерінің қойнауын пайдалану келісімшартына ие.
Қазіргі таңда аталған кен орындары келесідей мәртебеге, дәрежеге ие:
- Қиыр батыс аумағы 1993 жылдан бастап консервациялануда, консервацияланудың аяқталуы – 2012 жыл;
- Батыс аумағы 1998 жылдан бері консервациялануда, консервацияланудың аяқталуы – 2012 жыл;
- 2012 жылдан бастап Үшқатын-3 кен орнында кен өндіру жоспарланып отыр;
- Шығыс аумағында кен өндіру Қиыр батыс пен Батыс аумақтарының қуаттылығы істен шыққаннан соң жоспарланып отыр;
- Үшқатын-1 кен орнында полиметалл кенін өндіру Қиыр батыс пен Батыс аумақтарының қуаттылығы істен шыққаннан соң жоспарланып отыр.
1. Жобаның атауы: қуаттылығы жылына 4,0 млн. тонна полиметалл кенін құрайтын, 100 мың тонна металл цинкін өндіретін полиметалл кенін өңдеу мен байыту фабрикасының құрылысы.
2. Жобаны жариялаушы: «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы.
3. Саласы: тау-кен өндірісі өнеркәсібі.
4. Іске асыру кезеңі: 2013-2020 жылдар.
5. Инвестиция көлемі: 563 млн.$.
6. Жұмыс орындары: 200
7. Жобаның қуаттылығы: натуралды түрде - жылына 4,0 млн.тонна полиметалл кені, 100 мың тонна металл цинкінің өндірісі.
8. Индустриаландыру картасына қосу мәртебесі: пысықталуда.
9. Жобанаң қазіргі мәртебесі: Жәйрем кен орнындағы полиметалл кендерін өңдеу бойынша техникалық экономикалық негіздеу әзірлеуге келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.
10. Мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары: моноқалалардағы инвестициялық жобаларды іске асырушы кәсіпорындарға өнеркәсіптік жеңілдіктер.
11. Жобаны іске асырудан болатын әлеуметтік-экономикалық әсер:
Жаңа жұмыс орындарның құрылуы, инновациялық экспортқа бағдарланған өнімдердің өндірілуі.
2.2 Ұлттық холдингтардың көмекші және қызмет етуші өндірістерді, тапсырыстарды ерекшелігін ескере отырып моноқалаларда орналастыруы.
Компанияның ерекшелігіне, жобаның қаржылық-экономикалық орындылығына байланысты моноқалада ұлттық холдингтармен инвестициялық жобаларды іске асыру сұрақтарын пысықтау.
Сәйкес тауарларды өндіретін, жұмыстар мен қызмет көрсететін жергілікті, оның ішінде, Қаражал қаласында орналасқан компаниялардың мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында, Қарағанды облысында орналасқан ұлттық холдингтар мен компаниялардың филиалдарымен тауарларды көтере сатып алуына, жұмыс пен қызметіне талдау жасау.
2.3 Қала құраушы кәсіпорындардың көмекші және қызмет көрсетуші өндірістерді, тапсырыстарды ерекшелігін ескере отырып Қаражал қаласында орналастыруы.
Қала құраушы кәсіпорындар Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі арнайы киімдерді тіккізу үшін «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өндірістік ауданда тапсырыс беруді жоспарлап отыр.
2.4 Қаражал қаласының бұрынғы мамандануын кайта қалпына келтіру
Қаланың салалық мамандануы болып тау-кен өнеркәсібі саналады, ол барлық өнеркәсіп көлемінің 98,3% үлес салмағын құрайды. Қаражал қаласының қала құраушы кәсіпорындары «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және ««Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі, жұмысшылар үлесі қаладағы барлық жұмыспен қамтылған халықтың 37,5%-ын құрайды, бюджетке түсетін түсімдер – 76,2%.
250 тұрақты жұмыс орнын құру мақсатында өндірісі жылына 4,0 млн.тоннаны құрайтын полиметалл кенін өңдейтін және байытатын Қиыр батыс кенішін кеңейту.
280 тұрақты жұмыс орнын құрайтындай, жобалық қуаттылығы жылына 1,8 млн.тоннаға жететіндей Батыс Қаражал шахтасын кеңейту.
Қала құраушы кәсіпорындар ретінде «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және ««Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі тұрақты жұмыс істеп тұруы, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсерін тигізеді.
1) «Қарағанды геологиялық барлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қаражал қаласы Шалғы поселкесінде кенді және кенді емес минералды шикізатты (алтын, цинк, вольфрам) өңдеу бойынша кешеннің құрылысы мен пайдалануға берілуі, 50 жұмыс орны құрылады.
2) «Үлкен Қтай» мен «Орта Қтай» кен орындарында темір кенін өндіру және байыту фабрикасының құрылысы.
3) Бестөбе кен орнында барит кенін өндіретін қуаттылығы 200,0 мың тонна болатын байыту фабрикасының құрылысы. 100 жұмыс орны құрылады.
5. Шағын және орта бизнесті дамыту
2012 жылдың 1 қаңтары жағдайына, тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері 411 бірлікті (400 бірлік), оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар – 337 бірлік. (2010 жылға 101,8%), соның ішінде:
- заңды тұлғалар – 85;
- жеке кәсіпкерлер – 252.
Шағын бизнесте жұмыс істейтіндер саны 1178 адамды құрады немесе 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 23%-ға өсті.
Шағын бизнес кәсіпорнындағы экономикалық қызметте жұмыс жасайтындар санының талдауы, сауда-саттықта – 48,6%-ды, құрылыста – 7,8%-ды, өнеркәсіпте – 6,8%-ды, көлікте – 4,1%-ды, жылжымайтын мүлік операцияларында, жалға беру және тұтынушыларға қызметтер мен тағы басқалары - 37%-ды көрсеткен.
2011 жылға белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 337 бірлікті немесе 2010 жылмен (331 бірлік) салыстырғанда 1,8%-ды құрады.
Өндірілген өнімдер көлемі 1498,9 млн. теңгені құрады, немесе 2010 жылға қарағанда 128,9% (1163,2 млн. теңге).
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бюджетке төлемдері 2011 жылы 46,0 млн.теңгені құрады, немесе 2010 жылмен саластырғанда 5,5% -ға өсті (43,6 млн. теңге)
01.01.2012 жылғы жағдайына, 43 азық-түлік дүкендері, 26 киім-кешек дүкендері, 7 өнеркәсіптік дүкендер, 8 қызмет көрсету саласындағы насындар, 3 қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істеп тұр.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында келесі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
- 2013 жылы - «JUDO» спорт саласын жетілдіру, жаңа технологиялық жабдықтарды сатып алу мен орнату. 10 жұмыс орны құрылады, жобаның құны 10 млн. теңге. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасына қосу үшін аталған жоба бойынша материалдар дайындалып жатыр.
- 2013 жылы – нан пісіру жабдықтарын көбейту және жетілдіру, 8 жұмыс орны құрылады. Жобаның құны 14 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы күніне 2500 бірлік өнім.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларды жүзеге асыру (мемлекет қала құраушы кәсіпорындармен бірігіп).
Әріптестік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды, Қаражал қаласында шағын және орта бизнесті дамыту әріптестік бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
Қазіргі таңда Қаражал қаласында шағын және орта бизнесті дамыту әріптестік бағдарламасы «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі аясында жүзеге асырып жатыр.
«Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі қаладағы және облыстағы 63 шағын кәсіпорындармен тұрақты қарым-қатынаста, 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығына тауарларды көтере сатып алу, жұмыстар және қызметтердің жалпы сомасы 2194,3 млн. теңгені құрады. Келесі тауарлар түрін сатып алады: аммиакты селитра, транпортерлы лента, конвейерлік роликтар, клинді ременьдер, құралдар, медикаменттер, «Рабица» торы, металл тақтасы, канилирленген болат торы, дәнекерлеуге арналған электродтар, қалайылы аккумуляорлар, портландцемент, дизель отыны, автокөлік жанармайы, халықтық тұтыну тауарлары (бланкті өнім, шаруашылық тауарлары, төсек қажеттіліктері, ыдыс-аяқ, көмекші материалдар) және тағы басқалары.
Аталған тауарлар түрі қаланың және облыстың келесі жеткізушілерінен сатып алынады: «Ақ бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КазНИМИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Stinoil» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КаР-Тел жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алпамыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Маркетинг и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Нэрли АС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Взрывтехнологии» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «НУРСАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Регистратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Энергоотүстімет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Трест Алтынкенқазған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бекеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Орталық Мониторинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Меткан 21 век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақстанның болатөнеркәсіп компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Болат кеңесі Фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Компаньон ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазболатинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Табыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жэз-Эл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, КазРоссИнструмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Валтикс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Кар-Оил-Снаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Орика Қазақстан» акционерлік қоғамы және тағы басқалары.
«Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамының 2012 жылға тауарларды сатып алу, жұмыстар мен қызметтер көлемінің жалпы жоспары 15000,0 млн. теңгені құрады.
Қала құраушы кәсіпорындар «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және ««Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі әріптестік Бағдармаласын жүзеге асыруға әкімдік тарапынан жәрдем көрсетілетін болады. 2013-2015 жылдарға бөлімшелердің қажеттіліктері бойынша шағын бизнес кәсіпорындарымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу болжанып отыр.
Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығына тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жалпы сомасы 2194,3 млн. теңгені құрады, соның ішінде қазақстандық үлес 902,6 млн. теңгені немесе 52,9%-ды құрады.
Қаражал қаласының әкімдігімен өнеркәсіптік кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелер бойынша тауарларды сатып алу, жұмыстар мен қызметтер көлеміндегі қазақстандық үлесті өсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстандық үлесті өсіру мақсатында ірі кәсіпорындар мен шағын бизнестің субъектілері және мемлекеттік мекемелердің арасындағы өзара қарым-қатысты орнату мен дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр және одан әрі жүргізіледі.
Қазіргі кезде «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі кәсіпорындарына қажетті тауарларды өндіру, жұмыстар және қызметтер көрсету бойынша Қаражал қаласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының мүмкіндіктерін бағалау жүргізіліп жатыр.
Шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру үшін келесі қосымша шаралар қолданылуда:
-
өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
-
жаңа өндіріс ашуға гранттар ұсыну;
3) дербес жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындардың кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуі.
«Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі орташа кәсіпорындар мен қаланың тұрғындарына емдеу-сауықтыру қызметін көрсету бойынша тұрақты серіктестік қарым-қатынасқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |