Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің жбб №17 орта мектебі



бет1/2
Дата27.09.2023
өлшемі32 Kb.
#478804
түріБағдарламасы
  1   2
9 сынып практика курс


"Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің ЖББ №17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТЕМІН:


Аудандық білімді дамыту "ЖББ №17 орта мектебі" КММ
орталығының директоры: директоры:
Г.А.Толеубаева С.Р.Кенжегалиев
« » 2015 жыл « » 2015 жыл
11-сынып оқушыларына арналған
«Цитология негіздері»
қолданбалы курсының бағдарламасы

2015-2016 оқу жылы


Түсінік хат
Цитология негіздері қолданбалы курсы биология пәні бойынша теориялық және айғақтық материалдардан тұрады. Оқушылардың биологиядан алған білімдерін тереңдету мақсатында бағыт-бағдар беру арқылы толтыру. Жалпы білім беретін негізгі мектепте биология пәнінен қосымша білім берудің маңызы зор. Сонымен бірге қазіргі кезде білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет білімді де білікті жас ұрпақ тәрбиелеу. Курс негізінен цитологиялық білім негіздерінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрылды. Бағдарлама мектепте жүргізілетін биологиялық білім мазмұнына қойылатын талаптарға сай жасалды.
Курста цитология ғылымы клетканың құрылысын, химиялық құрамын және клетка цитоплазмасындағы әр түрлі құрылымдарды зерттейтіні, олардың зат айналым процесіндегі маңызы жайлы терең білім беру. Биологиялық білімді тереңдету арқылы оқушы білімділігін арттыру. Жасуша физиологиясы, жасушадағы органикалық заттар жайлы білімді дамыту. Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланысты және ғылым салаларынан алған білімдерін пайдалана отырып, оқушы шығармашылығына жол ашу.
Ұсынылған бағдарламада арнайы курс бойынша меңгерілетін тақырыптар сағаттарының жоспары көрініс тапқан. «Цитология негіздері» таңдау курсы жан-жақты терең, жүйелі білім беру мақсатында 34 сағат көлемінде жоспарланған. Оқушыларға білім беру арнайы дәріс сабақ түрінде ұйымдастырылады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда ғылыми-педагогикалық және әдістемелік зерттеулердің бақылау, пікірлесу, зерттеу жұмысының жобаларын, шығармашылық жұмыстарды, практикалық жұмыстарды, бақылау нәтижелерін қорытындылау сияқты кешенді әдіс-тәсілдерді қолданылады.
Бұл таңдау курсы қазіргі заман талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, білім деңгейі жоғары, білікті мектеп түлектерін дайындап шығаруда алатын орны ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет