Қарасан Тексерген: Нүркенова М.К. Орындаған: Әнуарбек Е.Б. Топ: ВМ-901с
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ
- Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Ертедегі араб дәрігерлері "парсы күйдіргісі", ал грек және рим ғалымдары "текті күйдіргі" деп атаған. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптеген Европа және Азия еддерінде байқалып тұрды. Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде қызмет еткен дәрігерлер А.Эшке және Н.Ножевшиков /1758/ адам мен малда осы дерттін ғылыми сипаттамасын беруіне байланысты болатын.
- Қарасан ауруының қоздырушысын Германияда Поллендер /1849/, Францияда Райне мен Давен /1850/ өлген малдың қанынан тапты. Бұл микробтың қоректік ортадағы таза өсіндісін 1876 ж. Р.Кох бөліп алды да, оның спора түзетіндігін анықтады. Л.Пастер /1881/ бірінші болып жануарларды осы микробтың әлсіретілген өсіндісі арқылы вакциналау мүмкін екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл әдіспен вакцина дайындауды Ресейде П.С.Ценковский /1883/ іске асырды. 1944 ж. Н.Н. Гинзбург СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С.Г. Колесов пен басқалар ГНКИ гидроокись аллюминий вакцинасын ұсыңды.
Достарыңызбен бөлісу: |