126. Аутопластика және аллопластика хиругиялық тәжірибесінде қолданылуы. Ұлпалық пластика, реплантация, имплантация түрлері. Аутогенді трансплантация - донор мен реципиент бір адам болып табылады.
Аллогенді трансплантация (гомопластика) - донор мен реципиент бір түрге жатады (адамнан адамға, мәйіттен адамға). Пластиканың бұл түрі изогенді (донор мен реципиент - бір жұмырткалы егіздер) және сингенді пластика (донор мен реципиент - бірінші ұрпақтағы туыстар) болып бөлінеді. Аллотрансплантация Терінің аллотрансплантациясын көлемді күйіктер кезінде немесе науқас жағдайының жалпы ауыр болғанда (интоксикация, сепсис т.б.) Аутопластиканың осы немесе басқа модификациясын қолдануға мүмкіндік бермейді. Жаңасы және консервіленген терілік аллотрансплантаттарды күйік ауруының ерте сатысында (14-21-тәулігінде) немесе некрозданған тіндерді кесіп алып тастағаннан кейін қолданады. Көлемді жара бетінқысқа уақыт ішінде жабу науқастың жалпы жағдайын жақсартады. Кейде аутотрансплантаттарды алло, тіпті ксенотрансплантациямен комбинациялайды.
127. Тері, бұлшық ет, түтікше, сіңір, нерв және сүйек ұлпасының пластика тәсілдері Терілік пластика - тіндік пластиканың өте кеңінен тараған түрі.
Тері пластикасы екіге бөлінеді:
-бос терілік пластика
-бос емес терілік пластика
Бос терілік пластика- Толық қабатты және ажыратылған бос тері есінділерін пайдаланады. Ұзақ уақыт жазылмай жүрген жаралар мен трофикалық ойық-жараларды емдеу үшін, кішігірім бөліктерді грануляциялық тіндерге отырғызуға болады.
Дерматомды пластика үлкен аумақты кемістіктерді ажыратылған кесінділермен жабуға мүмкіндік береді. Көлемін ұлғайту және жаралық бөліністердің сыртқа ағып шығуын жақсарту үшін, торлы кесіндіні дайындайды. Бұл кезде кесіндінің ауданы алғашқы көлемінен 3-6 есе болып шығады.
Бос емес терілік пластика Жергілікті- жылжытылған терілік кесінділерді қолдану:
1.Кең етіп ажырату жолымен мобилизациялау.
2.Босатушы тіліктер-жараның жиегінен алшақтау жерлерде тіліктер жасалып, кемістіктің шеттерін жақындату.
3. Z-тәрізді пластика-дөрекі тыртықтарда және тыртықтың салдарынан дене бөліктерінің қызметі бұзылғанда жасалынады.