Аспапты легірленген болаттар
Кескіш аспаптарды дайындау үшін құрамында легірлеуші элементтері аз аспапты легірлеуші болаттардың (МЕСТ 5950-73) шектеулі маркалары ғана қолданылады. Бұлар құрамындағы негізгі легірлеуші элементтері марганец, кремний, хром, вольфрам және ваннадий болатын 9ХС, ХВГ, Х, ХВСГ маркалы болаттар. Аспапты легірленген болаттардың ыстыққа төзімділігі 250-510 0С, иілуге беріктік шегі σи=2700-3400 МПа, созылуға беріктік шегі σв=2700-3400 МПа, термиялық өңдеуден кейінгі қаттылығы HRC 59-65 (1.2 кесте). Мүмкіндік кесу жылдамдығы 15-25 м/мин.
Кесте-6.2 Аспапты легірленген болаттардың қасиеттері және қолданылуы
Болат-тардың маркалары
|
σв, МПа
|
σи, МПа
|
HRC
|
Ыстыққа төзім-ділігі, 0С
|
Қолданылуы
|
11Х, 11ХФ, ХВ5
|
-
|
<2100
|
63‑66
|
200-500
|
Таңбалағыштар және диаметрі 30 мм-ге дейінгі остік аспаптар. Аз жылдамдықпен қатты металдарды өңдеуге арналған кескіштер мен фрезалар
|
Х, ШХ15
|
730
|
<2300
|
63-66
|
240-250
|
Шапқы, калибрлер мен сақиналар, токарлық және сүргілеу кескіштері
|
9ХС
|
700
|
<2200
|
63-66
|
240-250
|
Бұрғылар, ұңғылар, таңбалағыштар, плашкалар және фрезалар
|
ХВГС
|
-
|
<3200
|
62-64
|
200-220
|
Дөңгелек плашкалар және ұңғылар
|
ХВГ
|
-
|
<3400
|
63-66
|
200-220
|
Бұранда калибрлері, матрица және пуансондар
|
Х6ВФ
|
725
|
<3150
|
59-61
|
400-500
|
Бұранда кесу шығыршықтары мен плашкалар, қол ара сырығы, ағаш өңдеу аспаптары
|
Х12Ф1
|
-
|
<3040
|
63-65
|
490-510
|
Суық штамптар, бұранда ою плашкалары, матрицалар, пуансондар
|
Х12М
|
-
|
-
|
Аспаптар дайындау өндірісінде көбінее 9ХС (сталь 9ХС) маркалы легірленген болат қолданылады. Оның шынықтырылу тереңдігі жоғары, тез суыту ортасын қажет етпейді (май ваннасында суыту жеткілікті) және карбидтер барлық көлеміне біркелкі таралғандықтан ыстықты сезгіштігі төмен. Бірақ, құрамындағы кремний элементі ферритті беріктендіріп, суық күйінде өңделуін нашарлатады.
Болат 9ХС материалынан кесу жиектері ішкі беттерінде орналасқан аспаптарды (мысалы, дөңгелек плашкалар) дайындаған дұрыс.
Болат ХВГ материалының шынықтырылу тереңдігі жақсы болғанмен карбид торының түзілуіне бейімділігі жоғары. Құрамында көп мөлшерде марганец элементінің кездесуіне байланысты, бұл болаттың шынықтыру кезіндегі көлемдік деформациялануы аз. Болат ХВГ маркалы легірленген болаттардан габарит өлшемдері деформация үрдісіне әсерін тигізетін кескіш аспаптар (мысалы, созғыштар, үңгігіштер) дайындалады.
Аспапты легірленген болаттар екі топқа бөлінеді:
I – тек кескіш аспаптарды дайындауда қолданылатын таяз шынықтырылған легірленген болаттар (7ХФ, 8ХФ, 9ХФ, 11ХФ, 13Х, ХВ4, В2Ф);
II – кескіш аспаптармен бірге өлшегіш құралдарды, штамптарды және пресс қалыптарды дайындауда қолданылатын терең шынықтырылған легірленген болаттар (9Х, Х, 12Х, ХГС, ХВГ, 9ХВГ, ХВСГ және т.б.). Легірленген болаттар, аспапты көміртекті болаттарға қарағанда, жақсы шынықтырылады және жоғары температураға төзімділігі жоғары (6.2 кесте).
Сонымен қатар, бұл болаттар кесу және қысым арқылы жақсы өңделеді. Бұл легірленген болаттардың ыстыққа төзімділігі 250-3000С аралығында [9].
Сурет 6.1-«Asia Trafo» ЖШС зауытындағы топсеруен
Сурет 6.1 - «Asia Trafo» ЖШС зауытындағы топсеруен
Сурет 6.2 - «Asia Trafo» ЖШС зауытындағы топсеруен
Сурет 6.3 - «Asia Trafo» ЖШС зауытындағы трансформатордың толық көрініс
3040>3150>3400>3200>2200>2300>2100>
Достарыңызбен бөлісу: |