47
Алдымен
мен оған сыйлық, тарту-таралғылар жіберіп, тамырын
басып көрейін. Елшілер
қандай хабар алып келер екен, оны да
байқайық. Егер күш-қуаты мықты, әскері көп патша болса, қарсы
келмейміз, егер әлсіз болса,
қарсы шығып соғысамыз, ал егер
ақыл-парасатты, әділетті патша болса, бір ымыраға келерміз», –
деп ой түйеді.
Мұнда Билқистің патшалық билік
саясатындағы айла-тәсілді
қолдануының шеберлігі көрінеді. Саяси шешім қабылдау үшін
оған алдымен мәлімет қажет болады да, оны тарту-таралғылар
жіберу
арқылы алуды көздеп, Сүлейменге қисапсыз мал-мүлік,
асыл тастар тарту ету үшін елшілерін аттандырады.
Ол елге патшайым сыйлаған тартуларды жеткізген елшілер
жер-жаһанда теңдесі жоқ,
ұлы патшалықтың иесі, ешкім
бағындыра алмайтын нәрселерді бағындырған,
ешкім құра
алмаған өркениеттің төрінде отырған патшаны көреді. Елшілер
ханшайымдарының беріп жіберген сәлемдемесін Сүлейменнің
алдына тартқанда, ол:
«Сендер маған дүниемен көмек бермексіңдер ме?
Аллаһтың маған бергені сендердің ұсынғандарыңнан жақсы.
Негізінде, сендер сыйлықтарыңа мәз болып жүрсіңдер.
Оларға қайтып бар. Мен оларға өздері төтеп бере алмайтын
әскермен барамын да, оларды ол жерден кішірейіп қорланған
күйлерінде (қуып)
шығарамын», – деп қайтарады.
Еліне жеткен елшілер көрген-білгендерін, Сүлейменнің
қайтарған жауабын айтқан соң, Билқис Сүлейменнің мемлекетіне
бағынуға шешім қабылдап, өзінің басшылығымен өкілдерін алып
баратындығын айтады. Олардың келе жатқанын естіген
Сүлеймен қол астындағы үлкен жындарын жинап:
«Ей, жамиғат! Олар маған бойсұнып келуден бұрын оның
Достарыңызбен бөлісу: