Астана қаласының 2012 жылдың қаңтар – шілдесі бойынша дамуының қорытындылары
Астана қаласы халқының саны 2011 жылдың 1 шілдесіне 760,4 мың адамды құрды жыне жыл басынан бастап 2,4 % өсті (қарқын бойынша – республика бойынша 1 орын).
Елорданың ЖӨӨ 2012 жылдың 1 тоқсаны бойынша 509 млрд.теңгені құрып, 12,8 % ұлғайды. Жалпы елдің ЖІӨ өңірдің үлесі 8,5 % құрады (республика бойынша 4 орын).
Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 676,6 мың теңгені құрады (4,6 мың АҚШ доллары) және республика өңірлері арасында төртінші орында орналасқан.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2012 жылдың қаңтар - шілдесінде 100 843 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 97,5 % құрды. Өндірістің жалпы көлемінде ең үлкен үлеске өңдеу өнеркәсібі ие – 80,2 %.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша шамамен 7,1 мың жұмыс орнын құрумен 392 млрд. теңге сомасына 19 жоба іске асырылуда.
Анықтама: 2010 жылдың қорытындысы бойынша темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты («АБК-Мақсат» ЖШС) және сэндвич-панельдер әзірлеу зауыты («Кровля НС» ЖШС) 2 зауыт пайдалануға берілді, 2011 жылы - метиз өнімін өндіру («Стальцинк» ЖШС), «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару («Тұлпар Talgo» БК» ЖШС), жеміс-көкөніс өнімін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі («АстанаЭкоСтандарт» ЖШС) зауыттары пайдалануға берілді.
Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 850-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде құрылыс кезеңінде 2,1 мың жұмыс орны.
2012 жылы 2,1 мың жұмыс орнын артық жұмыс орнын құрумен (құрылыс кезеңіне 700 орыннан астам) жалпы сомасы 59,8 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қалған 7 жоба бойынша іске асыр кестеге сәйкес 2014 жылға дейін жоспарланған.
Негізгі капиталға инвестициялар 295 114 млн. теңгені (ҚР бойынша 2 орын), НКИ – 116,2 % құрады. Астана қаласының үлесіне инвестицияның республикалық көлемінен 11,7 % келеді.
Негізгі капиталға салымдардың негізгі көздері кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаты – 205 471 млн. теңге (өсім – 1,8 есеге) немесе 69,6 % болып табылады. Бюджеттік қаражаттарға 22,4 % немесе 65 935,2 млн. теңге (НКИ – 69,6 %), қарыз – 7,3 % немесе 21 628,0 млн. теңге (НКИ – 47,5 %), шетелдік – 0,7 % немесе 2080,0 млн. теңге (өсім – 270,2 есе).
Тұрғын үй құрылысы саласында Астана қаласы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 782 487 шаршы метрді құрайды (ҚР бойынша 1 орын), бұл өткен жылдың көрсеткішінен 7,3 % төмен. Елордадағы аяқталмаған объектілер саны 2012 жылдың 25 шілдесі жағдайы бойынша – 7 (1 200 үлескер).
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 2012 жылдың 7 айында 492,2 млд. теңгеге өнім өндірді, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,3 % өсті. ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі бойынша қала Алматы қаласынан кейін 2 орынға ие. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны ағымдағы жылдың 1 тамызы жағдайы бойынша 41 240 бірлікті құрады және 7,1 % (НКИ бойынша - 2 орын) ұлғайды. Жұмыспен қамтылғандар саны – 4,2 % өсумен 160,9 мың адамды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Астана қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 11,3 млрд. теңге сомасына несиелік портфельмен 33 жобаны мақұлдады, оның ішінде несиені кепілдендіру бойынша 12,0 млн. теңге сомасына 1 жоба, өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 140,3 млн. теңге сомасына 4 жоба.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2012 жылдың маусымның соңына Астана қаласы банктерінің несиелері бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 851,6 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге ұлғайды.
Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Астана қаласы Қазақстан бойынша 2 орынға ие (Алматы қаласынан және Қарағанды облысынан кейін) және 2012 жылдың 7 айында оның көлемі 220 638 млн. теңгені құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 14,2 % құрады.
2012 жылдың қаңтар-маусымында орташа айлық атаулы жалақы 137 810 теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,7 %-ға ұлғайды.
Елорда халқының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2012 жылдың маусымында 84 367 теңгені құрды (ҚР бойынша 4 орын), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды көрсеткіште 9,2 % жоғары.
Елорда бюджеті 2012 жылдың қаңтарында 307,1 млрд. теңгені құрды. Сонымен қатар, 66,5 % (204,2 млрд. теңге) - трансферттер мен несиелер, субвенциялар, бюджеттің жеке кірісі 33,5 % (102,9 млрд. теңге) құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |