Астана қаласының Білім басқармасы тақырыбы: наурыз-думан мұғалім: Садвакасова С. Н



Дата07.07.2016
өлшемі282 Kb.
#183929

группа 196



Астана қаласының Білім басқармасы

ТАҚЫРЫБЫ:
НАУРЫЗ-ДУМАН
Мұғалім: Садвакасова С. Н.
Наурыз-думан

Мүғалімнің сөзі: Наурыз – жыл басы. Ұлыстың ұлы күнінде күн мен түн теңеліп, жер бусанып, жан-жануар, тіршілікке жан бітіп, жаңара түседі. Бұл күнді халқымыз ерекше қастерлеп, қадірлеген. Наурыз – пәктік пен адалдық күні. Қателік кешіріледі, көңіл кірі өшіріледі.

I. Жаңару көрінісі.

Ауыл. Киіз үй. Адамдар үй-жайын тәртіпке келтіріп, наурыз мейрамын өткізу қарбаласына кіріседі. Үй ауласын тазартып, ер адамдар бұлақ көзін ашып, қора-қоқпасының айналайсын жинап, ретке келтіреді. Әйелдер бүкіл ыдысты дәнге, мөлдір суға толтырып, қарт адамдар немерелерімен шыбық отырғызып, су құйып жүр. Ұлттық киім дәріптеледі.



II. Күнге тәу ету. Ауыл адамдары көкжиектен көтеріліп келе жатқан күнге тәу етеді.

1-оқушы: Көк тәңірі нұрыңды аяма!

Жер тәңірі ырысыңды аяма!

Әз, халқымды бағынан айырма!

Құт дары, Жер-Ана жарылқа!

(Әсем еуен әуелей түседі)

II. Шашу рәсімі.

2-оқушы:

Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Уа, халайық, теріп ал тәттілерді,

Қабыл болсын халқымның ақ тілегі.

III. Көрісу рәсімі. (Сахнаның сыртында өлең оқылады)

3-оқушы:

Әз Наурызда құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта көрісіп кәрі-жасы,

Көңілі түгел адамның сеп келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы.

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып көріскен.

(Адамдар бір-бірімен көрісіп, ақ тілектер айтады)



4-оқушы:

Келді көктем құдірет бір ғажайып,

Құрметтейік күтіп алып, халайық!

Жаңа жылдың тойын бүгін дүрілдетіп,

«Наурыз-думан» мерекесін тойлайық!

«Наурыз айы» әні орындалады.


IV. Бата беру.

5-оқушы: Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жыл болар, - деп аузы дуалы қариялар наурыз мейрамы үстінде ұрпақтары ұмытпай жүрсін деп бата беріп, ұлағатты сөз қалдырған. (Ортаға Қызыр ата шығып, бата береді)



«Сарыарқа» биі биленеді.

V. Ұлттық салт-дәстүр, ойындар.

«Жаңа жыл» әні орындалады.

6-оқушы:

Ұлттық ойын салтымыз,

Елмен тапқан жарасым.

Думандатып жатырмыз,

Жылдың шілдеханасын.

- Ұлыс күнінде ұлттық ойындардың да мәні зор. Ортаға күші тасыған, Қажекеңнің ұрпақтарын шақырайық. («Қазақша күрес», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», т.б.)



«Қара жорға» биі биленеді.

VI. Тазша бала қонақта. (Тазша бала ортаға шығады. Қолында сыйлыққа толы қоржыны)

Тазша бала: Ал, халайық, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Жаңа жылға сыйлық бар,

Барлығың ден қойындар.

7-оқушы: Алдап кетпейсің бе?

Тазша бала: Жо-жоқ... Бұл жолы алдамаймын... Бірақ, қоржынымдағы әрбір сыйлықтың сұрақтары бар. Шешімін тапқан «Тапқыр балаға» сыйлықтар беретінім рас.



8-оқушы: Ендеше, Тазша баланың «Наурыз-думанға» алып келген сыйлықтарын алуға асығыңыздар.

Тазша бала: 1. «Ұйқыашар» деген не? Білеміз бе?

2. Наурыз көжеге қосатын тоғыз түрлі дәмді атап беріңдерші?

3. Ұлттық тағамдарды атап беріңдерші? (Жауап берген оқушыларға Тазша бала қоржынындағы сыйлықтарын үлестіреді)

«Келіншек» күйі тартылады.

VII. Наурыз көже. (Оқушыларға, көрермендерге наурыз көже ұсынылады)

«Қазақтың дастарханы» әні орындалады.
9-оқушы:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдыр,

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке.

- Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың мерекесі. Ұлыстың ұлы күнін қазақ халқы ғана емес, Үндістан, Араб елдері, Өзбекстан, Қырғызстан халықтары және бүкіл Орта Азия тойлайды.



10-оқушы: Дүниеге көрік берген, шырай берген жыл басы – Наурыз, елімізге қош келдің!

11-оқушы: Жылқы жылы құтты болсын!











Астана мектеп-гимназия № 30




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет