«астана экспо – 2017» БҮкіләлемдік көрменің Қазақстан электроэнергетикасының дамуына және елімізде «жасыл» экономиканы қҰРУҒа тигізетін әсері



Дата08.06.2016
өлшемі142.01 Kb.
#123128
УДК 378.620.9 (574)
Г.Х. Хожин

профессор Алматинского университета энергетики и связи


«АСТАНА ЭКСПО – 2017» БҮКІЛӘЛЕМДІК КӨРМЕНІҢ ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕ «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫ ҚҰРУҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілгендей Астана ЭКСПО – 2017» Бүкіләлемдік көрменің Қазақстан электроэнергетикасының дамуына және елімізге «жасыл» экономиканы құруға тигізетін әсері қарастырылған.

Түйін сөздер: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, ЭКСПО – 2017, жасыл экономика, жаңа технология, үшінші индустриялық революция, жаңғыртылған энергия көздері, экология.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы 2014 жылғы (17 қаңтар) Жолдауында Қазақстан Республикасының тарихына енетін 10 креативтік идеяны анықтады. Соның ішінде: «Энергетикада – ЭКСПО – 2017-ге дайындық барысында Астана болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздеу мен құру жөніндегі озық әлемдік тәжірбиені зерттейтін және енгізетін орталыққа айналды. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядролық энергетика, оның ішінде атом станциясының құрылысы дамиды» - деп айқын да нақты көрсетті [1].

Энергетика базалық салалардың бірі бола отырып, кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саласында маңызды рөл атқарады.

Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі электроэнергетика саласының даму бағдарламасы Қазақстан Республика үкіметінің қаулысымен бекітілген, №384, 09.04.1999ж.

Бұл бағдарламаның мақсаты және негізгі басымдықтары:


  1. Экономиканы және халықты электр энергиямен өзін-өзі қамтамассыз ету – энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу. Бұл мәселені елдің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі деп есптеу;

  2. Электр энергияның экспорттық, бәсекеге қабілеттілік ресурстарын, олардың шекаралас және үшінші елдердің энергетикалық нарығында сұраныс мүмкіндігін жасау;

  3. Электр энергияны өндірушілер, тасымалдаушыр және тарататын электр тораптары мен электр энергия ағындарын басқаратын диспетчерлік ұжымдардың бәсекелестік нарығын дамыту.

Осы бағдарламаны орындаудағы негізгі стратегиялық бағыттар:

  1. Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесін қалыптастыру 1 сурет;

  2. Электр энергияның ашық бәсекелестік нарығының үлгілерін дайындау және дамыту;

  3. Импорт алмастырушы ретінде жаңа қуаттар енгізу;

  4. Дәстүрлі емес энергия көздерін дамыту есебінен электр энергияны өндіру құрылымын жақсарту;

  5. Экономикалық және экологиялық жағынан тиімді автономдық жоғары сапалы энергия көздерін енгізу.

Міне, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан энергетиктеріне осындай күрделі және ауқымды мәселе қойды.



Елбасы еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында келесідей мәселелерге арнайы тоқтап, оларды атап өтті:

  • Екібастұз ГРЭС – 1-ді кеңейту және қайта жаңғырту;

  • Екібастұз ГРЭС – 2-нің 3-ші блогын Ресеймен бірігіп салу жұмысын жүргізіп іске қосу;

  • 500 кВ-тық «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» электр желілерін салып, оларды іске қосу, яғни Шульба су электр станциясы – Ақтоғай (420 км), Ақтоғай – Талдықорған (250 км), Талдықорған – Алма (250 км);

  • Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу;

  • Шағын қуатты су электр станцияларын салу және оларды іске қосып тиімді пайдалану;

  • Жаңғыртылатын энергия көздерін қарқынды түрде пайдалану (жел энергиясын, күн сәулесінің энергиясын, су энергиясын);

  • Реттелетін термоядролық синтез арқылы өндірілетін электр энергия проблемаларын зерттеп, оны пайдаланудың шешімін табу;

  • Балқаш жылу электр станциясын салып іске қосу;

  • Мемлекетаралық кернеуі 500 кВ-тық электр желісін салу, яғни КЕМИН (Қырғызстан) – Алматы (Қазақстан).

Жоғарыда көрсетілген мәселелер жоспар бойынша біркелкі орындалуда. Атап айтсақ:

  • Экономикаға зор үлес қосатын АЭС Курчатов қаласында салынады деп жоспарлануда. Қазіргі кезеңде Курчатов қаласы мен Балқаш көлі маңында зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл жұмыс 2 жылдай уақытқа созылады. Ресей мен Қазақстан ғалымдары Жапониямен бірге АЭС-ті салуға 2018 жылы кіріспек [2].

  • Қазақстанның жел энергиясының потенциалы шамамен 929 млрд.кВт.сағат/жылына деп есептелінуде. Жел энергиясын пайдалануда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік, Маңғыстау, Атырау, Ақмола және Қарағанды облыстарының мүмкіндіктері өте зор. Мысалы: Жамбыл облысының Қордай ауданында жел электр станциясы салынып іске берілді. Қуаты 1500 кВт. Енді Жамбыл облысында қуаттарының қосындысы 400 МВт-тық (Жанаста) және 200 МВт-тық (Шоқпарда) жел электр станциялары салынады деп жоспарлануда. Қазақстанның солтүстік облысының Новоникольскі ауылында қуаты 750 кВт жел электр станциясы іске қосылды да жемісті (сәтті) жұмыс істеуде.

  • Қазақстанның су энергиясын пайдалану потенциялы шамамен 170 млрд.кВт.сағат/жылына деп есептелінуде. Су энергиясын пайдалануда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының мүмкіндіктері өте зор. Мысалы:Алматы облысында: Көксу өзенінде қуаты (қосынды қуат) 42 МВт, Есік өзенінде қуаты 5 МВт, Шелек өзенінде қуаты (қосынды) 30 МВт, Лепсы өзенінде қуаты 4,8 Мвт шағын қуатты су электр станциялары салынуда. Алматы облысындағы су электр станцияларының барлығының саны шамамен 227; қондырылған қуаты 1147 МВт, ал өндірілетін электр энергияның мөлшері 5336 кВт.сағат.

  • Шығыс Қазақстан облысындағы шағын су электр станцияларының саны шамаен 89, қондырылған қуаты 594 МВт, ал өндірілетін электр энергияның мөлшері 2566 кВт..сағат;

  • Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын су электр станцияларының саны 118, қондырылған қуаты 437 МВт, ал өндірілетін электр энергияның мөлшері 1926 кВ.сағат;

  • Жамбыл облысындағы шағын су электр станциясының саны 98, қондырылған қуаты 234 Мвт, ал өндірілетін электр энергияның мөлшері 1150 кВт.сағат.

Күн сәулесінің энергиясын пайдалануда Қазақстанның қолайлы мүмкіндігі бар. Оңтүстік өңірде күн сәулесінің энергиясын жылына 2000-3000 сағатқа дейін пайдалануға болатындығы зерттелініп анықталды.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамыту бағдарламасы бойынша (2010 жылдан – 2014 жылға дейін) келесідей жаңғыртылған энергия көздерін пайдаланатын электр станциялары салынуы керек. Олар:



  • Алматы облысында – Шелек дәлізінде қондырылған қосынды қуаты 51 Мвт жел электр станциясы, Жоңғар қақпасында қосынды қуаты 50 МВт жел электр станциясы, Көксу өзенінде қосынды қуаты 49 МВт шағын су электр станциясы, Басқан өзенінде қосынды қуаты 4,37 МВт шағын су электр станциясы, Есік өзенінде қосынды қуаты 5 МВт шағын су электр станциясы, Шелек өзенінде қосынды қуаты 30 МВт су электр станциясы, Лепсы өзенінде қосынды қуаты 4,8 МВт шағын су электр станциясын, күн сәулесінің энергиясын пайдаланып электр энергияны өндіретін станцияның қуаты 6 МВт;

  • Шығыс Қазақстан облысында – Олан ауданында қосынды қуаты 24 МВт жел электр станциясын;

  • Маңғыстау облысында – Тубқараған ауданында қосынды қуаты 24 МВт жел электр станциясын;

  • Ақмола облысында – Ерементау ауданында қондырылған қуаты 35-45 МВт жел электр станциясын;

  • Қарағанды облысында – Қарқаралы ауданында қондырылған қуаты 10-15 МВт жел электр станциясын;

  • Оңтүстік Қазақстан облысында – Байдыбек ауданында қондырылған қуаты 40 МВт жел электр станциясын;

  • Қостанай облысында – Арқалық қаласының жанында қондырылған қуаты жел электр санциясын.

Қорытып айтқанда, Қазақстанда қондырылған қуаты 1040 МВт 31 жаңғыртылған энергия көздері (ЖЭК) пайдалануға берілуі жоспарлануда. Оның ішінде: 13 жел электр станциялары, қуаты 793 МВт, 14 шағын су электр станциялары, қуаты 170 МВт және 4 күн сәулесінің энергиясын пайдаланып электр энергияны өндіретін станциялар, қуаты 17 МВт.

Нәтижесінде Қазақстан 2015 жылға жаңғыратын энергия көздерін пайдаланып электр энергияны өндіру 1%-ға, ал 2020 жылда 3% жетеді деп жоспарлануда.

Әрине жоғарыда көрсетілген деректер мағыналы болғанымен, Елбасы өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында «Астана ЭКСПО – 2017» Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі Қазақстанның электр энергетикасының дамуындағы маңызды мәселенің бірі» деп атап айтты [3].

«Астана ЭКСПО – 2017» - Еліміздің ұлттық жобасы деп Қазақстан Республикасының электроэнергетикасының болашағы ретінде қарастырылуды.

Сондықтан, Бүкіләлемдік «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесі туралы және осы көрменің Қазақстан электроэнергетикасының дамуына, болашағына әсері жөнінде қысқаша мәліметтер берілуде.

Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесіне Қазақстан бірінші рет 2005 жылғы 25 наурыз бен 25 қыркүйек аралығында Жапонияның АИЧИ префектурасында болған көрмеге қатысты. Бұл көрменің ұраны –«Табиғат кемеңгерлігі». Көрменің негізгі мақсаты техногендік заманның ең жаңа технологияларының қоршаған ортаны қорғауға тигізетін ықпалын көрсету.

Бүкіләлемдік көрмеге қойылған Қазақстан жәдігерлері, көрмені тамашалауға келген туристтерге Қазақстанды жан-жақты таныстыруға жағдай жасады. Кейін Қазақстан Испания Корольдігіндегі «ЭКСПО – 2008, Сарагосада», Қытай Халық Республикасындағы «ЭКСПО – 2010, Шанхайда», Оңтүстік Кореядағы «ЭКСПО -2012, Есуда» көрмелеріне қатысты. Испания Корольдігінің Саргоса қаласында «Су және тұрақты даму» ұранымен өткен «ЭКСПО – 2008» Дүниежүзілік көрмесіне әлемнің 104 мемлекеті павильондарының арасында Қазақстан павильоны «С» дәрежесі бойынша Қола жүйені иеленді. Қазақстанда Дүниежүзілік көрме өткізу идеясын алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы көрменің ашылу салтанатында жариялады да, 2011 жылдың 10 маусымында ЭКСПО – 2017-ні Астана қаласында өткізу жөніндегі ресми өтініш Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросына тапсырылды.

2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының штаб пәтері орналасқан Париж қаласында халықаралық ұйымға мүше 160 мемлекеттің 100-ден асамы дауыс беріп Қазақстан елордасы – Астана қаласы 2017 жылғы Бүкіләлемдік көрмесін өткізетін басты құрметін жеңіп алды.

Бүкіләлемдік ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізу құқығына орталық Азия мен ТМД мемлекеттерінің арасынан бірінші болып Астана қол жеткізді.

2012 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Рспубликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі жарияланды. Онда Елбасы бұлай деді (қысқаша шолу): «Біз елеулі үміткер, осындай халықаралық форум өткізуде тәжірбиесі бар Бельгияның Льеж қаласын жеңіп шықтық [3].

Бұл – Қазақстанның зор табысы. Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын АҚШ, Франция, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқада елдерде өтті. Енді олардың қатарына Қазақстанда қосылып отыр. Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі табыстарын халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Біз үшін халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі дауыс берді. Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады.

Бұл – біздің еліміз үшін жаңа энергетиканың және «жасыл» технологиялар алуда аса зор мүмкіндік. Бұл Қазақстандағы тағы бір «халықтық құрылыс» болмақ. Мен «ЭКСПО – 2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатына сенемін» деп Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның бүкіләлемдік жарқын, ерекше, табысты көрме өткізетіне зор сенімділігін білдірді.

2014 жылғы 11 маусымда Парижде Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) Бас ассемблеясының 155 сессиясы өтіп, осы сессияда «Астана – 2017» Бүкіләлемдік көрмесін өткізетін ел – Қазақстанға салтанатты түрде ХКБ ұйымының туы тапсырылды [4,5].

Астана ЭКСПО – 2017 көрмесінің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» бүгінде бұл бүкіл адамзатты толғандырып отырған көкейтесті мәселе екендігі даусыз. Дүниежүзілік көрмелердің басты ұраны – адамзатты толғандырып отырған мәселелерді шешу болып табылады. Мәселен:



  • 1851 – 1900 жылдар аралығындағы көрмелер XIX ғасырда экономика мен сауданың толқынында туындаған өндірістік жаңалықтарды жария етті;

  • 1900 – 1939 жылдар аралығындағы Дүниежүзілік көрмелер сипаты «Дағдарыстан – болашақты көруге дейін» ұранымен өтті;

  • 1958 – 1970 жылдар аралығындағы Дүниежүзілік көрмелер «Бейбіт уақыт және жаңғырту» ұранымен өтті. Адамзат шынайы экономикалық жетістіктерге ұмтылды. Ғарыш дәуірі басталды.

  • 1974 – 1998 жылдардағы Дүниежүзілік көрмелер ұраны «Жаңа технологиялар дәуірі» сипатымен өтті;

  • 2000 – 2010 жылдар аралығындағы көрмелер «Ертеңгі күн бүгіннен де жақсы болуы керек» ұранын күн тәртібіне шығарды;

  • 2017 жылғы елордамыз Астанада өтетін Халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» болып отыр. «Астана ЭКСПО – 2017» аясында адамзат ертеңінің негізін айқындайтын энергетикалық қуат көздерінің болашағы шешілмек [4,5].

Қазақстанның балама энергия көздері жеткілікті. Эксперттердің зерттеулері бойынша, еліміздің құрамына гидроэнергия, жел және күн энергиясы кіретін ресурстың әуелеті 1 триллион кВт.сағат мөлшеріне тең деп жобалануда. Қазір елімізде өндірілетін электр қуатының көлемінде «Жасыл энергияның» үлесі аз. Сондықтан Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды индустрияландыру стратегиясында «Жасыл энергияға» сара жол ашып отыр. Елімізде соңғы деректер бойынша «Жасыл энергия» қуатын 2000 МВт-ға жеткізу жөніндегі бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысы қолға алынды.

Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі өзінің 160 жылдан астам тарихында өркениет шежіресіне алтын әріптермен жазылған сәулет өнерінің жетістіктерін қалдырды. Мысалы: ЭКСПО мұралары – Лондондағы Хрусталь сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы, Париждегі Александр III көпірі, Лион вокзалы, Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон, Мельбурндағы патшалық көрме павильоны бұлар мәңгілік өнер ерекшеліктері болып табылады.

2013 жылдың жазында Қазақстан халқының дауыс беру қорытындысы бойынша (интернет ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы) және Мемлекеттік комиссияның шешімімен ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа фирмалық белгісі ретінде «Жел энергисы» логотипі бекітілді.

«Астана ЭКСПО – 2017» бүкіләлемдік көрме қалашығында адамзат ертеңінің болашағы болып табылатын жер энергиясы, күн энергиясы және жел энергиясы жан-жақты пайдаланылатын болады.

2013 жылдың қазан айының 22 жұлдызында ЭКСПО – 2017 Бүкіләлемдік көрме кешенінің үздік эскиз-идеясы Халықаралық архитектуралық конкурсының қорытындысы жарияланды. Америкалық жоба жеңімпаз аталды. ЭКСПО – 2017 Бүкіләлемдік көрменің басты символы болып шар (сфера) қабылданды. Осы қабылданған жоба туралы қысқаша мәлімет: Қазақстан павильоны киіз үйге ұқсайды. Ол шар (сфера) айрықша нысан. Ол үш қабатты ғимарат, диаметрі 150 м. Автордың көзқарасы бойынша, осы эскиз-жоба қазақтың ұлттық дәстүрлерін «үшінші өнеркісіптік ревалюция» және «Болашақтың энергиясымен» байланыстырады. Эскиз-жобадан одан әрі өз орындарын тапқан нысандар «Энергия әлемі», «Тіршілік үшін энергия», «Қолжетімді энергия», «Менің болашақ энергиям» тақырыптық павильондары [6,7].

«Астана –ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесіне жүзден астам қатысушы елдер өз павильондарын ұсынады. Ерекше нысан-өнер орталығы. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесіне мәдени ойын-сауық бағдарламасы үшін арнайы жасалынатын алаң. Одан кейін корпаративтік павильондар қарастырылған-бұл көрме демеушілері мен серіктестерінің павильондары. Тәжірибелер аймағы-бұл жерде баламалы энергияны қолданудың үздік мысалдары ұсынылады. Конгресс орталығы-яғни конгрестер, конференциялар және форумдар өткізіледі. 10 мың орынға арналған көлік тұрағы жобаланған.

Астанада 2017 жылы ЭКСПО бүкіләлемдік көрмесін өткізу елорданың,жалпы бүкіл еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін береді. Яғни, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында көрмеге әлемнің 100 елі мен 10 халықаралық ұйымның 5 миллионға тарта туристтер келмек. Бұл Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін бұрынғыдан да арттырып, Астананың аймағын тағы да әлемге жария етеді. Астана энергетика саласында үздік идеялар мен тәжірибелерді жинайтын, ғылым мен техниканың, жаңа технологияның ең озық нәтижелерін ұсынатын орталыққа айналады.

Бірінші индустриялық революция XVΙΙΙ ғасырдың аяғында Англияда қарапайым тоқыма өндірісін механикаландырудан басталғаны белгілі. Бұрын қолмен істелген қара жұмыс бір жүйеге бағындырылды. Осылайша завод, фабрикалар пайда болды. Бірінші өнеркәсіптік революциясының жетістіктеріне жол ашқан негізгі қозғалтқыш күш – көмір мен бу болды деп есептейді Джереми Рифкин. Джереми Рифкин-америкалық экономист, саясат танушы [6,7].

Екінші индустриялық революция XX ғасырдың бас кезіне сәйкес келді. Екінші индустриялық революция кезінде электр энергияны өндіру кеңінен тарады. Эдиссонның электрлік жарықтандыру шамы іске қосылды. Телефон, радио, теледидар құралдары пайда болды. Мұнай мен газ өндіру барынша дамыды. Оның өнімдерін пайдаланатын автокөліктер, басқа тұрмыстық техникалар дүниеге кеңінен тарады. Осы үдірістің ақырында адамзат қауымы мұнай мен газдың, басқа да минералды шикізат көздерінің жетіспеушілігіне ұрынды. Жер шарының экологиялық жағдайы нашарлады. Джереми Рифкин адамзатты осы дағдарыстан шығарудың жолы ретінде үшінші индустриялық революцияның жеткенін мәлімдейді.Оның бастапқы да негізгі белгісі ретінде сандық байланыс құралдарының өмірге келіп,ерекше екпінмен дами түскенін айтады. «Интернет» әлемді өзгертті. Бірақ адамзат тұтынып келе жатқан қуат көздері бұрыңғы қалпында қалып отыр. Адамзат ұрынып отырған қазіргі экономикалық дағдарыстар міне осы жағдайдан бастау алып отыр дейді Джереми Рифкин [6,7].

Еуропа елдері қазірдің өзінде күн мен жел энергиясын сенімді түрде молынан игеруде. Болашақта таусылмайтын қуат көзі ретінде сутегін игеруді жолға қоюда.

Демек, баламалы және қайта жаңғыртылатын қуат көздерін игеруге, «Жасыл» экономикаға көшу мәселесін Елбасымыз алдағы 40 жылдың аса өзекті мәселесі ретінде бекерден-бекер атап көрсеткен жоқ. Әрине, Қазақстан мұнай мен газға, басқа да шикізат көздеріне бай ел ретінде таяудағы болашақта дәстүрлі қуат көздерін дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы (17қаңтар) жолдауында бұл жайында анық жазылған. Осы жылдарда, Астана энергетика саласында үздік идеялар мен тәжірибелерді жинайтын, ғылым мен техниканың ең озық нәтижелерін ұсынатын орталыққа айналады деп көрсетілген.

Қай қоғамның болсын қозғаушы күші-өндіріс. Ал өндіріске ең бірінші керегі-энергетика, электроэнергетика. Оның ішінде айнала қоршаған ортаға залалы тимейтін «Жасыл энергия»-бұл заман талабы. Баршамызға белгілі, бүгінгі күні жоғары техналогия тез жылдамдықпен дамуда. Адамзат баласы сандық әлемге де енді. Жоқтан барды жасауға қабілетті 3Д принтерлер пайда болды. Болашақта өте жаңа технология, техника және 3Д принтерлері өндіріске ұласуы әбден ықтимал.

Бүкіләлемдік «Астана ЭКСПО -2017» көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастыру бүкіл әлемге экономика, техника, жаңа технология, инновация салаларындағы үздік үлгілерді көрсету, түсіндіру, жеткізу және дұрыс пайдалану Қазақстан елінің соның ішінде энергетиктердің негізгі мақсаты болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай Астана электроэнергетика саласында үздік идеялар мен тәжірбиелерді жинайтын, ғылым мен техниканың, жаңа технологияның ең озық нәтижелерін ұсынатын және сол шешілетін мәселелерді тиімді пайдаланатын орталыққа айналуы тиіс. Қазақстанда атом энергиясы, күн сәулесінің энергиясы және жел энергиясы жан-жақты және қарқынды түрде пайдаланылатын болады.

Соның нәтижесінде электроэнергияны қолданатын ғылыми мекемелер, өндіріс салалары дамиды да, Еліміздің экономикасы жоғары деңгейде болатын болады.

Тек сонда ғана Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жоспары орындалады деп есептеймін.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Назарбаев Н.Ә., «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ», Егемен Қазақстан. - №11, 18.01.2014ж.

  2. Нұғманбекова Раушан, «Атом қуаты – адам игілігі», Егемен Қазақстан. - №125, 27.06.2014ж.

  3. Назарбаев Н.Ә., «Қазақстан Республикасының ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үнлеуі», Егемен Қазақстан. - №807 - 808, 07.12.2012ж.

  4. Жылқыбай Жағыпарұлы. «Астана ЭКСПО – 2017»., Егемен Қазақстан. – 10 шілде 2014ж.

  5. Талғат Ермегияев., «Қазақстанның серпілісі үшін тың мүмкіндіктер»., Егемен Қазақстан – 21 мамыр 2014ж.

  6. Сұңғат Әліпбай., «Үшінші индустриялық ревалюция»., Егемен Қазақстан - 5 ақпан 2014ж.

  7. Динара Бітікова., ЭКСПО – 2017: Эмблема бар. Эскиз бекітілді. Іске сәт!, Егемен Қазақстан газеті – 23 қазан 2013 ж., №237.



ВЛИЯНИЕ ВСЕМИРНОЙ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ ВЫСТАВКИ «АСТАНА ЭКСПО - 2017» НА РАЗВИТИЕ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКИ

И ВНЕДРЕНИЕ «ЗЕЛЕНЫЙ» ЭКОНОМИКИ В КАЗАХСТАНЕ
Г.Х.Хожин

Алматинский университет энергетики и связи


В статье рассматриваются вопросы использования результатов всемирной специализированной выставки «Астана ЭКСПО - 2017» и внедрение «зеленый» экономики в Казахстане в соответствии с Посланием Президента Республики Казахстана Н.А. Назарбаева народу Казахстана, 17.01.2014г.

Конкретно указано, что незамедлительное использование результатов выставки «Астана ЭКСПО - 2017» даст значительный толчок по применению новейшего достижения науки, новой техники и технологии для ускоренного развития электроэнергетики.

Осуществление вышеуказанных мероприятий, приведет к качественному развитию электроэнергетики и внедрению «зеленой» экономики в Республике Казахстан.
THE INFLUENCE OF THE WORLD EXHIBITION "ASTANA EXPO - 2017" ON THE ELECTRIC POWER INDUSTRY DEVELOPMENT AND IMPLEMENTATION OF "GREEN” ECONOMY

IN KAZAKHSTAN
G.Kh. Khozhin

Almaty University of power engineering and telecommunications
The article deals with the use of the results of the world exhibition "Astana EXPO - 2017" and implementation of "green" economy in Kazakhstan in accordance with the Address by the President of the Republic of Kazakhstan, Leader of the Nation N.A. Nazarbayev, 17.01.2014.

It is specifically specified that immediate use of results of the "Astana EXPO - 2017" exhibition will give a considerable impetus on application of the latest development of the science, new equipment and technology for the accelerated development of power industry.

The implementation of the above activities will lead to qualitative development of the power industry and the introduction of "green" economy in Kazakhstan.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет