«астана-теплотранзит» АҚ басқармасы туралы ереже



Дата07.07.2016
өлшемі130.09 Kb.
#183717
«Астана-Теплотранзит» АҚ

Директорлар кеңесінің шешімімен

КЕЛІСІЛДІ

2012 жылғы 4 қаңтар
__________________________________________________________________________________
«АСТАНА-ТЕПЛОТРАНЗИТ» АҚ

БАСҚАРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

__________________________________________________________________________________
1. Жалпы ережелер


  1. Басқарма «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) атқарушы органы болып табылады және Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

  2. Басқарма, оның Төрағасы және мүшелері өз өкілеттілігін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Акционерлік қоғам туралы» (бұдан әрі –Заң) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Заңын, Жарғыны, акционерлердің (акционердің) Жалпы жиналысының, Қоғам Директорлары кеңесінің шешімдерін, Қоғамның корпоративтік ішкі құжаттарын, Директорлар кеңесі Төрағасының бұйрықтар мен өкімдерін, еңбек шарты мен осы Ережені басшылыққа алады.


2. Басқарма құрамы және оның мүшелерін сайлау тәртібі


  1. Басқарманың сандық құрамы Төрағаны қоса алғанда бес адамды құрайды.

  2. Басқарма Төрағасы мен оның мүшелері Қоғамның Директорлар кеңесімен сайланады және Қоғамның лауазымдық тұлғалары болып табылады.

  3. Басқарманың Төрағасы мен оның мүшелерінің лауазымына кандидаттар міндеттерді орындау және акционерлердің мүддесінде Қоғамның тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, іскерлік және/немесе салалық ортада оңтайлы жетістіктері мен мінсіз атағы болуы тиіс.

Мынадай тұлға лауазымға сайланбауы тиіс:

  1. сотталғандығы өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіппен сотталғандығы алынбаған;

  2. мәжбүрлі тоқтату немесе акцияларды мәжбүрлі сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот танылған басқа заңды тұлғаны тоқтатып қою туралы шешімді қабылдауға дейін бір жылдан кем емес кезеңде бұрын басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап мәжбүрлі тоқтату немесе акцияларды мәжбүрлі сатып алу, немесе белгіленген тәртіппен банкрот танылған басқа заңды тұлғаны тоқтатып қою туралы шешімді қабылдауға дейін бес жыл ішінде қолданылады;

  3. еңбек қабілеттілігі шектеулі жеке тұлға.

  1. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттілік мерзімі Қоғамның Директорлар кеңесімен анықталады. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің лауазымдағы өкілеттілік мерзімін қайталап сайлауға немесе ұзартуға болады.

  2. Қоғамның Басқарма Төрағасы мен оның әрбір мүшесімен еңбек шарты жасалады. Шарт бір жыл мерзімге жасалады және Басқарма Төрағасы, оның мүшесі және Қоғам арасындағы еңбек қатынастарын (құқықтарды, міндеттерді, тараптар жауапкершілігін, еңбекақы төлемін, жұмыс уақытын, шартты бұзуға арналған негіздемелерді және т.б.) реттейді. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша еңбек шарты үш жылға ұзартылуы мүмкін. Қоғам атынан Басқарма

«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма туралы ереже

мүшесімен еңбек шартқа Басқарма Төрағасы, Басқарма Төрағасымен - Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы қол қояды.


3. Басқарма мүшелерінің еңбекақы төлемі


  1. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің еңбекақы төлемінің жүйесі Қоғамның Директорлар кеңесімен бекітілетін лауазымдық қызметақыдан және жыл бойы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақыдан тұрады. Лауазымдық қызметақының мөлшері және Басқарманың еңбекақы төлемінің шарттары Қоғамның Директорлар кеңесімен анықталады және еңбек шартында белгіленеді.

  2. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің жыл бойы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу Қоғамның шығынсыз жұмысы, дамытудың, қаржы-шаруашылықтың, өндірістің бекітілген жоспары мен инвестициялық бағдарламасын орындау жағдайында, сондай-ақ еңбек шартында мазмұндалған міндеттерді тиісті орындау кезінде жүзеге асырылады, Директорлар кеңесімен бекітілген корпоративтік ішкі құжатпен белгіленеді. Сыйақы мөлшерін анықтау кезінде Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық міндеттерінің сипаттамасы мен күрделілігі назарға алынады. Сондай-ақ Қоғамның қаржы жағдайы мен Қоғам қызметінің бағыты мен лауазымдық тұлғаның алдына қойылған мақсаттарына жетекшілік ететін мамандар ретінде Басқарма мүшелерінің кәсіптік деңгейі назарға алынады.

  3. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру нәтижесі кезінде Басқарма мүшесінің еңбекақы төлемі, сірә, оған лайықсыз болатындай Қоғамның қаржы жағдайы елеулі нашар болса, Директорлар кеңесі Басқармаға еңбекақы төлемінің тиісті төмендетуін жүргізуге құқылы.



4. Істерді жүргізу


  1. Басқарма акционерлердің Жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

  2. Басқарма басқа органдар мен қоғамның лауазымдық тұлғаларының құзыретіне Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалары мен Қоғамның Жарғысына жатқызылмаған Қоғам қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

  3. Қоғам Басқармасының құзыретіне жататын негізгі мәселелердің шешімі мыналар болып табылады:

  1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау;

  2. Қоғам қызметінің ішкі тәртібін әзірлеу;

  3. Қоғамның құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын дайындау;

  4. жылдық қаржы есептемесін бекітуге арналған құжаттарды дайындау;

  5. Қоғамды дамытудың әр түрлі бағдарламаларын әзірлеу және Қоғамның Директорлар кеңесіне бекітуге шығару;

  6. тиісті жылға бекітілген қаржы-шаруашылық жоспар шегінде материалдық және демеушілік көмек көрсету;

  7. акционерлік қоғам туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғысына, акционерлердің Жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес Қоғам Басқармасының құзыретіне жататын өзге мәселелерді.

  1. Басқарма Төрағасы:

  1. акционерлердің Жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауды ұйымдастырады;

  2. үшінші тұлғаға қатысты Қоғам атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

  3. үшінші тұлғаға қатысты Қоғамды өкілдік ету құқығына сенімхат беріледі;


«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма туралы ереже

4) Қоғам жұмыскерлерін қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолданады, Қоғам жұмыскерлерінің лауазымдық қызметақы және Қоғамның штат кестесіне сәйкес қызметақыларына дербес үстеме

мөлшерлерін белгілейді, Басқарма, ішкі аудит қызметі құрамына кіретін жұмыскерлерден және Қоғамның корпоративтік хатшысынан басқа Қоғам жұмыскерлерінің сыйлықақы мөлшерін анықтайды;

5) өзі болмаған кезде өз міндеттерін орындауды Басқарма мүшесінің біреуіне жүктейді;



  1. Басқарма мүшелері арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттілігі мен жауапкершілікті бөледі;

  2. сыбайлас жемқорлықтың іс-әрекеттеріне қарсы арналған шаралар қабылдайды;

  3. Қоғамның Жарғысымен, акционерлердің Жалпы жиналысымен, Директорлар кеңесінің шешімдерімен, Қоғамның ішкі құжаттарымен анықталған өзге міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Басқарма Төрағасы, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері еңбек шартымен анықталған.

  2. Басқарма мүшелері арасындағы функционалдық міндеттерді бөлу құрылымдық бөлімшені (қызметтер, бөлімдер) басшылық ету бойынша Директорлар кеңесімен Қоғамның бекітілген ұйымдастырушылық құрылымы негізінде жүзеге асырылады, Төрағаның Бұйрығымен ресімделеді және жетекшілік ететін мәселелерге Басқарма мүшелерінің жауапкершілік аймағын анықтайды. Басқарма мүшелері өз құзыреті шегінде олар басқаратын құрылымдық бөлімшелерге жауапкершілік артады. Қоғамның сыртқы мүддесін өкілдік етуді Басқарма мүшесі Басқарма Төрағасы беретін және Басқарма мүшесінің өкілдігін анықтайтын сенімхат негізінде жүзеге асырады.

  3. Міндеттерді бөлумен қатар барлық Басқарма мүшелері Қоғам үшін маңызды кез келген ақпаратты кез келген уақытта мынадай мүмкіндік болу үшін байқап отыруы тиіс:

  1. жалпы Қоғамның кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттыруға жағдай жасау;

  2. Қоғамның жеке қызметтерінде келеңсіз нәтижелерді (әрекетсіздік) болдырмау.

Мұндай мүмкіндік Басқарма мүшелерін Басқарма отырысын шақыртуды талап ету және Қоғамның, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін түзететін шешімдер қабылдау үшін Басқарма Төрағасына міндетті түрде хабарлау құқығымен қамтамасыз етеді.

  1. Басқарманың барлық мүшелері аптасына кем дегенде бір рет өз құзыреті шегінде ағымдағы барлық маңызды мәселелер, істердің барысы және тапсырманы орындау туралы Басқарма Төрағасына хабарлайды. Басқарма Төрағасы Қоғамның жалпы мақсаты және жоспарымен Басқарма мүшелерінің құзыреті шегіндегі мәселердің шешуін үйлестіреді. Егер мәселе Басқарманың басқа мүшелерінің құзыретін қозғайтын болса, ол жоспарларды әзірлеуге, құжаттарды, материалдарды дайындауға және қызмет үдерісін үйлестіруге Басқарманың басқа мүшелерін тартады.



5. Лауазымдық міндеттерді орындау кезіндегі бұзушылыққа жауапкершілік


  1. Қоғамның лауазымдық тұлғалары болып табылатын Басқарма Төрағасы және оның мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына, еңбек шартына сәйкес Басқарма қабылдайтын шешімдерге жауапкершілік артады.

Олар кез келген өздеріне белгілі Қоғам туралы құпиялы мәліметтерді, өндірістік, технолгиялық және коммерциялық құпияларды жарияламауға міндетті. Құпиялылықты сақтау

бойынша міндеттердің күші еңбек шартының күшін жою немесе бұзу кезінен бастап бес жыл

бойы сақталады.


  1. Басқарма мүшесі Қоғам алдында мыналарға жауапкершілік артады:

  1. акционерлердің Жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдерін орындамағаны үшін;

  2. еңбек шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген шығындары (оның ішінде теріс қаржы нәтиже) үшін;

«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма туралы ереже


  1. сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша шараларды қабылдамау;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған өзге де жағдайларда.

Басқарма Төрағасы, оның мүшесі егер Директорлар кеңесі, немесе Басқарма қабылдаған Қоғамның шығындарын келтірген шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.

  1. Осы ереженің 20 т. бұзылған жағдайда, сондай-ақ Басқарма Төрағасы, оның мүшесі өкілеттілігінен тыс шығатын немесе Қоғамға залал келтіретін жеке шешімдерді қабылдаған жағдайда, олар Қоғамға келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.

  2. Басқарма Төрағасы, оның мүшесі атқарушы органның басшысы, оның мүшесі немесе атқарушы органның, басқа заңды тұлғаның міндеттерін жеке жүзеге асырушы тұлғаның лауазымын атқаруға құқығы жоқ.

  3. Қызметтік міндеттерін тиісті орындамау туралы күмән болған жағдайда Басқарма Төрағасы, оның мүшесі өзінің міндеттерін тиісті орындағаны немесе өзінен кейін залал келтірген іс-әрекеттер акционерлердің Жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің, Басқарманың немесе Қоғам Басқармасы Төрағасының шешімдерін орындауға арналған міндеттемелерден шығатыны туралы дәлелдемелерді ұсынуға құқылы.

  4. Директорлар кеңесі Қоғамның ішкі корпоративтік құжаттарына сәйкес Басқарма Төрағасына, оның мүшесіне қатысты көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолдануға құқылы.


6. Басқарма отырысы
25. Басқарма өзінің отырыстарында мәселелерді қарастырып, шешімдер қабылдайды. Отырыстар апта сайын жүргізіледі. Қажет болған жағдайда немесе Басқарма мүшелерінің қолдаухаты бойынша Басқарма Төрағасы тез арада Басқарма отырысын шақыртады. Кез келген жағдайда Басқарма отырысы Қоғамның мүддесі талап етілген жағдайда шақыртылуы тиіс.

26. Басқарма отырысын шақырту және өткізу тәртібіне қатысты мәселелерді шешу Басқарма Төрағасының құзыретіне жатады. Басқарма Төрағасы Басқарма отырысына төрағалық етеді. Егер Басқарма Төрағасы отырысқа қатыспаған жағдайда, онда оның бірінші орынбасары төрағалық етеді.

27. Басқарма мүшелерінің талабы бойынша Басқарма отырысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізілуі мүмкін. Басқарма Төрағасымен күн тәртібінде анықталған қосымша мәселелер Басқарма мүшелерімен Басқарма отырысы басталғанға дейін, сондай-ақ оны өткізу уақытында да шешімдерді талқылау және қабылдау үшін енгізілуі мүмкін.

28. Басқарма Төрағасы Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір мәселесі бойынша баяндамашыны тағайындайды. Баяндамашы уақытынан бұрын Басқарма мүшелерін таныстыруы күн тәртібінің мәселесін талқылау және ол бойынша шешім қабылдау үшін елеулі маңызды болатын барлық материалдармен қамтамасыз етуі тиіс.

29. Басқарма, егер оның отырысына Басқарма мүшелерінің кем дегенде жартысы қатысса, шешім қабылдауға құқықтылығы бар.

30. Дауыс беру кезінде шешім жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Басқарма Төрағасының пікірі шешуші болып табылады. Егер Басқарма Төрағасы отырыста болмаған жағдайда, онда Басқарма Төрағасының бірінші орынбасарының пікірі шешуші болып табылады.

31. Отырыста болмаған Басқарма мүшесінің құзыретіндегі мәселелер бойынша талқылау Басқарманың тиісті мүшесі келесі отырыста да болмайтыны белгілі болғанда, ал оның мәселесі тез арада шешілуі тиіс болған жағдайда жүргізіледі. Осы мәселе бойынша шешім Басқарманың

тиісті мүшесінің назарына кідіртпей жеткізілуі тиіс. Осы мәселені қарастыру үшін Басқарма отырысына отырыста болмаған Басқарма мүшесіне бағынысты және қажетті ақпараты бар Қоғамның қызметкері шақырылуы мүмкін.

32. Басқарма шешімі отырыста болған барлық Басқарма мүшелерімен қол қойылған хаттамасымен ресімделеді және дауыс беруге қойылған мәселелерді, әрбір мәселе бойынша

«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма туралы ереже

Басқарманың әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижелерін көрсетіп, олар бойынша дауыс беру қорытындыларын қамтиды. Хаттамада сондай-ақ Басқарма мүшесінің өтініші бойынша, егер қабылданған шешімді Басқарма мүшесі қабылдауға қарсы дауыс берген болса, мұндай шешімге қатысты оның ерекше пікірі белгіленіп жазылуы тиіс.

33. Басқарма отырысының хаттамасы отырысты өткізу кезінен бастап екі күннен кешіктірмей ресімделеді.
7. Басқарма қызметіне бақылау
34. Басқарма қызметіне корпоративтік бақылау Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасымен жүзеге асырылады.

35. Басқарма қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептерді, Қоғамның ішкі корпоративтік құжаттарымен белгіленген өзге есептемені ұсынуға міндетті.

36. Директорлар кеңесінің Төрағасы кез келген уақытта Қоғамдағы істердің, әрі қарай қызметінің жоспары, сондай-ақ Қоғамның іскерлік серіктесімен коммерциялық және өзге қатынастардың жағдайы туралы ақпаратты Басқармадан талап етуге құқылы.

37. Есептер, материалдар олардағы ақпараттың толықтығы мен дұрыстылық талаптарына сәйкес жасалуы тиіс. Басқарма есептері, ақпараттарының үлгілері, оларды ұсыну кезеңділігі (жылдық, тоқсандық, ай сайынғы, күнделікті) Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасымен бекітіледі.

38. Басқарушылық бақылау, ведомство аралық мәселелерді шешу Астана қаласының энергиялық кешенді кәсіпорындарының компаниясын, «Астанаэнергосервис» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес оның тиісті қызметтерін басқаратын «Астанаэнергосервис» АҚ Басқармасымен жүзеге асырылады. Қоғамның Басқарма мүшелері өткізілетін кеңестерде қатысудан бас тартқаны және хаттама тапсырмасын орындамағаны үшін дербес жауапкершілік артады.
8. Жылдық қаржы есептемені дайындау және бекіту
39. Басқарма Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қоғамның корпоративтік құжаттарына сәйкес жылдық қаржы есептемені дайындауға, өткен жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша аудит өткізуге және оларды алдын ала бекітуге пайданы бөлу туралы ұсыныспен Директорлар кеңесіне ұсынуға міндетті.

40. Жылдық қаржы есептеме Қоғамның Директорлар кеңесімен алдын ала бекітілгеннен кейін акционерлердің (акционердің) Жалпы жиналысының қарастырылуына және бекітілуіне енгізіледі, одан кейін белгіленген мерзімде бұқаралық ақпараттар құлдарында, оның ішінде корпоративтік сайтта жариялануы тиіс.


9. Есепке алуды және есептемені жүргізу
41. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және Қоғамның корпоративтік құжаттарына сәйкес құжаттаманың (өндірістік-техникалық, қаржы және т.б.) және іс жүргізудің сауатты және адал жүргізілуін байқап отыруға міндетті.
10. Басқарма шешімін орындау тәртібі
42. Басқарма Төрағасы қоғамның Басқарма отырысында қабылданған шешімдерін орындайды және бақылайды. Басқарма Төрағасы қолданыстағы Басқарма мүшелері арасындағы функционалдық міндеттерді бөлуден Қоғамның құрылымдық бөлімшелер басшылығын жүзеге
«Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма туралы ереже

асырудан Басқарма шешімінің орындалуына жауапты Басқарма мүшесін тағайындайды. Егер шешімнің тиісті орындалуы Қоғамның бірнеше құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен күштерімен қамтамасыз етілетін болса, Басқарма шешімінің орындалуына жауапты болып Басқарманың екі және одан да көп мүшелері тағайындалуы мүмкін. Қажетті жағдайларда Басқарма Төрағасы Басқарма шешімінің орындалуы тиіс мерзімді белгілейді. Басқарма мүшелерінің біреуін шешімнің орындалуына жауапты етіп тағайындалуына қарамастан Басқарманың қалған мүшелері қажеттілік кезінде Басқарма шешімінің тиісті және толық орындалуына ықпал етулері тиіс. Шешімнің орындалуына жауапты Басқарманың мүшесі шешімнің орындалуына бөлінген мерзім аяқталғаннан кейін таяудағы Басқарма отырысында орындау нәтижелері туралы баяндайды.


11. Басқарма мүшелері ауырған жағдайында демалысты, іссапарды және алмастыруды үйлестіру
43. Басқарма Төрағасы Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасымен келісіп, Басқарма мүшелерінің демалыс, іссапар және алмастыру мерзімдерін үйлестіреді.

12. Директорлар кеңесінде Басқарма өкілеттілігінің міндеттері
44. Басқарма Төрағасы Қоғамның Директорлар кеңесінде Басқарманы білдіреді. Ол заңнамаға, Қоғамның Жарғысына, акционерлердің Жалпы жиналысының немесе Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Басқарманың белгіленген іс-әрекеті мен шешімдерін жүзеге асыруын Директорлар кеңесімен келісілуі және/немесе бекітілуі тиіс болған жағдайда Басқарма шешімдерін Директорлар кеңесінің қарастырылуына ұсынады. Қажет болған жағдайда Басқарма Төрағасы Қоғамдағы істердің жағдайы мен оның өндірістік және коммерциялық қызметінің барысы туралы Директорлар кеңесіне хабарлайды.
_________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет