2. Ұнды ыдыссыз сақтау қоймалары
75. Әрбір ұйымда ыдыссыз қондырғыларға қауіпсіз қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламент әзірленеді.
76. Ыдыссыз қондырғыларды қашықтықтан автоматты басқару режимінде мыналар:
жабдық пен технологиялық өлшемдердің қалыптық және авариялық жай-күйінің жарық дабылы;
авариялық жағдай туралы дыбыстық дабыл;
маршрутты автоматты іске қосуды бастағанға дейін ескерту белгісін беру;
бір тетікті авариялық ажырату кезінде ағыны бойынша барлық кезекті тетіктерді автоматты ажырату;
тетікке тікелей жақын орналасқан басқару түймесінің көмегімен тетікті ажырату мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
77. Ұнның шашырауын болдырмас үшін технологиялық жабдықтың герметикалығы қамтамасыз етіледі:
сыйымдылықтардың (сүрлемдердің, бункерлердің), норийлердің, шнектердің қақпақтарында тығыздағыш төсемдері болуы қажет;
тасымалданатын құрылғылардың құбырлары мен қабықтарының барлық қосқыштары, секциялардың жіктері, ұнды жіберетін қосқыштардың, соленоид вентилдерінің, құбырлары бар тиек арматурасының қосқыштары мен ажыратқыштардың тығыздамалары мен ауа және тозаң өткізбейтін арматуралар.
78. Сүрлемдер мен басқа құрылғылардың жоғарғы бөлігінде орналасқан кіретін және тиеу люктерінде қақпақтардан басқа, ұяшықтарының өлшемдері 250х75 мм аспайтын алмалы-салмалы металл сақтандыру торлары болады.
Люктердің барлық торлары ілмектермен немесе бұрандалармен бекітіледі.
79. Тік бұрышты қималы кіретін люктердің өлшемдері 500х600 мм кем емес.
80. Ұнды ыдыссыз сақтауға арналған сыйымдылықтар аспирациялық жүйеге қосылады немесе сүзгілермен жабдықталады.
Сыйымдылықтар мен жабдықта зақымдаусыз орнатылған сүзгілер тозаңнан мерзім сайын тазартылады, фланецті қосқыштар тығыз орнатылады.
81. Қандай да бір бұзушылықты табу және оларды дер кезінде қалпына келтіру үшін технологиялық жабдықты, аспирациялық, механикалық және пневмо көлік жүйесін мерзім сайын сақтандыру тексерісін жүргізу қажет.
82. Ұнды тиеу немесе түсіру кезінде сүрлемдерден (бункерлерден) сынама алуға болмайды.
83. Сүрлемдерді тазалауға және жөндеуге дайындау осы сүрлемдерді пайдалануға арналған технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Сүрлемдерді толықтай тазалау жылына бір рет жүргізіледі, конустар бункерлердің жоғарғы аймақтары үш айда бір рет тексеріледі. Сүрлемді ұннан сығылған ауамен тексеруге тыйым салынады.
84. Аспа бесікте биіктігі 1,2 м кем емес қоршау мен оның аударылуын болдырмайтын құрылғы болады.
85. Сүрлемдегі жұмысшы қатып қалған ұнның құлауы ықтимал аймақтан тыс тұрып, арнайы қырғышпен жоғарыдан төменге қарай қабырғаны тазалайды.
86. Үй-жайларды жинау және жабдықты тазалау үшін жарылысқа қауіпсіз күйдегі өнеркәсіптік сорғыштарды қолдануға болады.
87. Статикалық электр зарядтарын бөлу үшін барлық технологиялық және көлік жабдығы жерге қосылады.
88. Ыдыссыз сақтау қоймасындағы электр қозғалтқыштарды орындаушы тетікпен тікелей қосу қажет.
Тегіс белдікті бергіштерді пайдалануға болмайды.
89. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде Жарылу, өрт шығу қаупі бар өндірістердің ғимараттарында, құрылыстарында отпен байланысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды басшылыққа алған жөн.
90. Ұнды ыдыссыз сақтау қоймаларының үй-жайларында және авто ұн тасығыштардан жүк түсіру орындарында темекі шегуге болмайды.
Бункерлердің ішкі қабаттарын тексеру және тазалау кезінде темекі шегуге немесе қандай да бір оттың түрін пайдалануға болмайды.
91. Ұнды ыдыссыз сақтау қоймасында жанғыш, жеңіл тұтанғыш сұйықтықтарды, газы бар баллондарды және сүрту-майлау материалдарын сақтауға болмайды.
92. Ыдыссыз сақтау қоймасын пайдалануға беру алдында сүрлемдердің ішкі қабаттарын, материал өткізгіштерді ағаш кесінділерімен тиеу және түсіру арқылы мұқият өңдеу жүргізіледі.
3. Адамдарды сүрлемдерге түсіру үшін шығырларды
орнату және пайдалану
93. Адамдарды сүрлемдерге түсіру үшін шығырларды орнату және пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген Жүк көтеру крандарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және мынадай талаптарға сәйкес болады:
бір жұмысшыны түсіруге арналған арқанның (темір арқанның) диаметрі лифт, кран және иілгіш арқандар қатарынан 7,7 мм кем емес болуы қажет;
барабандардың диаметрлерінің, сондай-ақ бағыттаушы барабанның немесе блоктың арқан диаметріне қатынасы 40 кем емес болады;
шығыр қауіпсіз тұтқаның сенімді жұмыс істейтін тежегішімен жарақталады, адамды түсіру тұтқаны көтеру бағытына кері бағытта айналдыру кезінде ғана жүргізіледі;
шығырды сынау жыл сайын шекті жұмыс жүктемесінен екі есе артық жүкпен жүргізіледі;
сынақ кезінде башмактар (домкраттар) еден деңгейіне дейін түсіріледі. Еден деңгейінен артқы дөңгелектің бөлігі шығырдың онша тұрақты еместігін көрсетеді; мұндай жағдайда шығырмен жұмыс істеуге болмайды;
ершікке немесе өзекше аспа бесігіне арқанға аспа бесігіндегі ершік ілу арқылы бекіту орнындағы сомындар бұралады;
ершік өзекшесіне жұмысшыны ершікке отырғызу сенімділігін қамтамасыз ететін сақтандыру белдігі (түсетін жұмысшыны түймелеу үшін) бекітіледі;
диаметрі 25 мм кендір немесе диаметрі 7,9 мм (МСТ 10293,-77) жеңіл берік синтетикалық материалдан жасалған сақтандыру арқаны қолданылады;
жұмыс істейтін сақтандыру арқанынан бекіту үшін карабині бар сақтандыру белдігі қолданылады;
белдік МСТ 12.4.089-86 ЕҚСЖ Құрылыс. Сақтандыру белдіктері. Жалпы техникалық талаптарға сәйкес келеді.
Сақтандыру белдігінің ақауы болғанда (белдік таспасы мен иық бауларының зақымдануы, түймелеуге арналған белдіктердің зақымдануы, баулардың ақаулығы, материалды тескіштермен кесу) белдік пайдалану үшін жарамсыз деп саналады.
Карабин тез және берік бекітуді және ажыратуды қамтамасыз етеді және оның кенет ашылуын болдырмайтын сақтандыру құрылғысымен жарақталады.
Карабиннің зақымданған бөлігі болған жағдайда (оны ашу кезінде тығынның тұрып қалуы, карабиннің өзгеруі, бекіткіштің құлыпқа кіру орындарында шығыңқы бөліктері мен кедір-бұдыр жерлерінің болуы, тығын серіппесінің әлсіздігі) мұндай карабинді пайдалануға болмайды.
Сақтандыру арқаны жеңіл керілген күйде күшейтіледі; сақтандыру арқанының ұзындығы сүрлем биіктігінен 5 м артық болады.
94. МСТ 12.4.089-86 сәйкес пайдалану кезінде сақтандыру белдіктері әрбір 6 ай сайын, сондай-ақ пайдалануға беру алдында 4000 Н (400 кгс) тең статикалық жүктемеге сынауға тартылады, ол жөнінде таңбалау жазылған жерде жазба жүргізіледі. Белдікті статикалық жүктемемен сынау кезінде 400 кг асылатын жүктің массасы 5 минут бойы ұсталады.
4. Жұмысшыны сүрлемдерге, бункерлерге түсіру
95. Жұмысшыны сүрлемдерге, бункерлерге түсіру шығырдың көмегімен жүргізіледі:
байыппен, жұлқымасыз, ершікте немесе аспа бесікте түсірілетін жұмысшыны арнайы белдікпен қос баумен ершік өзекшесіне түймелеп, сақтандыру арқанын белдікке бекітіп, шланг респираторына кигізу арқылы;
осы уақытта бидайды немесе сүрлемде сақталатын басқа да өнімдерді кіргізуді және шығаруды болдырмас үшін.
96. Сақтандыру арқаны мен респиратор шлангісі жұмысшыны түсіруге байланысты күшейтіледі, бұл ретте сақтандыру арқанының екінші ұшы осы арқанды жіберетін жұмысшының қолынан кенет шығуын болдырмас үшін берік бекітіледі.
Арқанды молырақ жіберу жылжымайтын тірек арқылы жүргізіледі, оның айналасына арқан 360ºС кем емес оралады.
Сүрлемге түсірілетін жұмысшыға белдіктен сақтандыру белбеуін шешуге және екінші ұшын ұстаған жұмысшыға ершіктен алыстауға болмайды, оны түсіру кезіндегі уақытта қолынан шығаруға және жұмысшының сүрлемде болуына болмайды.
5. Төменгі люк арқылы сүрлемдерге өткізу
97. Жұмысшыларды төменгі люк арқылы сүрлемдер мен бункерлерге жіберу жұмыстың жауапты басшының рұқсатымен тек рұқсат наряды болған жағдайда ғана жүргізіледі.
98. Түбіне люктер арқылы және төменгі бүйір люктер арқылы сүрлем мен бункерге жіберу алдында қабырғаларда бидай қалдықтары немесе салбыраңқы массасының жоқ екеніне тексеру мақсатында олар үстіңгі жағынан тексеріледі, мұндайлар болған жағдайда жұмысшы бұл сүрлемнің қабырғасынан бидай немесе өнім шығарылғаннан кейін ғана түсіріледі.
99. Бидайдың қалдықтары мен салбыраңқы массасын бұзған кезде адамдардың сүрлемдер мен бункерлерде адамдардың болуына рұқсат берілмейді. Сүрлемде жұмыс істейтін тұлға қалдық немесе салбыраңқы өнім деңгейінен жоғары ершікте немесе аспа бесікте болады.
100. Бидайдың қалдықтары мен салбыраңқы массасын бұзуға қатысы жоқ адамдардың кіретін және тиеу люктерінде болуына болмайды.
101. Бидайдың қалдықтары мен салбыраңқы массасын немесе басқа өнімдерді бұзу кезінде сүрлемдер мен бункерлердің кіретін және тиеу люктері ашылады.
102. Төменгі люк арқылы сүрлемдер мен бункерлерге қандай бір заттың кенет құлауын болдырмас үшін жоғарғы кіру люгін сүрлем қақпағымен жапқан кезде өтуге рұқсат беріледі.
6. Металл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы бункерлері
Бункерлерді толтыру (тиеу)
103. Бункерлерді толтыруды тиеу тесіктері арқылы жүргізу қажет. Бұл ретте бункердің дөңгелек түріндегі өзгеруіне әкелуі ықтимал толтыру орталығының ығысуына жол берілмейді.
104. Бункерді толтырмас бұрын шүмектің қоқысталмағанына көз жеткізу қажет.
105. Бункерді әрбір толтыру кезінде ескі шикізатты тазарту қажет.
106. Толтыруды басталғанға дейін барлық есік жармалары жабық, ал тұтқалары бекітілген екеніне көз жеткізу үшін шүмегі бар бункердің есігін тексеру керек. Егер анкерлік бұрандалар болса, тиеу алдында олардың тиісінше жабылғанына көз жеткізу қажет.
Астық сақтау
107. Шүмегі бар бункерде астық сақтау үшін құрғақ болады. Бұл бункерде бидай өнімдерін сақтауға болмайды.
108. Астық тиеу кезіндегі ең жоғарғы деңгейі ақырғы карнизден төмен 25,4 мм деңгейге жетеді.
109. Астық сақтау кезінде оны желдету режимі мен оның ылғалдылық деңгейін реттеудің желдету жүйесі тұрақты жұмыс істейді.
110. Ылғалдылығы жоғары деңгейдегі астықты сақтау, сондай-ақ бүлінген астық болған жағдайда металл бункердің мырыш жабынының бұзылына әкелуі мүмкін. Осыған орай бункерлерде сақталатын астықтың сапасын жүйелі түрде анықтау қажет.
Бункерді босату
111. Бункерді босатуды осы мақсатқа арналған арнайы тесіктер арқылы ғана жүзеге асыру қажет. Астықты дұрыс түсірмеу бункердің зақымдануына әкелуі мүмкін.
112. Бункерді қалыпты босатуды қамтамасыз ету үшін төменде көрсетілген операциялардың реттілігін сақтау қажет:
1-операция: астық түсіруді конус түбіне түскенге дейін ғана орталық құдық арқылы жүзеге асырған жөн;
2-операция: астық түсіруді конус түбіне түскенге дейін авариялық құдық арқылы (егер орталық құдық бітеліп қалса) жүргізу қажет. Авариялық құдықта өзінің дербес ашық (жабық) басқару тетігі болады;
3-операция: аралық құдықтар арқылы түсіруді алғашқы екі операцияны орындағаннан кейін ғана жүргізіледі.
113. Барлық астық орталық құдық арқылы түсірілмегенше аралық құдықтар арқылы астық түсіруге мүлде болмайды.
Жоғарыда аталған операцияларды орындау тәртібі бұзылған кезде бункер құрылымдық зақымдануға тартылады.
114. Астық түсіру кезінде желдету тесігі ашық болады.
Бүйір тесіктер арқылы түсіру жүйелері
115. Бүйірлік түсіру жүйесі болмаған жағдайда астық түсіруді бидайдың деңгейі тұтас бункердің қабырға бойымен бункерге қайта толтыру жүргізілгенге дейін салыстырылатындай етіп, орталық төменгі түсіру тесігі арқылы жүргізу қажет. Керісінше болған жағдайда қабырғаға кері жүктеме, бункердің дөңгелек пішінінің бұзылуына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бункердегі астық тереңдігі едәуір ұсақ болатын жағының жапырайуына әкеледі. Ақырында бұл бункердің зақымдануына әкеледі.
116. Бүйірлік түсіру жүйесін сұлы мен арпа түсіру кезінде олардың тұрақсыздығынан пайдалануға болмайды.
Бункерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
117. Жұмысқа кіріспес бұрын мыналарды:
электр жабдығының дұрыс орнатылуын және жерге қосылуын;
электр аспаптары мен жабдықтағы бұғаттау жүйесінің жұмыс істеуін;
сақтандыратын бұйымдары мен қорғағыш құрылғылары дұрыс және сенімді жерлерде орнатылды ма;
әр бункердің, респиратордың ішінде сатының бар-жоғы;
астық бункерінің барлық есік жармалары ысырмаға жабылған ба, бункердің анкерлік бұрандалары бекітілген бе.
118. Бункерді босату кезінде персонал бункерден тыс болады.
119. Астық құйылып жатқанда бункерге кіруге болмайды.
120. Анық тозаңданған және көгерген астықпен респираторсыз жұмыс істеуге болмайды.
121. Қауіпті жағдай орын алған бункерге кіру қажет болған жағдайда жұмысшыны ұстайтын және қауіптілік болған жағдайда жоғары қарай көтеретін арқандар мен байлайтын белдіктер пайдаланылады.
122. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы бункеріне қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар бункерлерді пайдалану жөніндегі технологиялық регламентті біледі және оны жұмыс істеген кезде сақтайды.
Қолданылған қысқартулар
ӨШ-өсімдік шикізаты;
ТШТҚ-тұтану шектерінің төменгі қосылымдары;
АМК-ауа-механикалық көбікпен;
ӨСБО-өрт сөндіретін бұрғылау оқпаны;
ЖЖС-жанып жатқан сумен.
____________________
Астық өнімдері саласындағы
кәсіпорындарда сүрлемдер мен
бункерлердің жарылыс, өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
әдістемелік ұсыныстарына
1-қосымша
Терминдер мен анықтамалар
№
р/с
|
Терминдер
|
Анықтамалар
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Жарылыс
|
Тұтану көзінің әсер ету аймағынан тыс таралатын, энергия бөлінетін, адамдардың және жарақат алуына (немесе) материалдық шығынға әкелетін тозаң-ауа, газ-ауа (бу-ауа) немесе будан қоспасының тез, бақылаусыз жануы.
ГОСТ 12.1.010-76, ОСТ 8.12.04-85
|
2.
|
Өрттің (жанудың) туындауы
|
Өрттің (жанудың) туындауына әкелетін үрдістердің жиынтығы. МСТ 12.1.033-81
|
3.
|
Жанғыш тозаң
|
Тұтану көзін жойғаннан кейін өздігінен жануға (бықсуға) бейімді тозаң. ССТ 8.12.04-85
|
4.
|
Жанғыш қоспа
|
Тұтануға бейімді жанарғының ауамен (оттегімен) қоспасы. МСТ 12.4.070-79
|
5.
|
Будан қоспа
|
Тозау-ауа және газ-ауа (бу-ауа) қоспаларынан тұратын жүйе.
ССТ 8.12.04-85
|
6.
|
Жану
|
Залал келтірмей арнайы ошақтан тыс бақылаусыз жану. МСТ 12.1.033-81
|
7.
|
Тұтану көзі
|
Тұтануға әкелетін жылу энергиясы.
ССТ СЭ13 383-76
|
8.
|
Жарылыстың ең жоғарғы қысымы
|
Қоспаның бастапқы қысымы 101,3 кПа болғанда жабық ыдыста газ-,бу-немесе тозаң-ауа қоспасының дефлаграциялық жарылғанда туындайтын едәуір қысым.
МСТ 12.1.044-84
|
9.
|
Жалынның (тұтану) таралуының төменгі қосылымдық шегі
|
Тұтану көзінен кез келген қашықтықта қоспа арқылы жалынның таралуы ықтимал «жанғыш зат-қышқыл орта» қоспасында жанғыш заттың ең төменгі құрамы. МСТ 12.1.014-84
|
10.
|
(Сүрлемдегі, бункердегі) күмбез үстіндегі кеңістік
|
Үстіңгі жабынмен, сүрлем (бункер) қабырғаларымен және өсімдік шикізаты массасының жоғарғы қабатымен шектелген сүрлемнің (бункердің) бос көлемі
|
11.
|
Өрт ошағы
|
Өрттің бастапқы туындау орны.
МСТ 12.1. 033-81
|
12.
|
Сүрлемдегі (бункердегі) жану (бықсу) ошағы
|
Сүрлемде (бункерде) өздігінен тұтанғанда жанудың (бықсудың) бастапқы туындау орны
|
|
|
|
13.
|
Қауіпті өрт
факторы
|
Әсері адамның жарақаттануына, улануына немесе өліміне, сондай-ақ материалдық шығынға әкелетін өрт факторы.
МСТ 12.1. 033-81
|
14.
|
Қауіпті жарылыс факторы
|
МСТ 12.1. 020-76
|
15.
|
Өрт қауіпсіздігі
|
Белгіленген ықтималдықпен өрттің туындау мүмкіндігі жойылатын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етілетін объектінің жай-күйі.
МСТ 12.1. 033-81
|
16.
|
Сүрлемнің (бункердің) төменгі күмбез кеңістігі
|
Шығыңқы шүмекпен, сүрлем (бункер) қабырғаларымен және өсімдік шикізатының қатып қалған (кокстелген) массасының төменгі күмбезімен шектелген сүрлемнің (бункердің) бос көлемі
|
17.
|
Өндірістік тозаң
|
Ауада көтерілген күйде болуға бейімді ұсақ органикалық және бейорганикалық қатты бөлшектер.
ССТ 8.12 . 04 – 85
|
18.
|
Өздігінен тұтану
|
Жану көзінің әсер етуінсіз тұтанудың басталуы.
(СЭВ 383-76 қ.)
|
19.
|
Өрттің алдын алу жүйесі
|
Өрттің туындау шарттарын болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдардың кешені.
МСТ 12.1. 033-81
|
20.
|
Сүрлемнің (бункердің) бос көлемі)
|
Өсімдік шикізатымен толтырылмаған сүрлемнің (бункердің) көлемі
|
21.
|
Жарылыстың туындау шарттары
|
Жарылу қаупі бар қоспалардың түзілу және жарылыстың пайда болу көзінің туындау мүмкіндігімен байланысты өндірістік факторлардың жиынтығы.
ССТ 8.12. 04-85
|
22.
|
Сүрле мен бункердің бос көлемінде газ-ауа қоспасын флегматизациялау
|
Сүрлемнің немесе бункердің бос көлемінде жанғыш газ-ауа қоспасын жанғыш газдың жарылысқа қауіпсіз қосылымына дейін инертті газдармен араластыру немесе сүрлемнің немесе бункердің бос көлемінен жанғыш газ-ауа қоспасын ауа-механикалық көбікпен ығыстыру
|
_____________________
Астық өнімдері саласындағы
кәсіпорындарда сүрлемдер мен
бункерлердің жарылыс, өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
әдістемелік ұсыныстарына
2-қосымша
Өсімдік шикізатының газ талдау, температурасын өлшеу, флегматизациялау және сүрлемдер мен бункерлерден түсіру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жабдық пен техника аспаптарының тізбесі
1. Газ талдауын жүргізуге арналған аспаптар мен жабдық (жұмыс істеуге арналған аспаптар мен жабдық номенклатураны анықтау талаптары мен газдар қосылымы мен жергілікті мүмкіншіліктер негізінде жүзеге асырылады).
1.1. «Поиск 2» тасымал газ талдағышы. Н2 және СО ((0-10 %) к., 0-2 % к.), О2 (0-25 % к., 0-5 %. к.), СН4 және СО2 (0-50 % к.,0-100 % к.), N2(0-100 % к.) қосылымдар диапазонында газ талдауға арналған.
1.2. СТХ-5А белгі беру жабдығы. ТШТҚ 5-50 % өлшем диапазонында ауадағы жанғыш газдар мен булардың және олардың қоспаларының жарылуға дейінгі қоспаларының бар-жоғын бақылауға және белгі беруге арналған.
1.3. «ЛХМ-8М» немесе «Газ хром» 31-01 маркалы хроматографтар. Жекеленген жанғыш газдардың қосылымын, сондай-ақ көміртегі диоксидін, азот пен оттегінің (дербес немесе газдарды индикациялау және олардың қоспадағы қосылымын анықтау үшін СТХ-5А белгі беру жабдығымен қосылымда қолданылуы мүмкін) жан-жақты және біршама нақты анықтауға арналған.
1.4. Тұрақты немесе жылжымалы қондырғыларда орнатылатын үздіксіз жұмыс істейтін газ талдағыштар: ТП1116У-4 түрі (сутегіне), МН5130У-4 (оттегіне)-«Аналитприбор» ҒӨБ шығарады, ГИАМ-5М түрі (көміртегі диоксидіне, көміртегі оксиді мен метанға).
1.5. «ГХ» түріндегі химиялық газ анықтағыштар. Мынадай қосылымдар диапазонында газдарды экспресс-талдауға арналған: СО (0-5 % к., 0-0,05 % к.), СО2 (0-2 % к., 0-20 % к., 0-50 % к.), О2 (0-25 % к.)
1.6. Рикен Кейли жапон фирмасы шығарған портативті газ талдағыштар (осыған ұқсас аспаптарды АҚШ, ГФР және басқа да елдер шығарады):
GX-82 (жанғыш газдар, көміртегі оксиді);
GХ-4 (көміртегі оксиді, оттегі, метан);
GХ-7 (метан, оттегі және көміртегі қышқылы);
GР-226 (жанғыш газдар).
1.7. Газ талдау жүргізу үшін мынадай жабдық қажет болады: Комовский сорғысы, өнімділігі 1 л/мин1 дейін газ түтікшелері, оттегі немесе резина камералар (бір сүрлемнен, бункерден бір рет сынама алуға үш дана есебімен), ұзындығы 200 м дейін Ø 8-10 мм резина шлангілер.
2. Байланыстырушы жолмен және қашықтықтан сүрлемдегі шашыранды өнімнің температурасын жедел өлшеуге арналған аспаптар.
2.1. Температураны тұрақты өлшеуге арналған аспап-ТДЦ-1 цифрлық термометр (өлшеу диапазоны 0-1000°С).
2.2. Температураны байланыстырып өлшеуге арналған КСП (СКСМ) қосалқы аспабы бар ХА (ХК) түріндегі термо өзгерткіштер.
2.3. «КРОМКА», «КВАНТ», «ФАКЕЛ», ПНВ-57е және басқа да түрдегі температураны қашықтан өлшеуге арналған аспаптар.
3. Флегматизациялауға және түсіруге арналған техника.
3.1. Сүрлемдердің (бункерлердің) бос кеңістігінде жанғыш газ-ауа қоспаларын флегматизациялау және оларды ығыстыру бойынша операцияларды орындау үшін мынадай техникалық құралдар пайдаланылады:
буландырғышы бар АРУ-2 автомобильдік газдандыру қондырғысы;
Сұйық азотты тасымалдауға және тұтыну орнында газдандыруға арналған. Газ тәріздес азоттың орташа өнімділігі 345 кг сағ-1 (180 м3 сағ-1). Сыйымдылығына байланысты криоген сыйымдылығының жалпы жұмыс істеуі 1100 кг (1,0 м3)-1400 кг (1,5 м3) құрайды. Сұйық азотты текше сыйымдылықтан толықтай босату 4-5 сағат ішінде жүргізіледі. Газ тәрізес азот қондырғыдан диаметрі 25 мм металл және резеңкелі жең арқылы беріледі;
ТРЖУ-4 изотермиялық сыйымдылығымен (немесе оның жаңа түрімен) аэрозольдік көмірқышқылмен сөндіру автомобилі (ААУТ-130). Резервуардағы сұйық көміртегі диоксиді мөлшері-4000 кг, резервуардағы жұмыс қысымы-0,8-1,2 МПа, резервуардағы жұмыс температурасы-минус 35-45°С. Қондырғының үздіксіз жұмыс істеу уақыты 20-25 мин. Металл жеңдердің маркасы 4Б56-2-50-16-30 (жеңдердің шартты диаметрі 50 мм). Жеңдердегі жұмыс қысымы 1 см2 үшін 16 кгс;
инертті газдардың генераторы ГИГ-4. Оттегі құрамы төмен инертті газдарды алуға және беруге арналған. Генераторда инертті газдарды жану өнімін сумен салқындатқаннан кейін турбореактив қозғалтқыштың пайдаланылған газында сұйық отынды (керосинді) жағу кезінде алынады. Өнімділігі шамамен 10 мың м3 сағ-1, оттегінің көлемдік үлесі 1 % аспайды, отынның ең жоғарғы шығыны 0,23 кгс-1, су шығыны 7,5 кгс-1;
инертті газдардың генераторы ГИГ-1500. Өнімділігі 54 мың м3 сағ-1, оттегінің көлемдік үлесі-2 %, отынның ең жоғарғы шығыны 0,66 кгс-1, су шығыны 7,5 кгс-1;
қолмен басқарылатын қондырғы. Азот немесе көміртегі диоксиді (8-10 дана) бар көлік баллондарының батареяларынан, коллектордан (баллондарды қосу үшін келте құбырлары бар диаметрі 70 мм тұтас тартылған құбырлардан дайындалады), диаметрі 18-25 мм резеңке маталы (резеңке металл) жеңдерден, оқпан-бұрғылардан (диаметрі 25 мм тұтас тартылған құбырлардан дайындалады, секциялық, секция ұзындығы 3 м, 2-сурет), ұзартқыш оқпандардан (диаметрі 25 мм тұтас тартылған құбырлардан дайындалады, секциялық, секция ұзындығы 3 м, 72-сурет). Секцияларды ұзарту ұзартқыш оқпанның тереңдеуіне байланысты ретімен жүзеге асырылады;
автоцистерна АЦ-40 (375). Көбік генераторы ретінде ГКО (1 сүрлемде 1 оқпан, бункер) оқпандар пайдаланылады.
3.2. Сүрлемдер мен бункерлерден қатып қалған және кокстелген өнімдерді түсіру бойынша операцияларды орындау үшін мыналар қолданылуы мүмкін:
саптама жинағы бар БЖ45-100Э бұрғылау станогында әзірленген өрт сөндіретін бұрғылау оқпаны (ӨБО) (3-қосымша);
бұрғы-оқпандар мен ұзартқыш оқпандар (қолмен түсіру үшін 6 және 7-сурет).
_____________________
Астық өнімдері саласындағы
кәсіпорындарда сүрлемдер мен
бункерлердің жарылыс, өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
әдістемелік ұсыныстарына
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |