Ақсу қаласы гимназиясы
Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Альдекенова Анар Толыбайқызы
Тест
Дүние тарихы
І нұсқа
Англия және Ағартушылық дәуірі
1.ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Англияда шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен, діни жоралар мен құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар қалай аталды?
А. Джентрилер В. Пуритандар С. Индепенденттер D. Пресвитерлер
2. ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Англиядағы дін әлеміндегі толық бостандықты, еркіндіктің болуын жақтаушылар
А. Джентрилер В. Пуритандар С. Индепенденттер D. Пресвитерлер
3. 1639 жылы Англияның Шотландиямен соғыс басталуына байланысты І Карл 1640 жылы сәуірдің он үшінен мамырдың бесіне дейін жұмыс істеген парламентті шақырды. Бұл парламенттің тарихтағы атауы
А. Қысқа парламент В. Соңғы парламент
С. Кавалерлер парламенті D. Корольдік парламаент
4. Англия республика болып жарияланылды
А. 1649 ж. 30 қаңтар В. 1652 ж. 45 сәуір
С. 1659 ж. 15 қараша D. 1663 ж. 5 мамыр
5. 1649 жылы көктемде Англияда диггерлер қозғалысы басталды. Диггерлердің талаптары
А. Шіркеу қазметін тоқтату, епископтарды тарату
В. І Карлды қайта таққа отырғызу, парламент қызметін қалпына келтіру
С. Англия азаматтарының сайлау құқын қалпына келтіру
D. Теңдік орнату, қанауды жою, жерді қоғамдастыру
6. 1649 ж. О. Кромвель Ирландияны басып алды, басып алудың нәтижесі
А. Жаңа жерлер иемделініп, революциялық армия жалдамалы қырып-жоюшы армияға айналды
В. Ирландия Англияның тәуелсіздігін мойындап, салық төлеуге мәжбүр болды
С. Жаңа конституция жарияланып, реформалар жүргізіле бастады
D. Жаңа одақтастар пайда болып, жаулап алушылық әрекетті жалғастыруға мүмкіншілік туындады
7. Англияда король билігі қалпына келтірілді
А. 1655 ж. В. 1660 ж. С. 1675 ж. D. 1681 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |