Модератор: Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар деп, жақсы айттыңыз. Біздің екінші сұрағымыз: Ырым әдепке негіз бола ала ма?
Бұл сұраққа жауапты бізге мектебіміздің белсенді әжелерінің бірі, … апай дайындап келген еді.
Екінші әже:
Қазақ баланы педагогика-психология деген ғылым жоқ заманда «ұят болады», «жаман болады», «обал болады» деп, қарапайым қағидалармен тәрбиелеген.
«Ұят болады» деп әдепке үйретсе, «жаман болады» деп жақсы нәрсеге ырымдап, «обал болады» деп тыйым жасап отырған. Әдептiң негiзi жақсы болмаққа ниеттене бет бұрып, жамандықтан, ерсi әрекеттен тыйылудан тұрады.
Ырым (ғұрып) – халқымыздың бізге мирас болған ғұрпы. Ырымның жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы халқымыз шешен болсын деп, дуалы ауызды адамға баласының аузына түкірту, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, ержүрек болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс баласы Шоқанға ырымдап Сегіз серінің (Мұхамедқанапия) атын қойған.
Қазақта әлі күнге көп кездесетін Абай, Абылай, Бауыржан, Сәкен, Қасым сияқты есімдерін қәзір де ата-аналары өз балаларына ырымдап қойып жүр.
Қандай да бір той-жиын, келін түсіруде балаларды осындай қуанышқа жетсін деп ырымдап, тойдан сарқыт: нан, бауырсақ, кәмпит алып, баласына немесе келініне апарып береді. Ырым, Ырымкүл деген ұл, қыз аттары да осы ғұрыппен қойылған. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін – «теберік» деп үлестіріп, бөліп алу.
Ер бала күтетіндігін білдіріп, қыздардың атын Ұлжан, Ұлбала, Ұлбосын деген есімдермен ырымдаған. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итбай, Итемген, Көтібар, Көтен, Малай, Жаманбала, Жаманқұл дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Себебі, бір жағынан адамның есімі таңғалардай әдемі, әсерлі болса, есімге де көз тиеді деп сақтанған.
Жалпы айтқанда, ырым – халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшелігіміз, діліміз (менталитетіміз).
Достарыңызбен бөлісу: |