Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Бөбек қолын шапалақтаса, қуанышты хабар келедi



бет185/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Бөбек қолын шапалақтаса, қуанышты хабар келедi деп жорыған. Жолаушыға “қайда барасың” демейдi, “жол болсын” дейдi. Қазақ басымыз көбеймей қалады деп, үйдегi адамды санамайды. Садақаға киiм берсе, түймесiн қиып алып қалады.


Залдан сұрақ:

  • Халқымызда «қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деген мақал бар. Демек ырым ету өзін-өзі ақтамайтын тек ниет болып қана қалғаны ма?

2-әженің жауабы:



  • Дұрыс сұрақ қойдыңыз. Ырым ету – армандау, ниеттену. Ниеттен мақсат, мақсаттан міндеттер туындауы керек. Міндеттерді орындау арқылы адам негізгі мақсатына жетпей ме?! Ырым қырын кетпес үшін, «ой мен сөздің және істің бірлігі» керек, сонда қырын кетпейді.



Залдан сұрақ:

  • Қазіргі жаһандану заманында соны жаңғыртудың қажет бар ма? Әркім өз өміріне ие, өз тағдырына қожа емес пе?

2-әженің жауабы:

  • Иә, қазір ғылым мен техника қарыштап дамыған ғасыр. Алайда, бір ғана психология ғылымын алайықшы. Оның да адамның тұлғалық дамуы мен қарым-қатынас мәдениетінде, мақсатқа жету мәселесі бойынша қанша тыйымдары мен ырымдары бар.

Абай: адам өзін өресі төмендермен салыстырып жақсы бола ма? – демей ме?! Демек, жақсы болғымыз келсе, жақсыға жанасуымыз, жаманнан алыстап адасуымыз керек қой.


Модератор: Апай, Сізге көп рақмет! Біздің үшінші сұрағымыз: Біздің өмірімізге тыйымдар не үшін қажет? Бұл жөнінде ...-сынып оқушысы, ..... әжесі ...... апамыз айтып беруге дайындалып келіпті.


Үшінші әже:
Қазақтың ырымдары мен тыйым сөздерi әрқашан әдепке өзек бола алады. Бұрын тек «жаман болады» деп түсiндiрiлген тыйымдардың бұл күнде байыбына барып, педагогикалық тұрғыдан мағынасының ашылуы бала тәрбиесiндегi ата-аналарға да үлкен көмек болмақ. Шындығында, бұрын әжелеріміз мен аналарымыз «олай істеме, жаман болады» дейтін, несі жаман, неге жаман болады деген ашып, тарқатып айтып бере бермейтін.
Қазір мәдениеттің не екенін білмейтін білімсіз адам жоқ. Қарапайым қисынға салып қарасаңыз да, этнопсихология, этнопедагогика тұрғысынан қарасаңыз да адамның өміріне кедергі келтіретіндей қиын нәрсе емес, керісінше өмірді жеңілдетуге арналған ұлттық тәжірибенің нәтижесі сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет