Атауы Беті



бет5/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#23881
1   2   3   4   5   6   7   8

Білім беру

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары мен қағидаттары 2008 жылы өзгеріске ұшыраған жоқ және білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, мектеп бітірушінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында 2009 жылы одан әрі нақтыланып, тереңдей түсуде.

Қоғамды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері білім беру сапасын бағалауға жаңа ыңғай танытуды қажет етеді. Білім беру ұйымдарының жаңа жағдайлардағы қызметіне, мұғалімдердің шығармашылық және инновациялық қызметіне мониторинг жасау үшін өлшемдер мен базалар жасалды.

Педагогикалық кадрлар бойынша электронды дерекқорлар жасалған, солар бойынша білім беру қызметкерлерінің аттестациядан, қайта даярлау курстарынан өту мерзімдері қадағаланып отырады.



Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі саланы қаржыландырумен, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етумен, қолданылатын дәрі-дәрмектік құралдардың қауіпсіздігімен қатар, айтарлықтай деңгейде халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының деңгейіне де байланысты болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы республикада денсаулық сақтауды дамытудың келешегін анықтайтын Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы үшін негізгі құжаттар болып есептеледі.

Яғни: профилактикалық бағыттың басымдығы, медициналық көмек көрсетілетін барлық кезеңде оның қолжетімділігін, тиімділігі мен сабақтастығын арттыру, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін кеңейту арқылы еңбекке қабілеттілікті уақытша немесе біржола жоғалту деңгейін төмендету.



Еңбек ресурстары және халықты әлеуметтік жұмыспен қамту

    Жұмыс берушінің талаптарына барлық деңгейдегі кәсіптік дайындық сапасының сәйкес келмеуі қазіргі заманғы техникалық-технологиялық құрал-жабдықтарда жұмыс істеу дағдысының болмауына байланысты.

Тау-кен өнеркәсібінде, машина жасауда, металлургияда, құрылыста техникалық бейіндегі және жұмысшы кәсібіндегі мамандардың тапшылығы, ол келешекте тиісті салалар мен кластерлік бағдарламалардың дамуын тежейтін болады.
2.2. Негізгі проблемалар, оларды шешу жолдары

Өнеркәсіп

Негізгі қорлардың тозуы, инвестициялар тапшылығы, шикізатқа жоғары бағалар, сондай-ақ тапсырыстардың болмауы, білікті кадрлар тапшылығы, оқытудың қымбаттығынан көптеген кәсіпорындарда ИСО сапа жүйесінің болмауы, тиісті инфрақұрылымның болмауы өнеркәсіптегі негізгі проблемалар болып табылады.

Мысалы, машина жасау мен металл өңдеуде сол сала өнімінің шамамен 80%-дайы республика ішінде сатылады, тек 20%-ы ғана таяу және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады; сату рыногының географиясын кеңейту мақсатында өндірілетін өнім сапасын арттыру, өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету қажет; және де жұмысшы маман кадрларға деген қажеттілік аса үлкен (67,7%) болып саналады.

Құрылыс материалдары өнірісінде Қарағанды облысында өндірілетін құрылыс материалдары төмен және орташа қосылған құнды тауарлар болып табылады; негізгі құралдардың тозуы отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін шектеуші негізгі факторлар болып табылады.

Тамақ өнеркәсібінде кондитерлік, сүт өнімдеріне импорттың өсуі отандық тауарды сатудың қысқаруына, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады. Қазақстандық шикізат сапасының төмендігі және шикізат көздерінің қашықтығы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының әлсіз позицияларының бірі болып табылады.

Фармацевтика өнеркәсібінде маркетингтік әзірлемелердің және сәйкесінше Қазақстан мен Ресей рыногында отандық фитопрепараттарды жылжыту стратегиясының болмауы бизнестің дамуын шектеуші фактор болып табылады.

Сонымен бірге, даму институттарымен байланыстың болмауы өнеркәсіп кәсіпорындарының дамуының негативті факторы болып табылады.

Өнеркәсіп пен индустриялы-инновациялық саланың серпінді дамуы үшін мынадай шешу жолдары ұсынылады:

- кәсіпорын басшыларымен ISO 9000 сериялы сапа менеджменті стандартын енгізу мәселесі бойынша консультациялық жұмыстар жүргізу;

- импорт алмастырушы және экспортқа бейімделген өнім өндіруді кеңейту;

- көп ғылымды қажет ететін және экспортқа бейімделген жоғары технологиялы өндірістерді ынталандыру;

- инвестициялық форумдар өткізу;

- өз өндірісін кеңейту және қайта жарақтандыру үшін, өнеркәсіпті дамытатын келешекті жобаларға қарыз қаражаттар, инвестициялар тарту;

- жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.



Кәсіпкерлікті дамыту

Шағын бизнестің өндірістік секторда емес, саудада ғана бір жақты шоғырлануы кәсіпкерлікті дамытудағы проблема болып табылады. Шағын бизнестің 55%-дан астам белсенді кәсіпорындары сауда жасау, автомобильдер мен үй тұрмысында пайдаланылатын бұйымдарды жөндеу саласында, 15%-ы құрылыста, 12%-ы жылжымайтын мүлікпен операциялар жасау, жалдау және кәсіпорындарға қызмет көрсету саласында, шамамен 10%-ы өнеркәсіпте шоғырланған.

Шағын бизнестің қалыптасқан салалық құрылымы оның коммерциялық салада басымдықпен дамуын дәлелдейді.

Шынайы сектордың басым салалары мен шағын инновациялық қызмет негізінен дамымаған.

Негізгі қорлардың қатты тозуы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі деңгейінің төмен болуының басты себептерінің бірі болып табылады. Ескірген және тозған құрал-жабдықтар бәсекеге қабілетті өнім өндіруге қабілетсіздігімен қатар, еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғады. Тауарлардың бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі импорттық тауарлар санының артуына әкеп соғады, бұл жағдай Дүниежүзілік сауда ұйымына ену жағдайындағы шынайы проблема болып табылады.

Сонымен қатар, құқықтық және экономикалық сипаттағы проблемалар да бар.

Мемлекеттің инвестициялық жобаларды одан әрі дамыту мен қолдау бойынша жаңа бағдарламалық құжаттар қабылдауын, өңірлерді 2015 жылға дейін дамыту үшін жағдайлар жасалғаныны ескере отырып, өндірудің немесе басқарудың, қатаң бәсекелестік жағдайында бизнесті іске асырудың жаңа технологияларын енгізу үшін кәсіпкерлерде таяу жылдары мынадай проблемалар туындауы мүмкін деп болжауға болады: зияткерлік меншікті қорғау, салық заңнамаларының нормаларын орындау, техникалық реттеу туралы заңнамалардың нормаларын іске асыру, әртүрлі рұқсаттар алу кезінде бизнесте әкімшілік кедергілерді төмендету, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік іс қозғау, сапа менеджменті жүйесін енгізу, өз өндірісін кеңейту және қайта жарақтандыру үшін әріптестер мен инвесторлар іздеу, инновациялық бизнес үшін кадрлар іріктеу.

Шағын және орта бизнесті дамытудың маңызды бағыттары:

- инвестициялар тарту және шағын кәсіпкерлік субъектілерін бизнестің инновациялық салаларына және әлеуметтік мәні бар жобаларға тарту бойынша имидждік жұмыстар ұйымдастыру;

- шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын қолдау мен дамыту;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚФ, «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту қоры» ҚФ қаражаттарының есебінен кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету.

Шағын кәсіпкерліктің серпінді дамуы үшін:

- білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

- шағын және орта кәсіпкерлік инфрақұрылымын жетілдіру;

- кәсіпкерлер үшін оларды қызықтыратын мәселелер бойынша семинарлар өткізу;

- шағын және орта кәсіпкерлерге консультациялық қызметтер көрсету;

- өнім сапасын әлемдік стандарттарға дейін көтеру және кәсіпорындарда ISO 9000 сериялы сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізу;

- импорт алмастыруды дамыту және өнімді экспортқа шығаруды көбейту қажет.



Құрылыс

Салынып жатқан тұрғын үйлерді уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін құрылыс салынатын аудандардың тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы, яғни: квартал ішіндегі жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтау желілері, канализация, инженерлік құрылғылар мен жолдар болуы тиіс. Тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі қолданыстағы энергия көздері қуаттылығын арттыру, сондай-ақ электр көздерінің жаңасын салу қажеттілігін де тудырады.

Құрылыс саласын теңгерімді және сапалы дамыту, сондай-ақ импорттық материалдар мен құрылыстың өзіндік құнын азайту мақсаттарына қол жеткізу үшін отандық құрылыс материлдары өнідірісін дамыту және жаңа технологияларды енгізу қажет. Тұрғын үй құрылысында прогрессивті технологияларды, заманауи сәулет-құрылыс және қала құрылысы шешімдерін, төлем қабілеті бар азаматтар мен табысы төмен азаматтардың сұраныс номенклатурасы және ассортименті бойынша жауап беретін түрлі дизайнды экологиялық таза, қазіргі заманғы өнімдер мен материалдарды пайдалану құрылысты экономиканың секторы ретінде дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды.

Қаладағы инженерлік желілердің (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және кәріз) жағдайы жаңа тұрғын үй құрылысын салу мен пайдалануға беру барысында бүгінгі таңда пайда болатын негізгі проблема болып табылады.

Бүгінгі күні жылу көздері мен жылу желілерінің техникалық мүмкіндігінің тозығы жеткен, бұл жағдай қаланың тіршілік әрекетіне қыс мезгілінде қауіп төндіреді. Жылу магистральдары құбырларының тозуы жылу қуаты мен желідегі судың айтарлықтай ысырап болуына әкеп соғады.

Су құбырларын салу қажеттілігі қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің негізгі құралдары мен құрылғыларының көпшілігі бұдан шамамен 50 жылдай бұрын пайдалануға берілгендігіне немесе күрделі жөндеуден өткізілгендігіне негізделеді. Сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін объектілер мен құрылғылардың басым бөлігінің пайдалану мерзімі өткен, олардың тозуы 80-90%-ға дейін жеткен. Қалыпты сумен жабдықтау және су бұру үшін жаңа құрылыс аймағын кеңейтуді ескере отырып, су құбырларын, кәріз желілерін және насос станцияларын жаңадан салу немесе барын қайта жаңғырту қажет болып табылады.

Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асырумен, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіптік объектілерді, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын, тұрғын үй қорын салумен байланысты қаланы энергиямен жабдықтау қажеттілігі күрт өсті. Бүгінгі таңдағы қолданыстағы желілердің техникалық мүмкіндігінің тозығы жеткен, сондықтан пайдаланушы ұйымдар тұтынушыларға қосуға техникалық талаптар беруден бас тартуға мәжбүр болып отыр.

Ауыл шаруашылығы

Мыналар негізгі проблемалар болып табылады:

- ауыл шаруашылығы саласының инвесторлар үшін тартымдылығының әлсіздігі;

- негізгі өндірістік қорлардың физикалық тозуы және моральдық ескіруінің жоғары деңгейі, технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықтаудың нашарлығы сапалы және халықаралық стандарттарға сай өнім өндіруге және өндірістің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік бермейді;

- шикізатты одан әрі өңдеу үшін дайындау жүйесінің әлсіздігі;

- егіншілік шаруашылығында, мал шаруашылығында және өңдеу өнеркәсібінде қол еңбегінің пайдаланылуы;

- тауар өндірушілерде айналым қаражатының жеткіліксіздігі, қаржы қаражатының болмауы;

- тәуекелді егін шаруашылығы аймағында орналасуы;

- суару үшін ЖЖМ, электр қуаты мен суды пайдалану тарифінің жоғары болуы;

- сауда инфрақұрылымының әлсіз дамуы.

Шешу жолдары:

- қаланың ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету;

- астық пен көкөністің тұрақтандырылған қорының болуы;

- егіншілік шаруашылығы өндірісінің көлеміндегі оң серпін;

- негізгі капиталды жаңартудағы инвестицияның өсуі;

- ауыл шаруашылығы секторының кәсіпорындарында жаңа технологиялар енгізу;

- сиырлар мен тайыншаларды қолдан ұрықтандыру пункттерін жасау;

- мал жаю үшін жер учаскелерін бөлу.



Көлік және коммуникация

Қалалық жолаушылар көлігінің маршруттарындағы жолаушылар тасқынына, қала тұрғындарының орналасуына, кәсіпорындар мен мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілердің орналасуына жасалған талдау қаланың көлік жүйесіне қатысты бірқатар сараптамалық қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

Қаланың шамамен 452 мың тұрғыны мен қонақтары қалалық көлік жүйесінің әлеуетті пайдаланушылары болып табылады. Олар жолаушылар тасқынын зерттеу деректері бойынша жолаушылар көлігімен күніне 470 мың сапарға шығады. Осылайша, халықтың жүріп-тұруы шамамен 1,03 сапарға тең.

Халықтың қала аумағында орналасуы әркелкі: қаланың орталық аудандарында халықтың 30%-ы, Майқұдықта 24%-ы, Оңтүстік-Шығыстағы ықшамаудандарда 16%-ы тұрады.

Осылайша, үй тұрғызылатын аумақтың кемінде 50%-дай аудандарында 70%-дан астам халық қоныстанған. Мұндай қоныстану жолаушыларды тасымалдау бір бағытта солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа және одан кері қарай бағытталуын қалыптастырады және айтарлықтай қашықтықты білдіреді. Қаладағы сапардың орташа ұзақтығы 400 мың халқы бар қалаларға арналған мәннен айтарлықтай асып, шамамен 3 шақырымды құрайды. Қаладағы жолаушылар тасқынының мұндай құрылымы бағыттардың қосарлануына, осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік нормативтердің орындалуының мүмкін еместігіне және қозғалыстарды ұйымдастырудың дәстүрлі емес сызбасын іздестіру қажеттілігіне әкеп соғады.

Әсіресе Бұқар жырау, Н. Әбдіров даңғылдарының, Чкалов, Гоголь көшелерінің бойындағы көлік қозғалысы аса көп болып табылады.

Таңертеңгі және кешкі қарбалас шақтағы көлік қозғалысының көптігін төмендету, пайдалануға берілетін әлеуметтік объектілермен көлік қатынасын қамтамасыз ету маңызды мәселелер болып қала береді. Бұл мәселелерді шешу үшін жаңа бағыттардың екі жобасы жасалды, олар «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде келісілуде.

Сумен жабдықтау

Тұтынушыларды сумен жабдықтау үшін су беру бойынша негізгі өнім жеткізуші «Қ. Сәтпаев атындағы канал» РМК-ның қызметіне тұрақты және уақытылы ақы төлеу, су құбырлары жүйелері мен насос станцияларын жөндеу басым міндет болып табылады.

Каналға ақы төлеумен байланысты туындайтын проблемалар объективті сипатқа ие: ол «Қарағанды Су» ЖШС-нің кәсіпорынның барлық шығындарының орнын жаппайтын тарифтер бойынша жұмысы, Каналдан алынатын су үшін төлемақының өсуі, ол сумен жабдықтау тарифтері бойынша өсуді 6-9 айға «асып түседі». Мұндай жағдай «Қарағанды Су» ЖШС-нің қаржылық жағдайы үшін негативті зардаптар туғызады, ол Қарағанды қаласының орталықтандырылған сумен жабдықтау желісінің болуына қауіп төндіреді. Каналға ақысының тұрақты төленуіне қаланың су тазартқыш құрылғылары мен су соратын насос станцияларының жұмысы тәуелді болады. Су тазартқыш құрылғылар мен су соратын насос станцияларының жұмысында іркіліс болмауы тиіс.

2008 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Каналдан су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің тарифі 9,67 теңгеден/м3 12,23 теңгеге/м3 дейін немесе 26%-ға өсті. Бұл жағдайда «сатып алынатын су» бабы бойынша «Қарағанды Су» ЖШС-н сумен жабдықтау тарифіндегі шығындар 9,67 теңге/м3 тарифі деңгейінде қалды, сатып алынатын су үшін қосымша төлемақы 250 млн. теңгеге өсті.

Авариялардың 75-80 %-ы болат құбырларға қатысты (тесілу, жарылу) және 20-25 %-ы шойын және темір бетон құбырларға қатысты болады (сыну және қосылған жерінде саңылаудың пайда болуы), ал бұл жағдай желілерді пайдалануды қиындатады.

Ақауларды қатаң есепке алудың арқасында айтарлықтай көлемде статистикалық деректер жинақталған, соның негізінде ақаулардың жіктемесі белгіленді. Олардың негізгісі – барлық түрдегі құбырлардың қосылған жерінің бұзылуы, шойын құбырлардың сынуы, болат құбырлардың жарылуы, реттеуші арматуралардың жұмыс істемей қалуы болып табылады. 1990 жылға дейін орталықтандырылған күрделі қаржы салу жағдайында 40-50 шақырым желілер ауыстырылатын және салынатын. Өзіндік өндірістік мүмкіндіктер жылына 18-22 шақырым су құбырын ауыстыруға мүмкіндік береді. Жоспарлы-алдын алу жөндеу бағдарламасы бойынша жыл сайын ысырмаларды ауыстыру, құдықтар салу және күрделі жөндеу, су құбырының учаскесін ауыстыру, су колонкалары мен өрт гидранттарын жөндеу қажет. Авариялар мен ысыраптарды жою бойынша үлкен көлемде жұмыстар атқару қажет.



Электр энергетикасы

Электр желілері жұмысының режимдерін оңтайландыру, кернеуді реттеу, электр энергиясы шығынын азайту және реактивті қуаттылықтың орнын толтыру үшін электрмен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу қажет.



Жылумен жабдықтау

Құбырлар жоғары деңгейде тозуымен және қарқынды коррозия үдерісімен сипатталады. Коррозия үдерісітеріне жүргізілген сынақтар негізінен құбырлар коррозиясының күшті (құбырлардың 48%-ы) және авариялы (құбырлардың 39 %-ы) деңгейін көрсетеді.

Төмендегі факторлар күрделі жөндеуге тиісті учаскелерді таңдау өлшемдері болып табылады:

- жылу желісі учаскесі пайдаланылуға берілген жыл;

- жылу желісі учаскесінде жылу маусымында болған авариялардың саны;

- гидравликалық сынақтардың нәтижесінде анықталған ақаулардың саны.


Сыртқы экономикалық қызмет

Мыналар негізгі проблемалар болып табылады:

- шетелдік рынктар туралы білімнің жеткіліксіздігі (кәсіпорындарда өткізудің жаңа рыноктарын іздестіру үшін ақпараттар мен білімнің болмауы: өңірде – тауарлар мен қызметтерге шетелдегі бар сұраныс туралы, басқа елдер экспортқа шығаратын өнімдерге қойылатын талаптар (кедендік және кедендік емес реттеу шаралары) туралы ақпараттың болмауы, шетелде – қаланың бар экспорттық мүмкіндіктері туралы ақпараттың болмауы);

- кәсіпорындардың көпшілігіне басқарушы, инженер және білікті жұмысшы кадрлар аса қажет, қарызға алынатын құралдардың қымбаттығы;

- жетілдірілмеген заңнамаға қатысты проблемалар;

- отандық шикізат сатып алумен байланысты проблемалар (түпкілікті өнім өндірушілер үшін неғұрлым арзан бағамен шикізат сатып алу жөніндегі құрылым құру мақсатқа сай болады, себебі әр тауар өндіруші шикізатты жеке-жеке аз сатып алса «еселеп» қымбатқа түседі) ;

- кедендік-тарифтік реттеу (түпкілікті өнім өндіруге арналған шикізат, материалдар мен қосалқы бөлшектерді, Қазақстанда өндірілмейтін негізгі өндірістік қорларды жаңғыртуға қажетті құрал-жабдықтарды импортқа шығару кезінде кедендік баждардың мөлшерлемелерінің жоғары болуы экспортқа шығаруға өндірілген тауардың бағасы мен сапасына тікелей ықпал етеді).

Сыртқы сауда айналымының өсуіне және оның құрылымын жетілдіруге қол жеткізу үшін төмендегідей бірқатар проблемаларды шешу қажет:

- өндірістің барлық салаларында бәсекеге қабілетті өнімді дамыту;

- қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа бейімделген кәсіпорындардың қажеттіліктерін материалдармен, құрал-жабдықтармен және жинақтаушылармен қамтамасыз етудегі үлесін арттыру;

- экспортқа шығарушы кәсіпорындардың веб-сайтын жасау (кәсіпорынның өз веб-сайтының болуы оның сыртқы экономикадағы экспозициясының деңгейін өнімнің немесе компанияның барлық мүмкін листингтерге, іздестіру жүйелеріне ену мүмкіндігін артыра отырып ұлғайтады);

Инвестициялық сала

Мыналар кәсіпорындардағы негізгі проблемалар болып табылады:

- инновациялық-технологиялық жобалардағы инвестициялар үлесінің төмен болуы кәсіпорындар өнімінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді;

- құрал-жабдықтардың айтарлықтай тозуы: өңдеуші өнеркәсіп – 42%, көлік және байланыс – 52%, машина және құрал-жабдық өндірісі – 42%;

Қаланың ивестициялық саласын серпінді дамыту үшін:

- бар минералдық-шикізаттық ресурстарды ұтымды бөлу мен пайдалану;

- өнеркәсіптік кәсіпорындарды қажетті білікті мамндармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

- қаланың өнеркәсіптік саласын дамытуға инвесторлар тарту;

- өнім сапасын әлемдік стандарттарға дейін көтеру және кәсіпорындарда ИСО 9000 сериялы сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізу қажет.

Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

- қаланың инвестициялық рейтингі мен тартымдылығын арттыру;

- негізгі капиталға тікелей инвестиция құю көлемін арттыру;

- шығарылатын өнімді өндіру көлемін арттыру;

- негізгі қорлардың моральдық және физикалық тозуының алдын алу, өндірістің технологиялық деңгейін, сондай-ақ өндірісті жаңғырту мен автоматтандыруды арттыру;

- сапаны арттыру, өндірілетін отандық өнімнің ассортиментін ұлғайту, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру;

- бұрынғы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру.

Мыналар негізгі бағыт болып табылады:

- ең алдымен, қала экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік беретін инновациялық-технологиялық бағыттағы қажетті қаржылық ресурстарды тартуға және тиісті жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін қаладағы инвестициялық қызметті іске асыру мен реттеудің институционалдық механизмдерін реттеуді дамыту;

- әлеуетті инвесторларға халықаралық стандарттарға сай және жоғары экономикалық тиімділккк ие инвестициялық жобалар мен бизнес-жоспарларды іріктеу және ұсыну;

- инвесторлардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына кепілдік беретін инвестициялық ресурстарды мобилизациялаудың қажетті құқықтық және экономикалық жағдайларын жасау.



Тұрғын үй саласы

Тұрғын үй саласын дамытудағы негізгі проблемалық мәселелер мыналар болып табылады: тұрғын үйдің апатты жағдайы; кондоминиумға қатысушы – меншік иелерінің көпшілігінің құқықтық дайындығының нашарлығы; меншік иелерінің тарапынан кондоминиум объектілерін басқарудың қоғамдық бақылау жүйесінің дамымағандығы; тұрғын үй қорын пайдалану және тиісінше күтіп-ұстау бойынша қызмет көрсетудің толыққанды рыногының болмауы, коммуналдық инфрақұрылымның негізгі қорларының физикалық және моральдық тозуы, жылумен, сумен және газбен жабдықтау бойынша көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтынушыға дейін жеткізудегі шығындар деңгейін азайту.

Төмендегілер осыларды шешу жолдарының бірі болып табылады:

- жеке инвестициялар негізінде қала халқын тұрғын үймен қамтамасыздандыру және бюджеттік қаражат есебінен аз қамсыздандырылған азаматтарға арналған муниципалды тұрғын үй салу;

- білікті кадрларды және жас отбасыларды тұрғын үймен қамтудың деңгейін көтеру.
Білім беру

Төмендегілер білім беруді дамытудағы негізгі мәселелер болып саналады:

- мектепке дейінгі білім беру орындарының халыққа қызмет көрсететін объектілері жеткіліксіз;

- кәсіби-техникалық мектептердің материалдық-техникалық қамтуының төмен деңгейі негізіндегі тәжірибелік базалармен білім беру объектілерін жабдықтауды қанағаттандырмайтын болып табылады;

-оқу мекемелерінің тәжірибелік базалармен байланысының жеткіліксіздігі.

Шешу жолдары:

- Кірістері орта және төмен деңгейдегі отбасыларының мектепке дейінгі дайындыққа қолжетімдігін ескере отырып және қалалық әулеметтік мектепке дейінгі білім беру қызметіне қойылатын стандарттар бойынша осы заманға сай мектепке дейінгі білім беру қызметін қалыптастыру;


  • Жоғару оқу орындарының кәсіпорындармен және ұйымдармен келешекте оларға болашақ адекватты мамандарды дайындау мақсатында мамандар дайындау үшін жүргізілетін оқыту курстары деңгейінде, жұмыс бағдарламасы және қорытынды тестілеулер деңгейінде ынтымақтастықтарын дамыту.

Денсаулық сақтау

Проблемалық сұрықтар:



  • дәрігерлердің, қызмет көрсетуші персоналдың және мамандандырылған техниканың жетіспеушілігі медициналық көмектің уақытылы көрсетілмеу проблемасын тудырады.

  • медициналық ұйымдардардың қазіргі заманға сәйкес медициналық жабдықтармен нашар қамтылған.

Шешу жолдары:

  • денсаулық сақтау саласына жоғарғы білікті медициналық кадрлар тарту механизімін жасау.

Еңбек ресурстары және тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы негізгі мәселелер болып төмендегілер табылады:



  • халықтың жеке топтарын (әйелдерді, жастарды, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды және мүгедектерді) жұмысқа орналастыру қиындығы;

  • тұрақты тұратын орны жоқ адамдарды бейімдеу бойынша орталық қала сыртында орналасқан және 50 койка-орынға арналған болып табылады (13 ықшам ауданда орналасқан бұрынғы «Дубок» балабақшасы). Бас бостандығынан айыру орындарынан адамдардың көптеп келуімен, сонымен қатар күз және қыс кезеңінде суықтардың түсуіне байланысты қаңғырушылық өмір кешетін адамдардың саны өсуі себебінен уақытша панаға мұқтаж тұлғалар саны да көбейеді. Орталыққа әлеуметтік бейімделуден өткен адамдарды қоғамға орналастыру сұрағы мәселе болып тұр.

Әлеуметтік ахуалды жақсарту және қаладағы құқық бұзушылықтардың санын азайту мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында орталықты қосымша 20 койка-орынға кеңейтіп, орталық ғимаратының екінші жартысында 30 койка-орынға арналған жатақхана ашу (қайырымдылық-палаталары сияқты) туралы сұрақ қарастырылатын болады.

Ғимараттың екінші жартысын қолдану үшін 874 шаршы метр аумағында орналасқан бөлмелерге алдын-ала 58000,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

-әлеуметтік, көлік және оңалу инфрақұрылымдарының объектілеріне мүгедектердің қолжетімдігін қамтамасыз ету бойынша проблемалық сұрақтар әлі күнге дейін бар, олар:


  • жоғарыда айтылған объектілерге мүгедектердің қолжетімдігін қамтамасыз ететін құрылыс ережелері мен нормаларын сақтау;

-қолданыстағы обектілердегі әлеуметтік, көлік және оңалу инфрақұрылымдарының объектілерінің инвентаризациясын өткізу.

Көрсетілген мәселелерді шешу жолдары:



Стратегиялық тапсырмаларды шешу шеңберінде:

- халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында берілген тапсырмаларды орындау арқылы халықтың өмірін сүру деңгейін жақсарту;

- мемлекеттік қаржыландыру есебінен және әлеуметтік саладағы мелекеттік жекешеленген коммерциялық емес серіктестікті дамыту есебінен әулеметтік қызмет көрсету мен әлеуметтік көмек қызметтерінің заманауи сапасын қамтамасыз ету;

- Қарағанды қаласының әкімі мен жұмыс берушілер қауымдастығы, кәсіподақтар ұйымдарының арасындағы келісім аясында жұмыссыздарды қайта дайындауда потенциалды жұмыс беруші - компаниялардың материалды-техникалық базасын қолдану сұрағы бойынша әлеуметтік серіктестікті дамыту;

- әлеуметтік тапсырыс аясындағы мемлекеттік сатып алу механизмін жетілдіру.

Орта мерзімді тапсырмаларды шешу шеңберінде:

- кедейшілікті экономиканың өсуіне жағдай жасау арқылы, халықтың кірісін жоғарлату және нәтижелі жұмыспен қамту, білім алу және денсаулық сақтау қызметтеріне кедейлердің қолжетімділігін жоғарлату, арнайы әлеуметтік көмекті жақсарту арқылы қысқарту;

- шағын бизнесті қоса отыра, өзін жетілдіру ұйымының дамуына қолайлы жағдай жасау;

- еңбек рыногының тұрақты қызмететуіне жәрдемдесу, жұмыспен қамтылған халық санының өсуі, экономика секторларының арасында жұмыс күшін қайта бөлу;

- жаңа өндірістердің іс - әрекеттері барысында бар жұмыс орындарын сақтау және қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу;

- халықтың әлсіз топтарына нысаналық әлеуметтік көмек көрсету;

- халықтың аз қамсыздандырылған топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмін жетілдіру;

- еңбек рыногында жұмыспен қамтудың тиімділігін арттыруға бағытталған белсеңді саясатты жүзеге асыру;

- нысаналық топтарды жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу;

- еңбек рыногының конъюнктурасымен сәйкес мамандарды дайындауды ұйымдастыру;

- еңбек рыногындағы жұмыспен қамту кепілдігін қамтамасыз етумен айналысатын негізгі қатысушылардың - әлеуметтік серіктестік жүйесін одан әрі дамыту;

- кешенді қайта сауықтандыру мекемелер жүйесін, дамыту, олардың қызметтерінің қалыптары мен тәсілдерін жетілдіру;

- мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін дамыту және оларды әлеуметтік қолдауды күшейту;

- мүгедектерге ұсынылатын қайта сауығу құралдарының сапасын арттыру және атаулылығын қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет