1.1.7. Сыртқы экономикалық қызмет
2008 жылы сыртқы сауда айналымы 645,3 млн АҚШ долларын құрады (2007 жылғы деңгейге 20%), оның ішінде экспорт – 8,54 млн. АҚШ доллары (2007 жылғы деңгейге 0,4%), импорт – 636,8 млн. АҚШ доллары (2008 жылға 59%).
2008 жылы 1,34 млн. АҚШ доллары сомасына 80 мың тонна темір кені экспортқа шығарылды, ол қаланың экспортқа шығаратын жалпы көлемінің 15,7%-ын құрайды (өнім беруші ОЮЛ АПУП «Гефест» болып табылады).
Импорттың артуы машиналар мен жабдықтардың, алкогольді сусындар мен азық-түлік тауарларының есебінен болды.
Сонымен бірге, 7,1 млн. АҚШ доллары сомасына азық-түлік тауарлары, 22,1 млн. АҚШ долларына ағаш өңдейтін өнеркәсіп өнімдері жеткізілді.
2009 жылы сыртқы сауда айналымы 652 млн. АҚШ доллары сомасында күтіледі, оның ішінде экспорт 9,87 млн. АҚШ доллары, импорт – 642,1 млн. АҚШ доллары. 2009 жылы күтілетін сыртқы сауда айналымы 2008 жылмен салыстырғанда 1%-ға, экспорт 15,6%-ға, импорт 0,8%-ға артады.
Экспорт көрсеткіштерінің артуы бидайды экспортқа шығарудың артуы есебінен жүзеге асады.
1.1.8. Инвестициялық сала
2008 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның негізгі көздері кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты – 54,9%, шетелдік инвестициялар – 7,5% болды. Бюджет қаражатының үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 27%-ын (республикалық бюджеттен 17,7%, жергілікті бюджеттен 9,3%) құрады.
2008 жылғы желтоқсанда 300 жұмыс орны бар «Силициум Қазақстан» ЖШС пайдалануға берілді (жобаның құны 110 млн. АҚШ доллары, жобалық қуаттылығы жылына 25 мың тонна).
2008 жылы негізгі капиталға 61653,7 млн. теңге инвестиция игерілді, ол 2007 жылғы деңгейден 5,6%-ға аз.
2009 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемін 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 7%-ға арттыру жоспарланып отыр және 65969,5 млн. теңге сомасында инвестиция күтіледі. Оның ішінде: кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты 64,4%, шетелдік инвестициялар – 6,2%. Бюджет қаражатының күтілетін үлесі негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы көлемінен 29,5%-ды құрайды.
2009 жылы қала кәсіпорындары инвестиция салуды жоспарлап отыр:
1. «Қарағанды Су» ЖШС – су тазарту құрылғыларын жаңғыртуға 4266,4 млн. теңге (қарыз қаражаты). Жобаның жалпы құны 21332 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 5 жыл;
2. «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС – негізгі құралдарды сатып аулға 35 млн. теңге (қарыз қаражаты);
3. «Қарағанды Жарық» ЖШС – «Қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және электр желілерін дамыту» инвестициялық бағдарламасына 375,2 млн. теңге (өз қаражаты);
4. «ДорСтрой LTD» ЖШС – «Астана-Киевка-Теміртау» автожолына күрделі жөндеу жүргізуге 990,6 млн. теңге (өз қаражаты);
5. «Карнеруд» АҚ – құрылыс тасын шығару бойынша өндірісті кеңейтуге 98,5 млн. теңге (қарыз қаражаты);
6. «Углемеханизация» ЖШС - өндірісті кеңейтуге 4 млн. тенге (өз қаражаты);
7. «Eurasian Foods» АҚ - 133,3 млн. теңге, оның ішінде:
- дезодорация линиясы үшін 6 емкость орнату арқылы бас корпусқа қосымша құрылыс салуға 37,9 млн. теңге (өз қаражаты);
- Бенхил Коппорапид типті орама линиясы кешенін сатып алуға 31,3 млн. теңге (қарыз қаражаты);
- өсімдік майы мен тоң майды өңдейтін кешен сатып алуға 64,1 млн. теңге (өз қаражаты және қарыз қаражаты);
8. «Каруглересурс» ЖШС – жаңа құрал-жабдық алуға және құрамалауға 50 млн. теңге (өз қаражаты);
9. «Қарағанды Жылу» - негізгі құрал-жабдықты жаңғыртуға, күрделі жөндеу жұмыстарына, № 1 градирняға (3-ЖЭО) қызмет көрсетуге 1305 млн. теңге (өз қаражаты);
10. «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» ШК АҚ – құрал-жабдықты жаңалауға, жөндеу жұмыстарына 152,6 млн. теңге (өз қаражаты);
11. «Стройпластмасс» АҚ – полиэтилен құбырлар, пленкалар өндіруге 120 млн. теңге (өз қаражаты);
12. «Центрэнергомеханизация» ЖШС - өндірісті кеңейтуге 8 млн. теңге (өз қаражаты).
1.1.9. Демография және көші-қон
Қала экономикасындағы оң үдерістер, шынайы сектор мен шағын бизнес кәсіпорындарының дамуы демографиялық ахуалға жағымды әсер етті, оң көші-қон динамикасы байқалады. Қала халқының есепті саны 2009 жылғы 1 қаңтар жағдайына 470 мың адамды құрады, оның ішінде Октябрь ауданы бойынша – 214,7 мың адам, Қазыбек би атындағы аудан бойынша – 255,3 мың адам. 2007 жылы қала халқының саны 459,2 мың адамды құрады, 2008 жылдың соңында 6,2 мың адамға жетіп, 465,4 мың адамды құрады.
2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда тіркелген туылғандар санының артуы (2,4%-ға) байқалады, туудың жалпы коэффициенті тұрғындардың 1000 адамына шаққанда туу 16,7-ден 17,1-ге дейін артты. 2007 жылмен салыстырғанда қайтыс болғандар саны 4,9%-ға азайғаны байқалады. Өлімнің жалпы коэффициенті тұрғындардың 1000 адамына орта есеппен шаққанда қайтыс болғандар 13,6-дан 12,9-ға дейін азайды. Қалада өткен жылмен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі 1913 адамды құрады (2007 жылға 134,3%).
2008 жылы көші-қон белсенділігінің азайғаны байқалды. Көші-қонның оң сальдосы 2008 жылы 4248 адамды құрады, бұл 207 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға аз, дегенмен көшіп кеткендердің жалпы саны 25,1%-ға артты, көшіп келушілер саны 15,8%-ға артты.
Өткен жылмен салыстырғанда сыртқы көші-қон белсенділігінің азайғаны байқалады. 2008 жылғы көші-қонның кері сальдосы 533 адамды құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына қарағанда 17,1%-ға аз. Сонымен бірге, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ТМД елдеріне кірмейтін елдерге көшіп кеткендердің жалпы саны 9,4%-ға, ТМД елдеріне көшкендердің саны 9,5%-ға өсті.
2009 жылғы қаңтар-ақпан айларында 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тіркелген туылғандар санының 8,0%-ға өскені, қайтыс болғандар санының 11,5%-ға азайғаны байқалды. 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқы көші-қон белсенділігінің азайғаны байқалады және 2009 жылғы қаңтар-ақпан айларында ТМД елдеріне кірмейтін елдерге көшіп кеткендердің саны 14,5%-ға, ТМД елдеріне көшкендердің саны 13,2%-ға азайды.
1.1.10. Тұрғын үй саласы
2009 жылғы 1 қаңтар жағдайына қалада 822 ПИК және ӨБК жұмыс істейді, олардың ішінде ПИК – 211, ӨБК – 611. 2315 көп қабатты үйлердің ішінде ПИК, ӨБК құрамына 2,3 мың үй кіреді, яғни 97,5%-ды құрайды. Қала аумағының 550 гектарын алып жатқан бар тұрғын үй қорының айтарлықтай бөлігі өңделген аумақта орналасқан, 75%-дан атам үйдің пайдалану мерзімі 40 жылдан астам.
Қаладағы бар 957 лифтінің жұмыс істейтін 595 лифт, қайта қалпына келтіруді қажет ететіні 322 лифт, оның ішінде Қазыбек би атындағы ауданда – 115 (Оңтүстік-Шығыста - 115 лифт; Жаңа қалада - 50 лифт); Октябрь ауданында - 164 лифт.
Қарағанды қаласында «Менің аулам» бағдарламасы іске асырылып жатыр.
2007-2008 жылдары қалада 292 аула абаттандырылды, оның ішінде:
- 2007 жылы бюджет қаражаты есебінен 338,3 млн. теңге сомасына 92 аула абаттандырылды, оның ішінде: Қазыбек би атындағы ауданда 47 аула, Октябрь ауданында 45 аула абаттандырылды.
- 2008 жылы бюджет қаражаты есебінен 500,0 млн. теңге сомасына 200 аула абаттандырылды, оның ішінде: Қазыбек би атындағы ауданда 100 аула, Октябрь ауданында 100 аула абаттандырылды.
- 2009 жылы 516,8 млн. теңге сомасына 218 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр.
1.1.11. Білім беру
Қаланың білім беру ұйымдарының өткен жылғы қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және «Білім беру» өңірлік бағдарламасын іске асыруға бағытталды.
2009 жылғы 1 қыркүйек жағдайына қалада 146 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік - 126, мемлекеттік емес - 20.
Білім беру ұйымдарының желісі «Лингва» академиясы жанындағы лицей жеке меншік ұйымының жабылуы есебінен 1 объектіге қысқарды.
Мемлекеттік білім беру ұйымдары:
-
жалпы білім беру мектептері – 78, «Мектеп-бала бақша» кешендері - 2 (№ 68, 77 ОМ), олардың ішінде: 10 қазақ және 38 аралас мектеп, 5 аралас мектептің көрсеткіштері өткен жылдағыдан жоғары.
Қала мектептерінде мемлекеттік тілде оқытудағы білім беру кеңістігінің кеңеюінде оң серпін байқалады.
- мектепке дейінгі білім беру мекемелері - 41, олардың ішінде: 4 мемлекеттік тілде тәрбие береді, 32 мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік тілдегі топтар бар. Жалпы білім беретін мектептердің жанында 9 мини-орталық жұмыс істейді.
- мектептен тыс мемлекеттік ұйымдар - 10, оның ішінде 5 музыка мектебі, 2 өнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер сарайы, балалар көркем-сурет мектебі және жас натуралистер станциясы.
№ 5 ОМ негізінде оқушыларды бейінді оқыту жөніндегі ресурс орталығы ашылды.
1-4 сынып оқушыларының саны 2008-2009 оқу жылында қала бойынша барлығы 20547 оқушыны құрады, олардың ішінде бірінші сынып оқушылары 4985 бала.
Мемлекеттік емес білім беру ұйымдары:
- жалпы білім беретін мектептер - 6, «Мектеп-бала бақша» кешендері - 3;
- «Бала бақша-мектептен тыс ұйым» кешені - 1;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдары - 5;
- мектептен тыс ұйымдар - 5.
74 білім беру ұйымында физика, химия, биология кабинеттеріне арналған арнайы құрал-жабдықтарымен 5 интерактивті тақта бар. Жалпы сомасы 33,3 млн. теңге сомасына физика, химия, биология кабинеттері сатып алынды.
Білім беру мекемелеріне 159,4 млн. теңге сомасына 1490 дана компьютер, 77,7 млн. теңге сомасына мультимедиялық және лингафон кабинеттері алынды.
2007-2008 оқу жылында мектептерде 53613 оқушы білім алды. Олардың ішінде үздіктер - 5405 (10,1%), екпінділер - 18947 (35,3%), үлгермеушілер - 120 (0,2%). Үлгірім - 99,8%-ды құрады. Қала бойынша орташа балл - 73,23 (өткен жылмен салыстырғанда 1,48-ге өсті (2007 жылы - 71,75, 2006 жылы - 64,6, 2005 жылы - 62, 2004 жылы - 56).
2008 жылы «Алтын белгіден» 71 үміткерден өз білімін 30 түлек дәлелдеді (42,3%), өткен жылғыдан 4%-ға аз, үздік белгілі аттестаттан 32 үміткердің өз нәтижесін 11-і дәлелдеді (34,4%). 2007 жылы ҰБТ-қа «Алтын белгіден» 82 үміткер қатысты, 38 түлек (46,3%) білімін дәлелдеді, бұл 2006 жылғы нәтижелерден 10,7%-ға артық, 2006 жылы 87 тілек білдірушінің 31-і ғана өз білімін дәлелдеді (35,6%).
Қалада 2895 мектеп бітірушілердің 2348-і ҰБТ-қа қатысты, түлектердің жалпы санының 81,1%-ын құрады. Оның ішінде орыс тілінде - 1950, қазақ тілінде - 428. ҰБТ нәтижелері бойынша 2008 жылы Қарағанды облысының қалалары арасында Қарағанды қаласы орташа балл бойынша екінші жыл 1 орын алды. Қала бойынша 2008 жылғы ең жоғарғы балл – 121 балл.
Білім сапасына мониторинг жүргізіледі. 2007-2008 оқу жылында пәндер бойынша жалпықалалық білім сапасының 1,8%-ға, қазақ тілінде оқытатын мектептерде 0,3%-ға артқаны байқалады.
Қоғамдық-саяси өмірде мемлекеттік тілдің рөлінің күшейуіне байланысты және білім беру ұйымдарындағы білім сапасын арттыру мақсатында қазақ тілін оқытуға қосымша 2 сағат енгізілді.
12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді.
«Білім беру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында оқу мекемелерін компьютерлендіру және оқу үдерісіне оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері үшін Интернет-портал жасалды.
«Финист» компаниясы барлық мектептерге «Quick exam system» тестілеу бағдарламасын орнатты.
Қаланың білім беру ұйымдары (№ 1, 3, 9, 38, 45, 93, 95, 97 гимназиялар, техникалық лицей, № 101 МЛ) «Дарынды балалар» қалалық бағдарламасына негізделген өз бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Бұл бағдарламалардың мақсаты: дарынды балалардың қабілеті мен шығармашылық әлеуетін оларды жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық ғылымдар, көркем-сурет шығармашылығы саласында саралап оқыту негізінде неғұрлым дамыту; дәстүрлі технологияларды жетілдіру және білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу.
Жыл сайын жалпы білім беретін 15 пән бойынша мектеп олимпиадалары өткізіледі.
Қаланың білім беру ұйымдарының кітапхана қоры 945 электронды оқу құралдарымен толықты.
1-4 сынып оқушылары үшін бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Сонымен бірге, жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен және мектеп асханаларын жалға алушылардың есебінен аз қамсыздандырылған отбасыларының балалары тегін тамақтанады.
1.1.12. Денсаулық сақтау
Қала аумағында 97 дербес амбулаториялық-емханалық ұйым жұмыс істейді. 2008 жылы 2 қалалық емхана пайдалануға берілді, олар: Көгілдір тоғандар ықшамауданындағы ауысымына 500 адамға дейін келушілерді қабылдайтын «№ 4 емхана» КМҚК және Гүлдер-2 ықшамауданындағы ауысымына 1000 адамға дейін келушілерді қабылдайтын «№ 3 емхана» КМҚК. Бұрындары емханалар типсіз ғимарттарда, бейімделген үй-жайларда орналасқан болатын.
2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда ауруханалық койка саны 10 %-ға (1277-ден 1151-ге дейін) қысқарды.
Екі жылдағы туу: 2007 жылы - 17,0 және 2008 жылы - 17,07.
2008 жылы ана өлімі 35,5-тен 11,2-ге дейін азайды (абсолютте 3 жағдайдан 1 жағдайға дейін).
Сәби өлімінің көрсеткіші 2008 жылы 1,7 есеге, яғни тірі және өлі туған өлшемдерінің жаңа өлшемдерге ауыстырылуы (500гр. және одан жоғары тірі туып өлген балаларды тіркеу) есебінен 12,7-ден 21,4-ке дейін өсті.
Туберкулезбен ауыру деңгейі 139,8-ден 118,7-ге дейін төмендеді, өлім көрсеткіші 28,0-ден 2008 жылы 22,4-ке төмендеді.
АИВ/ЖИТС ауыру деңгейі 11,5-тен 2008 жылы 10,5-ке дейін төмендеді. АИВ/ЖИТС қайтыс болғандар саны 2007 жылы – 30 адам, 2008 жылы – 37 адам.
1 тұрғынға денсаулық сақтау шығыстарының көлемі 2007 жылғы 14890 теңгеден 2008 жылы 16639 теңгеге дейін және 2009 жылы 22157 теңгеге дейін, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 33,2%-ға және 2007 жылмен салыстырғанда 48,8%-ға өсті.
1.1.13. Еңбек ресурстары
Экономиканың дамуы еңбек нарығына тікелей әсер етуші фактор болып табылады. Еңбек нарығы экономикалық белсенді тұрғындар санының, сондай-ақ экономика салаларында жұмыс істейтіндер санының да өсуімен сипатталады. Сонымен, 01.01.2009ж. жағдайына экономикалық белсенді тұрғындар саны 232,5 мың адамды құрады (2007 жылы – 229,0 мың адам), экономикалық белсенді тұрғындар 3,5 мың адамға өсті. Жұмыс істейтін тұрғындар саны 212,9 адам (2007 жылы – 206,9 мың адам), жұмыс істейтін тұрғындар саны 6,0 мың адамға артты. Салалық шегінде жұмыс істейтін тұрғындардың құрылымы мынадай болып қалыптасты: өнеркәсіпте 0,6 мың адамға өсті, көлік пен байланыста 0,3 мың адамға азайды, саудада 0,2 мың адамға өсті. Дербес жұмыспен қамтылған тұрғындар 2,8 мың адамға азайды.
Қаладағы еңбек нарығының қалыптасуына соңғы жылдары мынадай факторлар әсер етті:
- экономиканың тұрақтануы мен өсуі;
- экономиканы ұзақ мерзімді перспективаға бейіндей дамыту;
- жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал ететін бағдарламалар қабылдау және іске асыру.
2007-2008 жылдары тұрақты жұмыс орнына 21,4 мың адам орналастырылды, оның ішінде 2007 жылы - 10,7 мың адам, 2008 жылы - 10,7 мың адам.
Есепті кезеңде жастарды жұмысқа ораластыруға баса көңіл бөлінді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 12661 жас жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2007 жылы - 6196 адам, 2008 жылы - 6465 адам.
Қаланың еңбек нарығы жыл сайын оралмандар қатарынан келетін жұмыс күші есебінен толығып отырады, оларға жұмыссыздық кезінде әлеуметтік көмек басым түрде көрсетіледі. Есепті кезеңде 92 оралман жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: 2007 жылы - 45 адам, 2008 жылы - 47 адам.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіптік оқуға және қайта даярлауға 3166 жұмыссызды жіберді, оның ішінде: 2007 жылы - 1514 адам, 2008 жылы - 1652 адам.
Жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында қалада қоғамдық жұмыстар өткізілді. Қоғамдық жұмыстарға 2265 жұмыссыз азамат (2007 жылы - 1120 адам, 2008 жылы - 1145 адам) қатысты. Қоғамдық жұмыстар аяқталған соң, 2212 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, тиісінше: 2007 жылы – 1083, 2008 жылы – 1129 адам, немесе 97,7%.
Өз ісін ашу және дербес жұмыспен қамтылу үшін жұмыссыздар ішінен 2007 жылы - 40 адам, 2008 жылы - 50 адам 3384,0 мың теңге сомасында материалдық көмек алды. Олардың ішінде 64-і әйел, 13-і 16 мен 29 арасындағы жастар.
Есепті кезеңде мақсатты топтардағы жұмыссыз азаматтар үшін қала кәсіпорындарында 100 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, оның ішінде: 50 адам – 2007 жылы, 50 адам – 2008 жылы. Тұрақты жұмысқа 100 адам орналастырылды (100 %).
Бастапқы жұмыс тәжірибесін алу және қаланың оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру үшін 2007 жылы «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 1920,0 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат (38 адам), 2008 жылы - 3721,0 мың теңге (60 адам) бөлінді. Ақша қаражаты толықтай игерілді.
Қалада жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша жыл сайын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіледі, жұмыс берушілермен шарттар жасалады.
Әлеуметтік әріптестік аясында қалалық үштарапты комиссия тараптарының өкілдерімен бірлесіп, Қарағанды қаласы әкімі, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері, кәсіпкерлер қауымдастығы және қаланың жұмыс берушілері арасында 2007-2008 жылдарға арналған келісімге қол қойылды.
2009 жылғы 1 қазан жағдайына 5400 жұмыссыз есепте тұр. 2009 жылдың 9 айда 13265 адам жұмысқа орналастырылды немесе жұмысқа орналасу мәселелері бойынша өтініш жасағандардың 72,5%-ы. Қоғамдық жұмыстарға 899 адам қатысты. Жыл басынан бері кәсіптік оқуға және қайта даярлауға 2369 адам жіберілді, оқуды 2216 адам аяқтады, олар жұмысқа орналастырылды (100%).
Мақсатты топтардағы жұмыссызды жұмыспен қамту үшін қаланың жұмыс берушілері жыл басынан бері 70 әлеуметтік жұмыс орнын құрды. Жастар арасынан 4206 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтініш білдірген жастар санының 80,5%-ы, оралмандардан –21 адам жұмыспен қамтылды.
1.1.14. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау
Қарағанды қаласында әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына әлеуметтік қызмет көрсетудің мынадай кең түрлерін көрсету арқылы жүзеге асырылады: ақшалай төлемдер – бұл атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан аспайтын аз қамсыздандырылған отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына берілетін жәрдемақы; қарттар мен мүгедектер үйлерінде қызмет көрсету т.б.
Әлеуметтік қорғау бағдарламаларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражатының және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
2009 жылғы 1 қаңтар жағдайына халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында 809 аз қамсыздандырылған отбасы (2775 адам) бар, бұл өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 21,7%-ға аз болып табылады.
Аз қамсыздандырылған азаматтар санын азайтудың негізгі жолдары болып: жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға материалдық көмек көрсету, кәсіптік дайындау және қайта даярлау, халықтың жасырын табысын анықтау табылады.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында 2008 жылы 64,1 млн. теңге сомасына 1068 отбасына 3342 алушыға төлем жүргізілді, оның ішінде республикалық бюджет трансферттері есебінен – 8,0 млн. теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға азайғаны байқалады (01.01.2008ж. жағдайына 3512 адамнан 01.01.2009ж. жағдайына 3342 адамға дейін). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының төмендеуі келесі себептермен түсіндіріледі: МАӘК алушылардың жұмысқа орналастырылуы, халықтың табысының өсуі (зейнетақылар мен жәрдемақылар, оның ішінде бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылар мөлшерінің өсуі, МБЖ төлеу (18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамсыздандырылған отбасыларына, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша).
МАӘК алушылар санатын және МАӘК-тің жалпы санына қатысты олардың үлес салмағын қарастыра отырып, алушылар арасында 2008 жылы 18 жасқа дейінгі балалардың басым болғанын (61,4%) атап өту керек. 7 жасқа дейінгі бала күтімімен шұғылданатын адамдар 22,8%-ды құрайды. МАӘК алушылардың арасында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы 5%-ды құрайды, бұл отбасын бір адамға шаққанда кедейшілік шегі мөлшерімен де қамтамасыз ете алмайтын еңбекақы (табыс) деңгейінің төмендігін білдіреді. Келтірілген деректерден байқағанымыз, алушылардың басым көпшілігін еңбекке жарамсыз тұлғалар не белгілі себептермен табыс таба алмайтын тұлғалар (жас балаларын күтумен шұғылданатын әйелдер) немесе табысы төмен адамдар құрайды. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың МАӘК алушылардың жалпы санына қатысты үлес салмағы 2,7%-ды құрайды.
Мемлекеттік атаулы көмекті уақытылы төлеу – бұл мемлекет тарапынан кедей отбасыларын қолдау болып табылады және ол қоғамдық әлеуметтік қобалжушылықтың төмендеуіне ықпал етеді.
2009 жылы мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 66480,0 мың теңге қарастырылған. Алушылардың болжамды саны – 2308 адам, болжамды орташа мөлшер – 3032 теңге.
2008 жылы балалар жәрдемақысы жалпы сомасы 18,3 млн. теңге мөлшерінде 1381 отбасының 2425 балаларына төленді.
Есептілік деректерге сәйкес, балалар жәрдемақысын алушылар санының қала бойынша 2006 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде өсу үрдісі байқалады, сонымен балалар жәрдемақысын алғандар саны:
- 2007 жылы - 2240 бала, төленген сома – 15,9 млн. теңге;
- 2008 жылы - 2425 бала, төленген сома – 18,3 млн. теңге.
18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алушылар санының 2008 жылы өсуі: «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңын түсіндіру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар мен радио арқылы белсенді жүргізілгендігімен түсіндіріледі.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына 2009 жылы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 19954,0 мың теңге қарастырылған. Алушылардың болжамды саны – 1650 бала.
Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып табылады, ол халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық қызметті тұтыну бойынша, қалалық телекоммуникация желілері абоненттеріне телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуі бойынша шығындарының орнын толтыру үшін өтемақы түрінде беріледі.
Аз қамсыздандырылған отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындау қалалық мәслихаттың ХХХІІІ сессиясының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 13 шешімімен бектіліген (22.09.2009ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) «Қарағанды қаласының аз қамсыздандырылған азаматтарына тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге және қалалық телекоммуникация желілері абоненттеріне телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне байланысты өтемақыға тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі» негізінде жүзеге асырылады.
Қала халқына тұрғын үй көмегін көрсету 1996 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.
Тұрғын үй көмегін алушы негізгі санаттар – зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, жастар, көп балалы отбасылары және табысы төмен отбасылар.
2008 жылы тұрғын үй көмегі 3832 отбасына 18207,0 мың теңге сомасына көрсетілді. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері – 1287,80 теңге.
Қала халқын тұрғын үй жәрдемақысымен қамту динамикасына сәйкес, халықты әлеуметтік көмектің осы түрімен қамтудың төмендеу үрдісі байқалады. Егер, 2001 жылы тұрғын үй көмегін аулшылар саны 15339 отбасы, ал тұрғын үй жәрдемақысының төленген сомасы 72,2 млн. теңгені құраған болса, 2007 жылы алушылар саны 120378 отбасына, ал сомасы 54,3 млн. теңгеге азайды.
Алушылар санының азайуы Үкіметтің жыл сайын халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өмір сүру деңгейін арттыру бойынша, яғни зейнеткерлерге зейнетақы мөлшерін, мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемін, базалық зейнетақыны, ең аз еңбекақы мөлшерін көбейту сияқты шаралар қабылдауына байланысты болып табылады. Бұл шаралар өз алдына халықтың әл-ауқатын жақсартады, сондықтан да тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдіретін отбасылардың саны жыл санап азайып келеді.
Тұрғын үй көмегін алушылардың санаттар бойынша саны
№
|
Алушылар санаты
|
2007ж.
|
2008ж.
|
2009ж.
І тоқсан
|
|
Алушылар саны
|
3302
|
3832
|
3363
|
|
олардың ішінде:
|
|
|
|
1
|
Зейнеткерлер
|
74,9%
|
78,3%
|
79,1%
|
2
|
Мүгедектер
|
12,8%
|
12,4%
|
11,3%
|
3
|
Жұмыссыздар
|
2,8%
|
1,8%
|
1,7%
|
4
|
Жастар
|
1,1%
|
0,6%
|
0,5%
|
5
|
Жалғыз басты аналар
|
4,7%
|
4,0%
|
2,9%
|
6
|
Табысы төмен отбасылар
|
3,7%
|
2,9%
|
4,5%
|
Зейнетақы мен жәрдемақының жыл сайын индексациялануына қарамастан, зейнеткерлер, мүгедектер мен жалғыз басты аналар тұрғын үй көмегін алатын негізгі санттағылар болып отыр.
Халықты тұрғын үй көмегімен неғұрлым мол қамту мақсатында қалада тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызмет ақысына және телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуі бойынша өтемақыға отбасы жұмсайтын шығыстардың шекті үлесі кезең-кезеңмен төмендетілді.
2003 жылы 30%-дан 25%-ға, 2005 жылы 25%-дан 20%-ға, 2006 жылы 20%-дан 15%-ға дейін 2008 жылғы қазан айынан бастап 15%-дан 10%-ға дейін төмендетілді. Бұл шара тұрғын үй көмегін алушылар санының 2008 жылғы 4 тоқсанда 530 отбасына дейін өсуіне ықпал етті.
2009 жылы тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге 38145,0 мың теңге қарастырылған. Алушылардың болжамды саны – 4000 отбасы, тұрғын үй жәрдемақысының орташа болжамды мөлшері – 2119 теңге.
2008 жылы, негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды. Бағаның өсуі әсіресе, аз қамсыздандырылған отбасыларға қатты әсер етті, оларды қолдау үшін 2008 жылы қосымша көмек 27,4 млн. теңге сомасына төленді.
2009 жылғы 1 қаңтар жағдайына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында 17,0 мың мүгедек есепте тұр. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қарағанды қаласының мүгедектерін оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес, негізгі күш әлеуметтік, кәсіптік және медициналық оңалтудың қолжетімділігін, мүгедектерге оңалтудың заманауи техникалық компенсаторлық (көмекші) құралдарының берілуін, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуін, есту қабілеті бойынша мүгедектерді ым тілінің маманымен, мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды іске асыратын қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етуге бағытталды. 2007 жылдан бастап қалада алғаш рет мүгедектерді арнайы автокөліктермен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетіле бастады, бұл жағдай мүгедектердің әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымдарға қолжетімділігі мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік берді.
2006-2008 жылдары Бағдарламаны іске асыруға барлығы 479,2 млн. теңге бағытталды, ал бағдарламаны бастапқы жоспарланған кездегі бюджеті 223,3 млн. теңгені құрайтын.
Дегенмен, бүгінгі таңда мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілеріне қолжетімділігі; мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту; Мүгедектерді оңалту орталығын салу сияқты мәселелер соңына дейін шешілмеген мәселелер болып отыр.
«Жергілікті өкілетті орандардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жыл сайын әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету есебінен бөлінген бюджеттік қаражаттың ұлғаюы байқалады, яғни: бағаның қымбаттауына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ай сайын әлеуметтік көмек төлеу және қоғамдық көлікте жүріп-тұруы қиын мүгедектерді тасымалдау бойынша қызмет көрсету. 2006 жылы осы бағдарлама бойынша 184,4 млн. теңге бөлінген болатын, ал 2008 жылы 353,3 млн. теңге бөлінді, яғни 1,9 есе көп болып табылады.
Қала бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 18 бөлімшесі жұмыс істейді, онда 1445 жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі. Оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық қызметтер ұдайы көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету бойынша 4 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді, 316 мүгедек балаларға қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды күтетін әлеуметтік қызметкерлер оларға әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері қызмет көрсетуге мұқтаж жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтарды аулаларды аралау, ОДА мекемелері, емханалар арқылы және азаматтардың жеке өтініш жасауы, соғыс және еңбек ардагерлерінің қоғамдық ұйымдары арқылы анықтау мен есепке қою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді. 2008 жылы осындай аралау нәтижесінде үйде қызмет көрсетуге 97 адам ресімделді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жалғыз басты азаматтарды Қарттар үйіне, психохрониктерге арналған интернаттарға орналастыруға ұдайы көмек көрсетеді, санаториялық-курорттық емделуге жолдама береді, түрлі қайырымдылық іс-шараларын өткізеді. 2008 жылы Қарттар үйіне 10 адам ресімделді, жолдама бойынша 120 адам «Ардагер» пансионатында демалды, 273-тен аса қайырымдылық акциялары өткізілді. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері жанында қызығушылықтары бойынша «Забота», «Отан», «Жас ұл» клубтары жұмыс істейді.
Әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу, медициналық өзге де көмек көрсету мақсатында 2000 жылғы желтоқсан айынан бастап «Тұрғылықты жері белгісіз азаматтар үшін Қарағанды қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы» ММ өз қызметін жүзеге асыруды бастады, ол 50 койка-орынға есептелген.
2008 жылы Орталықта 96 адам әлеуметтік бейімделу курсынан өтті, 80 адамның тұрмысы оңалдырылды, оның ішінде 22 адам мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге орналастырылды. 170 адам құжаттандырылды, 224 жеке куәлік қайта қалпына келтірілді және ресімделді, зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар алуға құжаттар әлі де ресімделуде. Бейімдеу кезіндегі еңбек терапиясы мақсатында қамқорлыққа алынғандар Орталықта қоғамдық-пайдалы жұмыстарға, қаланы тазарту және абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға, қаланың мәдени объектілерін салуға тартылады. Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс арқылы әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |