Ақтөбе облысы Ойыл ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы мониторингі бойынша жедел есептілік



бет9/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.19 Mb.
#22184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



5.Аналитикалық жаба хат

Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты-денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы, 30% -ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек, дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, аудан бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

2012 жылы Ойыл ауданы бойынша халық саны -18932. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны -3714 2012  жылы, 19,6 пайызды құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш-3778 шұғылданушы, 20 пайызға жетті. Аудан бойынша спорттық құрылғылар саны- 48. Дене шынықтыру ұжымы- 54, Оның ішінде мектептер саны-24, колледж-1, 1 спорт мектебі, мекемелер мен ұжымдар саны-28. Оның ішінде 17 спорт зал, спорттық алаңдар 29, 2 ату тирі бар.

2012-2013 оқу жылы басында дене тәрбиесі сабағы 24 метепттің сабақ кестесіне енгізіліп 3 сағаттан өтуде, 5-11 сынып бойынша бөлек оқыту 11 мектепте жүруде. Спорттық құрылғылар ағымдағы жөндеуден өтіп тұрады, спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасалған. Аудан бойынша дене шынықтыру және спорт мамандар саны-99, дене тәрбиесі мамандар саны-46, дене тәрбиесі бойынша арнаулы орта-27.

Аудан мектептері бойынша сегіз дене тәрбиесі нұсқаушысы қызмет жасауда. (Қараой мектеп балабақшасы, Құрман орта мектебі, Ш.Бекмұхамбетова ат. орыс орта мектебі, Ж.Жүсібалиев ат.ОМ, Амангелді ОМ, Саға МБ, Ақшатау ОМ, Көсембай НМ, Қарасу НМ ). Мектептерде 92 спорт үйірмелерінде 2025 оқушы, спорт мектебінде 592 шұғылданады, 13,8 пайызды құрады. Аудан мектептерінде сабақтан тыс салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйыдастыру мен өткізу үшін БДО- 45 пайыздан 452 төлем бойынша 21 мектепте жүргізілуде.

Ауданда өткізілген бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларынының саны артып келеді, 2012 жылы 32 іс-шараға 3120 адам қатысса, 2013 жылы 47 іс-шара өтіп, 3867 оған адам қатысқан.

Мемлекеттік қызметшілер, ауыл спортшыларыны жазғы спартакиадалары, спорт түрлерінен, наурыз мерекесіне байланысты қол күрес, арқан тартыс, гір спорты, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қазақ күресі,«Денсаулық фестивалі», турнирлер, оқушылар арасында «Нашақорлыққа – жол ЖОҚ» ұранымен эстафеталық сайыстар, «былғары доп» атты аудан тұрғындары мен оқушылар, жастар арасында жарыстар, жас ерекешеліктеріне қарай қатысатын Президенттік сынақ тапсыру айлықтары өткізіліп келеді.

Аудан және окургтерде «Олимпиада күнін», үш кезеңнен, үш жас ерекшеліктері бойынша қазақ күресінен «Қазақстан барысы» ұйымдастырылып, (2013 жылы 100 адам қатысты) алдағы болатын жарысқа спортшылар санын арттыру жоспарлануда.

Аудан орталығында мекеме қызметкерлері, аудан жастарының спорт нысандарына қол жетімділігін арттыру мақсатында «Ойыл балалар- жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ойын залына футбол, волейбол, үстел, теннисі, тоғызқұмалақ топтарында шұғылдануға жағдай жасалынған.

Елбасының тұрғындарды бұқаралық спортпен қамту үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.

Аудан спортшылары волейболдан ерлер арасында облыстық «Ақ бидай» ауыл спорты спартакиадасында І орын, волейболдан қыз балалар ІV орын, гір спортынан Б.Қлипанов ІІІ орынға ие болды. Жалпы командылық есеп бойынша 9 орын. Волейболдан Республикалық «Ақ бидай» ауыл спорты спартакиадасына облыс құрамасына еніп, аудан атынан Нұрлан Мұқашев, Төлеген Тынысқалиев қатынасты. Облыстық қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы» жарысында Тимур Қалниязов ІІ орын, Айзат Базартаев ІІІ орынға ие болды.

2013 жылы 2 оқушы- «1 жасөспірімдік» спорттық разряд, 5 - «2 жасөспірімдік» спорттық разряд,  7 - «жасөспірімдік» спорттық разрядтары берілді.

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек спортшылар арасында 2013 жылы Тараз қаласында жеңіл атлетикадан өткен спартакиадада Дүйсенғалиев Шаттық ІІІ орынға ие болды. 2013 жылдың ыркүйек аралығында Мүмкіндігі шектеулі мүгедек спортшылар арасында өткен Параолимпиадалық Азия ойындарына ауданнан Дүйсенғалиев Шаттық қатысып, жеңіл атлетикадан  100 м, 200 м қашықтыққа жүгіруден І орын, ұзындыққа секіруден ІІ орынға ие болды. Биылғы жылы облыстың «Жыл адамы» атағына ие болды.

Ойыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 592 спортшы шұғылдануда, жалпы оқу жаттығу топтарының саны 44. Спорт түрлері: еркін, қазақ күресі, волейбол(ұл,қыз), үстелді теннисі, тоғызқұмалақ, гір спорты. Жалпы жаттықтырушылар саны-17. (Қараой, Сарбие, Құрман, Ш.Берсиев, Кемер, Қайыңды, Теректі, Көсембай, Қаракемер филиал жұмыс жасауда. Жас спортшылар аудан біріншілігі (дзюдо) 113 оқушы, І орын-5, ІІ орын-4, ІІІ орын-9. Турнир мен ашық қала, БЖС біріншіліктеріне 82 оқушы қатысып, І орын-8, ІІ орын-6, ІІІ орын-1.Республикалық Халықаралық турнирінде І орын-1, ІІІ орын-1. Облыс чемпионаттарына еркін күрестен 10 оқушы қатысып, 2-алтын, 1-күміс, жалпы чемпионаты командалық есеп бойынша 10 орын. Үстел теннисінен 8 оқушы қатысып, командалық есеп ұл-ІV орын, қыздар –ІІ орын, жекелей ІІІ орын-1. Қазақстан Республикасы чемпионатына 3 оқушы қатысып, 1 оқушы -ІІІ орын ие болды.

«Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2013 жылы бюджеттен облыстық жарысқа - 1215,0 мың т, аудандық- 668,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілген. 2013 жылы бөлімге бюджеттен бөлген қаражат -2071,0 мың теңге, толықтай игерілді.

Облыс әкімі А.Б.Мұханбетов таяудағы үш жылға арналған «Көркейе бер, туған жер! » акциясы басталғанын жариялады. Осы шараның аясында Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясына жасанды спорт алаңы жасақталды.



Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

1.Мақсаттарға жету




Атауы

Өлшем бірлігі

2013

жылдың жоспары

Факт


Орындалуы туралы ақпарат




1




2

3

4

5







Негізгі бағыт 2. Әлеуметтік саланы дамыту







Мақсаты 11. Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.















19


Ішкі істер органдарына халықтың сенім деңгейі

%

52

52








Міндеті 1.Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету




19.1



Жол-көлік оқиғасы кезінде

адам өлімінің деңгейін

төмендету (10 мың автокөлік бірлігіне)


бірлік

12,0

2

Аудан бойынша 2 көлік оқиғасы тіркелген, адам өлімімен.






Міндет 2. Қоғамдық тәртіпті күшейту және өмір,денсаулық, атазаңдық құқыықтар мен еркіндіктердің қажетті деңгейін қолдау.






19.2



Өндірістегі қылмыстық

істердің санынан ауыр және

аса ауыр қылмыстарды ашу үлесінің арттыруы


%

51

100

2013 жылғы қаңтар –желтоқсан айларында ауырлық санаттары бойынша тіркелген қылмыстар саны 90, оның ішінде ауыр қылмыс 5, ашылу деңгейі 100 пайыз.






19.3


Ұсталған есірткі мөлшері,

оның ішінде героин,кг


%


0,2


75 түп








Ырғыз АІІБ

2012

ЖПТ-на ОІІД-нің ЖПБ-нан арнайы жабдықталған 1 дана автокөлік алынды.


2.Іс-шараларды орындау.




Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушалар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

1

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды қызметке ынталандыру

ақпарат

ІІБ


2011-2015

Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде


2

Бейне бақылау жүйесін ұлғайту

ақпарат

ІІБ


2011-2015

2 бейне бақылау жүйесі орнатылды.

3

Ішкі істер органдарын жанар-жағар май\мен қамтамасыз ету


ІІБ


2011-2015

Облыстық бюджеттен қаржыландырылады

4

Нысанды киім кешектермен қамтамасыз ету

акт

ІІБ

2011-2015

Облыстық бюджеттен қаржыландырылады

5

Жол жиектеріне жасанды «Жатқан милициялар» сатып алу және орнату

акт

ІІБ


2011-2015

Облыстық бюджеттен қаржыландырылады

6

Автоматты 4 стацинарлық кешен мен «Арена» жол қауіпсіздік ережелерін бұзу бейне фиксациясын сатып алу

акт

ІІБ


2013

Облыстық бюджеттен қаржыландырылады

7

«Зоркий» магниті оптикалық приборының 1 комплектісін сатып алу

акт

ІІБ


2013

Облыстық бюджеттен қаржыландырылады

8

Қолға алып жүретін 5 бірлікті «Мотоrola-240,280» радиостанцияларымен қамтамасыз ету.


акт

ІІБ


2013

Облыстық бюджеттен қаржыландырылады

9

Тергеліп тұтқындалған тұлғаларды құжаттандыру




ІІБ

2011-2015

Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде


10

Есірткі заттардың зиянын айқындайтын баннер ілу.

акт

ІІБ

2011-2013



Облыстық бюджеттен қаржыландырылады



5. Талдамалы жазба хат.

Ақтөбе облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының іс шаралар жоспары бойынша Ойыл ауданы ішкі істер бөлімімен бірқатар жұмыстар атқарылды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс шараларды іске асыру мәселелерін аудан әкімі жанындағы құқық қорғауға бағытталған комиссиясының отырысында қаралды.

Өмірідің қиын жағдайына тап болған ата-аналарға немесе олардың орынын ауыстыратын адамдарға балалардың құқықтарын сақтау және мүдделерін қорғау мәселелеріне құқықтық және кеңестік көмек көрсетілуде.

Ойыл ауданы көлемінде орналасқан жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында, бұқаралық ақпараттар құралдары өкілдерін тарта отырып, тақырыптық әңгіме кеңестер кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқу орындарына бармай, қасақана орта білім алудан жалтарып жүрген балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша іс шаралар жүргізілді.

Қоғамдық орындарда, көшелерде, сонымен бірге патрульдік бағыттарда жасалған қылмыстарға толық талдау жүргізіліп, патрульдеу бағыттары қайта қаралып, полицияның кешенді күштерін пайдалану жоспарларына тиісті түзетулер енгізілді. Бірыңғай орналастыру жүйесінде полиция кешенді күштері қызметін ұйымдастыру ерекше бақылауға алынуда. Полиция кешенді күштерінің нарядтарының тығыздығы, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақыттарында қылмыс жасалуы ықтимал орындарда Ойыл ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірге құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарды жұмылдыра отырып, жергілікті алдын алу іс шаралары күшейтілген түрде жүргізілуде.

Қоғамдық тіртіпті, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу, бөтеннің мүлкін, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып тұрғындардың малдарының қараусыз қалуына жол бермеуге учаскелік полиция инспекторларымен халық арасында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жаңа қызметтік автокөліктер алынуда, селолық округдерге бөлінген автокөліктерді қоса алғанда қазіргі таңда Ойыл ауданы ішкі істер бөлімінде 9 қызметтік автокөлік бар.






Жол үстіне «ойлы-қырлылық» қажетті көшелерге орнату үшін жергілкті селолық округ әкіміне ұсыныс жасалды.

Төтенше жағдайдың алдын алу

1.Мақсаттарға жету

Атауы

Өлшем бірлігі

2013

жылдың жоспары

Факт


Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт 2. Әлеуметтік сала.

Мақсат 10. Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор













20



Төтенше жағдайлардан адамдар мен

материалдық шығындарды жыл

сайын азайту


%

0,2

0,001

2013 жылы техногендік сипаттағы ТЖ-дан есептік уақытта 2 адам қаза болды. Материалдық шығын болған жоқ.




Міндет. 3 Дағдарысты жағдайларда басқарудың дайындық, шапшаңдық және тұрақтылық деңгейін көтеру

20.1

Су тасқындар мен су басулар, селдер, жылжымалар, жер қозғалу мен өрттерге қарсы инфрақұрылымның қамтылу деңгейі

%

100,0

100,0


Су тасқыны кезеңінде ЖЖМ қоры 7 тн, 30 м3 ағаш, 1500 дана қапшық дайындалды.


2.Іс шараларды орындау



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6




Өрт қауіпті кезеңде орман дала өрттерінің алдын алу және су тасқыны кезеңінде елді мекендерді су тасқынын алдын алуды ескерту




Аудан әкімдігі,

Төтенше жағдайлар бөлімі


2013 жыл


Өрт пен су тасқынының алдын алу және ерікті құрамаларын машықтыру мақсатында сәуір айында «Көктем-2013» республикалық командалық штабтық оқу жаттығу өткізілді. Мамыр айында ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындықтары тексерілді.


4. Қаржылық қаражаттарды игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар,

мың. тенге



Факт,

мың. тенге

Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

РБ










ОБ










МБ

900,0

900,0




Жиыны

900,0

900,0




5.Аналитикалық жазбахат.
Аумақтық даму жоспарын қорытындылай келе Ойыл ауданының АҚ және ТЖ бойынша 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму жоспары 5 жылға келісіліп бекітілген болатын. Жоспар бойынша табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-дан адамдармен материалдық шығындарды азайту 0,2 пайызға жоспарланды. 2013 жылы аудан аумағында 2 адам улы газдан қайтыс болды, материалдық шығын болған жоқ.

Ерікті өрт сөндіру жасақтарын өртке қарсы құрал жабдықтармен жабдықтауда әр селолық округке өрт қауіпті кезеңге 120 мыңнан Ойыл селолық округіне 180 мың теңге қаржы бөлініп берілді. Әрбір селолық округте 15 сапалақтан және 5 данадан өрт сөндіру бүріккіштері бар, толықтай қамтамасыз етілген.

Орман дала өрттерін жоюға әрбір селолық округтен ЕӨСЖ құрылды. Мекемелер арасында кезекшілік жасақталды. Күнделікті спутниктік мониторинг арқылы пайда болған өрттер бақыланып отырды. 2013 жылы 14 далалық өрт болды, барлығы ЕӨСЖ және кезекші мекемелер арқылы сөндірілді. Ауданда 5 гидротехникалық құрылғы бар. Су тасқынынан елді мекендерді қорғау мақсатында барлық су жіберу құрылғылары бақылауға алынды. Аудан орталығының жоғарғы жағынан суды бөгеу мақсатында дамба салынды.

Көктемгі су тасқынына резервте 7 тонна жанар-жағар май, Екпетал елді мекенінде 30 м3 ағаш 1500 дана қапшық және жол мекемесінің ауласына 100 тонна құм дайындалды. Көктемде қардың аз болуына және судың келмеуіне байланысты қаражат бөлінген жоқ.

Ауданда 5 гидротехникалық құрылғы бар. Олардың барлығына тексеру жасалып жай күйі туралы акт жасақталды. Қиыл-Тассай бөгеті күрделі жөндеуді қажет етеді. Қалған бөгеттер жай-күйі жақсы.

Қиыл-Тассай гидротехникалық құрылғысы 2013 жылы Ақтөбе су шаруашылығы кәсіпорнының балансына берілді. Бөгетті қалпына келтіру бақылауға алынып 2014 жылға жоспарға қойылды.

Қазіргі таңда ауданда салынатын құрылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұратындай етіп салынуда.

Төтенше жағдайлардан халықты хабардар ету мақсатында жылдың әрбір мезгіліне байланысты «Ойыл» газетіне мақалалар жарияланып отыр.

Қысқы ауа райының қолайсыз кездерінде жолаушылар мен техника қозғалысын үнемі бақылауға алынды. Далада тұрып қалған техникаларды, боранды күндері адасып кеткен адамдарды құтқару мақсатында мекемелер арасында кезекшілік жасағы құрылды.

Өрт пен су тасқынының алдын алу және ерікті құрамаларын машықтыру мақсатында сәуір айында «Көктем-2013» республикалық командалық штабтық оқу жаттығу өткізілді. Мамыр айында ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындықтары тексерілді. Жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет