“Мәдени мұра” бағдарламасы Мақсаты: әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерi негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру еді.
Ұлт тарихында бұрын-соңды мұндай орасан бай, рухани қазына жарық көрген жоқ.
Осының ішінде «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясы бойынша 34 том кітап қазақ тілінде жарық көрді.
Атап өтер болсақ, бағдарламаны іске асырудың алғашқы екі жылында 218 аталым кітап әзірленіп, жарыққа шықты.
“Әлем әдебиеті кітапханасы” сериясы Кеңес төрағасы: Әшімбаев М.С. Жауапты хатшы: Асқаров Ә. А. Құрамы: Абдрахманов С., Атабаев Қ.М., Аяған Б.Ғ., Әбусейітова М.Қ., Әжіғали С.Е., Әлімбай Н., Әуезов М.М., Байпақов К.М., Балықбаев Т.О., Дүйсенбаев Е.С., Есім Ғ., Жақып Б.Ө., Жұмағалиев А.Қ., Қозыбаев І.М., Қасқабасов С.А., Қойгелдиев М.Қ., Құл-Мұхаммед М.А., Құрманбай Ш., Мәжитов С.Ф., Мұхамемдиұлы А., Мыңбай Д.Қ., Нысанбаев Ә.Н., Өскенбаев Қ.А., Салғара Қ., Самашев З., Сариева Р.Х., Сұлтанов Қ.С., Тұяқбаев Қ.Қ., Түймебаев Ж.Қ. Аударған: Гүлшат Түсіпова
Гүлшат Түсіпова – филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Білім саласындағы көшбасшылық және саясат мамандығы бойынша магистр (Лидс университеті), Абердин университетінің докторанты. Ұлттық аударма бюросы жүзеге асырған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір бағыты "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының аудармашыларының бірі.
Түпнұсқа
|
Орыс тілінде
|
Г.Түсіпова нұсқасы
|
А.Қуанышұлы нұсқасы
|
FOR years, Dorian Gray could not free himself from the memory of this book. Or perhaps it would be more accurate to say that he never sought to free himself from it. He procured from Paris no less than five large-paper copies of the first edition, and had them bound in different colors, so that they might suit his various moods and the changing fancies of a nature over which he seemed, at times, to have almost entirely lost control.
|
В течение многих лет Дориан Грей не мог освободиться от влияния этой книги. Вернее говоря, он вовсе не старался от него освободиться. Он выписал из Парижа целых девять экземпляров, роскошно изданных, и заказал для них переплеты разных цветов, — цвета эти должны были гармонировать с его настроениями и прихотями изменчивой фантазии, с которой он уже почти не мог совладать.
|
Көп жылдар бойы Дориан Грей бұл кітаптың әсерінен арыла алмады. Дұрысырақ айтқанда, одан өзі де қашпады. Ол Парижден осы кітаптың үлкен түптеумен шығарылған тоғыз данасына тапсырыс беріп алдырып алды. Әрқайсысын өзінің қиялы мен әр кезде әрқалай құбылып тұратын көңіл күйіне лайықтап, түрлі түсте, алтынмен аптатып, күміспен күптетіп тыстатты. Өз қалауын мүлтіксіз орындауға ол әбден бел буып алған еді.
|
Дориан Грей бұл кітаптың әсерінен ұзақ жыл арыла алмады. Дұрысы, өзі арылғысы келмеді. Ол Парижге арнайы тапсырыс беріп, осы кітаптың тоғыз данасын тоғыз түрлі етіп түптеткізіп алдырды: мұқабасының әрқайсысын сәт сайын сан құбылатын көңіл-күйі мен жеті қабат аспан мен жеті қат жерді тегіс шарлап кете-тұғын қиялына лайықтап өрнектеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |