Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Газеттік-публицистикалық аударма



Pdf көрінісі
бет25/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

1.2.4 Газеттік-публицистикалық аударма 
Газет-журналдардың мәтіні кең ауқымды. Түрлі ақпараттарға, 
мәліметтерге бай. Оның негізгі мақсаты – жаңа мәліметтерді, тың 
деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер 
әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, 
мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі 
белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж 
т.б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік 
бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық 
стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі 
эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы 
баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны
тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады. 
Газет-журналдар мәтінінің тілдік мағынасының құралы белгілі 
бір дәрежеде дайын күйдегі, кең қолданыстағы тіркестер, сөздер 
саналады. Газет-журналдардың мәтіні – толығымен нысаналы 
түрдегі когнитивтік ақпарат. Бұл тілдік құралдарының контексіне 
еш тәуелсіз ұғымдар түрінде сипатталады: бұл сандық мәліметтер, 
кісі атаулары, лауазымдары, атақ, дәрежелері, фирма, мекеме, 
ұйым, кәсіпорын, шаруашылық, географиялық атаулар.
Газет-журнал 
мәтіндерінде 
негізінен 
стилистикалық-
тілдік жазба әдеби тіл нормасы қолданылады. Кейде ауызша 
сөйлеу тілі де қолданылады. Бұл кейіпкер сөздерін шығармаға 
автордың композициялық-идеялық мақсатында пайдаланылады. 
Сұхбаттарда да ауызекі тіл араласады. Бұл қалыпты жағдай. Оны 
түзетіп, әдеби өңдегенмен, бірақ түрлендіріп, әсірелеп, әдеби үлгіде 
қайта жасау жасандылыққа апарады. Әрі кейіпкер тілін, ойын 
бұрмалау саналады. Аудармада осы жай ескерілуі тиіс. Сонымен 
бірге баспасөз материалдарында тұрақты сөз тіркестері, кәсіби 
сөздер, салалық терминдер, нақыл сөздер жиі кездесетіндіктен, 
аудармашының біліктілігі, білімділігі талап етіледі. Газет-журнал 
мәтіндерінде дерек, мәліметтерді бұрмалауға, тастап кетуге 
болмайды. Ресми ақпараттарды аудару негізінде ондағы мәтін 


67
тұтастай сақталуы дәл жеткізілуі міндеттелінеді. Шағын хабарға 
аудармашы аты-жөні қойылмайды. Ол ұжымдық еңбектің нәтижесі 
әрі баспасөзге ортақ ақпарат саналады. 
Үлкен көлемдегі танымдық, ғылыми-көпшілік, мәдени, 
әдеби мақала, зерттеулерде ой қайталанған жағдайда әрі 
оқырман талғамын ескеру негізінде, мәтінге қысқартып, 
ықшамдау қажеттілігі туады. Тұрақты сөздердің мағыналық 
байланысын, астарлы ойын аңғарып барып аудару тиімді. 
Газет-журнал мәтіндерінің тағы бір ойландыратын мәселесі –
астарлылығы. Кейде журналистер оқырманға таныс кітаптардан, 
кинофильмдерден, мультфильмдерден, белгілі әндерден, дыбыс 
және жазба жарнамалардан дайын мәтін алып пайдаланады. Кейде 
ойда сақтала бермейтіндіктен, бұрмалап, өзгертіп қолданатын 
да жағдай кездеседі. Бұқаралық ақпараттың барлық көздерінде 
кең ауқымды ауызекі, контекст мүмкіндігінше пайдаланылады. 
Аудармашы оны қайта аударуға әрекеттенгеннен гөрі, дайын 
аудармасы болса, толық мәтін сипатында енгізгені дұрыс. Кейде 
ондай мәтін түпнұсқада өзгертіліп, автордың ыңғайына негізделсе, 
аудармада дұрыстығын көрсете отырып, түсінік жасай кеткен де 
орынды.
Газеттік-ақпараттық мәтінде көзге үйреншікті, дағдылы сөздер 
қолданылады. Бұлар көбінесе шет тілінен енген сөздер. Мысалы 
офис, супермаркет, лизинг т.б. дағдылы сөздер ақпараттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет