Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі саласы ретінде қоғам өмірінде



Дата25.02.2016
өлшемі134.28 Kb.
#21519
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі саласы ретінде қоғам өмірінде

маңызды орын алады. Ол тұрғындарға тағамдық азықтар мен өнеркәсіптің көптеген

салаларына шикізаттың негізгі массасын беруші сала. Ауыл шаруашылығы, ел

экономикасында тек азық түлік пен қамтамасыз етуші ғана емес, сонымен қатар барлық

еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамсыздандыру сферасы ретінде де өмірлік

маңызы бар сала болып табылады. Оның сәтті дамытылуынан көптеген жағдайларда

жалпы экономикамыздың көтерілуімен қатар, қарапайым халық жағдайының жақсаруы да

тәуелді.


Қазақстан агроөнеркәсібі кешені ғасырлар тоғысының соңғы онжылдығында

қолайсыз, әрі қиын әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайлар мен

макроэкономикалық тоқырау кезеңінде басқа салалар секілді өзінің басынан да

қиыншылықтарды кешіруде. Бұны салада жүргізілген реформалар нәтижесін өте ауыр

сезінумен көреміз.

Экономикалық қатерлер мен нарық жағдайында кешендегі экономикалық

реформаларды жүргізумен байланысты мәселелер мен комплексті сұрақтарды негізге ала

отырып келесідей шараларды ескерген жөн.

Біріншіден, жалпы аграрлық сектор ( АӨК)- бұл халық шаруашылығын

төмендегідей үш элементтің экологиялық (рационалдылық) ұтымдылық, экономикалық

мақсаттылық және әлеуметтік тиімділігін (байланысы негізінде қарастыруды) қажет ететін

сферасы.


Екіншіден, агроөнеркәсіп кешеніндей реформаларды жүргізуде қалыптасқан

мәселелер мен сұрақтар комплексі нарық жағдайында бір уақыттылық сипатты иемденбей

және олар дамытылушы тенденциялармен тікелей байланысты ғана шешіледі.

Бұл келтірілген немесе қалыптасқан мәселелерге толығырақ тоқталу үшін жалпы

агроөнеркәсіп кешенінің атауының пайда болып экономикалық мәні мен құрылымына

тоқталамын.

Ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу отандық ғылымда

Агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) атауының пайда болып, ғылыми және практикалық сөз

қолданысына енуіне түрткі болды. Бізге оның үш тармағы белгілі. Бірінші тармағы өндіріс

қорларын өндіру, бұған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған техник-

технология жасау, қолданысқа беру жатады. Екіншісіне тікелей ауыл шаруашылығының

өзі, ал үшінші тармағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және

өткізумен айналысатын салалар жиынтығы екені белгілі.

Егер агроөнеркәсіп кешенінің мақсаттылық функциясын қарастырсақ оны екі үлкен

ішкі жүйеге бөлуге болады:

1) азық- түлік комплексі.

2) ауыл шаруашылығы шикізатынан басқа да тұтыну заттарын өндіру компллексі.

Ал оның мәні мен қызметі тұрғындарды азықтар мен және ауыл шаруашылығы

шикізатынан дайындалған азық- түлік емес тұтыну заттарымен қамтамасыз етудің

негізінде анық байқалады. Сонымен қатар өзінің экономикалық мазмұны жағынан

агроөнеркәсіп кешені динамикалық жүйені көрсетеді, мұндағы барлық элементтер өзара

байланысты, өзара тәуелді және ақырғы ортақ мақсаттар жетістіктері бағытында өзара

бірлесіп іс атқарады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі ортақ мақсаттар дегеніміз, тұрғындарды

азық- түлікпен және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған басқа да тұтыну

заттарымен қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік негізде ұйымдастырылуы- бұл оның

біріншіден, өндірістің спецификациялық индустрияльді әдістерімен жақындастырылу

процесінің жаңа сапалық белестеріне көшуі. Қоғамның өндіргіш күштерінің үдемелі

дамуынан ауыл шаруашылығының өнеркәсіппен синтезінің одан әрі тереңдетілу процесі,

өзара араласуы мен саланың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастыру-

техникалық бірігумен обьективті түрде күшейтіледі.

Агроөнеркәсіп кешені өзіне тән күрделі ішкі құрылысқа ие, мұнда әр звено өз

тұтынушыларына ғана қызмет атқарады; өнеркәсіп пен қызмет көрсету сферасы ауыл

шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өңдеуші өнеркәсіпке, өңдеуші өнеркәсіп саудаға,

сауда ақырғы тұтынушыларға.

Агроөнекәсіп кешені қалыптасуы мен қызмет атқаруы өзінен екі тенденцияны-

өндіріс интеграциясы мен дифференциациясын біліп көрсетеді.

Сонымен қатар тек салалар жиынтықтарының болуы агроөнеркәсіп кешеннің

экономикада құрылымдық өзгерісінің бар екендігін көрсетпейді.

Олардың тек мақсатты пропорционалды дамуы мен олардың арасындағы

агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен бірлестіктер базасындағы экономикалық байланыстар

ғана агроөнеркәсіп кешенінің біртіндеп қалыптасуы үшін қазіргі таңда құрылымдық жаңа

өзгерістер жасайды.

Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық категория негізіндегі қасиетін

қарастырсақ, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, оны тұтынушыға дейін

жеткізуден туындайтын өндірістік қатынастар жиынтығын көрсетеді. Материалдың

өндірістің сәйкес звенолары бұл қатынастардың тасымалдаушылары қызметін атқарады.

Агроөнеркәсіп кешенінің қалыптасуы тек бір мақсатпен ортақтасқан бірнеше

салалардың бірігуінен ғана байқалмайды, ол күрделі экономикалық байланыстардың

қалыптасуы мен олардың одан әрі пропорционалды дамуынан байқалады. Салалардың

бірігуі кәдімгі синтездің материалдық базасы түрінде ғана қызмет атқарады.

Егер агроөнеркәсіп кешеніне салалық құрылым тұрғысынан қарасақ, онда

агроөнеркәсіп кешені халық шаруашылығының өзара байланысты жиынтығын көрсетеді.

Бұл жиынтыққа- ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу мен ақырғы тұтынушыға

жеткізу және ауыл шаруашылығы үшін қажетті өндіріс қорларын өндіруде маманданған

салалар кіреді. Ал, егер агроөнеркәсіп кешенін тек салалар жиынтығы деп түсінсек, бұл

халық шаруашылығы деп аталған тұтас блоктан интеграцияланған өндірісті бөліп қарау

шараларын қиындатады.

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуын анализдеу тәжірибесі, агроөнеркәсіп кешеніндей

функционалды байланыстарды реттеу жүйесін ұйымдастырушылық дайындаусыз оның

балансталған өзін- өзі реттеуші жүйе түрінде дамуға мүмкіндігінің жоқ екендігін көрсетті.

Бұл дегеніміз яғни, агроөнекәсіп кешені ешбір саласыз өз алдына нарық субьектісі бола

алмайтындығын дәлелдейді. Сол себептен агроөнеркәсіп кешенінің салалары әрдайым

комплексті түрде бірге қарастырылуы керек. Осылайша агроөнеркәсіп кешенінің

мазмұны мен мәніне тоқталғаннан кейін кешен дамуын этапизациялау (кезеңдерге бөлу)

мәселесі туындайды.

Аграршы ғалымдар бұл мәселені шешуде бірнеше топқа бөлді.

Бірінші тобы, агроөнеркәсіп кешені жүйе ретінде бізде әлдеқашан экономикамыздың

тұрақтандырылуының бастапқы кезеңдерінде қалыптасты десе, екінші тобы

агроөнеркәсіп кешені қалыптасуының басы халық шаруашылығында агросервистік

типтегі кәсіпорындардың пайда болуы мен дамуы кезеңдеріне сәйкес келеді дейді. Ал

үшінші тобы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің құрылымдық элементтерінің пайда болуы

әлі де болса, жаңадан қалыптасу сатысында жатыр деп сипаттама берді.

Бұлармен өзіміздің Қазақстандық аграршы ғалымдарымыздың да көзқарастары

сәйкес. Қысқаша тарихы тұңғиыққа үңілсек, еліміздегі соңғы 4 оңжылдықта агроөнеркәсіп

кешеніндегі қатынастарды жетілдіруде бірнеше әрекеттер жасалынғандығын көреміз.

50- ші жылдар басында, 60-шы жылдардың бел ортасында, 80- ші жылдар басында

(КСРО үкіметінің азық-түлік бағдарламасының қабылдауымен байланысты) және қазіргі

таңдағы реформалардың өзін бірнеше дүрпін қайталап, бірнеше кезеңдерге бөліп көрсету

жағдайына жеттік. Бұл қажеттілік экономиканы реформалауды кезеңдік деңгейлерге бөліп

көрсету және секторларға бөліп жүргізуден туындап отыр.

Бұл аталған әрекеттердің барлығы өнімділікті қысқа мерзімді уақытта ғана жоғары

көтеруге мүмкіндік жасағанымен, шаруашылықты түбегейлі жаңа тиімді деңгейге

шығара алмады. Қазақстанда соңғы кезде жасалынған шаралардың бәрі дерлік сәтті

болмады. Бірақ нарық шартының өзі қатерлер мен сынаулар әдісі заңдылығын негізге

алады. Бұл еш қиындықсыз оңай келген нәтижеден ащы қиын жолмен келген нәтиженің

жемісі анағұрлым дәмді әрі сіңімді болатындығын көрсетеді. Үлкен тәжірибе арқылы тура

жолға түсу кейін бұрылуды қажет етпейді.

Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені- де бұл тартпайтын қиылысты жерлерді де

жеткілікті, олардың ішінде негізгілері:

 Жетілдірілмеген өндірістік- технологиялық және экономикалық байланыстар;

 Басқа салалармен салыстырғанда бұл саланың әрдайым мемлекет бағдарында

болуы қажеттігі;

 Агроөнеркәсіп кешені барлық звеноларының қызығушылығы мен тең

падалылығын қамтамасыз ету;

 Қатаң эквивалентті айырбастың жоқтығы мен келісім шарттың міндеттердің

орындалуының ретсіздігі;

 Одақтың көлемдей Қазақстан агроөнекәсіп кешенінің алған орнына тоқталсақ,

негізінен кешеннің екінші саласы (ауыл шаруашылығының өзі) жақсы жетістіктер берді.

Мысалы,тың игеру кезіндегі миллиондаған тонна астықтар. Бұл жетістіктерге Жер

Ананың құдыреті арқылы ғана қол жеткіздік. Бірақ бүгінгі күні жерді шектен тыс есепсіз

пайдаланудың ең алдымен экологиялық зардабынын шегудеміз.

Еңбек бөлінісінде Қазақстан агроөнекәсіп кешені алған үлесі туралы мәліметтермен

және бүгінгі күндей астық өндірісі көрсеткішімен.

Нарықтық экономика жағдайында республикамыздың ауылшаруашылық тауар

өндірушілеріне тиянақты ойластырылған, мемлекеттік қолдауға негізделген аграрлық

саясат қажет, ал мұндай қолдаудың түрі мен көлемі әр кезеңнің ерекшелігіне қарай

анықталады. Экономиканың аграрлық секторында реттеудің тек қана нарықтық әдістерін

қолдану ауыл шаруашылығы материалдық- техникалық базасының, өнім өткізу нарығы

мен инфрақұрылымының өте әлсіз жағдайында көптеген кәсіпорындардың күйреуіне

алып келеді.

Қараусыз қалған (қыстақтар) мал қоралары мен жарамсыз техникалар негізінде

шаруа қожалығын құру болашағы бар шара емес. Әрине, ол белгілі бір нәтижесін береді,

ол үшін, шаруашылықты азық- түлікті сенімді түрде өндіруші ету үшін күрделі қаражат

керек: жеке меншіктік қорлар құрылып, қомақты несие берілуі қажет.

Аграрлық сектордағы дағдарыстың бір себебі- банкілік несие саласының жалпы

жағдайы. Несие процентінің жоғарғы ставкасы ақша айналымын тұрақтандыруға да,

теңгенің толық құнды айналымдылығына жетуге де мүмкіндік бермейді. Процент

ставкасының өсуі ауыл тауар өндірушілерінің толықтай туралап қалуына алып келеді.

Еңбек өнімдерінің тұрақты құлдырауымен көптеген кәсіпорындардың өнім

рентабельділігі ұдайы төмендейді. Мұндай жағдайда ауыл еңбеккерлері тіпті жылына

120%-пен де несие алуға мүмкіндігі жоқ, бірақ солай істеуге мәжбүр: бүгінде

ауылшаруашылық кәсіпорындарының көпшілігінің айналым қорлары қарызға алынған.

Мәселе тек мұнда ғана емес. Ол экономикалық ситуацияның қарама- қайшылығында,

өйткені тапшылықты жағдайдағы экономикада процент ставкасының кез- келген

салыстырмалы өсуі инфляция мен ақша тұрақсыздығының төмендеуіне емес, өсуіне алып

келуі мүмкін, себебі біздегі инфляцияның түп- тамыры бәрінен бұрын ақша айналымы

саласында емес, тауар өндірісінің өрісінде, оның жеткіліксіз бәсекелестік және өтімділік

қабілетінде, жоғары шығындылығында жатыр. Әрине бюджет тапшылығында, процент

ставкасы да, кез- келген шектеулерді тез жеңілдету де инфляцияның нәтиже беруші-

себептері ретінде бола алады. Қолдан жасалынған шектеулердің дамуына қарай ақша

көлемі салыстырмалы түрде өндіріс шығындары мен бағаның обьективті өсуіне қарағанда

айтарлықтай көп қысқарады. Тауарлар бойынша шығындар мен бағаның өсуіне

жәрдемақы төлеу жеткіліксіз. Осыдан келіп өнім өткізудің үздіксіз дағдарысы мен

уақтылы төлемеушіліктің өсуі туындайды. Қазіргі инфляцияның мәнісі өндіріс

шығындарының «таза» инфляциясын білдіреді.

Сондықтан, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары осы жоғарыда

айтылған мәселелердің шешілуіне бағытталып,мақсатты мемлекеттік қаржыландыру

күшеюі тиіс. Өндіріс көлемі мен өнім өткізудің қысқаруын болдырмау үшін,

шаруашылықтардың бағалы дақылдарды өсіріп, асыл тұқымды мал табынан сақтау үшін

ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік қоры арқылы қажетті мөлшердегі дотация

ставкаларын белгілеу керек.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджет қорларын мақсатты бағдарламалардың іске

асуына, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің техника, қосалқы бөлшектер мен жанар

жағармай алуға кеткен шығындарына, жәрдемақы төлеуге, мемлекеттік жерге

орналыстыру шараларын жүргізуге, өсімдіктің зиянды жаулары мен ауруларына қарсы

күресуге, малдың ерекше ауруларын жою мен одан алынатын табысты жақсартуға

жұмсаған жөн. Мұндағы басты тежеуіш болатын мәселелердің бірі- ақша қорларының

үнемі жетіспеуімен ауылға несие беру механизмінің жасалмағандығы. Осы мақсатта

экономика ғылымдарының докторы С.С. Еспаев мырзаның ұсынған ауылды қолдаудың

мемлекеттік қоры іс- әрекетінің үлесін қазіргі жағдайда қолдануға болатын секілді.

Жоғарыда көрсетілген жүйені негізге ала отырып, мемлекеттік қолдау шараларының

аграрлық саясаттың келесі бағыттары бойынша жүргізіледі.

Бірінші кезеңде (1996-1998 ж.ж) аграрлық секторды дағдарыстан шығару, өндірістің

құлдырауын жою және оның өсімін тұрақтандыру, кәсіпорындарды реформалау, қор

өндіруші салалардың дамуы жөніндегі ұйымдық- экономикалық шараларды іске асыру

қарастырылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы барысындағы нормативтік

құжаттарды бекіту қажет.

Екінші кезеңде (1998- 2000 ж.ж) жаңа экономикалық механиздерді, өнім өндірісінің,

сақтау мен өңдеудің интенсивті технологияларын толықтай игеру негізінде

ауылшаруашылық өнім өндірісін тұрақтандырудан арттыруға өтуді қамтамасыз ету қажет.

Нарықтық айтқанда, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 1995 жылы 244

млрд.теңге көлемін 1998 жылы 300 млрд- және 2000 жылы 319 млрд. теңгеге жеткізу

көзделген. Бұл тұрғыдан астық шаруашылығы басымды бағыт алады. Республикамыздың

табиғи жағдайлары жоғары сапалы астық өндіруге мүмкіндік береді және ол болашақта да

еліміздің сыртқа шығаратын өнімдерінің негізгі түрі болып қалады.

Жер өңдеудің қатаң талаптарын, интенсивті факторларын сақтай отырып бидай

өнімділігін 1993- 1994- ші жылдардағы 8,8 ц/га- дан 2000 жылға қарай 10,7 ц/га жеткізіп,

бидайдың тұрақты өндірісін 20- 21 млн.тонна көлемінде қамтамасыз етуге болады. Бұл

республиканың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай- ақ 4-5

млн.тонна нанды экспорттауға мүмкіндік береді де, ол аграрлық сектор экономикасының

нығаюына септігін тигізеді. Ғылыми ұсыныстарға сәйкес бидай егісінің көлемі 2000

жылға қарай 1,9 млн. гектарға қысқартылуы тиіс. Бұған орай мемлекет астық

өндірушілерге ең аз дегендей қаржылай- экономикалық жағдай жасап, инвестициялық

және несие саясаты саласында белсенді көрсетуі керек. Ал, өндірушілер болса

технологиялық және ұйымдастырушылық тәртібін қатаң сақтауға міндетті.

Болашақта астық өндірісін арттыру мәселесімен қатар ірі өндірістік кәсі порындарда,

сондай- ақ кіші және орта қуатты шаруашылықтарда да оны өңдеу, сақтау базасын

дамыту мәселелері шешілуі тиіс. Астық шаруашылығының экономикалық тиімділігін

айтарлықтай арттыруда шағын қуатты өңдеу кәсіпорындарына артықшылық беріледі.

Соңғы жылдары республикада май дақылдарының егіс көлемі біраз өсті, ол май

өндірісін арттыруға мүмкіндік беріп, халықты өсімдік майымен қамтамасыз ету ісін

жақсартты. 2003 жылғы май өндірісінің 183 мың. тонна көлемінің орнына 2004 жылы 246

мың тоннаға, ал 2008 жылға қарай 316 мың тонна жеткізіп, өнеркәсіпті толықтай

шикізатпен қамтамасыз ету күтіліп отыр.

Есептеулерге қарағанда, бидайдан гөрі ұн және нан өнімдерін экспорттау

экономикалық жағынан барынша тиімді. Өйткені таза бидайды сақтаннан гөрі оны

жартылай дайын немесе дайын өнім түрінде сыртқа шығару көп пайда әкелері сөзсіз.

Бірақ, біздей қуаттылық тек 2,5 млн. тонна ұн өндіруге мүмкіндік береді, республика

ішінде оның 1,8 млн.тоннасы тұтынылып, тек 45- 90 мың тоннасы экспортталады. 2004-

2008 жылдар аралығында жылына 580 мың тонна бидай өңдеудің жаңа қуаттылығын

іске қосу көзделген, яғни республикамыз алдағы уақытта да негізінен бидайды

экспорттауға мәжбүр болады. Сондықтан бидайды өңдеу қуаттылығын айтарлықтай

арттыру жөніндегі шаралар қарастырылуда.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.А. Стратегия- 2030.- М.,1997 г.

2. Программа развития сельскохозяйственного производства на 2000- 2002 годы.

Республиканское совещание работников агропромышленного комплекса (8 февраля 2000

г., г.Астана). // Панорама № 6.- 11 февраля 2000 г.

3. Айтуганов Б. Развитие агропромышленного комплекса. –

Транзитная экономика, 1998 г.

4. Баймухамедова Г. Сущность, содержание и функции рынка, средств производства и

услуг в условиях рыночной экономики.// Вестник с-х науки Казахстана № 8.- 2003 г.

5. Баймуратов У.Б. Национальное экономическая система.- Алматы: Ғылым, 2000 ж.

6. Гиззатова А.И. Дифференцияция регионов Казахстана по уровню беспеченности

продовольственными ресурсами.- М.: НИИЭСХ, 2002 г.

7. Калиев Г.А. Законодательное обеспечение развития АПК в Казахстане. // Вестник с/х

науки Казахстана № 5.- 2003 г.

8. Сейтбеков Л.С. Приоритеты научно-технической политики АПК Казахстана // Вестник

с-х науки Казахстана №10- 2003 г.



9. Мадиев Г. Тенденции развития сельхоз формирований. // Вестник с- х науки

Казахстана №3.- 2004 г.__

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет