Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Қорадағы көмірқышқыл газын анықтау



Pdf көрінісі
бет13/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79
Зоогигиена каз китап

2.6 Қорадағы көмірқышқыл газын анықтау 
Жұмыстың мақсаты: 
Қора ауасындағы көмірқышқыл газын анықтауға арналған
қондырғылармен немесе құралдармен, қолда бар әдістермен танысу.
Қора ауасындағы көмірқышқыл газының мөлшері – ауа
тазалығы көрсеткіштерінің бірі. Көмірқышқыл газы (СО
2
) – иісі мен
түсі жоқ улылығы аздаған газ. Бір литр газ 0
о
С температура мен 760
мм сынап бағанасы қысымда 1,9769 мг салмақта болады, ал 1 мг газ
0,509 мл көлемді алып жатады. Оның ауадағы рұқсат етілетін
концентрациясы 0,25% көп емес. 
Ауадағы көмірқышқыл газын анықтау үшін бірнеше әдістерді
қолданады. Газоанализаторлар көмегімен жүргізілетін көлемдік
әдістер (Холден, Кудрявцев, Калмыков және басқалары) арқылы
зерттелетін ауа сынамасын сілті ертінділерінен өткізгенде
көмірқышқыл газын сіңіріп, көлемінің азаюы бойынша ауадағы
көмірқышқыл газы мөлшерін анықтайды. Д.В. Прохоров әдісі ауадағы
көмірқышқыл газын бағдарлап анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Бұл
әдістің принципі – қора ауасы мен сыртқы атмосфера ауасының
құрамын салыстырмалы тексеру, мұнда СО
2
мөлшері қала ауасында
0,04% деңгейінде, ауылды жерде 0,03% шамасында сақталады.
Қора ауасындағы көмірқышқыл газын анықтау үшін көлемдік
әдістермен қатар, жеткілікті дәл нәтижелер беретін Субботин-
Нагорскийдің титрометрлік әдісін қолданады.
Әдіс принципі күйдіргіш барийдің (Ва(ОН)
2
) титрленген
ертіндісінің белгілі бір ауа көлемінен көмірқышқыл газын сіңіруіне
негізделген. Барий ертінділерінің көмірқышқыл газын сіңіргенге
дейінгі және одан кейінгі титрлерінің айырмасы бойынша оның
зерттеуге алынған ауа көлеміндегі мөлшерін анықтайды. 
Ыдыс, құралдар мен реактивтер: 1. Дәл калибрленген,
сыйымдылығы 2 л болатын шыны құмыра. Тығында шағын флакон
өлшемі бойынша саңылау жасалған; 2. Сыйымдылығы 120 мл дейінгі
калибрленген, тегіс (бұрандасыз) мойынды және тығынды шағын
флакон; 3. Біреуіне бюретканы Ва(ОН)
2
ертіндісімен толтыруға
арналған резина грушаны жалғауға болатын, натронды әк салынған
түтік кигізілген, сыйымдылығы 50 мл екі бюретка; 4.Термометр;
5.Барометр; 6. 1 мл ертінді 1 мг көмірқышқыл газын
байланыстыратындай етіп дайындалған Ва(ОН)
2
ертіндісі; 7. 1 мл
ертіндісі 1 мг СО
2
тура сәйкес келетін қымыздық қышқылының
26



2
Н
2
О
4
·2Н
2
О) ертіндісі; 8. Индикатор –сілтілі ортада қызыл түске
боялатын, ал қышқыл ортада түссіз күйде қалатын фенолфталеиннің
1% спирттік ертіндісі.
Сурет 10 – Бюреткалар 
а – күйдіргіш барийге арналған; б – қымыздық қышқылына
арналған; в – натронды әкті түтік; г – каучукты баллон; д – қымыздық
қышқылына арналған стакан.
Анықтау барысы
1) барит ертіндісінің алғашқы титрін анықтау. Бұл үшін резина
грушаның көмегімен бюретканы жұмысқа даярланған түссіз Ва(ОН)
2
ертіндісімен толтырады, колбаға 20 мл қымыздық қышқылы ертіндісін
өлшеп алады, оған 2 тамшы фенолфталеин индикаторын қосып, әлсіз
қызғылт түс пайда болғанша Ва(ОН)
2
ертіндісімен титрлейді.
2) ауа сынамасын алып, одан көмірқышқыл газын баритті
ертіндімен сіңіру. Зерттелетін ауаны құмыра арқылы насос және
аспиратордың көмегімен үрлейді де, құмыраға (тығын саңылауына)
шағын флаконды кигізе отырып, ішіндегі 120 мл күйдіргіш барийдің
әкті титрлі ертіндісін құяды. Құмыраны 20 мин шайқайды, ертінді СО
2
27


сіңіріп, күңгірт–ақшыл түске боялады. Күйдіргіш барий ертіндісін
құмырадан шағын флаконға қайта құяды да, ажыратып, тығынмен
жауып, ертінді түссізденуі үшін 1-2 сағат тыныштықта қалдырады.
3) термометр мен барометр көрсеткішін жазу. Құмырадағы
зерттелетін ауа көлемін Бойль-Мариотт және Гей-Люссак формуласын
қолдана отырып, қалыпты шарттарға (0
о
С пен 760 мм сын. бағ.)
келтіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет