|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
АУЫЗ ҚУЫСЫ КАНДИДОЗЫНЫҢ ЗАМАНУИ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕМІ
Стоматологтардың тәжірибесінде ауыз қуысы кілегей қабығының Candida тектес саңырауқұлақтардың қатысуымен жүретін патологиялық үрдістер өте жиі кездеседі. Соңғы он жылда ауыз қуысының кілегей қабығының кандидозбен ауруы көптеп кездесуде. Бұл саңырауқұлақ инфекциясының оппортунистік топқа жатуына байланысты ауыз қуысында иммундытапшылық кезінде бірден белсенділік арттыруына байланысты болуда. Ауыз қуысының кандидозбен жарақаттануын нақтылау көбіне көп өзекті мәселе болуы кейбір АҚКҚ нозологиялық ауруларының түрінің қабыну көріністері ұқсас, ал олардың даму себептері көп факторлы болуында болып отыр. Сонымен қатар Candida тектес саңырауқұлақтардың да көптүрлі екенін ұмытпау керек. Осы топта саңырауқұлақтардың 150 түрі бар екенін есептесек, олар морфологиялық және биохимиялық қасиеті жағынан бір бірінен әртүрлі болып келетіндіктен лабораториялық нақтылау кезінде олардың замануи саңырауқұлақтарға қарсы препараттарға түрлі сезімталдығын есепке алу керек.(1,3,5). Бүгінгі күнгі мәліметтер бойынша ауыз қуысының кандидозбен ауруы Candida тектес саңырауқұлақтың 20-ға жуық түрлерімен туындалады. Сandida тектес саңырауқұлақтардың ішінде С. аlbicans 50–80% жағдайда асқазан ішек жолдары мен ауыз қуысында анықталса, ал 70% жағдайда зәр шығару жолдарында кездеседі. С. albicans – өте кең тараған және жақсы зарттелген түрі болғандықтан 90% жағдайда беткейлік немесе терең тараған кандидоз туындатады. С. albicans патогендік жағынан басқа түрлерінен басым келеді және сонымен бірге саңырауқұлаққа қарсы дәрілерге өте сезімтал болсада кейбір жағдайларда аталған дәрілермен ұзақ уақыт емделу барысында дәрілерге беріктілік дамытады (2,4).
Candida тектес саңырауқұлақтардың белсенделігін арттыратын факторлар;
Жергілікті:-Ауыз қуысын күту гигиенасын сақтамау (ауыз қуысы гигиенасымен таныс емес пациенттер, тісаралық тазалағышты қолданбайдыне, тілін тазаламайтын ж.т.б.);
-Ауыз қуысы сепсисі әсерінен иммунологиялық резистенттіліктің төмендеуі;
-Тілдің түлей қабынуы (көшпе тіл қабынуы немесе географиялық тіл)
- ВИЧ-инфекция кезіндегі түкті лейкоплакия
Жалпы қауіп факторлары:
Ауыз қуысында кандидоздың дамуына себепші болатын факторлар: эндокринді аурулар; дәрумен жетіспеушілігі (әсіресе В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі); гематологиялық бұзылыстар және т.б. Ауыз қуысының кандидозбен зақымдануын нақтылауда ең маңыздысы науқастарға толық сұрау жүргізу, шағымын және ауыз қуысы гигиенасын анықтау болып келеді. Сонымен қатар қауіпті факторларды да толық анықтаған жөн. Кандидозда науқастар ауыз қуысының құрғауына, күйіп ашуына шағымданады.
Микробиологтардың мәліметтері бойынша Candida саңырауқұлақтарының тізбекті санын және сапасын анықтауда ең тиімді және толық ақпарат беретін бірден бір әдіс жақпа алу болып саналады. Осы әдіс арқылы аурудың ауырлық дәрежесін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар аурудың ағымын, емнің нәтижесін қадағалауға болады. Кандидозды тізбектің 500 бірліктен 1000 ға дейінгісі аурудың жеңіл түрінің клиникалық симптоматикасын көрсетсе, ауыр түрі кезінде 7—10 мың тізбекке дейін көтеріледі. Сонымен қатар кандидозды инфекцияның қатысуымен ауыз қуысында кілегей қабықтың түлеу үрдісінің жылдамдауы әсерінен қабыну дамиды. Клиникалық бұл ірімшік тәріздес оңай алынатын ақшыл түстес қақ немесе кандидоздың жалған жарғақты түрі. Кандидоздың жеңіл түрінде сүттеме ақшыл түстес немесе нүктелі аралшық сияқты көбіне тілдің үстінде немесе ұртта орналасатын қақтар. Қақты алғаннан кейін қызыл түстес қызарған, атрофиялық типтес қабыну үрдісі басым эритематозды ошақтарды көруге болады. Уақыт өте келе патологиялық үрдіс кілегей қабықтың кератинизациясының жылдамдауына байланысты қақтың беті қалыңдап, аздап көтеріңкі орналсады да аспаппен қырып алу барысында алынбайды. Бұл — кератотикалық тип. Осы кезеңде бактериологиялық тексеру нәтижесі кандидоздың гиперпластикалық түрін дәлелдеп береді. Ауыз қуысындағы патологиялық өзгерістер дер кезінде нақтыланбаса ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан толық мәліметтер алу үшін микроскопиялық жақпалар алып оны арнайы культуралді тексеру әдіс арқылы зерттеу қажет.
Материал және әдістер.
Терапиялық стоматология модулінде кандидозбен ауырған 45-63 жас аралығындағы 12 науқас бақылауға алынды. Аурудың ұзақтығы 4 айдан 8 ай аралығында болды. Тоғыз науқаста кандидоздың созылмалы гиперпластикалық түрі, ал үш науқаста кандидоздың созылмалы атрофиялық түрі анықталды. Барлық науқастардың бойында әртүрлі созылмалы аурулары болды. Бүгінгі таңда көптеген антимикотикалық дәрілерге кандидоздардың сезімталдығының берік болуына байланысты науқастарға арнайы бактериологиялық зерттеу жүргізіліп, Candida тектес саңырауқұлақтардың антимикотикалық препараттарға сезімталдығы анықталды. Барлық науқастарға Candida тектес саңырауқұлақтардың антимикотикалық препараттарға сезімталдығына қарай ем жүргізілді.
Науқас К.48 жаста. Науқас Ж. 42 жаста.
Кандидоздың созылмалы Кандидоздың созылмалы
гиперпластикалық түрі. Гиперпластикалық түрі
Сурет 1. Сурет 2.
Науқастарға жергілікті және жалпы ем жүргізілді. Ауыз қуысындағы жарақат ошақтарына антимикотикалық жақпалар және сілтілік арнайы ерітінділер тағайындалды. Азолды топ антимикотикалық препараттардан флюконазол және кетакеназол тағайындалды.
Кандидоздың емі. -
Профилактикалық ем, яғни терең микоздардың дәрілік профилактикалық .емі.Кандидоздың еркшелігіне байланысты, әсер етіп жатқан немесе енді әсер ететін шартты патогенді саңырауқұлақтардың ошақтануының алдын алу үшін науқастарға жүргізіледі. Бұл мәселені шешу үшін жүйелі әсер етпейтін, жергілікті антимикотиктер мен пероральды препараттар қолданылады. Ал иммуноскомпрометирленген науқастарға жүйелі саңырауқұлақтарға қарсы препараттар, негізгі өндірілген триозолдар.
-
Инфекцияның агрессивті этиотропты терапиясы, науқастардың өміріне қауіп төндіретін, ауыр жарақаттану кезінде тез әсер етіп және ағзада аз уақыттың ішінде антимикотиктардың максимальды есер етуші консентрациясын түзеді. Бұл үшін парентеральды түрде шығарылатын препараттар қолданылады, яғни амфотерицин, флуцитозин, флуканазол, және т.б. Емнің мақсаты қоздырғыштардың толық элиминациясын жасау. Пероральды саңырақұлаққа қарсы препараттарды жалпы қолдану және толық емес абсорбцясы бар препараттар науқастың ауыр жағдайы мен иммунодефецит кезінде қолданылмайды , .
-
Эмпирикалық терапия кандидоздың агрессивті терапиясының бір түрі болып табылады. Этиотропты емнің бұл түрі, нейтропения және лихораткасы бар, сңырауқұлақты инфекцияның қауіпін ескере отырып, антибактериальды антибиотиктармен емдеу кезынде инфекция белгілері бар науқастарға тағайындайды.Этиотропты терапияда негізінде амфотерицин қолданылады, ал азольды препораттардың пероральды түрі науқастың өміріне қауіп келтірмейтын, жане критикалық жағдай кезінде өтетін инфекцияның үш түрін емдеуде қолданылады.Тағайындауға көрсеткіштер тері немесе шырышты кабаттың жарақаты болып табылады.
-
Асқынуларға қарсы терапия, агрессивті терапия жүргізілген кандидалы инфекциямен ауырғаннан кейін тағайындалатын профилактикалық терапияның бір түрі. Оның мақсаты науқас қауіп тобына жататын кезде рецидив немесе реколонизацияның алдын алу. Тек қана жүйелі антимикотиктер қолданылады.Бұл парентеральды амфотерицин В, ал ішке қабылдайтын препараттардың ішінде флуконазо, итраконзо немесе аз немесе орташа дозадағы, немесе кесте бойынша берілетін кетоконазо.
Азолды топтағы препараттардың әсер ету механизмі цитохрома Р450 жүйесіне кіретін саңырауқұлақтың жарғағының негізгі компоненттері 14а–деметилаза ферментіне, эргостеролдың пайда болуын басу арқылы әсер етеді. Жарғақтың биосинтезінің бұзылуы препараттың оған фунгистаттық әсер етуі, ал одан жоғары концентрацияда жарғақты жою арқылы жүреді.
Резюме.
В статьи описаны современные аспекты патогенеза и лечения полости рта с применением азольных групп антимикотических препаратов при лечении кандидоза полости рта.Установлено, что прирост микорорганизмов может увеличить количество грибов рода Candida и тем самым способствовать ее инвазии в ротовой полости при снижении иммунологической резистентности. Таким образом, в перспективе именно азольным антимикотикам придается большое значение.
SUMMARY
In the article the modern aspects of pathogeny and treatment of oral cavity are described with the usage of azol groups of antimycosis drugs for treatment of candidiasis of oral cavity. The increase of microorganisms increases the amount of mushrooms of sort of Candida therefore it creates its invasion in an oral cavity when immunological resistance declines.Thus, we should pay attention to azol antimycosis drugs for treatment of candidiasis of oral cavity.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Елинов Н.П. Химическая микробиология. М.: Высшая школа, 1989. С.349–365.
2.Шевяков М. А. Кандидоз слизистых оболочек пищеварительного тракта (лекция) // Проблемы медицинской микологии. 2000. Т.2, №2. С. 6–10.
3.Yoo S.S., Lee W.H., Ha J., Choi S., Kim H.J., Kim T.H., Lee O.J. Prevalence of esophageal disorders in the subjects examined for health screening // Korean J. Gastroenterol. 2007, Nov. 50 (5): 306–312. 4.Климко Н.Н. и др. Проект рекомендаций по лечению кандидоза // Проблемы медицинской микологии. 2001. Том 3, №3. С.12–25. 5.Шевяков М.А., Климко Н.Н., Антонов В.Б., Иншаков Л.Н., Колб З.К. Диагностика кандидоза пищевода // Проблемы медицинской микологии. 1999. Т.1, №4. С. 14–18. 6.Шевяков М.А., Антонов В.Б., Загорская Е.А. Структуры пищевода кандидозной этиологии // Вестник хирургии им. И.И.Грекова. 1991, № 3. С.39–41.
Страница 1 из 1
Достарыңызбен бөлісу: |