2) тиісті аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігерінің рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруды жүзеге асыруға; 3) жануарларды ашық су айдындарына жіберуге және оны жануарларға ішкізу жәнешомылдыру үшін пайдалануға; 4) вакцина егілмеген жануарларды лептоспирозбен ауырған жануарлар жайылған жайылымға немесе лептоспироздың табиғи ошағы аумағына жаюға; 5) вакцина егілмеген жануарларды лептоспирозды жұқтырған кеміргіштер анықталған азықпен қоректендіруге жол берілмейді. 145-71. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықта (фермада, отарда, шошқа қорада) клиникалық тексеру және ауруға күдікті жануарлардың дене қызуын өлшеу жүргізіледі. 145-72. Ауру және күдікті жануарларды оқшаулайды, гипериммундық сарысумен және қолдану жөніндегі тәлімдемелерде (нұсқауларда) көрсетілген дозаларда антибиотиктерді қолдана отырып, емдейді. Мұндай жануарларды сою санитариялық қасапханада, ал ол болмаған жағдайда, жеке профилактика шаралары сақтала отырып, сойылған сау жануарлардың өнімдері шығарылғаннан кейін, ауысымның соңында ет өңдеу кәсіпорынының мал сою цехында жүргізіледі. Мұндай жануарларды сойғаннан кейін үй-жайды және жабдықтарды Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде рұқсат етілген құралдармен дезинфекциялайды. 145-73. Асыл тұқымды және өндірістік құндылығына қарамастан барлық жануарларды бордақылайды және союға тапсырады. 145-73. Асыл тұқымды және өндірістік құндылығына қарамастан барлық жануарларды бордақылайды және союға тапсырады. 145-74. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардан алынған сүтті қайнағанға дейін қыздырады және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады. 145-75. Мал басының өсімін молайту үшін сақталуы қажет аналық бастарды, тұқымдықтарды және жас төлдерді вакциналағаннан кейін лептоспироцидтік препараттармен өңдейді және дезинфекцияланған үй-жайларға ауыстырады. 145-76. Өңдеудің тиімділігін күнтізбелік 10-15 күннен кейін зәрдің микроскопиясы арқылы тексереді. 145-77. Іс-шаралар жүргізгеннен кейін алынған жас төлді бөлек күтіп-бағады, лептоспирозға қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі тәлімдемеде (нұсқаулықта) көзделген мерзімде вакциналайды және шектеу алынғаннан кейін жалпы негізде өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |