29. ӘҚҚ диспетчерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
73. Үмiткер ӘҚҚ диспетчерiнiң куәлiгiн алу үшiн мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
1) жасы 21-ден үлкен;
2) бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындығының және осы Бiлiктiлiк талаптарының 29-тарауы 75-83-тармақтарында көзделген бiлiмi болуы;
3) осы Бiлiктiлiк талаптарының 29-тарауының 84-тармағында көзделген тәжiрибесi мен шеберлiгiнiң болуы;
4) рульдеу диспетчерлік пункт, старттық диспетчерлік пункт, мұнара диспетчерлік пункті, шеңбер диспетчерлік пункті, жақындау диспетчерлік пункті, жергілікті диспетчерлік пункт, аудандық диспетчерлік пункт (орталықтың), диспетчер-нұсқаушысы, аға диспетчер, ұшу басшысы үшін үшінші класты қолданыстағы медициналық қорытындысының (сертификатының) болуы.
Брифинг диспетчерлік пункті, әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчері, Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының ауысым бастығы үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) бекітілген № 086/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) болуы.
Ескерту. 73-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 20.11.2013 № 909 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
74. ӘҚҚ диспетчерiнiң куәлiгi бар адамдар төменде көрсетiлген бiлiктiлiк белгiлерiнiң (рұқсаттарының) бiреуiн алғаннан кейiн өз функционалдық мiндеттерiн орындауға жiберiледi:
1) брифинг диспетчерлiк пунктi;
2) рульдеу диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – РДП);
3) старттық диспетчерлiк пункт (бұдан әрi – СДП);
4) мұнара диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – МДП);
5) шеңбер диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ШДП);
6) жақындау диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ЖДП);
7) жергiлiктi диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi – ЖДП);
8) аудандық диспетчерлiк пункт (орталық) (бұдан әрi – АДП немесе АДО);
9) диспетчер – нұсқаушысы;
10) аға диспетчер;
11) ұшу басшысы;
12) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестiру диспетчерi;
13) Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының (бұдан әрi – ӘҚЖБО) ауысым бастығы.
75. Диспетчердiң мынадай бiлiмi болуы тиiс:
Әуе құқығы бойынша:
1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негiзгi ережелері:
жалпы ережелер;
әуе кеңiстiгiн пайдалану;
Қазақстан Республикасы авиациясының құрамы;
әуеайлақтардың сыныптамасы;
әуе кемелерiнiң сыныптамасы;
әуе қозғалысы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидасының негiзгi ережелерi:
жалпы ережелер;
Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбi;/
әуе қозғалысына қызмет көрсету;
эшелондау;
әуе трассаларымен, жергiлiктi әуе желiлерiмен және әуе трассаларынан тыс бағыттармен, жергiлiктi әуе желiлерiмен ұшу қағидасы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан ұшып өту. Шекаралық белдеу және онда ұшу ерекшелiктерi;
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнiң сақталуын бақылау;
ұшу жоспарларын және әуе кеңiстiгiн пайдалану өтiнiмдерiн, әуе кемелерiнiң қозғалысы туралы хабарламаларды беру тәртiбi;
әуе кеңiстiгiн пайдалануға уақытша режимдер мен қысқа мерзiмдi шектеулер қою тәртiбiн әзiрлеу және белгiлеу.
76. Ұшу қағидасы мен әуедегi навигация негiздерi:
1) ұшу қағидасы:
анықтамаларды бiлу;
жалпы ережелер;
әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ету;
әуе кемелерiнiң ұшуы (негiзгi талаптар, ұшуларды орындау, ерекше жағдайларда ұшу, ұшудағы ерекше жағдайлар);
iздестiру және құтқару;
апат және шұғылдық сигналдарының тiзбесi;
апат сигналы мен хабарламасын беру тәртiбi;
азаматтық әуе кемелерiн ұстау;
2) әуе навигациясының негiздерi:
ұшу бағыттары, ұшу бұрыштары, азимут (пеленг, бағыт бұрышы);
жылдамдықтың навигациялық үшбұрышы және оның элементтерi;
ұшу жылдамдығы;
ұшу биiктiгi мен қауiпсiз ұшу биiктiгiн есептеу;
ӘҚҚ-ға байланысты әуедегi навигация мiндеттерiн шешу.
77. ӘҚҚ-ға байланысты авиациялық оқиғалар:
1) себеп салдары, авиациялық оқиғаларды зерттеу қорытындылары бойынша кемшiлiктер мен ұсынымдар;
2) авиациялық оқиғалар туралы жалпы ережелер, анықтамалар, сыныптамалар мен хабарландырулар.
78. Әуе қозғалысына қызмет көрсету:
1) ӘҚҚ-ға қатысты бөлігінде ұшуды орындауды реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлер;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету нұсқаулығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген):
анықтамалар мен жалпы ережелер;
әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметi және оның жұмысын ұйымдастыру;
әуе кеңiстiгiн ұйымдастыру;
әуе қозғалысына қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
әуе қозғалысын жоспарлау және ағындарын ұйымдастыру;
әуе қозғалысына қызмет көрсету;
ұшу-ақпараттық қызмет көрсету;
авариялық хабарлау қызметi;
бақылау негiзiнде қызмет көрсету;
3) әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерiнiң жұмыс технологиясы:
жалпы ережелер;
кезекшiлiкке дайындалу және кезекшiлiктi қабылдап алу;
әуе қозғалысына қызмет көрсетудi беру межелерi;
әуе қозғалысына қызмет көрсету;
ерекше жағдайларда ұшу және ұшудағы ерекше жағдайлар кезiндегi әуе қозғалысына қызмет көрсету.
79. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекiтiлген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6635 нөмiрiмен тiркелген):
радиоалмасудың жалпы қағидалары;
радиохабар тарату кезiнде қолданылатын радиоалмасу фразеологиясы;
авариялық және шұғыл байланыс қағидалары;
әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң диспетчерлiк пункттерi арасында ақпаратпен алмасу.
80. Авиациялық метеорология төмендегіні қамтиды:
авиациялық метеорологияның негiзгi теориялық мәселелерi;
авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етудi регламенттейтiн құжаттардың негiзгi ережелерi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес әзiрленген әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығы;
метеорологиялық байқаулар мен жиынтықтар;
әуе кемелерiнiң бортынан байқау және хабарлау;
ауа райы болжамдары;
қауiптi метеорологиялық жағдайлар мен ауа-райы құбылыстары туралы ескертулер;
ауа райының авиациялық карталары;
әуедегi ӘК экипаждарын метеоақпаратпен қамтамасыз ету.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 20.09.2013 № 733 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
81. Қолданылатын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс құралдары:
1) радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтардың және авиациялық электр байланыс құралдарының тактикалық-техникалық сипаттамалары;
2) радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтарды орналастыру және олардың жұмыс iстеу қағидаты.
82. Шет тiлi:
1) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде радиобайланыс жүргiзе бiлу;
2) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде сөйлесе алу және оны түсiну;
3) радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде шығарылған аэронавигациялық ақпарат құжаттарын қолдана бiлу.
83. Адамның әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мүмкiндiктерi мен шектеулерi:
1) адам факторының әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiндегi ықпалы;
2) Аэродинамика негiздерi, ӘК-нiң ұшу-техникалық сипаттамалары:
ӘК-нiң негiзгi геометриялық көрсеткiштерi;
ӘК-нiң негiзгi аэродинамикалық сипаттамалары;
ӘК қанатын механикаландыру;
атмосферадағы жағдайлардың ӘК-нiң аэродинамикалық сипаттамаларына әсерi.
84. Диспетчер мына салаларда тәжiрибелi және бiлiмдi болуы тиiс:
1) жұмыс технологиясына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыру;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу қағидалары мен фразеологиясын бiлу;
3) әуедегi және метеорологиялық жағдайды талдай келе, түрлi жағдайларда дұрыс және дер кезiнде әрекет ету;
4) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарын жұмыс барысында дұрыс қолдану;
5) шектес диспетчерлiк пункттермен, ӘК ұшуларын қамтамасыз ететiн және бақылайтын қызметтермен және органдармен бiрлесiп әрекет ету;
6) әуеайлақтағы және(немесе) жауапкершiлiк аймағындағы апатқа ұшыраған ӘК-ға көмек көрсету үшiн тиiстi қызметтердi дер кезiнде ақпараттандыру.
85. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң бiлiмiне осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
1) брифинг диспетчерлiк пунктiне рұқсат алу кезiнде:
әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары;
әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
аэронавигациялық құралдар;
ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi;
ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;
2) РДП, СДП, МДП, ШДП, ЖДП-ға рұқсат алу кезiнде:
әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары және көзбен шолу құралдары;
әуеайлақ ауданындағы әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
аэронавигациялық құралдар;
ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi;
ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;
3) АДП (АДО) немесе ЖДП-ға рұқсат алу кезiнде:
әуеайлақтың бас жоспары және физикалық сипаттамалары;
әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;
қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;
аэронавигациялық құралдар;
ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;
әуе қозғалысының және әуе қозғалысы ағынының сипатты ерекшелiктерi;
ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс- қимылдар жоспары.
86. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң машықтарына (машықтануына) осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
Үмiткер бекiтiлген бағдарлама бойынша теориялық дайындық курсынан және ӘҚҚ диспетчерiнiң (нұсқаушысының) жетекшiлiгiмен машықтанудан жақсы өттi деп саналады, егер ол:
1) брифинг диспетчерлiк пунктiнде бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына қызмет көрсетудi кемінде 140 с жүзеге асырған болса;
2) РДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 140 с жүзеге асырған болса;
3) СДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 280 с жүзеге асырған болса;
4) ЖДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 280 с жүзеге асырған болса;
5) ШДП, МДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 430 с жүзеге асырған болса;
6) ЖДП бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 430 с жүзеге асырған болса;
7) ЖДП-дағы тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты ұшудың орындалуын кемінде 280 с қамтамасыз еткен болса;
8) АДП-дағы (АДО-дағы) радиолокациялық бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты диспетчерлiк қызмет көрсетудi кемінде 460 с жүзеге асырған болса;
9) АДП-дағы (АДО-дағы) тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты ұшудың орындалуын кемінде 280 с қамтамасыз еткен болса;
10) диспетчер-нұсқаушының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде үш жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
11) аға диспетчердiң бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, ӘҚҚ-ны бақылауды және ұйымдастыруды кемінде 310 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде үш жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
12) ұшу басшысының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, әуе қозғалысына қызмет көрсетудi бақылау мен ұйымдастыруды кемінде 310 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде екi немесе кемінде үш бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде алты жыл жұмыс өтiлi талап етiледi;
13) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестiру диспетчерiне қатысты әуе қозғалысын жоспарлауды, бақылауды және үлестiрудi бөлiмшеде 300 с бойы қамтамасыз еткен болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi талап етiледi;
14) ӘҚЖ БО-ның ауысым бастығының бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты, әуе қозғалысын жоспарлауды бақылау мен ұйымдастыруды кемінде 300 с жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлiмшеде кемінде екi бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) бар болса, оған қатысты бiлiктiлiк белгiсi мен кемінде бес жыл жұмыс өтiлi талап етiледi.
87. Егер диспетчерде басқа санаттағы ӘҚҚ диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi немесе басқа бөлiмше бойынша тура осы бiлiктiлiк белгiсi бұрыннан болса, талаптар дәрежесi жоғарыда аталған талаптардан 30%-ға дейiн азаюы мүмкiн.
88. Тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) алар алдында диспетчердiң шеберлiгiне осы Бiлiктiлiк талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
Үмiткер қауiпсiз, ретке келтiрiлген және жедел диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн талап етiлетiн шешiм қабылдау және мiндеттердi орындау шеберлiгi мен қабiлетiн берiлетiн құқықтарға сай деңгейде көрсете бiлдi.
89. ӘҚҚ диспетчерiнiң екi бiлiктiлiк белгiсiн (рұқсатын) бiрге сұраған жағдайда, куәлiк беретiн өкiлеттi орган әрбiр бiлiктiлiк белгiсiне (рұқсатына) қатысты талаптарды анықтайды.
90. Төменде көрсетiлген бiр немесе бiрнеше бiлiктiлiк белгiсi (рұқсаты) қойылған ӘҚҚ диспетчерi куәлiгi иесiнiң құқықтары:
1) брифинг диспетчерлiк пунктiнiң немесе әуеайлақ ауданындағы диспетчерлiк пункттiң (АДО) (РДП, СДП, МДП, ШДП) диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуеайлақта әуеайлақтық диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
2) ЖДП диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – жақындау кезiнде (Approach) диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн диспетчерлiк органның құзырындағы осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде әуеайлаққа немесе әуеайлақтарға жақындау кезiнде диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
3) АДП-дағы (АДО-дағы) радиолокациялық бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде радиолокаторды қолданып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданында диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етедi;
4) АДП-дағы (АДО-дағы) тәртiптiк бақылау диспетчерiнiң бiлiктiлiк белгiсi – осы куәлiк иесi аттестациядан өткен әуе кеңiстiгi шегiнде немесе осы әуе кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi шегiнде стриптердi немесе графикалық бақылауды қолданып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданында ұшулардың орындалуын қамтамасыз етедi және/немесе диспетчерлiк қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етудi бақылайды.
91. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi бiлiктiлiк белгiсiнде көзделген функцияларды 6 ай iшiнде жүзеге асырмаған жағдайда, бiлiктiлiк белгiсi күшiн жоғалтады.
30. Аса жеңiл авиацияның кемелерiне техникалық қызмет көрсету
және оларды жөндеу жөнiндегi маманға (техник/механик)
қойылатын біліктілік талаптары
92. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiне үмiткер 18 жастан үлкен болуы қажет.
93. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң үмiткер бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуi және мына салаларда бiлiмiнiң болуы:
1) әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сертификаттау және ұстап тұратын процесiн реттейтiн ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру әдiстерi мен рәсiмдерiн қоса алғанда, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маман куәлiгiнiң иегерiне қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
2) математика негiздерi, өлшем бiрлiктерi, физика мен химияның iргелi қағидаттары мен теориялық негiздерi;
3) аса аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi тиiстi басшылықтарда көзделген әдiстемелерге сәйкес әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сақтау, күрделі жөндеу әдістері мен рәсімдері, ағымдағы жөндеу, тексерулер, ауыстыру, әуе кемесін және оның құрауыштары мен жүйелерін жаңғырту немесе конструкцияларының ақауларын жою үшін қажетті жұмыстарды орындау.
94. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманға мыналар қажет:
1) заттың теориялық негiздерiн түсiнуi;
2) егер қолдануға келсе, үлгi мысалдарды пайдалана отырып, заттың жалпы сипаттауын бере білу;
3) затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды оқи бiлуi және түсiнуi;
4) нақтыланған рәсiмдердi пайдалана отырып, өзiнiң бiлiмiн практикада қолдана бiлуi қажет.
95. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегi маманға: тәжiрибе болуы:
орта (толық) бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде бiр жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы; немесе
орта кәсiптiк бiлiмi болған кезде пайдалануда кемiнде алты ай техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi практикалық жұмыс тәжiрибесi болуы тиіс.
31. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторына қойылатын біліктілік талаптары.
Ескерту. 31-тараумен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011.12.02 № 711 (4-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
96. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторының куәлігін алу үшін үміткер 18 жастан үлкен болуы тиіс.
97. Авиациялық станцияның (теңіз қондырғысында орналасқан) операторының куәлігін алу үшін үміткер мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) техникалық білімі болуы;
2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мынадай салаларда білімі болуы:
Авиациялық фразелогия және радио алмасу ережесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасын және теңіз қондырғысында жұмыс орындауды реттейтін нормативтік актілерді;
әуе қозғалысына қызмет көрсету;
ұшу ережелері және әуе навигациясының негіздері;
авиациялық метеорологияның теориялық мәселелерін және авиацияны метео қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттардың негізгі ережелері;
радионавигациялық жабдық жұмысының негіздері мен қағидаттары;
радионавигациялық жабдықтың тактика-техникалық сипаттамалары және авиациялық электр байланысының құралдары;
қызмет көрсететін әуе кемелерінің негізгі деректері мен тактика-техникалық сипаттамалары;
3) аттестатталған авиация станциясы операторының басшылық етуімен өтініш берудің алдында тікелей 6 ай ішінде кемінде 60 жұмыс күнінде теңіз қондырғысында табысты тағылымдамадан өту;
4) әуе кемелерінің, басқа да ұшу аппараттарының ұшуын және теңіз қондырғысы ауданында әуе кеңістігінде материалдық объектілердің өзге де орын ауыстыруын бақылауды білу;
5) метеорологиялық және орнитологиялық жағдайдың жай-күйін бақылауды және талдауды білу;
6) әуе кемесі экипажын ұшуды қауіпсіз жоспарлау және орындау үшін, сондай-ақ теңіз қондырғысы бар әуе кемесінің қонуы мен ұшуы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете білу;
7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде авариялық-құтқару қызметтерімен байланысты және өзара іс-қимылды қамтамасыз ете білу. Авария орнын, апат ауданын карта мен схема бойынша анықтай білу;
8) теңіз қондырғысында орналасқан байланыс құралдарын, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді және радио сигнал беруді баптауды, тексеруді және басқаруды жүзеге асыруды білу;
9) әуе кемесімен жолаушыны,багажды және жүкті тасымалдауға арналған құжаттарды рәсімдей білу;
10) радио, телефон, факс, электрондық почта, Интернет жүйесі арқылы телеграммалар мен хабарларды қабылдауды және жіберуді білу;
11) газ-өрт жабдығының жай-күйін тексеру бойынша машықтарды білу;
12) теңіз жабдығы қозғалысының мониторингі бойынша жабдықтармен жұмыс машықтарын білу;
13) ауа райы жағдайының мониторингі бойынша жабдықтармен жұмыс машықтарын білу;
14) авиация станциясының операторы функциясын орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін игеру машығын білу.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |