Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы


Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдауды



бет7/12
Дата12.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#130599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi
      282. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдауды әдетте, бiр ғана жолаушылар тобын тасымалдың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне жеткiзу және осы пункттердiң арасында не көрсетiлген бағыттардың бiрiнде жолаушыларды отырғызбай және түсiрмей керi әкету мақсатында жүзеге асырылады.
      283. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдау кезiнде тасымалдаушы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жол парағын толтырады.
3. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi
      284. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен тасымалдаудың жүйелiк сипаты бар және азаматтарды жұмыс, оқу орындарына жеткiзу мақсатында, сондай-ақ туристiк және экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыру үшiн жүзеге асырылады.
      285. Туристiк және экскурсиялық ұйымдардың өтiнiмдерi бойынша тапсырыспен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жол парағын толтырады.
      286. Тәрбиелеу және бiлiм беру мекемелерiнiң өтiнiмдерi бойынша балаларды тапсырыс бойынша тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi осы Қағиданың 11-тарауында көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
      287. Жолаушыларды және багажды тапсырыс берiлген автобустармен және шағын автобустармен тасымалдау қызметтерге тапсырыс берушi мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, оның көшiрмесi автокөлiк құралында болуға тиiс.
      Ескерту. 287-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
10-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау
1. Жалпы ережелер
      288. Жолаушылар мен багажды таксимен дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрi – таксимен тасымалдаушы) тасымалдауы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына белгiленген нысандағы хабарламаларды беру жолымен осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңiл автомобильдермен жүзеге асырылады.
      Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде қызметтi хабарландыру тәртiбiнiң талаптарын сақтамай жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді, ол олардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
      Көрсетілген тізілімнен шығаруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары такси тасымалдаушысының өтініші, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағында және осы Қағидада көзделген такси тасымалдаушысының қызметіне тыйым салу немесе міндеттемелерін орындамауы туралы сот шешімі бойынша жүргізеді.
      Ескерту. 288-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      289. Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде төрт бүйір есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдер қолданылады.
      Арнаулы басқаруы бар автокөлiк құралдарын такси тасымалдауы үшiн қолдану, соның iшiнде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулi оң жақтағы рұқсат етiлмейдi.
      Ескерту. 289-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру және ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру тәртiбi
      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290. Жолаушыларды таксиге отырғызу және одан түсiру арнайы жабдықталған такси тұрақтарында немесе автомобильдердiң тоқтауына жол қозғалысы ережелерiнде рұқсат етiлген жол желiсiнiң учаскелерiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 290-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290-1. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымалдаушы:
      1) автокөлiк құралдарының рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн, сондай-ақ медициналық қызметкердің такси жүргiзушiлерiн рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруын;
      2) ақпараттық-диспетчерлiк қызметтiң немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызметтi көрсету жөнiндегi шарттың болуын;
      3) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды;
      4) әр отыз таксиге шаққанда арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын, мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген бір таксиден кем емес;
      5) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимдерін сақтауды;
      6) сапар құжаттамаларын ресімдеуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. Қағида 290-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290-2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290-3. Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі тапсырыста көрсетiлген уақытқа қарай таксидi ұсыну бойынша тапсырыстардың орындалуына үздiксiз бақылауды, сондай-ақ таксимен тасымалдаудың технологиялық процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады.
      Ескерту. Қағида 290-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290-4. Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі немесе таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметімен шарт болмаған жағдайда, такси тасымалдаушысының қызмет көрсетуіне рұқсат етiлмейдi.
      Ескерту. Қағида 290-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290-5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290-6. Такси тасымалдаушысы құратын ақпараттық-диспетчерлік қызметтің негiзгi функциялары:
      1) жеке және заңды тұлғалардың такси қызметіне тапсырыстарын қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдау және тапсырыстарды такси жүргізушілерінің арасында бөлу;
      2) таксиге тапсырыс берген жолаушыға жіберілген таксидің нөмірін, тапсырыстың бағасын және келетін уақытын хабарлау;
      3) тапсырыс бойынша таксидің кетуін және уақтылы келуін қадағалау;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Қағида 290-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290-7. Өзге тұлға құратын таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі такси тасымалдаушылары тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушыларымен ақпараттық-диспетчерлік қызмет бойынша шарт жасасады және такси тасымалдаушылары осы Қағиданың 26-30-тармақтарының және 290-1-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда өзінің қызметтерін көрсетеді.
      Ескерту. Қағида 290-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      290-8. Тасымалдаушы болып табылмайтын тұлға құрған ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі клиенттерінің тапсырысының және оларды такси жүргізушісіне берудің есебін қағаз немесе электрондық нысанда жүргізеді.
      Ескерту. Қағида 290-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      291. Жабдықталған такси тұрақтарында жолаушылар кезек тәртiбiмен таксиге отырады. Таксиге кезектен тыс отыру құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.
      292. Жүрiп келе жатқан таксидi, егер:
      1) онда бос орындардың жеткiлiктi саны болса;
      2) таксидегi жолаушы осылай тоқтауға келiсiм берсе, қол көтерiп тоқтатуға болады.
      293. Жолаушы бос таксиге отыру кезiнде жүргiзушiге жүру маршрутын көрсетедi. Егер жолаушы өз бетiмен оңтайлы жүру маршрутын анықтай алмай, тек қана сапардың соңғы пунктiн атайтын болса, онда жүргiзушi жолаушыны барынша қысқа жолмен баратын орнына жеткiзеді.
      294. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      295. Жолаушының таксиге отыруы және одан түсуі толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асырылады. Жолда тоқтау кезінде отырғызу және түсіру автокөліктің оң жағынан жүзеге асырылады.
      Ескерту. 295-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      295-1. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түсіп кеткен жағдайда жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған алдын ала келісілген бүкіл кезеңіне ақшалай кепілдік талап етеді.
      Егер жолаушы оны күтiп тұрған такси-автомобильге алдын ала келiсiлген уақыт iшiнде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледi.
      Ескерту. Қағида 295-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Тапсырыстар бойынша таксидiң жұмысы
      296. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      297. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      298. Шұғыл тапсырыстар қабылданған кезден бастап белгiленген уақыт аралығында орындалуы тиiс.
      299. Алдын ала тапсырыс кезiнде такси тасымалдаушысы таксидiң тапсырыста көрсетiлген уақытқа берiлуiн қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 299-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
4. Таксимен жол жүру төлемi
      300. Такси жіберуге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң төлейдi. Таксимен жол жүру төлемiн жолаушы таксометр көрсеткіштеріне сәйкес өзi жүрiп өткен қашықтық үшiн қолданылып жүрген тарифке сәйкес немесе кассалық бақылау машинаны қолданумен сапарды ұйымдастыру туралы ауызша шарттың негізінде сапар аяқталған және багаж түсiрiлген соң төлейдi. Аяқталған сапар үшiн төлем туралы түбiртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.
      Ескерту. 300-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      301. Егер таксимен тасымалдау процесiнде, оның қозғалысын жалғастыру жүргiзушiге қатыссыз жағдайлар бойынша мүмкiн болмайтын жағдай туындаса, онда тасымалдау шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған деп есептеледi және жолаушы жүрiлген қашықтықты төлейді.
5. Қол жүгiн, ұсақ жануарларды және багажды таксимен тасымалдау
      302. Жалпы салмағы автомобильдiң техникалық құжатында көзделгеннен аспайтын багажды таксидiң багаж бөлiмшесiнде және тек багаж бөлiмшесiнiң қақпағы жабық жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат       етiледi.
      303. Багажды тиеу мен түсiрудi таксидiң жүргiзушiсi жүзеге асырады.
      304. Таксидiң салонында есiк ойықтары арқылы еркiн өтетiн, салонның қаптамасы мен жабдығын бүлдiрмейтiн және ластамайтын, жүргiзушiге автомобильдi басқаруға кедергi болмайтын және артқы жақты көру айнасымен байқауды шектемейтiн түрлi заттар мен бұйымдарды тасымалдауға рұқсат етiледi.
      305. Таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттермен, торлармен немесе түбi тұтас сумкалармен тасымалдауға рұқсат етiледi.
      Таксиде иттердi тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргiзушi мен басқа жолаушылар келiсетiн болса ғана рұқсат етiледi.
6. Такси тұрақтары
      306. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, сауда үйлері мен базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 306-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      307. Такси тұрақтары басқа автомобильдердiң тұрақтарынан жол таңбасының арнайы шектеу сызықтарымен бөлiнедi немесе жергiлiктi атқарушы органдардың жол полициясы органдарымен келiсiмi бойынша белгiленген көгiлдiр түстi "Т" ("Такси") деген айыру белгiсi бар және арнайы белбеумен белгiленедi.
      308. Такси тұрақтары тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандырылады.
      309. Такси тұрағына бөтен автомобильдердi қоюға рұқсат етiлмейдi.
11-тарау. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау
1. Жалпы ережелер
      310. Осы тараудың ережелерi оқу, демалу, туристiк-экскурсиялық iс-шаралар, спорттық, мәдени-ағартушылық және басқа да iс-шаралар орындарына балаларды жеткiзу үшiн (бұдан әрi – балаларды тасымалдау) бөлiнген автобустармен үлкендерсiз (осы Қағиданың талаптарына сәйкес тағайындалған ерiп жүретiн адамдардан басқасы) сегiз және одан артық балалардың топтарын арнайы тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейдi.
      311. Көлiк лектерiндегi қозғалыспен ұйымдастырылған, бір-екі және одан көп автобустардың топтары жүзеге асыратын балаларды тасымалдау балаларды жаппай тасымалдау болып танылады.
      Ескерту. 311-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      312. Балаларды тасымалдау осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
      313. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi – тапсырыс берушi) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкiн.
      314. Тапсырыс берушi сондай-ақ оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкiн.
      Бұл жағдайда тапсырыс берушi осы Қағиданың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.
      315. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы Жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:
      маршруттар бойынша ұзақтығы 12 сағатқа дейiн бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан жоғары екi жүргiзушiмен;
      маршруттар бойынша ұзақтығы 16 сағаттан артық жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып, жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастырады.
      316. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көлiк түрiмен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      317. Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша қала маңындағы аймаққа немесе қалааралық қатынаста балалардың бiр жолғы тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушы техникалық жай-күйiн кезектен тыс тексеру үшiн жол полициясы бөлiмшелерiне автобусты жол жүру қарсаңында көрсетедi.
      318. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде автомобиль көлiгiмен тасымалдауға тыйым салынады.
      319. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
      320. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi емес балалар рұқсат етiледi.
      Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.
      321. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тасымалдаушы Жол полициясы органдарын, маршруттағы қозғалысты қадағалауды күшейту және екi және одан артық автобустардың лектерiне жол полициясының арнайы автокөлiк құралдарының ерiп жүруi туралы мәселенi шешу бойынша шаралар қабылдау үшiн хабардар етедi.
      322. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етiлмейдi:
      1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;
      2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.
2. Балалардың тасымалдауына тапсырыс берушiнiң әрекетi
      323. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушiнiң жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      324. Өтiнiмде балаларды тасымалдау күнi (күндерi), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктiлер), отырғызу және түсiру орындары, тегi, аты, әкесiнiң аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбiр автобус бойынша ерiп жүретiн ересек көрсетiледi.
      Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.
      Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.
      325. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар бастықтарының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерi, маршруты, мезгiлдерi, дайындау және жол жүрудi өткiзу тәртiбi, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар регламенттелiнедi.
      326. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыруға арналған өтiнiмдер тасымалдаудың басталуына дейiн 3 тәулiктен кешiктiрiлмей берiледi.
      327. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында тапсырыс берушi 3 тәулiктен кешiктiрмей тасымалдаудың бастапқы белгiленген мерзiмiне дейiн жол полициясының аумақтық бөлiмшелерiне жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және мынадай көрсеткiштердi көрсете отырып, жол полициясының арнайы автомобильдерiмен автобустардың ерiп жүруi туралы мәселелердi шешу үшiн ресми өтiнiм ұсынады:
      1) күндері және қозғалыс маршруты;
      2) санитарлық заңнаманың талаптарына сәйкес жабдықталған маршруттың бақылау пункттерiнен өту уақытын, аялдама және демалу орындарын анықтау енгiзiлетiн жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiнiң талаптарына жауап беретiн қозғалыс кестесi;
      3) медициналық көмек көрсету, ауруханалар пункттердiң көрсетiлуiмен қозғалыс жолының схемасы;
      4) белгiленген жағдайда медициналық ерiп жүрудi растау;
      5) автобустың (автобустардың) маркалары және мемлекеттiк нөмiрлерi, бiлiм беру аумақтық органдарымен бекiтiлген балалардың және оларға ерiп жүретiн адамдардың тiзiмiн қоса бере отырып, балалардың тасымалдауын орындайтын жүргiзушiлердiң аты-жөндерi.
      328. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында қосымша тапсырыс берушi:
      1) автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау кезiнде қауiпсiздiк шаралары, ауырған және зақымданған кезде алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша арнайы нұсқаулықпен – топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн дайындауды ұйымдастырады;
      2) мүмкiндiк бойынша топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн ұялы телефонмен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiк өкiлдерiмен байланыс, жол жүру және жол жүруде туындаған ойда болмаған мәселелердi келiсу барысы туралы баяндамалар мерзiмдерiнiң тәртiбiн белгiлейдi;
      3) топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн маршрут жүретiн аудандардың "жедел көмек көрсету", құтқару қызметтерiнiң, жол полициялары және полиция бөлiмдерiнiң телефон нөмiрлерiмен қамтамасыз етедi және балаларға және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көмек көрсету қажет болған жағдайда оларға жүгiну тәртiбiн анықтау;
      4) балаларды қоса алғанда, барлық жол жүру қатысушыларының ұялы телефондарының нөмiрлерi тiзiмiн құрайды және осы тiзiммен барлық ересек ерiп жүрушiлердi қамтамасыз етедi;
      5) жол жүруге тiлек бiлдiрушi балалардың iрiктеуiн және олардың ата-аналарынан жазбаша түрде келiсiмiн алуын қамтамасыз етедi;
      6) жол жүруге жiберiлгендер санынан денсаулық жағдайы бойынша жақпайтын балаларды табу және алып тастау бойынша балалардың медициналық тексеруiн ұйымдастырады;
      7) "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген жол қозғалысы ережесiнiң "4. Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi" және "5. Жолаушылардың мiндеттерi" деген тарауларын, сондай-ақ қауiпсiздiк және автокөлiкпен жол жүру кезiндегi ереженiң шараларын балаларға оқытуды қамтамасыз ету;
      8) жол жүруге дайындық кезiнде балалар және олардың ата-аналары тиiстi климаттық және жол киiмi жағдайларына, аяқ киiмiне, жеке гигиена құралдарына назар аударады;
      9) балалардың тобына созылмалы ауруы бар балалар енгiзiлген жағдайда ескерiп, жол жүру уақытында дәрiгер белгiлеген қажеттi дәрiлердiң, дәрiлiк құралдардың және тану материалдарының қажеттi жиынтығымен дәрi қобдишасының әрбiр автобуста бар болуын қамтамасыз етедi;
      10) мүдделi адамдардың қатысуымен жол жүрудiң ұзақтығы үш сағаттан артық кезiнде балаларды сынбайтын ыдыстармен және тамақ өнiмдерiнiң жиынтығымен (жолда тамақтық сапаларын кепiлдi сақтайтын, тамақтық улануды болдырмайтын құрғақ жарналармен) қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      11) ұзақтығы бiр күннен артық жол жүру кезiнде қоғамдық тамақтану мекемелерiнде (асханаларда, кафелерде) ыстық тамақты күн сайын үш мезгiл қабылдауды, сондай-ақ мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) қонуды қамтамасыз етедi;
      12) қалааралық тасымалдау кезiнде маршруттан ауытқуын болдырмайтын және қозғалыс басы 6.00-ден ерте емес және соңғысы немесе қону аялдамасы 22.00-ден кешiктiрмей көздейтiн тасымалдаушымен бiрлесiп тасымалдау кестесiн жасайды;
      13) маршрутты немесе қозғалыс кестесін өзгерту мүмкiндiгiн, ал қажет болған жағдайда және метеорологиялық және жолдардың жағдайлары нашарлаған кезде, балалардың тасымалдауын алып тастау үшiн егер бұл жағдайлар тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер туғызатын болса маршрутты қысқартуды көздейдi (көз көрерлiк, тұман, қар басу, жаңбыр, тайғақ, сондай-ақ дауыл және басқа апат жағдайлары кезiнде);
      14) жол жүрудiң алдында балаларға маршрутты, аралық және соңғы пункттердiң атауын, тамақтану, демалу, түнеу үшiн аралық аялдамалардың шамамен алған уақытын хабарлайды, қауiпсiздiк шаралары және мiнез-құлық ережелерi, өздерiнiң ұялы телефондарының нөмiрлерi және топтан қалып қойған кезде iс-қимыл тәртiбi туралы хабарлайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет