Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы


Автобустардың маршруттағы қозғалыс және аялдау (тұрақтау) тәртiбi



бет9/12
Дата12.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#130599
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

8. Автобустардың маршруттағы қозғалыс және аялдау (тұрақтау) тәртiбi
      382. Балаларды тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде тасымалдаған жағдайда фаралардың жақын немесе алыс жарығымен қоса тұманға қарсы фаралар пайдаланылуы мүмкiн.
      383. Лекпен қозғалған кезде автобустар олардың арасында қауiпсiз интервалды сақтай отырып, қатаң белгiленген тәртiпте қозғалуы тиiс (Жол жүру ережесiнiң 9.10-тармағына сәйкес).
      384. Лектiң аға жетекшiсi әрбiр жүргiзушiнiң Жол жүру ережесiнiң және осы Қағиданың талаптарын сақтай отырып, лектiң қозғалуын қамтамасыз етуге тиiс. Балаларды екi автобуспен тасымалдаған кезде лектiң аға жетекшiсi бiрiншi автобуста, балаларды үш және одан көп автобустармен тасымалдаған кезде – соңғы автобуста орналасады.
      385. Балаларды тасымалдаған кезде қозғалыс жылдамдығын жүргiзушi жол, метеорология және өзге де жағдайларға байланысты таңдайды (Жол жүру ережесiнiң 10.1-тармағына сәйкес), бұл ретте автобус қозғалысының жылдамдығы барлық жағдайда 60 км/сағ аспауы тиiс.
      Балаларды лекпен тасымалдайтын автобустардың қозғалысы кезiнде қозғалыс жылдамдығын лекке ерiп жүретiн жол полициясының қызметкерi таңдайды, бiрақ барлық жағдайда ол 40 км/сағ аспауы тиiс.
      Автобусты басқару кезiнде жүргiзушi күрт тежеуге жол бермей автобус жүрiсiнiң бiрқалыптылығына ерекше көңiл бөлуi тиiс.
      Автобустар легiнiң темiр жол өткелiнен өту қауiпсiздiгiн оған ерiп жүретiн жол полициясы қызметкерлерi қамтамасыз етедi.
      386. Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушiге:
      1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқуға және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзуға;
      2) қозғалыс барысында автобусты басқарудан алаңдауға (сөйлесуге, тамақ iшуге, кабинада қатты музыка қосуға);
      3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүруге;
      4) топырақ жолдарға шығып кетуге және олармен жүруге (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа) тыйым салынады.
      387. Автобустың қозғалысы барысында ерiп жүрушiлер автобустың әрбiр есiгiнiң жанында орналасуы тиiс. Егер автобуста бiр ерiп жүрушi болса, ол автобустың алдыңғы есiгiнiң жанында орналасуы тиiс.
      Медицина қызметкерлерi және балалар тасымалын ұйымдастыруға жауаптылар (жаппай тасымалдау кезiнде) соңғы автобуста орналасады.
      388. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
      11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;
      12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
      389. Ерiп жүрушiлер мыналарды қамтамасыз етедi:
      1) барлық оқушылардың қозғалыс, аялдау, тамақтану, түнеу кезiнде жеке гигиена ережелерiн сақтау;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      3) әрбiр топта дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуге қажеттi дәрiгерлiк және тану құралдарының жиынтығымен жабдықталған медициналық дәрi қобдишасы болуын;
      4) балалардың хал-жағдайын әрдайым қадағалауын, қажет болған жағдайда ауырғандар мен жарақаттанғандарға дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуiн;
      5) сапардың ұзақтығы бiр тәулiктен асқан кезде аялдамаларда мамандандырылған қоғамдық тамақтану мекемелерiнде (асханаларда, дәмханаларда және т.б.) балалардың толыққанды үш мезгiл ыстық тағаммен тамақтануын;
      6) түнеу пункттеріне келген кезде мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингтерде және т.б.) балаларға берiлген орындарды тексереді;
      7) оқушылардың сегiз сағаттан кем емес күн сайынғы толыққанды түнгi демалуын (ұйықтауын).
      Ескерту. 389-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      390. Бүкiл маршрут бойы балалар автобусқа алғашқы отырғызу кезiнде оларға бөлiнген орындарды алады. Автобустың қозғалыс барысында және аялдамадан (тұрақтан) кейiн ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз орыннан орынға отырғызуға тыйым салынады.
      391. Автобус салонындағы терезелер (желдеткiштер) жабық болады. Салонды желдету қажет болған жағдайда және тек ерiп жүрушiнiң рұқсатымен ғана төбедегi желдету люктерi ашылады.
      392. Қалааралық және қала маңы балалар тасымалдауын (соның iшiнде туристiк-экскурсиялық) жүзеге асыратын автобустардың кестесінде (кестесiнде) әрбiр 1,5-2 сағат жүрген сайын ұзақтығы 10 минут және әрбiр 4 сағат жүрген сайын ұзақтығы 30 минут тұрақтаулар көзделуi тиiс (соңғысын жүргiзушiнiң түскi асымен сәйкес келтiруге рұқсат берiледi).
      393. Тасымалданатын балалардың қалыпты жағдайы мен денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты қажеттiлiк болған кезде автобустың жүргiзушiсi ерiп жүрушiнiң нұсқауымен жол жүру барысында жоспарланбаған аялдамалар жасайды.
      Аялдама және тұрақ орындарын таңдағанда жүргiзушi Жол жүру ережесiнiң 12.1-12.7-тармақтарының талаптарын басшылыққа алуы тиiс. Автобустың аялдауы (тұрақтауы) кезiнде балаларды отырғызу және түсiру орындары, мүмкiндiгiнше, қарқынды қозғалысы бар жол учаскелерiнде орналаспауы тиiс. Аталған талапты орындау мүмкiн болмаған жағдайда балаларды автобусқа отырғызу және одан түсiру кезiнде авариялық сигнал беру iске қосылады.
      Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көру жағдайында аялдама (тұрақтау) жасаған кезде Жол жүру ережесiнiң 19.3-тармағына сәйкес сыртқы жарық құралдарын пайдаланған жөн.
      394. Ерiп жүрушiлер қауiпсiздiк шараларын сақтау қажеттiгi, топтың артында қалып қоюына жол берiлмейтiндiгi және егер бала қалып қойған жағдайда iс-қимыл тәртiбi туралы балаларға ескерте отырып, әрбiр аялдаманың алдында тұрақтау уақытын хабарлайды.
      395. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiктер арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушiлер шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: бiреуi – автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екiншiсi – автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
      Балалар автобусқа оралғаннан кейiн ерiп жүрушiлер балалардың өз орындарында орналасқандығына көз жеткiзедi, содан кейiн ғана жүргiзушiге сапарды жалғастыру мүмкiндiгi туралы хабарлайды.
      396. Маршрут бойынша автобустың қозғалысы мына жағдайларда тоқтатылады:
      1) автобуста Жол жүру ережесiне сәйкес қозғалыс немесе оларды пайдалану тыйым салынған техникалық ақаулар пайда болғанда;
      2) жол-метеорологиялық жағдайлар өзгергенде және қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес автобустар қозғалысына тыйым салынған тасымалдаудың қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн өзге де жағдайларда (көк тайғақ, тұман, жолдардың бұзылуы, жүретiн жолдың маңында авариялар болу және т.б.);
      3) жол жүргенде бала жарақат алғанда, кенеттен ауырғанда, қан кеткенде, талғанда және т.б.;
      4) жүргiзушiнiң хал-жағдайы нашарлағанда.
      397. Техникалық ақауға байланысты автобусты мәжбүрлi тоқтатқан кезде жүргiзушi:
      өзге көлiк құралдарына кедергi жасамайтындай етiп автобусты тоқтатуға, авариялық сигнал берудi қосуға және елдi мекенде автобустан 15 метрден және елдi мекеннiң сыртында – 30 метрден кем емес қашықтықта автобустың артында авариялық аялдау белгiсiн қоюға;
      осы Ереженiң барлық талаптарын сақтай отырып, қозғалысты одан әрi жалғастыруға мүмкiндiгi туғанға дейiн балаларды автобустан шығаруға, ерiп жүрушiлердiң бақылауында оларды қауiпсiз жерге апаруға тиiс.
      398. Бала құсқан кезде ерiп жүрушi жүргiзушiге автобусты тоқтату жөнiнде белгi беру, мүмкiндiгiнше себебiн анықтап (тербелу немесе тамақтан улану), алғашқы дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету қажет. Тамақтан уланғанда – асқазанды шаю, тербелгенде – жалбыз қосқан дәрі беру, салонның алдыңғы бөлiгiндегi орындыққа отырғызу, құсықты жинау үшiн полиэтилен пакетпен қамтамасыз ету қажет. Егер баланың хал-жағдайы жақсармаса, науқасқа дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн дәрiгерлiк мекеме бар ең жақын аялдама пунктiне жеткiзу керек.
      399. Жол жүргенде бала жарақат алғанда, кенеттен ауырғанда, қан кеткенде, талғанда және т.б. жағдайда автобустың жүргiзушiсі, топ жетекшiсi және ерiп жүрушiлер балаға бiлiктi дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн оны жақын орналасқан дәрiгерлiк пунктiге (мекемеге, ауруханаға) дереу жеткiзу шараларын қабылдау қажет.
      400. Жолда қозғалысты мәжбүрлi тоқтатудың барлық жағдайларында тасымалдаушыға қозғалысты мәжбүрлi тоқтату туралы ақпарат берiледi, ол тасымалдауды одан әрi жүзеге асыру бойынша оған байланысты барлық шаралар қабылдауға (автобусты ауыстыру немесе жөндеу, жүргiзушiнi ауыстыру), ал жол-метеорологиялық жағдайлар бойынша қозғалысты тоқтатқан жағдайда – жолаушылар үшiн күтудiң қолайлы және қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз етуге тиiс.
      401. Жол-көлiк оқиғасы болған жағдайда жүргiзушi және ерiп жүрушiлер көлiк құралынан балаларды олардың жеке заттарын шығармай жедел эвакуациялау қажет.
      402. Көлiк құралында өрт пайда болған жағдайда ерiп жүрушiлер:
      1) өрт жөнiнде жүргiзушiге белгi беруге;
      2) көлiк құралы тоқтағанға дейiн балаларды өрт көзiнен мүмкiндiгiнше алысырақ апаруға және оны салонда бар өрт сөндiргiшпен және қол астындағы заттармен сөндiруге кiрiсуге;
      3) тоқтағаннан кейiн балаларды және барлық жолаушыларды көлiк құралы жарылған кезде жарақаттарды болғызбайтын қауiпсiз қашықтыққа жеке заттарсыз жедел шығаруға тиiс.
      403. Жол-көлiк оқиғасы және өрт кезiнде балаларды көлiк құралынан эвакуациялағаннан кейiн ерiп жүрушiлер және жүргiзушi:
      1) зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге және оларды жақын орналасқан дәрiгерлiк мекемеге жеткiзуге;
      2) жол-көлiк оқиғасы немесе өрт орнына жол полициясы және егер қажет болса "жедел көмек" қызметкерлерiн, құтқарушыларды, өртке қарсы қызметтiң мамандарын шақыру шараларын қабылдауға;
      3) зардап шекпеген балаларды олардың қауiпсiздiгiне қауiп төнбейтiн орынға жинап, оларды тыныштандыруға, қажет болған жағдайда денсаулығы әлсiреген, жүрек-тамыр және асқынуы стреске әкеп соғуы мүмкiн өзге де аурулары бар балалардың дәрiгер белгiленген дәрiлердi қабылдауын қамтамасыз етуге;
      4) өрттi сөндiрудi аяқтағаннан кейiн, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасы орнында қауiп болмаған кезде жол полициясы қызметкерлерiнiң келiсiмi бойынша топ жетекшiлерiнiң және ересек ерiп жүрушiлердiң күшiмен мүмкiндiгiнше балаларды тартпай жеке заттарды жинап, оларды балаларға беруге;
      5) балаларды онан әрi тасымалдау мүмкiндiктерiн және маршрутын анықтауға;
      6) қажет болғанда орынға келiп жеткен жол полициясының қызметкерлерiне балаларды тасымалдауды ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтiнiш жасауға;
      7) телефон арқылы оқиға және балалардың хал-жағдайы туралы тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiгiне хабарлауға, оның көмегiмен медициналық мекемелерге жiберiлген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және хал-жағдайы туралы, сондай-ақ зардап шекпеген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және топтың онан әрi жүру маршруты туралы жедел хабарлауын қамтамасыз етуге тиiс.
9. Маршруттың соңғы пунктiне келу және балаларды түсiру
      404. Маршруттың соңғы пунктiне келгенде автобустар тұрақтау үшiн бөлiнген орындарға қойылады, ол жерден түсiру орнына бiр-бiрден келедi.
      405. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын (сөмкелерiн, пакеттерiн және т.б.) бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      406. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;
      3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      407. Балалардың қалааралық және қала маңы тасымалдауын орындаған кезде автобустың жүргiзушiсi (немесе лектiң аға жетекшiсi) маршруттың соңғы пунктiне келген бойдан ол туралы тасымалдаушыға хабарлауға тиiс.
      Маршруттың соңғы пунктiне келу үшiн жүру кестесі белгiлеген уақыттан кейiн бiр сағат iшiнде мұндай хабарлама болмаған жағдайда тасымалдаушы автобустың (автобустардың) орналасқан жерiн анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
      408. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша, автомобиль жолдарының, көшелердiң, темiр жол өткелдерiнiң, паромдық өткелдердiң, олардың жайластыру жөнiнде жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн қандайда бiр ескертулер (кемшiлiктер) болған кезде жүргiзушi тасымалдаушының диспетчерiне хабарлайды.
10. Балаларды маршруттық көлiкпен тасымалдау
      409. Маршруттық автокөлiкпен ұйымдастырылған балалар топтарының сапары кезiнде жоғарыда атап көрсетiлген қауiпсiздiк шараларымен қатар ерiп жүрушiлер бiрқатар қосымша талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi:
      1) адамдарды тасымалдауға арналған тек арнайы маршруттық автобустарды, троллейбустарды, шағын автобустарды (маршруттық таксилердi) пайдаланады, адамдарды тасымалдауға рұқсат қағаздарды жоқ маршруттыққа кiрмейтiн жолай немесе жүргiзушiлерi мұндай тасымалдауға рұқсат алмаған көлiк құралдарын пайдаланбау;
      2) сапардың алдында балаларға оның маршрутын хабарлау, топ жүретiн көлiк құралдары маршруттарының нөмiрлерiн, егер жүру кезiнде қайта отырғызу жоспарланған болса аялдамалардың (автобус станцияларының) және соңғы пунктiнiң атауларын көрсету;
      3) балалармен ұялы телефондарының нөмiрлерiмен алмасу және негiзгi топтан қалып қойған оқушылардың iс-қимыл тәртiбiн белгiлеу;
      4) Жол жүру ережесiмен белгiленген жаяу жүргiншiлер мен жолаушылардың мiндеттерi, аялдамаларда (автобус станцияларында) автокөлiк құралдарын күту, отырғызу, өту және түсiру кезiнде қауiпсiздiк шаралары туралы ескерту;
      5) маршруттық автокөлiкке отырғызу алдында балалар одан түсетiн жолаушыларға кедергi жасамауын қамтамасыз ету;
      6) маршруттық көлiк құралына отырғызу кезiнде балалардың салонда қауiпсiз орналасуын, олардың қауiпсiздiк шаралары мен тәртiп ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету;
      7) қалааралық маршруттық автобусқа багажы бар балаларды отырғызу алдында салонды бөгеуi мүмкiн ортақ және жеке iрi көлемдi, басқа да заттарды багаж бөлiмшесiне өткiзудi ұйымдастырады;
      8) балалар салоннан шыға алатын, сондай-ақ топты түсiру қажет аялдамаларға (автобус станцияларына) жақындағаны жөнiнде балаларға алдын ала ескерту;
      9) балалар салоннан шыққан аялдамалардан кейiн, сондай-ақ қайта отырғызу үшiн автокөлiк құралынан шыққаннан кейiн балалардың ешқайсысы қалып қоймағанына көз жеткiзе отырып, топтың құрамын тексеру.
Осы Қағиданың сақталуын бақылау
      410. Осы Қағиданың сақталуын мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидасына
1-қосымша    
Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) және багаж түбiртектерiнiң
нысандары
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қалалық қатынаста жол жүруге арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысандары:
      1) жолаушылардың жол жүруіне арналған бiр реттiк бақылау билетi – билеттiң жазулары көк түспен ресімделеді:
      кемінде 35 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)

_________ қаласы


Жолаушылардың қалалық қатынаста жол жүруіне арналған

Сериясы ___________


№ 0000000

00 теңге


20__ жыл

кемінде 60 мм

      2) балалардың жол жүруіне арналған бiр реттiк бақылау билетi – билеттiң жазулары қызыл түспен ресімделеді:


      кемінде 35 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)

_________ қаласы


Жолаушылардың қалалық қатынаста жол жүруіне арналған
балалар билеті

Сериясы ___________


№ 0000000

00 теңге


20__ жыл

кемінде 60 мм

      3) белгiленген нормадан тыс қол жүгiн және багажды алып жүруге арналған билет – билеттiң жазулары жасыл түспен ресімделеді:


      кемiнде 35 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)

________ қаласы


Қалалық қатынаста багаж алып жүруге арналған

Сериясы __________


№ 0000000

00 теңге


20__ жыл

кемінде 60 мм

      4) жолаушылардың жол жүруіне арналған ұзақ пайдаланылатын жол жүру билетi (көлемi А7) - ресімделуі мен қорғаныс дәрежесiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi:





___________ қаласы             Сериясы ______
№ 0000000

Ұзақ пайдаланылатын жол жүру билетi


_______________ жарамды

0000 теңге

___________ негiзiнде
_____________ берiлдi

      2. Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:


      1) жолаушылардың жол жүруiне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (пішімін және торкөз түсiн автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері белгiлейдi):
      кемінде 45 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған
билет

Сериясы _______________


№ 0000000

сапар күні ________________


сапар уақыты ______________
жөнелту пункті ____________
межелі пункті _____________

Жол жүру құны


00,00 теңге

кемінде 40 мм

      2) кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға қосымша түбiршектерi бар жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – билеттiң жазулары қара түспен ресімделеді:


      кемінде 35 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған
билет

Сериясы ____________


№ 0000000

Тарифтер кестесіне сәйкес қосымша түбіршектер болғанда жарамды

20__ жыл


кемінде 60 мм

      кемінде 35 мм





АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған билетке
қосымша түбіршек

Сериясы ____________


№ 0000000

00 теңге


20__ жыл

кемінде 60 мм

      Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған билеттерге қосымша түбiршектер 1, 5, 10, 50 теңге сомасына ресiмделедi.


      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Жолаушылардың қалааралық облысiшiлiк және қалааралық облысаралық қатынастарда жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:
      1) жолаушылардың жол жүруiне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (торкөздің пішімін және түсiн автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері белгiлейдi):
      кемінде 45 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қалааралық қатынаста жол жүруіне арналған
билет

Сериясы _________


№ 0000000

сапар күні ___.___.___ ж.


жөнелту уақыты ___ с. ____ м.
жөнелту пункті ______________
межелі пункті _______________
Рейс нөмірі _________________
Орын нөмірі _________________

Жол жүру құны


00,00 теңге

Комиссия алымы 00,00 теңге


Сақтандыру алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00,00 теңге
Билеттің берілген күні __.__.__ ж.

кемінде 90 мм

      2) кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретін жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – жазулары қара түспен ресімделеді:





Билет ТҮБІРШЕГІ

ТОЛЫҚ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН


(қажет емесiн сызып тастау)

сапар күнi ___________________


жөнелту уақыты __ сағ. __ мин.
__________________________ дан
________________________ дейiн
Рейс нөмiрi __________________
Орын нөмiрi __________________
Жол жүру құны __________ теңге
Сериясы ____________ N 0000000
Билеттiң берiлген күнi _______

      Жалғасы





9

8

7

6

5

4

3

2

1

90

80

70

60

50

40

30

20

10

900

800

700

600

500

400

300

200

100

9000

8000

7000

6000

5000

4000

3000

2000

1000

      Жалғасы





Жолаушылардың қалааралық қатынаста жол жүруіне арналған билет

ТОЛЫҚ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН


(қажет емесiн сызып тастау)

сапар күнi _______________________


жөнелту уақыты ____ сағ. ____ мин.
______________________________ дан
____________________________ дейiн
Рейс нөмiрi ______________________
Орын нөмiрi ______________________
Жол жүру құны ______________ теңге
Сериясы ________________ N 0000000
Билеттiң берiлген күнi ___________

Автобус
(шағын автобус)

      Жол жүру құнын кондуктор (жүргiзушi) жолаушы үшiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға кеседi.


      3) Қала маңы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастардағы багаж түбiртектерiнiң нысаны - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):
      кемінде 45 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)
Багаж түбіртегі

Сериясы _______________


№ 0000000

сапар күні ___.___.___ ж.


сапар уақыты ___ сағ. ____ мин.
жөнелту пункті ________________
межелі пункті _________________
Багаж орындарының саны ________
Багаждың құндылығы ____________
Құны 00,00 теңге
Комиссия алымы 00,00 теңге
Бағалау алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00,00 теңге
Багаж орындарының нөмірлері _________
           (тиеу кезінде толтырылады)

кемінде 90 мм

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


      4. Жолаушылардың халықаралық қатынастарда жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:
      1) жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):
      кемінде 45 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қалааралық қатынаста жол жүруіне арналған
билет

Сериясы ______________


№ 0000000

Тегі ________________________


Аты _________________________
Әкесінің аты ________________
сапар күні ___.___. ____ ж.
жөнелту уақыты ___ с. ____ м.
жөнелту пункті ______________
межелі пункті _______________
Рейс нөмірі _________________
Орын нөмірі _________________
Жол жүру құны 00,00 теңге
Комиссия алымы 00,00 теңге
Сақтандыру алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00,00 теңге
Билеттің берілген күні __.__.__ ж.

кемінде 90 мм

      2) Кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретін жолаушылардың жол жүруіне арналған билет - жазулары қара түспен ресімделеді:





Билет ТҮБІРШЕГІ

ТОЛЫҚ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН


(қажет емесiн сызып тастау)

Тегі _________________________


Аты __________________________
Әкесінің аты _________________
сапар күнi ___________________
жөнелту уақыты __ сағ. __ мин.
__________________________ дан
________________________ дейiн
Рейс нөмiрi __________________
Орын нөмiрi __________________
Жол жүру құны __________ теңге
Сериясы ____________ N 0000000
Билеттiң берiлген күнi _______

      Жалғасы





9

8

7

6

5

4

3

2

1

90

80

70

60

50

40

30

20

10

900

800

700

600

500

400

300

200

100

9000

8000

7000

6000

5000

4000

3000

2000

1000

      Жалғасы





Жолаушылардың қалааралық қатынаста жол жүруіне арналған
билет

ТОЛЫҚ
БАЛАЛАР


(қажет емесiн сызып тастау)

Тегі __________________________


Аты ___________________________
Әкесінің аты __________________
сапар күнi ____________________
жөнелту уақыты __ сағ. ___ мин.
___________________________ дан
_________________________ дейiн
Рейс нөмiрi ___________________
Орын нөмiрi ___________________
Жол жүру құны ___________ теңге
Сериясы _____________ N 0000000
Билеттiң берiлген күнi ________

Автобус
(шағын автобус)

      Жол жүру құнын кондуктор (жүргiзушi) жолаушы үшiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға кеседi.


      3) Қала маңы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастардағы багаж түбiртектерiнiң нысаны - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):
     кемінде 45 мм



АВТОБУС
(шағын автобус)

Багаж түбіртегі


Сериясы ______________________
№ 0000000

Тегі _________________________


Аты __________________________
Әкесінің аты _________________
сапар күні ___.___.___ ж.
сапар уақыты ___ сағ. ___ мин.
жөнелту пункті _______________
межелі пункті ________________
Багаж орындарының саны _______
Багаждың құндылығы ___________
Құны 00,00 теңге
Комиссия алымы 00,00 теңге
Бағалау алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00,00 теңге
Багаж орындарының нөмірлері _________
           (тиеу кезінде толтырылады)

кемінде 90 мм

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


      5. Байланыс құралдарын пайдалана отырып, сатып алынған билеттер үшін ашық түсті ұсақ торкөзді арнайы билет қағазын, жазу бояуларын, сондай-ақ өлшемдерін пайдалануға қатысты талаптар қолданылмайды.
      Ескерту. Қосымша 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 N 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Автомобиль көлiгiмен 
жолаушылар мен багажды 
тасымалдау қағидасына 
2-қосымша      

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет