Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Спорт және өнер факультеті
Бейнелеу өнер кафедрасы
ӨБС-211
2-курс студенті Асан Сабина
Глоссарий
ГЛОССАРИЙ
АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін-өзі салған портреті не суреті. Автопортрет көбінесе айнаға қарап немесе еске сақтау, санада ұстау, елес әдісін қолдану тәсілдерімен салынуы мүмкін.
АЙҚЫН СУРЕТ (БРОСКИЙ РИСУНОК) – көрушінің көзіне бірден ілігетін, айқын бейнеленген суретті айтамыз. Мұндай суреттерде шебердің қолы, әдіс-тәсілінің айқындылығы бірден көзге түседі.
АКВАРЕЛЬ – «Акварель» деген атау латынның «aqua» (су) деген сөзінен шыққан.
АҚИҚАТ, ШЫНДЫҚ, БОЛМЫС (ДЕЙСТВИТЕЛЬНОСТЬ) – қоршаған орта болмысы. Натураның өзіне қарап сурет салу шындық, яғни қиял емес.
АНАЛИЗ – талдау, бір нәрсені не құбылысты ойша бөлшектерге, құрама бөліктер мен белгілерге бөлу. Мысалы, адам басының суретін салмастан бұрын, пішінді ой елегінен өткізіп, ойша талдау әрекетін жасап, оның бас бөліктерінің бейне бір заттарға салыстырмалы түрде ұқсатып, мысалы: геометриялық денелерге (куб, призма, шар, конус т.б.) байқау.
АНТИКАЛЫҚ (АНТИЧНЫЙ лат.ANTIGVUS) – арғы, көне; көбінесе көне грек, көне Римнің қоғамдық құрылысы, көне антикалық гипс көшірмелерінен суретке салу бейнелеу өнеріне оқытудың ережесі мен әдістемесіне айналған.
АНФАС (фр.ANFACE) – қарсы алдынан деген мағынада. Адамның портретін қарсы алдынан бетпе-бет бейнелеу. Өнерде де оқу процесінде мұндай жұмыстар өте жиі кезігеді.
АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ – академиялық суреттің суреттен әйтпесе суреттемеден айырмашылығы суретшінің натураны егжей-тегжейлі талдап салуы, үлкен көлемдерге бөліктерді біріктіру арқылы бейнені толық зерттеп шығуы.
АССИММЕТРИЯ – бір дененің, не бір заттың біліктерінің бір-біріне сай болмауы. Симметриядағыдай орта сызықтың екі жағындағы көріністің бірдей шықпауы.
Достарыңызбен бөлісу: |