Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультеті
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы
Аяган Еркiн Сагынтайулы
«Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша
Дәрістер курсы
мамандығы: «5B011200-Химия, 5B011000-Физика»
Қарағанды 2018
1- лекция
Тақырып 1. Педагогикалық менеджмент пәні, курстың мақсаты мен міндеттері.
Жоспар:
Педагогикалық менеджмент, оның мақсаты мен мәні.
2. Оқытушының кәсіби шеберлігі педагогикалық менеджмент проблемасы ретінде.
3. Педагогикалық жүйе және оны басқарудағы формализм себептері мен сипаты.
Менеджмент», «педагогикалық менеджмент» түсінігінің маңыздылығы.
Педагогикалық менеджменттіњ қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғы-шарттары.
Педагогикалық менеджмент, оның мақсаты мен мәні
Педагогикалық менеджмент – оқу-тәрбие үрдісін басқару тиімділігін көтеруге бағытталған рпинциптер, әдістер, ұйымдастыру формалары мен психологиялық тәсілдер кешені. Педагогикалық менеджмент позициясынан білім беру үрдісінің басқарушылары мен оқытушыларының іс-әрекеті оқушыға әрбір басқаруда әсер етудегі формализм мен шығармашылық арасындағы үнемі болатын қақтығыстарды шешу беріледі. (предоставляется)
Педагогикалық менеджмент мақсаты – басқару үрдісіндегі қарама- қайшылықтарды шешу жолдарын іздеу.
Оқытушының кәсіби шеберлігі педагогикалық менеджмент проблемасы ретінде.
Оқытушының оқушылардың оқу мекемелеріндегі оқу-тәрбие үрдісін басқару тиімділік проблемасы әрбір оқытушыға жоғары компетенттілігі мен сәйкес кәсіби шеберлігін қамтамасыз еткенде ғана шешіледі. Оқытушы компетенттілігі- кәсіби функцияларды орындау дайындығы, әлеуметтік құрылғы (установка) және психолого-педагогикалық дайындықтарының үйлесімді бірлігі, сонымен қатар пәнді білу мен эрудиция. Педагогикалық шеберлік – оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәнін беру барысында шығармашылықты пайдалана отырып теория мен практиканы ұштастыра алу, оқу, тәрбие және даму ісіндегі кәсіби білік және дағды деңгейімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |