Қазақ Әдеби тілінің Әр кезеңдеріндегі жазба ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата14.09.2023
өлшемі0.5 Mb.
#477651
  1   2   3   4   5   6   7
1 (1)




ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ӘР КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ
ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Әдеби тілдің, оның ішінде жазба әдеби тілінің әр кезеңдеріндегі жазба ескерткіштері. Қ.ә. тілінің 
тарихын жазу үшін оның әр кезеңдегі әдеби тіл үлгісі болып табылатын жазба нұсқаларының 
(ескерткіштерінің) тілдік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Қ.ә. т-нің қалыптасу кезеңіне (XY-
XYII ғ.) мағлұмат беретін жазба деректер тым аз сақталған, оның өзі ресми іс қағаздары сипатты. Мыс., 
хандар мен дін басшыларының атынан Сығанақ әкімдері мен шеихтарына арналып жазылған бір топ 
құжаттар (Яссауи ғимаратынан табылған) XYI ғ. Жатса, Әбілғазы Баһадурханның хаттары -XYII ғ. 
Жәдігерліктері. Сондай-ақ осы дәуірде жазылған Қадырғали Жалайыридің «Жамих ат-тауариғы» мен 
Әбілғазы Баһадурханның «Шежіре-ит-түрк» атты шығармалары тарихи әдебиет немесе шежіре үлгісінде 
болып келеді. Бүгінгі қолымыздағы бар іс қағаздардың көбі XYIIІ ғ-дың 30-жылдары, яғни қазақ жерінің 
Ресейге қараған кезінен бергі архивте сақталған құжаттар. Олардың дені – қазақ хансұлтандарының, орыс 
әкімшілік орындарында әр түрлі мақсатта жазылған қатынас қағаздары мен жазысқан хаттары. Бұл 
аталған құжаттардың тілінде түркі әдеби тілінің дәстүрі емле зандылықтары, кейбір морфол, тұлғалары, 
қалыптасқан сөз тіркестері мен жекелеген сөздер сақталған, бірақ, олардың негізгі қазақтың байырғы 
лексикасы мен дағдылы граммат. Құрылысы болып келеді. XIX ғ-дың екінші жартысына дейінгі жазба
нұсқалар, негізінен, ресми құжаттар болып келсе, аталған кезеңнен бастап олар әр түрлі стильдік ыңғайда 
кездеседі. Бұл кезеңде әдеби тіліміздің жан-жақты дамуына белгілі тарихи жағдайлар себеп болды. Ең 
алдымен, қазақ жерінің Ресей қол астына қарауына байланысты берін-сарандап болса да қазақ 
балаларының орыс мектептерінде оқып, европалық мәдениеттен сусындауына мүмкіндік туды. Шоқан, 
Ыбырай, Абай бастаған ағартушылар тобы шықты, олар қазақ жастарын оқу-білім алуға үндеп, өздері үлгі 
көрсетті, қазақ мектептері ашылып, ана тілінде жекелеген мерзімді баспа сөз шыға бастады. Қазақ 
авторларының шығармалары жарық көріне бастады. Осы жағдайлардың бәрі Қ.т. т-нің өткен кездерге 
қарағанда жедел де жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілерін 4 стильге 
жүйелеп қарауға болады. 
 
1. Ресми ісқағаз үлгілері. Бұл тұстағы ресми іс қағаздары (бұйрық-жарлықтар, заң, қаулы-
қарарлар, қатынас қағаздары) мазмұны жағынан болсын, формасы жағынан болсын, XYIIІ – XІІX ғ-ғы 
құжасттарға ұқсас, бірақ, тілдік ерекшелігі жағынан қазіргі қазақ тіліне әлде қайда жақын және түсінікті 
болып келеді. Бұлардың бір қатары баспа бетін көрген, сондықтан да бір іске келтірген. Тарихи Шолу.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ даласында болған елеулі оқиғаның бірі- алғашқы қазақ 
газеттерінің шығуы болды. Бұл кезеңде патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізуде татар 
тілмаштарының көмегінен бас тартып, қазақтың ұлтық бұржуазиясына арқа сүйей бастағаны белгілі. 
Патша әкімшілігінің бұйырық- жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, өкілеттік 
құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, патша өкіметінің ресми 
көзқарастарын халық арасына кең тарату мақсаты тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп ел басқару 
ісіне жеңілдету ниетімен алғашқы қазақ газеттері шығарыла бастады. Ташкентте 1870 жылдан бастап 
Түркістан уәләятының газеті, Омбыда 1882 жылдан бастап Дала уәләятының газетті шыға бастады. Бұл 
газеттер қазақ әдебиетін дамытуға, оның бір тармағы-ресми іс қағаздар тілін дамытуға үлкен үлес қосты. 
Газеттің негізгі мақсаты- үкіметтің бұйырық , жарлықтарының, сот органдарының өкімдерін, сауда 
хабарларын, Рессей және басқа мемлекеттердің өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық 
хабарларын жазып тұру болды. Алғашқы қазақ газеттерінің жарияланған ресми құжаттар тілі газеттердің 
қазақ ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі туралы «XIX II жартысында шыққан алғашқы қазақ 
газеттердің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында жан – жақты сөз болды. Сонда
XX ғасырдың басында шыққан « Айқап» журналының ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі 
жайлы да айтылады. 
2. Қоғамдық публицистикалық стильге жататын материалдар.  Бұл стильдің пайда болу қазақ тіліндегі 
алғашқы газеттердің шығуымен байланысты. Қазақ тіліндегі тұнғыш газет 1870 ж. Түркістан уәлаятының 
(өлкесінің) орталығы Ташкент қ-да «Түркістан уәлаятының газеті» деген атпен шыға бастады. Газет 
қазақ, өзбек тілдерінде айына 4 реттен (екеуі қазақша, екеуі өзбекше) 13 ж. бойына үзбей шығып тұрды.
Оның бетінде қазақ халқының шаруа жайына, мәдениетіне, тарихи мен әдебиетіне қатысты көптеген 



материалдар басылып тұрды. Газет өз оқушыларын шет ел жаңалықтарымен, техника, ғылым 
жаңалықтарымен де таныстырып отырды. Аталған газеттің қазақ тіліндегі шығарылуы тоқталғаннан 
кейін 1888 ж-дан бастап Дала өлкесінің орталығы Омбы қ-нда «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды. 
Бұл қазақ, орыс тілдерінде қатар шығып, ондағы материалдар бір біріне аударылып беріліп отырды. Бұл 
газет бетінде қазақ даласындағы ел басқару жайы, отырықшылыққа көшу, оқу-білімге ұмтылу, қазақ 
тілімен әдебиетін дамыту мәселелері жиі сөз болды. 1879 ж. Ы.Алтынсарин «Қазақ газеті» деген атпен
бір ресми газет шығаруды мақсат етіп, оның алғашқы санын қолымен жазып, Ресейдің ішкі істер 
министірлігіне жібереді. Бірақ патша үкіметі бұл газетке рұқсат етпейді, газеттің сол саны архивте 
сақталған. Бұдан кейін де 1917 ж-ға дейін бірнеше газет, журнал шығады. 1911-1915 ж. «Айқап» журналы, 
1913-1918 ж. «Қазақстан», «Қазақ» т.б. бірнеше саны жарық көріп жабылып қалған газеттер баршылық.
Бұл газет материалдарынан Қ. ә. Т-нің публицистикалық стилінің қалыптасу жолын байқауға болады, 
сондай-ақ қазақ әдеби тілін дамытудың мәселелері жайындағы пікірлерді де кездестіруге де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет