Поэтикасы. Әдетте егіз жол, 4 жолдық та кездесіп қалады (ааба). Аруздың ықшамдалған мутакариб деп аталатын өлшем түрімен жазылған.
Ассонанс, метафора, теңеу, гипербола, аллитерация, анафора, эпифора, символикаға бай.
Тіл көркемдігін арнайы зерттеген ғалым А.А. Валитова:" Дастан стиліне дидактикалық ғақлия, философиялық поэзия мен публицистикалық аңыздау тән, оның көркемдік құны да осынысында".
МАХМҰД ҚАШҚАРИ
(11 ғ.)
Толық аты-жөні Махмұд ибн-ул Хусайын ибн Мұхаммед әл-Қашқари.
“Диуани лұғат ат-түрік”. Бұл кітапты Бағбат оқымыстысыӘбрірахман әл Басридың (8 ғасыр) “Китабул айни” атты еңбегінің жүйесімен түзеген.
1266 жылғы көшірмесімен ғылымға белгілі.
Алғаш рет түркі ғалымы Қиласли Рифат1915-1917 жылдар арасында Стамбулда үш кітап етіп шығарған. Карл Броккельман жеке үзінділерін неміс тіліне аударды. Түрік ғалымы Басым Аталай түрік тіліне аударып, 1934-1943 жылдары анкарада жанияланған.
6600 түркі сөздеріне араб тілінде түсініктеме берілген. 242 бәйіт, 262 мақал-мәтел кіргізген. Соның ішінде 675 сөз, 60 мақал-мәтел қазіргі қазақ тілінде еш өзгеріссіз, сол қалпында қолданылады.
Мақал-мәтелдер:
Күш қанатын, Құс қанатымен,
Әр атын. Ер атымен.
Алып йағыда, Батыр соғыста,
Алчақ чоғыда. Қорқақ жанжалда.
Құруқ қашуқ ағызға йарымас, Құрғақ қасық ауызға жарамас,
Құруқ сөз құлақ қамақшымас. Құр сөз құлаққа жақпас.
Иығач узун кес, Ағашыңды ұзын кес,
Темір қысқа кес. Теміріңді қысқа кес.
Тағ тағқа қабущмас, Тау тауға қосылмас,
Кіші кішіге қабушар. Адам адамға қосылар.
Кіші аласы ічтін, Адам аласы ішінде,
Жылқы аласы таштын. Жылқы аласы сыртында.
Сөздіктің қазақ әдебиетінің тарихы үшін аса бір құндылығы – онда орта ғасыр түркілерінің көптеген өлең жырлары берілген. Соның ішінде ерлік жырлары тақырыбы, мазмұны, суреттеу тәселдер жағынан қазақ эпостық жырларымен ұқсас. Мысалы, “Таңғұттармен соғыс” жыры “Қобыланды”, “Алпамыс батыр” жырларымен жақын.
Сөздікте өсиет-нақыл өлеңдер, сопылық поэзияға тән ғашықтық жырлар бар. Насихат өлеңдерінде сопылық поэзияға тән көзқарастар жиынтығы көрінеді:
Уақыттың тез өтпелілігі:
Дүниенің күндіз-түні желдей қашар,
Кімге жолықса, күшін кемітер.
2. Кедейлікке, қанағатшылыққа шақыру:
Жауы еді адамның зат пен тауар(мал),
Білікті ер жауларын қалай қалай сүйер.
3. Жақсы қасиеттерге ұмтылу:
Білікті кісіні ізгітұтып, сөзін тыңда,
Жәрдемін үйреніп, іске қолдан.
Қашқари жинаған өлеңдердің ішінде табиғат суреттері кездеседі:
Көктемде құстар сайрайды,
Жарасып жердің қаймағы.
Құрт-құмырсқа ойнайды,
Інінен шығып еркіндеп.
Достарыңызбен бөлісу: |