Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет27/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлттық қаһармандық қасиет жеке тұлғаларда ататектік қағидалар мен дәстүрлер арқылы қалыптасады да, ұлттық намыс жалпы рулық, ұлттық дәрежеде биікке көтерілді. «Итің ұры» десе намыстанатын қазақ – арлы қазақ. Адалдық ар, найзалы намыс жеке тұлғаның ұлттық қасиеті болып бекиді.
Ел бірлігі ұлттық қағида болып нығайған. Сондықтан қазақ халқы бірліктің арқасында ертеде қытай, араб, монғол, ақ орыс басқыншыларының қиындықтарына төзіп, жеңіске жетті.
Ұлттық әдеп – халықтық тәрбиенің ел маңдайына жазылған мәдени, өркениеттік қасиеті. Әдепті (мәдениетті), қонақжай, мейірімді, қайырымды халық ұлттық әдепті қастерлеп, оны бұзбауды салтқа (заңға ) айналдырған.
Ұлттық ар–намыс пен ұлттық әдеп арқылы ұлттық рух қалыптасты. Ұлттық рух – ұлттың мәдениеті мен салт–дәстүрлері, ата дәстүр қағидалары, отансүйгіштік қасиеттермен қуаттанып, ұлттық тұлғалардың жүрегіне бойлап, қанына сіңген құдірет. «Тірегім – елім, Жүрегім менің» деп әрбір ұлттық тұлға ұлттық рухпен жігерленеді. Ұлттық рух – мақтаныш сезімін оятады.
Қазақ халқы – қаһарман халық, арғы тегі Күлтегіннен бастап, ең соңғы Бауыржан батырға дейінгі халықтың қаһармандық жеңістері ұрпақтың ұлттық намысын қалыптастырды да, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырды. «Қазақпыз - әлемге танықпыз, Азатпыз ерлікпен алыппыз» деп, қазіргі және келешек ұрпақ мақтанышпен айта алады.
Халықтың ұлттық намысы қаһармандық еңбекпен айқын көрінеді. Яғни, ұлттық намыстың қозғаушы күші – күрес, еңбек, білім, өнер. Халықтық тәрбие (педагогика) арқылы жеке тұлғаның ұлттық намысы көркейеді.
ҰЛТТЫҚ РҰХТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Секемсіз сенім, еркін ерік, қалыптасқан қайрат, ұлттық ұлағатты дәстүр, оттай отансүйгіштік арқылы пайда болған әлеуметтік қуат ұлттық рух деп аталады.
Қазақ халқының әлеуметтік қуаты қаһармандығынан, өнерпаздығынан, қайырымдылығынан, әдептілігінен, мәрттігінен көрінеді де, ол ұрпағына қайрат береді.
Қазақ ұлтының рухында жеңіске деген секемсіз сенім бар. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары болашаққа сендіру арқылы тәрбиелеу қағидаларын ұстанған. Ұлттық рух арқылы тәрбиелеу қағидаларын ұстанған. Ұлттық рух Ұлы Отан соғысында қазақ халқының қаһармандығын паш етті.
Қазақ халқының бойында ғасырлар бойы ұлы күрестерде қалыптасқан қайрат бар. «Мың өліп, мың тірілген» халық өзінің жеңімпаздық рухынан бойына қуат алады.
Қаһармандық, қайырымдылық, мейірімділік, сыйласымдық және т.б. ұлттық ұлағатты дәстүрлер – ұлттық рухтың алтын арқаулары болып табылады. Ұлттық рух (ұлттың жан дүниесінің болмысы) жалпы адам баласына жақсылық жасауға бейімделген.
Оттай ыстық отансүйгіштік қасиет арқылы жеке (ұлттық) тұлғалар ұлттық рухты биікке көтеріп, оның құдіретті қуатымен жеңістерге жетіп келеді. «Тірегім – елім – жүрегім менің» дейді жас ұрпақ, сөйтеді де елінің ғаламдануындағы өз орнын ақылмен айқындап, рухын көтереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет