Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет29/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   143
Кітап Тәрбие

ҰЛТТЫҚ ТАЛҒАМНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ халқынң ұлттық болмысында тұрмыстық талғам, «жаңаға жармасу» талғамы, өнер талғамы, көркемдікті көре білу, өркениеттік талғам жақсы қалыптасқан.
Қазақ халқының тұрмыстық талғамында баспаналық құрылымдағы көркемдік және тұрмыстық ерекшеліктерге сүйсіне назар аударуға болады. (Үй жиһаздары, қазіргі өркениеттік тұрмыстағы ұлттық өрнектер ұлттық талғамның көркем көріністері).
Қазақ халқының ұлттық талғамында «жаңаны тез қабылдау» ерекше орын алады. Кейде «жалған жаңашылдар» көненің көркемін жаңаның жақсысымен толықтыруды білмей, ескіні естен шығарып алады Ол жаңашылдық жанашырлық емес. Өйткені жаңаның бәрі жақсы емес.
Өнер талғамы жоғары қазақ халқы өнердің «өрге бастыратын» түрлерін талғай біліп, жоғары бағалайды. Сондықтан да бізді халық - өнерлі халық. Әншілік, күйшілік, қол өнері, спорттық өнер, шешендік өнер талғамы өнердің инжу-маржандарын талғап, көркейтеді.
Қазақ халқында көркемдікті көре білу талғамы бар. Көркемдікті көре біліп, оны бағалаумен қатар оны жасай білу де осы талғамға байланысты. Бұл көбінесе ұлттық әдептен айқын көрінеді.
Заман талабына сай, өркениеттік талғам қалыптасты. Қазақ халқының ұлттық болмысында өркениеттік талғам тарихи қалыптасқан құбылыс. Тұрмыста, мәдениетте, өмір барысында біздің халық әлемдік өркениетті қадірлей қабылдап, қолданады.
Ұлттық тұлғаның талғамы мен талабын ұлттық талғам дәстүрімен тәрбиелеп, ұлттық мәдениетті арттыра беру - ұлттық тәрбиенің тәлімді міндеті болып табылады .


ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
Қазақ халқының қалыптасқан ұлттық мінездерінің тәрбиелік мәні зор. Олар:

  • Ақкөңілділік – адам баласына жақсылық ойлау дәстүрі
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет