«Қазақ журналистикасының тарихы» пәні бойынша



бет7/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.11 Mb.
#20322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

19 Лекция
(1 сағат)
Ñî¹ûñòàí êåéiíãi æûëäàðäà¹û áàñïàñ¼ç.
Жоспары :


  1. Соғыстан кейінгі жылдардағы республикалық және облыстық газет.Мазмұнының өзгерілуі туралы.

2.Төртінші бес жылдық жоспарларды орындау.

3.Қазақ КСР ғылым академиясының құрылуы туралы материалдарды талдау.

4. “Әдебиет және искусство”журналы.
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


Соғыс жеңіспен аяқталғаннан кеиін халық шаруашылығы қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту проблемалары күн тәртібіне қойылды. Баспасөз 1945жылы Қазақ КСР-інің 25 жылдығы құрметне арналған социалистік жарысты кең насихаттай отырып , өзінің жұмысын бейбітшілік жағдайда да соғыс кезіндегідей қарқынмен жүргізуге тырысты.Ол кезде үкімет тарапынан газеттердің жұмысын жақсартуға жадай жасайтын елеулі шаралар жасалды.

ВКП(б) Орталық Комітеті 1945жылы 29 шілдеде “Республикалық , өлкелік жәнә облыстық газеттердің сапасын арттыру және көлемін кеңейту туралы”арнаулы шешім қабылдады. Сол жылдың 15 шілдесіненреспубликалық және облыстық газеттер төрт бет болып шығатын болды.

Соғыстан кейінгі жылдарда республикалық және облыстық газеттердің мазмұны өзгерді,жергілікті өмірді жан-жақты жақсы жазатын мәселелеріне баса көңіл аударылды. Газет беттерінде почерк пен фельетон , баспасөзге шолу жанрлары жиі көрінді. Сөйтіп, республикамыздың газеттері өзінің жұмысын бейбітшілік дәуірге бейімдеп байта құра бастады

Соғыстан кейінгі төртінші бесжылдықта республикамыздың мәдени өмірінде елеулі оқиға болды. “Социалистік Қазақстан ”газеті 1946 жылғы 20 ақпанындағы нөмірінде “Евгений Онегин қазақ сахнасында ”деген тақырыпта арнаулы бет берді.

Соғыстан кейінгі жылдар – очерк жанрының едәуір алға басқан кезеңі. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін публицистеріміз Бен очерктеріміз республика еңбекшілерінің бейбіт еңбек әуенін , төртінші бесжылдық жоспарды орындау жолындағы күресін көрсетуге шүғыл бет бұрды.

18-20 ғасырлардағы Ресей империясының отарлық және одан кейінгі

“Қызыл империяның” саясаты сол кезеңнің өзінде шет мемлекеттерде төртінші билік болып есептелетін баспасөз, яғни бұқаралық апарат ұралдарына әсерін тигізді.Соның бір көрінісі төртінші бесжылдық соңында 1949 жылы қайта жаңғырған “Ұлтшылдық сарынға қарсы күрес “ болып табылады . Бұл-турасын айтсақ, 1937-1938 жылғы нәубеттің жалғасы. Ұлтшылдыққа қатысы бар деген адамдарды жазалаудың түрлі жолдары қолданылды. Алдымен 1950 жылдардың басыында қазақ тарихы, әдебиеті мен мәдениеті сынға алынды. Мәселен, 1951 жылы 28 қыркүйекте “Казахстанская правда”газетінде М.Төлебаевтың “Қазақстан музыкасындағы бұрыс бағыт туралы”, деген сын мақаласы жарияланды. Бұл сын А.Жұбановтың”Қазақ сазгерлерінің өмірі мен шығармашылығы”атты тұңғыш зерттеу-монографиясына қарсы бағытталды.Мунда , бұрынғы сынау шегінен асқан автор А.Жұбановты буржуазияшыл-ұлтшылдығы, панисламист және пантюркистігі үшін айыптады.

1950 жылы 26 желтоқсанда “Правда”газеті көтерген ұлтшылдыққа қарсы

науқандардың төресі 1951 жылдың 16-17 қазанында Қазақстан Орталық Комитетінің 8 пленумында хатшы Ж.Шаяхметовтттың баяндамасы болды. Баяндамада сыналғандардыңсаны өсе түсті. Ол өзінің 1944 жылы Абылай, Кенесары,Наурызбайларды қазақ батырлары санатына қосқанына өкініш білдірді. Осы орайда Орталық басылымдардың жергілікті газеттердің де қалыспай , тіпті озып кетуге тырысқандықтарын айтпай кетуге болмайды. Соның бір айқын мысалы Бекмахановты қудалаушылардың бірі-содыр саясаттың жандайшабы , ғалымсымақ Шойынбаевтың “Казахстанская правда ”газетінде сын мақала жариялауы болды. Сөйтіп , Орталық комитет бюросы бұл сыннан соң Бекмахановтың Жанқожа көтерілісіне арналған кітабын “ұлтшылдығы ұшін”пайдалануға жаратамыз деп. тапты.

Қазақстан тарихында өз ізін қалдырған қайшылықты кезеңдердің бірі- тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары Тың көтеру идеясы өкімет басына Н.С.Хрущев келгеннен кейін көп замай-ақ туған-ды. Кеңес өкіметі кезінде баспасөз “партияның тілі мен қаруы “ ,”өмір айнасы”деген атқа ие болғаны ммәлім. Бұл , баспасөздің лақап аты десе де болғандай еді. Сондықтан баспасөз тіл алғыш , белсенді , көреген болды. Сол жылдардан бастап Қазақстан баспасөзі тыңның екінші майданна айналды. “Социалистік Қазақстан ”газетінен бастап , балалардың “Қазақстан пионері” газетіне дейін тыңды мадақтаған , насихаттаған, үгіттеген мақалалар мен оқырман хаттары, өкімет қаулыларын бірінен кейін бірін үзбей жариялап жатты.

1956 жылы Қазақстандық мол астық үшін күрес қозғалысы өрістеді. Осы жылдары Қазақстан партия ұйымдарының “Мемлекетке миллиард пұт астық берейік”деген үндеуі мен соның шашбауын көтерген ұрандар баспасөз беттерінен түскен жоқ.

К.Смайлов “Н.С. Хрущев : ағы мен қарасы ”деген мақаласында “Тың игеру кезіндегі еліміздегі селоға деген қаржы мен техниканың басым көпшілігі Қазақстанға бөлінді , жіберіліді . Соның арқасында кең балада ханша поселкелер орнады, Жолдар тартылды. Оны ұмытуға да бұрмалауға да болмайды”,-десе, біологія ғылымының докторы Р. Жанпейісов “Тыңды бірыңғай жамандауға қосылмаймыз”, - дей келіп, “Қазақ әдебиеті”газетінің 1990 жылғы 9 наурыыздағы нөмірінде жарияланған.




20 Лекция
(1 сағат)
1946-1953 жылдардағы «ұлтшылдықпен»күрес науқаны.
Жоспары :

1.Ұлтшылдықпен күрес және қазақ зиялылары.

2.А.Жұбанов туралы мақала.

3.Правда газетіндегі мақалалар.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


«Өткен күнде белгі бар»,-дейді халық даналығы.Санада қалған қазақ баспасөзінің тарихы-ел тарихы,халқымыздың басынан өткен кезеңдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген қазыналардың бірі.Сондықтан оқырманның ой мәйегіне айналған газет тарихының сарғайатын праақтарына көз жүгірте отырып,қоғам дамуына байланысты өмірлік көзқарастарын кездестіруіміз.

ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы Ресей империясының отарлық және одан кейінгі «Қызыл империяның»саясаты сол кезеңнің өзінің шет мемлекеттерде төртінші билік болып есепталетін баспасөз,яғни бұқаралық ақпраат құралдарына әсерін тигізеді.Соның бір көрінісі төртінші бесжылдық соңында 1949 жылы қайта жаңғырған «Ұлтшылдық саранға қарсы күрес»болып табылады.

Бұл-турасын айтсақ,1937-1938 жылғы нәубеттің жалғасы.Ұлтшылдыққа қатысы бар деген адамдарды жазалаудың түрлі жолдары қолданылады.Алдымен 1950 жылдардың басында қазақ тарихы,әдебиеті мен мәдениеті сынға алынады.

Мәселен,1951 жылы 28 қыркүйекте «Казакстанская парвда»газетінде Мұқан Төлебаевтың «Қазақстан музыкасындағы бұрыс бағыт туралы»,деген сын мақаласы жарияланады.Бұл сын Ахмет Жұбановтың «Қазақ сазгерлерінің өмірі мен шығармашылығы»атты тұңғыш зерттеу-монаграфиясына қарсы бағытталады.Мұнда,бұрынғы сынау шегінен асқан автор А.Жұбановты буржуазишыл-ұлтшылдығы,панисламист және пантюркистігі үшін айыптады.

Осыған орай А.Жұбанов 1951 жылдың қазан айының бесінде «Социолисттік Қазақстан»газетіне «өз қателіктерін мойындап»маала жазуға мәжүр болды.Бірақ,бұл ақтау оны жалған сыншылдардың түйреуерінен құтылтқан жоқ.Қайта,іле-шала арада бір апта өтпей жатып Республика сазгерлері Одағы қазақ музыкасындағы арнайы мәжіліс өткізіп,оған Мәскеуден үш адамды шақырған.

Бұл мәжілісте тек А.Жұбановтың мәселесі ғана қаралып,оған шешен өз атынан жңа теңеу табуға тырысқан.Мысалы,баяндамашы П.В.Аравин Ахметті «идеалист,тұрпайы социолог,формалист,буржуазияшыл-ұлтшыл»,Б.Г.Ерзакович «ұлтшыл әрі космополит»,Иванов-Сокольский «музыкадағы бекмахановшылдықты қайта қоздырғанаын қиын емес.

Келесі кезек қазақ әдебиетінің мақтанышы-Мұхтар Әуезовке келді.Бұл науқан қазақ халқының мәдениетін,оның өкілдерін жоққа шығаруға бағытталды.Олар М.Әуезов ірге тасын қалаған «Абайдың поэтикалық мектебін»,осы тақырыпқа лағаш дссертация қорғаған Қайым Мұхамедхановтың еңбегін жоққа шығарып,Шәкәрім,Тұрағұлұлдарды буржуазияшыл-ұлтшылдардың қатарына қосты.Сөйтіп,Абайдың кеңестік дәуірге дейінгі кезең ақтаңдаққа айналып, өзінің көренкті өкілдерінен айрылып 80-жылдарға дейін құлазып қалды

Бұдан кейін қазақ интелегенциясының көрнекті өкілдерінің үстінен жеке іс қозғалды.Енді нысанаға республика ғылымының мақтанышы академик Қ.Сәтбаев ілікті.Қ.Сәтбаев тарихшы Бекмахановқа қаморлығы үшін,буржуазиышыл-ұлтшыларды уақытында әшкерелемегені үшін айыпталды.Ал «Казахстанская парвда»газеті болса,мұны «партия мүшелерінің халықтың үніне құлақ аспауы»,деп тұжырымдады.

Сондай-ақ,белгілі ғалым,педагог,психолог,қазақ мемлекеттік Университетінің ректоры Т.Тәжібаев та бұрын саяси айыптар тағылып академиядан қуылағн адамдарды университетке қызметке алғаны үшін,әсіресе Бекмахановты қолдағаны үшін сыналды.

Бұл жылдары қазақ зиялылырының көзін жою үшін жасалған террордың алғышарты орталық және республикалық басылымдар арқылы жасалады.Яғни ,30-жылдардың тәжірибесі қолданылды.Мәселен «Правда»газетінде «Біздің арамыздағы ашық ауыздықтан арылайық»,атты бас мақала жарияланды.Онда ашық ауыздықтың мысалына Бекмахановты әшкереушілердің бірі,тарихшы Б.Сүлейменовтың әшкерленбеуі сөз болды.

Тек,1954 жылдың көктемінінен кейін ғана Қазақстанның ғылыми мен мәдениетіне төнген қара түнектің бұлты ыдырап,саяси науқан бәсеңси бастады.Оған себеп болған бүкіл Одақ көлемінде басталған оң процестердің әсері деуіміз керек.

21 Лекция
(1 сағат)
Қазақстанды астықты өлкеге айналдыру жылдарындағы баспасөз.

Жоспары:

1. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы баспасөздің міндеті.

2. 1954 жылғы облыстарда өткен баспасөз жиылысы.
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


Қзақстан тарихында өз ізін қалдырған қайшылықты кезеңдердің бірі-тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары.Бұл өзі Кеңс өкіметнің екі қоянды бір оқпен атуды көздеген,астары мол жымысқы саясаттарының бірі еді.Тың көтеру идеясы өкімет басына Н.С.Хрущев келгенен кейін көп ұзамай-ақ туған-ды.Бұл кездегі ең басты мақсаттардың бірі соғыстан жадап-жүдеп шыққан елдің қарнын тойдыру сылтауы болатын.Сол кезде Н.С.Хрущевтың көзі Ресейдің қара топырақты аймақтары мен Қазақстандағы түсті.Орыс патшалары мен қызықтыратын.Сөйтіп,бұл мәселе КОКП Орталық Комитетінде бірнеше рет қаралғанан кейін,ХІХ съездің қаулысымен тыңға жорық басталып та кетті.

1954 жылдың ақпан-аурыз айларында-ақ,Қазақстан жеріне Ресейдің қалалары мен селоларынан эшэлон адамдар келе бастады.Оларды жергілікті халық «Тың игерушілер»деп құрметпен қарсы алуға тиіс еді.Солай болды да.Қазақ халқы ежелгі мемандостығын көрсетіп-ақ бақты.Алғашқы тыңгарелер қазақ даласына:

Едем мы,друзья,

В дальние края.

Станем новоселами,

И ты,и я!

Деген әнді екпіндете айтып келді.Олардың бәрі дерлік өздерін Қазақстанға жақсылық жасаушы батырлар ретінде сезінді,қазақ жерін елсіз дала деп білді.Кейінен тарихшы Ф.Усов тыңға келегн біреудің күнделік дәптерінен мынадай үзінді келтірді: «Өткен заманда Ақмола өлкесінде ел сирек болатын,-деп жазыпты ол өз күнделігінде,Ұлан-байтақ даланы көшпелі қазақтар мекендейтін.Қазақтар біріңғай мал өнімімен күн көретін,егін екпейтін.Өлкенің алғашы отырықшы тұрғындары-Сибирь казактары еді».Міне,тың игеруге келегндердің көбінқазақ жері,қазақ халқы туралы түсінігі осы деңгейде ғана болды.Сол кездегі газет материалдарынан мынадай жоладрды оқуға болатын: «Мен тың өлкесіне келдім.Комсомолдың жолдамасы менің еңбектегі шамшырағым болды.Арада бірнеше жыл өткеннен кейін олардың кейбірі газетке мынадай хаттар жолдайтын блоды: «Мен тың өлкесінен өшпес ақытымды таптым.Комунисттік патияа мүше болып өттім.Семья құрдым.Менің еңбектің солдатымын».ъ

Сонымен,күн сайын ағылып,жүз мыңдап келе бастаған осы адамдар айдалаға ақ шатырларын орнатып алды да,тың далаға түрен салып,оңды-солды жырта бастады.Науқан солай,ұран солай болды.Жергіілкті жерлі адамдары тың игерушілердің бетіне қарап ешкім де сөз айтпады.Үкімет пен партияның саясатына қарсы пікір айту,наразлық білдіру әлі де болса көпе көрнеу отқа түсумен пара-пар еді.

1954 жылы Қарағнды,Ақөмола,Көкшетау,Орал обылстарында баспасөз қызметнің кеңсі өтті.Мұнда тыңды насихаттаудағы баспасөздің міндеттері айқындалды.

Баспасөз тың игерудің барлық проблемаларына араласып отырды. «Правда», «Социолистік Қазақстан», «Қазахстанская правда»газеттері облыстық газеттерге шолу жасап,олаға бағыт беріп отырды. Қ.Бекхожин «Қазақ газеттер де тарихының очерктері»деген кітабынад Солтүстік Қазақстан облысының «Ленинское знамя»газеті 1954 жылы үш айда тың игеру тақырыбына 80-нен аса материал,оның ішінде 6 бас мақала,9 редакциялық және тілшілер мақаласы,20-дан астам еңбекші хатын жариялап,социалисттік жарыстың барысы жөн.інде 15 жұмысшы,бригадир мен директорға сөз бергені туралы деректі келтірді.

Тың жерді игеру алғашында уақытша шара,астық қорын жасаудың тактикалық тәсілі ретінде ойластырылды есе де оның астарында Мәскеудің басқа да мүдделері болғандығы мерзімді баспасөзде көп айтылып жүр.Тың көтерудің қате болғандығын Л.М.Богденко,Е.П.Данилов секілді ғлымдар кейінірек айтты да.Бірақ өкімет тарапынан бұған құлақ асқан ешкім болмады.Шынында,ұлан-байтақ жерді мөлшерсіз жыртып тастап қарап отырумен ештеңе бітпейтіні түсінікті де.Бабын тауып,жағдайын жасамаса,жер өнім бере ме.Алағшы 3-4 жылдан кейінгі жғдай мұны дәлелдеп берді.Бірақ,журанилст Ж.Қуанышев айтқандай, «көтеріңкі көңіл күйге»негізделген орталықтың өктемдік саясаты жергіілкті жерлердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне пысқырып та қарамады».

Тың игерудің үлкен зардаптарының бірі-Қазақстандағы демографиялық тепе-теңдіктің жасанды түрде әрі күшіпен бұзылуы Қазақстанды «Жүз ұ лттың лабараториясына»айналдырған да дәл осы тың екені даусыз. «1954-1956 жылдарда Қазақстанға сырттан 640 мың адам қоңыс аударып келді»,-деп жазады тарихшылар С.Ковальский мен Х.Маданов.Ал журанилист Ж.Қуанышев өзінің жоғарыдағы мақаласында бұл туралы: «...қалың тасқынның ішіндегі өзінің құлқыны мен жеке басының қамын көдеген ашкөз тобырдың көбейіп кетуі жергілікті тұрғндарды да,партия ұйымдарын да шоқ басып алғандай шаршатты»,-деп жазды

Тың игерудің экономикалық тиімділігіне қарағанда экологиялық зардабы анағұрлым ауыр болғаны бұл күні әркімге белігі шындық.Қазір Солтүстік облыстарда топырақ құнарының 30 процентке жуығы жойылып,тек 1960 жылға ейінгі кезеңнің өзінде ғана 9 миллион гектар жер істен шыққаны белгілі болып отыр.Ғалымдардың есебіне қарағанда,осыншама шығынмен,ойсыраған зардаптармен тың көтерілме-ақ,оның есесіне астық өнімін гектарына не бары бір центнерден ғана арттыра алған болсақ,әлдеқайда ұтады екенбіз.Ал шындық жағдай бұған керісінше болды.Гектарына 20 центнерден астық жинауды көксеген тың идеясының авторлары орта есеппен 7 центнерге қанағаттануға мәжбүр болды.

1994 жылы ақпан айында Қазақстанда тың көтерудің 40 жылдығы аталып өтті.Қалай дегенмен да,тың игеру қозғаысы Қазақстандықтардың,оның ішінде қазақ халқының да тағдырымен терең байланысып кеткен,қайшылығы мол,күрделі оқиғалардың қатарына жататыны ақиқат.Ал бапасөз болса,тың ақиқатын енді ғана айта бастады.Сондықтан,тың туары шынайы баға уақыт еншісінде деп білеміз.



22 Лекция

(1 сағат)
Қоғамдық – саяси,әдеби – педогогикалық,ғылыми – көпшілік басылымдар. (1960 – 1985)
Жоспары :
1. “Қазақстан мұғалімі”газеті.

2. “Қазақстан мұғалімі журналы”.



  1. Баспасөздің жаңа бөлімдері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


“Қазақстан мұғалімі” газеті оқу-ағарту ісін қазақ жерінде насихаттау сонау Х!Х ғасырдың соңы мен ХХ ғаырдың алғашқы жылдарынан- ақ басталған. Кезінде “Дала уалаяты газеті ”, “ Қазақстан ”, “Қазақ” газеттерінен басталып, “Айқап ”, “Мұғалім” журналдары қостап, “Қазақстан мектебі “ одан әрі жалғастырған басқада басылымдарда оқу-ағарту ісіне байланысты талай-талай ілгері істер қаралып , көптеген материалдар жариялаған.

Бірақ бертін келе осының барлығы да аздық етті. Оның үстіне заман өзгеріп білім, ғылым дамыған сайын көш соңында қалып қоймау міндеті тұрды. Сондықтанда олар 1952 жылдан бастап екі тілге қазақша және орысша “Қазақстан мұғалімі”,” Учитель казахстана ” газеті шығарыла бастады. Алғашқы редакр-торы О.Құдешов.

Бұл басылым оқу министірлігінің басқармасымен бастауыш және орта мектеп қызметкерлеріне яғни, мұғалімдерге, педагогикалық жоғарғы оқу орнындарындағы студенттерге көмекші әрі нұсқаушы құрал ретінде есптелді.

“Қазақстан мұғалімі” газетінде әсіресе жалпылама баяндалған , педагогикалық, әдістемелік тәсілдер жөніндегі материалдар көп жарияланджы.

Ал, сол жылдары газеттің негізгі автолрлары әр облыс, аудандарының білікті деген мұғалімдерімен ізденімпаз студенттер қауымыболды. Оның үстіне көп материалдар ешқандай айдарсы ұзын соар ұран тектес тақырыпшаларменг берілетін едіү.Басылымның сол кездегі мұндай кемшілік жақтарына кешіммен қарауға болады.Себебі, бара редакция құрамы өзгеріп біраз тәжірбие жинақтал соң, “Қазақстан мұғалімінің ” ұтымды шығуына жол ашылды.

1956 жылдан бастап газетте “мектеп ”, “Партия”,”Кәсіподақ”,”Ғылым және әдебиет” деп аталатын бірнеше жаңа бөлімдер ашылды. Көптеген материалдар жағынан жанрлық жағынан ерекшеленетін болды. Әр мақала өз мазмұнына орай мектеп туралы ойлар “ Мектеп хабарлары”, “Мұғалімдердің январь кеңесінен” сияқты айдарлар аясында жарияланды.

Газет тек қана оқушыларға білім беру әдістерін ғана емес, мұғалімнің сабақ үстінде өзін-өзі ұстау этикасында қозғаған.

“Қазақстан мектебі ” журналы қазақ баспа сөзінің тарихында өзіндік орны бар”Қазақстан мектебі”, “Жаңа мектеп ” аталып , жарыққа шыққан алғашқы сандарынан-ақ бұл басылым бір ғана мақсатқа – қазақ мектебіне, қазақ мұғлімдерімен оқытушыларына жәрдемші болу ісіне қызмет етіп келеді.

Жаңа басылым жұмысына қазақтың осы кезеңдегі қайраткерлері , ақын- жазушылары , ағартушыларымен оқытушылары тегіс қол барыс тигізуге ұмтылды.

“Жаңа мектеп ” 1961 жылдан бастап “Қазақстан мектебі” деп атын өгетті.

Қазіргі бұл редакцияның шаңырағынан үш журнал – “Қазақстан мектебі”,”Информатика ,физика, математика”,”Қазақ тарихы” шығады.Соңғы екеуі қосымша атанғанымен оқырман үшін өз алдына бір-бір журнал ретінде есептелді.


23 Лекция
(1 сағат)
Сатиралық басылымдар
Жоспары :


  1. Ара журналы.

  2. Журналдың міндеттері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.

Саяси-сатиралық «Ара»( «Шмель»)журналы 1956 жылдың наурыз айынан бастап,екі тілде(қазақша-орысша)20.050 дана тиражбен,0,70 бет баспа табақ көлемінде айлық басылым ретінде шыға бастады.Бас редакторлығына жазушы Ғ.Мүсірепов,редактордың орынбасарлығына Д.Снегин тағайындалды.

«Ара»журналының сол кездегі асты міндетерінң бірі-ұрлық,зорлық,өтірік-өсек,алдау-арбау төрешілдік,мансапқорлық,алыпсатарлық,қалың мал сияқты ескіілктің қалдықтарымен күресу және олардың сатиралық өткір тілмен түйреп,әшерлеу болып табылады.

Сондықтан да болар «Араның»1956 жылғы алғашқы беташар саны:

«Ұшқалы тұрған Арамын,

Алдарыңа барамын.

Қисық,қыңыр құрсауды.

Талқыңа сүйреп саламын.

Жексұрын,жылпос,тоңмойын,

Төрешілді табамын.

Табамын да шағамын»,-

деген өлең жолдарымен ашылған.

«Ара»журналының алғашқы сандарында назар аударарлықтай матеиралдар баршылық.Әсіресе,басылым беттерінде жарияланған кариактура,шарж,сатиралық суреттер оқырман көңілінен шыққандай.Мәселен,суретші Федоровтің «Қоқилынған қораздар»,Леоньтевтің «Осы жұрт мені текке жамандап жүр», Бейсеновтің «Құртты-ау мына кебенек»тәрізді сықақ,әзіл-қалжыңға құрылған кариактуралары ойдан шығарылған емес,өмірден ойып алып берілген дүниелер.

Сондай-ақ,журналда фельетон жанрына көп орын берілген.Осындай фельетондардың бірі «Сергей Гаврилович-сері кісі»деп аталады.

Бұдан басқа «Араның»1956 жылғы екінші санында В.Ширяевтың «Тымақтың сыртынан тақия»деп аталатын фельетоны,А.Тоқмағанбетовтың «Қай колхозда жоқ екен»деген сатиралық өлеңі және С.Адамбековтың «Емделудің қайғысы»атты сатиралық әңгімесі жарияланды.

Енді осы материалдардың ішінен С.Адамбековтың «Емделудің қайғысы»әңгімесіне көңіл бөлсек,онда автор: «2 емтиханның ауласында балшықа батып,бір-біріне қол ұшын созған,бір кебісін қольыққа қысып,екіншісін іздеген,лай судың етінде қалоқыған қалпағына ұмтылып,әбігерленеген адамдар.Есік алдында аяқ киім сүртетін ешнәрсе жоқ,сырттан кірген саз балшық иелене ширатылып,құрақ топыраққа,тозаңға айналып,емхананың ішін түгел аралап кетіп жатыр.Киім шешетін орын жоқ.Пальтондарына қолтықтаған аурулар неше сағаттан бері сарыла күтіп тұр»,-деп аурулар халін аянышты,тазалықтың сақталмауын жиіркенішті,ал өз жұмысына селсоқ қарайтын дәрігерлердің алтын уақыттарын босқа өткііп жүргендіктерін қынжыла,жеріне жеткізе баяндайды.

«Ара»өзі қозғап отырған мәселе төңірегінде ..,айттым бітті»деп қол қусырып оытра бермеген.Өз бетінде жарық көрген әр сын материалға уақытында жауап берілуін мұқият қадағалап отырған.Оған дәлел жоғарыда аталып өткен С.Адамбековтің «Емделудің қайғысы»атты сатиралық әңгімесіне редакция атына келіп түскен жауап.Онда 2 емтиханда орын алған кемшіліктің орынды сыналғаны туралы және оған жауапты адамдардың бәрі де қатаң жазаланғандығы айтылды.

«Ара»журналы өз жұмысын жақсарту жолында оқырмандардың хат-хабары мен сын-дабылдарына да үнемі құлақ асып отырды.Олардың жазған материалдары «Ардақты Ара»атты арнайы бетте жарияланды.

Бұған мысал ретінде редакция адресіне Алматы қаласындағы Чайковский көшесіндегі 129 үйдің тұрғындарының атынан келіп түскен шағын хатты келтіруге болады.Онда бұл үйге көптеген жылдар бойы күрделі жөндеу жасалмағандықтан қатардан шығып тоза бастағандығы айтылады.

Сондай-ақ, «Ара»журналының кейінгі сандарынада қоғам өмірінде кездесіп отырған талай кемшіліктердің бетін ашатын Ө.Қанахиннің «Сары шұнақтармен шайқасу»,а.Егізбаевтің «Берекесіз бес күн»,Павловтың «Сынсыз кеңес,сылдыр су»,М.Балюкің «Кімге жүгінеміз,Ш.Смаханұлының «Қыл-көпір»сатиралық өлеңі жарияланды.

Журнал шыға бастаған 30 жыл ішінде оның тікелей әсерінен С.Адамбеков,О,Әубәкіров,Ш.Смаханұлы,Ж.Алтайбаев,(1961-1971жылдары редактор болған)ғ.Қпбышев,Ү.Уайдин,С.Кенжеахметоке,К.Әмірбеков,Ө.Жаппарханов,Қ.Ілиясоы т.б сияқты көптеген сатира сарбаздары өсіп,тәрбиеленіп шықты.




24 Лекция
(1 сағат)
Мәдениет және тұрмыс ”журналы.(Парасат)
Жоспары :

1. Журналдың ерекшелігі.

2. Редакторы жайынан.

3. 1985 жылдардағы өзгерістер.



  1. Парасаттың бүгінгі күні.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.

Бұл қоғамдық-саяси және әдеби журналдың алғашқы саны 1958 жылдың шілде айында жарық көрген.Онда аға газет “Социалистік Қазақстан”мен “Казахстанская правда”,Жазушылар Одағының органы “Қазақ әдебиеті”газеті мен “Жұлдыз” журналының және “Қазақстан әйелдері”журналының өмірге енді қадам басып отырған басылымға сәт сапар тілеген құттықтаулары жарияланды.”Мәениет және тұрмыс ”журалының жарыққа шығуы мәдени,көркемөнер,әдебиет майданындағытұрмыстағы елеулі жарқын өнегелі жайларды кеңінен көрсетіп отырады деп сенеміз.

Журналдың алғашқы редакторы М.Дінішев,ал редколегия мүшесіне Б.Атшабаров,Ә.Ахметов,Р.Ержпнов,С.Мұқанов,Ә.Тойғанбаевтар сайланды.

“Мәдениет және тұрмыстың”басты айдарлары “Қызық екен біліп ал”, “Игілікті істердің бастамасы”, “Ет тағамдары”, “Өнер ғылым жаңалығы”, “Естімеген елде көп”, “Пайдалы кеңес”, “Дәрігердің кеңесі”, “Өнер табысы -өмір ырысы” “Цифрлар мен фактілер”,

“Ата – аналар хаты” “Мұндайда халық бар”, “Шетел әзіл-сқақтары”,

“Семья-тәрбие ошағы”, “Спорт”, “Бөбектерге оқып бер”, “Искусства шеберлері”деп аталды.

Сондайақ, бұл басылымда тұрақты түрде, ай сайын “ошаған” арнаулы беті, “Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен” айджарымен “Демалыс сағатында”арнаулы беті жарық көріп тұрды.

Журналдың алғашқы санында “Ауыл мәдениеті жайлы кейбір ойлар” деген атпен “Социолистік Еңбек Ері” Нұрмолда Алдабергеновтың мақаласы жарияланған. Автор өз материалдарында толғағы жеткен, заман талабына сай мәселделерді тиілге тиек етеді.Әсіресе,малшылардың тұрмыс мәдениетін көтеру жайлары әр ауыл,әр ауданның өз жұрты,өз селосын сәнді, тұрмысын мәдениетті етуі керек екендігін баса айтады.Малшылардың көшпелі тұрмысын болашақта отырықты мәдени мекенге айналдырса деген ойын ортаға салады.

Сондай ақ, мұндща “Москвадағы қазақ искусствасы мен әдебиетінің он күндігі қарсаңында” деген айдармен Қазақ КСР мәдениет министрі Ә. Қанафиннің “Үлкен сын алдында” деп аталатын материалы жарияланды.Онда қазақ өнерінің он күндігінде кімдер өнер көрсетеді,осыған орай дайындақ жұмыстары қандай дәрежеде жүргізіліп жатқандығы айтылған.

Бұдан басқа Т. Ахтановтың “Белестен белеске”, С.Қирабаевтың “Өрлеу жолында”, Ж.Жиенқұлованың “Біздің би өнері”, Қ.Дастановтың “Таланатты дирежер” деп аталатын естелік-әңгімелері жарияланған.

“Мәениет және тұрмыс” поэзияға да үлкен мән береді.Оның беттерінде үгінгі таңда есімдерін халқымыз мақтанышпен аузға алатын ақындарымыз – Ж.Молдағалиев тің ,Ә.Сәрсенбаевтың, Т.Молдағалиевтің ,Ғ.Қайырбековтың және т.б.,өлең – жырлары үнемі орын алып отырған.

Өмірге келгендегі алғашқы қадамы осылай басталған еліміздің мәдениеті мен тұрмысын көтеруге өзіндік үлес қосып келе жатқан бірен-бір басылым “Мәениет және тұрмыс”өзінің ұстанған позициясының айқыдағынығының арқасында бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді.Бұл басылым 1989 жылдан бастап атын “ Парасат “ деп өзгерткенімен, оның отыз жыл бойы қалыптасқан тарихы,өзіндік жазу үрдісі өзгерген жоқ.

25 Лекция
(1 сағат)
Бүгінгі күнге дейінгі маңызын жоғалтпаған баспасөз.
Жоспары :

1. “Білім және еңбек ”журналы. (Зерде)

2. “Жалын”журналы.

3. “Арай”журналы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


“Білім және еңбек”(“Зерде”)журналы 1960 жылдан бастап “Білім және еңбек ”деген атпен шығып келген бұл ғылыми-көпшідлік басылым 1987 жылдан бері “Зерде”деп аталады.Тұңғыш редакторы Абдухамит Мархабаев.

Журнал мектеп оқушылары мен көпшілік қауымды ғылым жаңалықтары мен таныстыру,жұмбақ дүниедегі адамға бұрын-соңды мәлім болған ғажайыптар туралы айтып беру,сол арқылы жас өспірім оқырманының өмірге көзқарасын қалыптастыру жолында табыссыз еместігін айта кеткен жөн.Журнал,әсіресе, редакторлары Б.Қойшыбаевтің , А.Сейдімбековтың тұсында жақсы материалдар мен көзге түсті.

Журналдың бас айдарлары: “Асыл мұра”, “Ғылым көкжиегі”, “Саул қойған екенсіз”, “Жас ғылым мінбері”, “Дүние жатқан жұмбақ”, “Дөңгелек-жас шеберлер клубы”, “Оқып туған”, “Жас ғалым”, “”Зерттеу жүргізеді”, “Жақсыдан ғибрат”деп аталады.

Мәселен, “Зерденің”1995 жылғы бір сананда Хасен Қожа - Ахметтің

“Біз демократияны білеміз бе ?”Б.Шланованың “Шешендік тәлім-тәрбие”Ә Оразалиеваның “П.Н. Милиоранскиидің қазақ тілін зертеуі”,Б.Тлепиннің “Шопан ата”, “Сексек ата” тағылымдары деген танымдық материалдары жарияланған.

“Жалын ” жцрналы бұл әдеби- көркем және қоғамдық- саяси басылым 1969 жылдан бастап шығып келеді.Журналдың негізгі мән-мазмұнына тоқталар балсақ, онда”Аманат”, “Алдыңғы толқын ағалар ”,”Зерттеу”,”Таным”, “Қазақ кәсіпкерлері” сияқты айдар, тақырыптармен өлең-жыр, әңгіме-поветь, зерттеу мақалалар мен материалдар көптеп басылады.

Осы орайда “Жалынның” публицистика, проза, поэзия, әдеби сын бөімдерінде кейінгі жылдары жарық көрген кейбір шығармаларға тоқталар балсақ, онда ең алдымен “ақтаңдақтар” мәселесіне жазылған Т. Қожекеевтің “Сәкенді не үшін сынаған”, Т. Кәкішевтің “Сәкен аялаған арулар”, Д Снегиннің, І. Жансүгіров жайында “Қолыңа не себептен қалам алдың”, Х . Досмұхаметовтың “Мұра” айдарымен берілген “Кенесарының соңғы күндері” атты еңбектерін атп өтуге болады. атты еңбектерін атп өтуге болады.

Қорыта айтсақ, “Жалын” журналында жарияланған әр материал бүгінгі күн талабына сай, уақыт үрдісінен туындап, жазылған шығармалар деп білеміз.

“Арай ” журналы 1986 жылдың “Желтоқсан ” оқиғасынан кейін қазақ жастарының арасынан.”Халық жауларын” іздеу, табу, табылмаған жауларды қолдан жасау науқанын қанқұйлылықпен жүргізуді Колбин қолға алып , азғантай ғана халқымызды “Оңтүстіктер” және “Солтүстіктерге ” бөліп, “Үй ішінен үйтігіп” жатқан тұста , 1987 жылдың сәуір айында дүниеге келген баслымдардың бірі – “Арай”, “Заря”журналы.

Бұл саяси – қоғамдық және әдеби журналды ұйымдастырып , қанат қақтырған , 1994 жылдың маусым айына дейін бас редакторы болған жазушы Ә. Кепішев болатын.

“Арай” бүгінгі күннің ауыртпалығына қарамастан өз оқырмандщарын жоғалтпаған жанашыры көп басылым.Ә дегеннен-ақ республикада шығарылатын журналдың арасынан алғашқы бестікке ілінген “Арай” болса, әлі де сол беделін жоғалтпай келеді.

26 Лекция
(1 сағат)

Бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы.(1985 – 1991)
Жоспары :

1. Қайта құру кезіндегі халықтың сұранысы.

2. “Алматы ақшамы”газеті.

3. “Өркен”газеті.

4.“Әділет”апталық газеті.

5.Невада – Семей антиядролық қозғалысының “Аманат”газеті.

6.Тарихи – этнографиялық “Қазақ батырлары”газеті.
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.

Қайта құру кезеңінде халықтың мүддесімен тілегіне қажетті әрі оқырмандарын қызықтыратын көптеген материалдар республикалы “Социолистік Қазақстан и” ,”Лениншіл жса”, облыстық “Орталық қазақстан”, “Ақжол ”,”Жетісу”,” Оңтүстік қазақстан ” газеттерінде молынан басылады. Бұл басылымдарда көкейкесті тақырыптарды қозғап, жұрттың көкейінде жүргени ой – пікірлер ашық жарияланады.

1988 жылғы есеп бойынша Қазақстан көлемінде 500 респбликалық,республика аралық,облыстық,қалалық,аудандық және көп тиражди газеттер,жиырма миллион танамен журналдар мен журнал тектес басылымдар шығып тұрды.

Енді, 1988-1991 жылдар аралығында жоғарыда аталған газет – журналдардың қатарына тағы да қазақ тілінде шығатын бірнеше жаңа басылымдар келіп қосылды. Оларға жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ,оның алғашқысы “Алматы ақшамы”газеті.

Бұл газет 1988 жылдың 1 шілдесінен бастап шыға бастады.Ол Қазақстан компартиясы Алматы қалалық комитеті мен Халық депутаттар қалалық кеңесінің газеті болып есетелді.Тиражы 36000.Бөлімдері : партия тұрмысы және коммунистік тәрбие,кеңестер және әлеуметтік мәселелер,спорт хабарлары,әскери – патриоттық тәрбие және жедел хабар,экономика және социолистік жарыс,хаттарды тіркеу. Негізгі айдарлары : “Елімізде”, “Жыңалықтар”, “Шетел телетайпыннан”, “Партия тұрмысы”, “Кеңестер және қайта құру”, “Қайта құру және біз”, “Тетр,кино,жарнама”деп аталады.

Мәселен, “Баспасөз баршаға”айдарымен бұл газет өз оқырмандарын болып жатқан оқиғаларға көзқарастарын,оқырмандар мен баспасөз арасындағы көзқарастарын, байланыстарын үнемі қадағалап,жазып отыруды дәстүрге айналдырған.

Келесі басылым – “Өркен”деп аталады.Ол кезінде сенбі күндері шығып тұратын апталық газет болды.1988 жылдың қаңтар айынан бастап шыққан. Құыртайшылары : Баспасөз министрлігі мен редакция ұжымы. А 3 форматымен 12 бет көлемінде.Екі тілде.

Алғашқыда бұл студенттердің газеті ретінде шығарылды. Көп ұзамай ақ газет жастардың іздеп оқитын қызықты дща жанашыр газетіне айналды.Әдепкі сандарынан бастап ақ “Өркен”батылдығымен,көтерген мәселелердің тереңдігімен,принцпшілдігімен ауызға ілікті.Бұл оның бас редакторы Алтынбек Сарсенбаев бастаған редакция колективінің ізденімпаздығы мен алғырлығының арқасында жүзеге асырылды. “Әлеуметтік көзқарас”, “Студент және нарықты эканомика”, “Демократия тағылымдары”, “Музыкалық коллаж”, сияқты айдарлары болған. Кейде “Оқырмандар “Өркен”жайында”деген айдармен де материалдар беріліп тұрған.Бұлардың көшілігі ұлттық дәстүр,мәдениет,тіл проблемаларына арналған.

1989 жылдң мамыр айында Қазақстан кәсіподақтарының “Әділет”деп аталған апталық газеті жарық көрді.Бұл басылым қазақ және орыс тілдерінде шығарылды.Тиражы 14342 дана.Редакторы Сағыныш Сариев. Газеттің басты міндеті – ақпарат,жаңалықтарды тарату.Дәлірек айтсақ, “Әділет”өз оқырмандарын кәсіподақ өмірімен,олардың жұмыс бағдарламасымен,жоғарғы кеңес жаңалықтарымен жақынырақ таныстыруға тырысады. Айдарлары : “Нарық және халық”, “Кәсіподақ – еңбек қорғау”, “ресми ақпарат”, “Болашақ маман үшін”, “үндемеуге хақым жоқ”, “Шетелдік әріптестер тәжірибесінен”деп аталады.Жарнама басылымның соңғы бетінде беріледі.

1991 жылы Невада – Семей антиядролық қозғалысының “Аманат”газеті жарық көрді.Бас редакторы С. Айнақұлов. Бұл басылым Семей полигоны,оның зардаптары төңірегінде проблемаларды көтерді.Көлемі 8 бет.Оның “Полигон”, “Эпицентр”, “Жаралы жер”, “Редакцияға хат” “Алтын арқау”т.б. айдарлары бар.

“Қазақ батырлары”газеті 1991 жылдың мамыр айынан бастап шыға бастады. Айына бір рет жарық көреті тарихи – этнографиялық басылым, “Қазақ батырлары” қазақ халқының тарихы,әдет-ғұрпы,дәстүр мәселесін қозғайды.Газеттің жауапты хатшысы - Жолдасхан Бозымбеков.




27 Лекция
(1 сағат)
Желтоқсан оқиғасының баспасөз бетіне жазылуы.
Жоспары :
1. Кеңес одағының телеграф агенттігі таратқан ақпараттың әсері.

2. Ә.Әлімжановтың “Алматыда не болып жатыр ?”атты мақаласын талдау.

3. Шындық сабақтары.


  1. “Правданың”желтоқсан оқиғасын суреттеуі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.

Ең алдымен 1986 жылғы желтоқсан ақиқаты алғаш баспасөз бетінде қалай жария етіліп,түсіндірілгенін еске алайық.Барлқ материалдар бір жақты сипатта болды.Алматыдағы оқиға туралы алғашқы мәліметті бұрынғы Кеңес Одағының телеграф агенттігі желтоқсанның 18 – жұлдызында хабарлады. Жай ғана “Алматыдан хабар” деп аталған шағын материал бұған дейін баспасөз бетіне шығып көрмеген тосын оқиғаны таратқан.Оны жарыса қайталағандардың ішінде өкінішке орай көптеген қазақ газеттері де бар болатын.Одан кейін орталық баспасөз желтоқсан оқиғаларын жіліктеп шағып, өздерінше “ақ - қарасын”ашып берген “сүбелі”материалдар ұсына бастады.

Ол басылым беттерінде негізінен Алматы көшелерінде байқалған ұлтшылдық көріністерге кінә тағу,сөгу,ал тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды міндетті түрде табу,ұстау,соттау керек деген пиғылдар ашық айдын айтлып жатты.Ал заң жүзінде бұл міндетті сол кездегі халық соттары онсызда қамшы салдырмай орындау үстінде еді.

1987 жылғы қаңтардың бірінде “Литературная газетада” жарық көрген марқұм Ә Әлімжановтығ “Алматыда не болды ?”деген мақаласына көңіл аударалық. Онда өкінішке орай: “Уақыты келгенде Алматыдағы оқиғаны ұйымдастырушылардың кім екенін білетін сәттің туатынына мен сенемін,шүбәсыз сенемін...Халық, мен өзінің ұлы болып саналатын халық республикада тұратын қазақтар мен басқа да халықтардың арасына баспалап келіп, сенімсіздік ұрығын сепкісі келгендердің түрін де аты жөнін де білуге тиіс.Біздің бағдарламамызды кімдердің алдағанын білетін күн де келеді.Өтірік және өсекпен, оларды студенттік жатақханалардан алып шығып, қолдарына дұшпандық,сауатисыз транспоранттар ұстатып,өздері бас сауғалап қалғандарды әлі білетін боламыз”, - деп жазды автор.

Одан кейін бұл пікірді араға екі пата салып шыққан нөміріндегі “шындық сабақтары” атты мақаласында газеттің меншікті тілшісі А.Самойленко іліп алып, онан әрә “данышпандықпен”өрбітеді. Ол : “Көп жастар жазасын алды,комсомолдан шығарылды,правоға қарсы әрекеттері үшін оқу орындарынан қуылды, біразының бұзақылығы,жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін істері сотта қаралатын болды.Әрине,тәртіпсіздіктердің басшыларын,ұйымдастырушыларды іздестіруді табанды түрде жедел жүргізу керек”, - деп шешендік танытты.

Шындығын айту керек,осы орталық басылымдардың беттерінде жарияланған материалдарда бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда бір жақты,көлеңкелі,қаракүйелі тұстары басым болғанмен қатар,оқиғаға байыппен қараға деген ұмтылыс,мәселенің түп төркінін әлеуметтік жағдайлардан іздестіру деген талпыныс та болды.Алайда ең басты мәселе жастардың алаңға неге шыққанына келгенде авторлардың барлығы да оларды біреулер айдап салды деген жалған тұжырыммен шектеліп қалды.

Республикада 100 – ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратынына қарамастан, қазақ астанасында қаланың жоғары оқу орындары мен техникумдарында оқитындардың басым көпшілігі жергілікті ұлт өкілдері екендігіне назар аудармады.Жатақханада студенттердің ұлттық белгісіне қарай орналасуына ұсақ-түйек деп қарады”.

“Правда”газетінің пікірінше ,оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін мектептер мен балабақшалар аз емес екен.Барлық жерде оларды ашу туралы мәселе қоюдан көрі “Әр ұлттың балалары оңаша болмай, ортақ бір мектепте оқып,ортақ бір балабақшада тәрбиеленгені әлдеқайда дұрыс”.Жоғарыда айтқанымыздай бұл “мардымсудың зардабы” ертеңінде ақ республикада шығатын газеттердің барлығын жапатармағай аударылып,көшіріліп шығарылды.

Өзінің әріптестері ат басын еркін жіберген ,жалған әшкерелеу шабысынан “Известия”газеті газетіде қалысқан жоқ.Оның тілшісі Алматыға келген сапарынан “Шырмауық”атты мақала туындадып қайтты.Тағы сол біржақты сарын.Осы жерде Мәскеулік журналистердің жұмысында сол желтоқсан оқиғасына байланысты қалай болса,солай көсілте,көпірте мақалалар жариялау дәстүрге айналып кеткенін ашып айтуымыз керек.Сол бір кез тарихта алтын әріппен жазылған 1986 жылдың желтоқсан ызғары жаңару күніне жеткізсе де, әлі де кей авторлардың тек ұлт мәселесіне байланысты тақырыпқа үйірсектік танытып,жоқ жерден ілік іздеп тұратыны жанға батады.Елімізде соңғы кездерде айқын демократиялық өзгерістер,бүкбесіз жариялылық,республика егемендігі мен дербестігі тұрғысында келелі жұмыстар өрістеп,жаңаша ойлаудың жарқын арналары ашылуда.Алайда, орталық газеттердің сол бір дүрбелең кездерде республика қамымен бас ауыртып, балтыр сыздатпағаны белгілі.


28 Лекция
(1 сағат)
Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғаластардың баспасөз органдары.
Жоспары :

1. “Азат”қозғалысының баспасөз органы.

2. “Желтоқсан”ұлттық – демократиялық партиясының басылымы.

3. “Қазақстан бірлесу”партиясының баспасөз органы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.

Кезінде қоғам құрылымына өзгеріс әкелген қайта құру өміріміздің барлық саласына тереңдеп енді. Жариялылық,демократиялық аясын кеңейтіп,өткен тарих “ақтаңдақтарын” аршып алуға,болашаққа берік бағдармен баруға үйретті.Жоғарыда тайтқанымыздай тарих беттеріндегі беймәлім жайлар ашылып,азаматтық үндер айқын сипат алды.

Бүгінгі таңда бұрынғы Одақ,қазіргі ТМД елдері сияқты біздің республикамызда да қалың бұқара арасынан көпшіліктің мүддесін қорғайтын,баршаға ортақ күрделі мәселелерді шешуге бағытталған түрлі қоғамдық қозғалыстар,ұйымдар дүниеге келіп жатыр.Сөйтсе де,олардың бірқатары шынында да халық мүддесін көздесе де,енді біреулер егемендікке енді ғана қол жеткізіп, ел экономикасын нығайтуға ұмтылған шақта теріс қимылды әрекеттерімен ұлттар достығының беріктігшін бұзуға тырысуда.

Міне осы орайда біздер бұл тақырыптта Қазақстандағы басты – басты деген саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөз органдары туралы сөз етпекпіз.

Қазақстанның азаматтық “Азат”қозғалысы - өзін - өзі басқаратын әлеуметтік-саяси ұйым.Ұйымның төрағасы ғалым Сәбетғазы Ақатаев. Бұл қозғалыстың алдына қойған басты мақсаты – тәуелсіз,дербес,біртұтас,қазіргі уақытпен үндес,қазақтың демократиялық ұлттық мемлекетін құру, оның тарихи дамуын қамтамасыз ету жолында күресу.

“Азат ”қозғалысының жанынан қазақ және орыс тілдерінде “Азат”газеті шығады.

Ал , “Желтоқсан” ұлттық – демократиялық партиясы болса, бүгінгі таңдағы Қазақстандағы белгілі қозғалыстардың бірі.Оның төрағасы белгілі журналист Хасен Қожақметов. “Желтоқсан” партиясының бағдарламасында былай деп жазылған : “Бұл партияның түпкі мақсаты – КСРО-дан бөлек, өз алдына тәуелсіз, демократиялық, көп партиялы праволық мемлекет құру”.

“Желтоқсан”ұлттық – демократиялық партиясы зорлық – зомбылық, күш қолдануға және қайсыбір болмасын ұлттың қаны төгілуіне қарсы.

Сондай ақ, “Желтоқсан ”партиясы әр республиканың әскери құрамалары болуын жақтай отырып, экологиялық апаттарға жол бермеужолында да күрес жүргізеді.

Бұл партияның өзіндік ерекшелігі – 1986 жылғы желтоқсандағы жәбірленген қазақ жастарының мүдделерін қорғап, жазықсыз жазаға ұшыраған жастар мен студенттердің талап тілектерін қорғауы деп білеміз.Оның баспасөз органы “Желтоқсан”газеті.

Келесі тоқталатынымыз “Қазақстан бірлесу партиясы” (ПНЕК). Алғашында одақ ретінде дүниеге келген қозғалыс,кейінен партия болып қайтадан құрылды.Олар өздерін халыққа : “Біздің мақсат экономика мен саясатқа, республикамызға еңбек сіңіру ғана емес. Сонымен қатар халықтар достығын құптау” – деп таныстырады.Оның бүкіл Қазақстан бойынша 1500 дей филиалдары жұмыс істейді.

Оның баспасөз органы ретінде екі тілде “Дәуір”, “Время”газеттері шығарылып тұрады.

29 Лекция
(1 сағат)
Қазақстандағы жекеменшік және тәуелсіз баслымдар.
Жоспары :

1. “Казахская правда” газеті.

2. “Заман - Қазақстан” газеті.


  1. “Түркістан” газеті.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде газет журналдар да халықты қоғам өмірінде болып жатқан күнделікті жаңалықтар мен, яғни ақпарат хабарлармен қамтамасыз етуде ерекше қызмет атқарады.олардың ішінде әсересе бүгінгі таңда жекеменшік әрі тәуелсіз басылымдарға да үлкен өміт артылып отырған сияқты.Өйткені олар ешкімге алаңдамай,шындықты ашып жазуға,ешкімнің ықпалынсыз ойын еркін жеткізуге құқылы.Қазақстанда да осындай алғашқы басылымдар 1985 жылдан бастап шыға бастаған болатын.

Біз әсіресе солардың ішіндегі белдісі де бірегейі,философия ғылымының докторы,профессор,Алматы мемлекеттік медецин,а институтының кафедра меңгерушісі – Алдан Айымбетовтың орыс тілінде шығатын “Казахская правда” газеті дер едік.1993 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған бұл басылымның редакторы,құрылтайшысы да бірақ адам.

Негізінде ол өз газетінле саяси мәселелерге көбірек көңіл бөліп,баспасөздің де,теңгенің де,басшылардың да, халықтың да жайын әңгіме етеді.

“Казахская правда”қазақ ұлтына бірден – бір жанашырлық танытып отырған басылым. Сондықтан да газет қазақтар мен Қазақстанда тұратын өзге ұлттар арасында алауыздық туғызғысыкелетін басылымдарды өз тарапынан үнемі жөнге шақырып отырады.Әсіресе “Караванмен”көп бет шайқасып,оның құрылтайшысы Гиллер мен редакторы Мельцерді әрбір шалыс басқан қадамдары үшін түйреп қалуға тырысады.

Мәселен Б. Бегловтың “Караван” қайда тұрады ? ”, Ш.Исрайловтың “Караванның” аузы неге көпіреді ? ”, А. Айымбеторвтың “Гиллер өзіне сенеді ”, деген мақалалары осындай материалдар қатарына жатады.

“Казахская правда” біркездері өһзі су ішкен құдығына шөлі қанып,есін жиған соң,кекірік атып түкіре бастаған Жириновский сияқтыларға леғнет айтады.

Бұл басылым қазақ халқының қасіретті дертінің біріне айналған “Семей - Невада” жағдайына да жанашырлықпен қарайды.Өзінің кезекті бір нөмірінде сол қозғалыстың атын жамылып ашылып отырған заңсыз қоғамдар,кім көрінгеннің қолында желге ұшып кеткен ақша жайын нақты фактілер келтіре отырып : “1992 жылғы Невада – Семей Акциноерлік Қоғамы “Амулет”дщеген шағын кәсіпорынның атына жиналған қаржыны ядролық жарылыстардан зардап шеккен тұрғындарға,көмек көрсету үшін Семей полигонының ауданындағы жерлерді қалпына келтіру мақсатында жұмсаймыз деп жар салды.Сөйтіп, 170 миллион 490 мың теңге жинап алды.Бірақ, осыншама ақшаның жоғарыда аталған “Невада - Семей” Акционерлік Қоғамының есебіне 111 миллион 390 мың сом ғана келіп түскен.Сөйтіп,ақшаның 58 мың 752 теңгесі ғана көзделген мақсатқа жұмсалған. Ал, Семейліктерге болса, солардың атынан солар үшін жиналған қаржының бір теңгесі де тиген жоқ”, - деп ашына жазды.

Міне,жоғарыда келтірілген бірқатар нақты мысалдардан ақ “Казахская праыда”газетін өзіндік бағыт ұстаған,тек шындық мәселелерді жариялауға ғана талпынатын, “халықтың көзі мен құлағы, үні” болуға тұрарлық басылым деп бағалауымызға болатын сияқты.

Тәуелсіздікке қол жетіп,егемен ел атанғанымыздан бері тәуелсіз басылымдардың да бірте – бірте көбейіп келе жатқандығы да белгілі.Солардың жаңа бір легі ел аралық “Заман - Қазақстан” және “Түркістан”газеттері.

“Заман - Қазақстан”газетінде саясит мәселелер көп жазылды. Оның соңғы нөмірінде (1995 жылғы ) Ресейдің Шешенстанға жасап отырған зорлық – зомбылықтары туралы бірталай материалдар жариялаған. Мәселен, “Шешенстан – екінші Ауғанстан”деген мақалада бұл шиеленске еш қатысы жоқ Ресей жерінде әскери борыштарын өтеп жүрген қазақ жауынгерлерінің де Шешенстаннан табылып,алғашқы қайғылшы хабарлардың жетіп үлгергенін ашына жазады.

“Түркістан” 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шығып келеді.Ол ә дегеннен ақ ел ертеңін ойлауға шақыратын елеулі материалдар жариялаумен көзге түсті.Мәселен : Ж. Қуаншалиннің “Ертеңгінің тағдырын бүгінгінің ар иманы шешеді” деген мақаласы жер сату мәселесіне кері әрі дұрыс пікір білдірген көптеген ойлардың тоғысқан жері.

Сондай ақ, бұл газет дін мәселесіне көп көңіл бөледі. Өйткені, діни тәрбиені ұлы Абайдың өзіде бір кісідей қолдаған ғой.Бірақ, ол діни фанатизмге,соқыр сенімге,дін бұзар дүмше молдаларға үзілді – кесілді қарсы болып,таза дінді,сауаттылықты қолдаған.Бұл орайда Шыңғыс қажы Зұқабатырдың ислам дінінің ерекшеліктелі туралы әңгіме ететін “Дүниеде шапағатын шашқан күн” атты мақаласын атап өтуге болады.

“Түркістан”газеті сондай – ақ халық арасында анкета жүргізіп,түрлі мәселелерге байланысты оқырман пікірін жариялап отырды.Сондай анкеталардың бірі “Президент Нұрсылдан Назарбаев туралы не ойлаймыз ? ” деп аталады.

Осыдан да болар, біздер өз мемлекетімізде тәуелсіздіктің алғаш қарлығаштары ретінде шыға бастаған осы басылымдардың болашағынан үлкен үміт күтеміз.



30 Лекция
(1 сағат)
: Егемен елдің еркін баспасөзі.
Жоспары :
1. Баспасөз бетіндегі жаңа жанрлардың пайда болуы.

2. “Жас Алаш”не дейді ?

3. Журналистің сөйлеу ерекшелігі мен ізденісі.


  1. “Егемен Қазақстан” газеті.


Пайдаланылған әдебиеттер :

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


Кез келген елдің өндіріс байлықтарын өзге елдерге паш ету үшін ең алдымкн баспасөзі бай болуы керек.Олай болса республикадағы басылымдарға зер салайық.1991 жылдан,еліміз егемендік алғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде басылым беттерінде де біртелай өзгерістер болғаны белгілі.Осы уақыт аралығында олардың аттары өзгеруінен бастап,қатарлары да көбейді деуге болады.Егемен елдің еркін баспасөзі дегенде бұл тақырыпты жалғыз емес,тіпті екі жолмен – байырғы басылымдар және кейін қосылған тәуелсіз басылымдар деп атауға болады.Мысалы, “Азат”, “Желтоқсан”,”Алаш”сияқты қазақ және орыс тілдерінде шығатынбасылымдарды да атауға болады.

Алдымен қазақ тіліндегі басылымдарды 1991-1995 жылдарда жарияланған материалдарды,айдары бойынша салыстырар болсақ,онда 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап шыға бастаған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің органы “Халық кеңесі ”газетін атауымызға болады.Ол өз беттерінде тек Алматы облысы бойынша ғана 1990 жылдан бері қрыққа жуық басқа ұлт өкілдері ислам дінін біржолата қабылдағандықтары туралы жазды.

Әу бастан халыққа жастар басылымы ретінде танылған “Жас алаш”газеті 1922 жылдың наурыз айының 22 нен бастап ,күні бүгінге дейін өзінің лайықты жалғасын тауып келеді.1992-1993жылдарға дейін негізінен жастар мәселесін көп жазып келген бұл ұлттық,тәуелсіз,қоғамдық – саяси басылым1993 жылдан кейінгі кезде елдің тарихы мен ұмыт қалған азаматтарына,жер мселесі мен саясатқа басты назар аудардара бастаған.Осыған орай “Саясат”айдарымен іргелі материалдар беріліп жүр.

Сондай-ақ “Алаш - ақпарат”бөлімі “Московские новостиден” шетел және ТМД елдерінің президенттерінің кездесулерімен олардың қызметтері жайлы көптеген аударма материалдар жазылып отырады.

Бұдан басқа, “Жас Алаш”газетінде “Қазақтың қысқаша тарихы ”деген тақырыппен қазақ халқының ьпайда болуы,ұлт ретінде қалыптасуы,даму кезеңінен көптеген мәліметтер беріледі. Осы тақырыппен мұнда бұрынғы Одақ көлемінде қазақ әскерлері жасақталып,съездері өткізілгіндіктері,олардың көпшілігі ұлт азаттық жанжалдар мен территориялық даулар туғызып отырғандықтары жазылады.

Осындай бұрынғы шығып кеое жатқан айтулы басылымдардың қатарына соңғы кездері шыға бастаған “Заң”, “Түркістан”, “Сұхбат” ггазеттерін де қосуға болады. Мәселен қазақ және орыс тілдерінде шығатын саяси – экономикалық “Сұхбат ” аптылық газеті 1990 жылдың қаңтар айында дүниеге келіп,,кіндігін кескен. Редакторы Сабыржан Шүкірұлы..

Ал “Түркістан”газеті болса 1994 жылдың қаңтар айнының 28 нен бастап шығып келеді.Бұл халықаралық тәуелсіз апталық басылым. Редакторы Құлтай Мұхамеджан.

“Егемен Қазақстан”газеті 1919 жылдың 17 ші желтоқсанынан бастап шығып келеді.Ұлттық,қоғамдық – саяси газет.Редакторы Нұрлан Оразалин. Бұл басылыммен қатар 1920 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығып келе жатқан “Казахстанская правда” газетін де айта кеткеніміз жөн. Екі газетің де құрылтайшалары да Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті.

Республикамызда бүгінгі таңда жарық көретін негізгі басылымдардың мән – мазмұнын, бағыт – бағдары осындай. Заман,уақыт жылжуына байланысты барлық газет журналдардың да беттері өзгеріске ұшырағаны да белгілі.Айталық 20 жылдардағы басылымдардың негізгі мақсаты халықты сауаттандыру болса,қазіргі кезде саясат,нарық,экономика мәселелері бірінші кезекке шыққан.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Филология» факулътеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«Қазақ журналистикасының тарихы» пәні бойынша


050504 «Журналистика» мамандықтарының студенттері үшін

Семинар сабақтары

Жетісай – 2007 ж.

10. Семинар сабақтары.



Семинар тақырыбы, жоспары


Сағат

саны

Әдебиеттер №



Торғай” газеті

  1. Газеттің мақсаты.

  2. Шығарушылары.

  3. Мақалаларға талдау.

  4. шығаруын тоқтату себебі.

1

№1 25-27 бет

№2 8-10 бет







Қазақ жеріндегі революциялық толқулар мен тарихи өзгерістер кезеңіндегі баспасөз. (1905 – 1907)

    1. Төңкеріс комитетінің баспаханалық кабинеті

    2. Әдеби баспа секциясы, редакция алқасы.

    3. «Еңбек туы» газеті

1

№3 27-30 бет

№4,5 37-62, 42-56 бет




3.

Серке”газеті.

  1. Газеттің редакторы.

  2. Редколегия мүшелері.

  3. денсалық бөлімі.

  4. жабылуы.

1

№8 30-31 бет

№9 85-98 бет



4.

Большевиктік “Орал”газеті.

1. Газеттің мақсаты.

  1. Шығарушылары.

  1. Мақалаларға талдау.

5. шығаруын тоқтату себебі.

1

№10 34-35 бет

№11 14-20 бет



5.

Қолжазба “Садақ”журналы.

  1. Қолжазба газеттің шығарушысы.

  2. құрылтайшысы.

  3. мақсаты.

  4. саяси бөлімі.

1

№1 63-66 бет

№2 19-21 бет





6.

Заря свободы” газеті.

  1. Орыс тіліндегі нөмірлері.

  2. әйел теңдігі мәселесінің жазылуы.

  3. Шығарушылары.

1

№3 95-96 бет

№4,5 37-62, 42-56 бет




7.

Жетісу ісші халық мүхбірі”(Жетісу еңбекші халқының хабаршысы) “Көмек” және“Голос семиречья”газеттері.

  1. Басылымдардың тілі.

  2. Бейресми бөлімінің жариялануы.

  3. газеттің міндетиі.

1

№8 96-99 бет

№9 85-98 бет



8.

Қазақ тілі”газеті.

  1. Мақалалар тілі.

  2. Жазушылардың еңбегі.

  3. Әңгімелердің тақырыптарының алуандығы.

1

№10 103-105 бет

№11 14-20 бет



9.

Өлкелік,облыстық және аудандық газеттерде бесжылдық мәселелерінің жазылуы.

  1. Бес жылдық мәселесінің мақсаты.

  2. аудандық басылымдарда жариялануы.

  3. Талқылануы.

  4. маңызы.

1

№1 162-168 бет

№2 98-103 бет





10.

Темір қазық” және “Таң”журналдары.

  1. М.Әуезовтың орны.

  2. ғұмырының қысқалылығы.

  3. әдебиет қайраткерлерінің шығармалары.

1

№3 124-125 бет

№4,5 60-62, 42-56 бет




11.

Мұғалім” – қоғамдық – саяси,ғылыми – педогогикалық және әдеби журнал.

  1. Мұғалімдерге арналған басылымның тілі.

  2. Мақалалар.

  3. мақсаты.

  4. шығарушылары.

1

№8 101-103 бет

№9 85-98 бет



12.

Дұрыстық жолы”газеті.

1. Газеттің редакторы.

  1. Редколегия мүшелері.

  1. денсалық бөлімі.

жабылуы.

1

№10 100-101 бет

№11 14-20 бет



13.

Қазақ мұңы”газеті.

    1. Газеттің мақсаты.

    2. Шығарушылары.

    3. Мақалаларға талдау.

4. шығаруын тоқтату себебі.

1

№3 94-95 бет

№4,5 37-62, 42-56 бет




14.

Алаш” газеті.

  1. Алашорданың құрылуы.

  2. Мақсаты.

  3. Газеттің шығарушылары.

  4. газеттіәң жабылуы.

1

№8 86-88 бет

№9 85-98 бет



15.

Қазақстандағы орыс тілді басылымдар.

  1. “Казахстанская правда”газеті.

  2. “Экспресс - К”газеті.

  3. “Караван”газеті.

  4. “Вечерняя Алматы”газеті.

1

№10 227-234 бет

№11 140-145 бет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет