«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары



бет14/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

Логикалылықғылыми ойдың, ақпараттың мәтін ішінде жүйелі орналасып, олардың арасында тығыз мағыналық байланыстың болуы, ұғымдық бірліктің сақталуы.
Сондай-ақ айқындылық, дәлдік шарттарының сақталу мәнісі – ғылыми ой-пікірлердің түсінікті қабылдануы, нақтылы жеткізілуі, тілдік бірліктердің ешбір бояусыз тура мағынада қолданылуы.
Ғылыми стильдің шағын үш түрі айқындалып қалыптасқан:
- таза ғылыми шағын стилі (белгілі бір ғылым саласының мамандарына арналған);
- ғылыми-көпшілік шағын стилі (қалың көпшілікті ғылым саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы хабардар ету);
- ғылыми-оқулық шағын стилі (нақты бір ғылымның теориялық негіздерін игерту, ғылыми түсінік қалыптастыру).
Зерттеушілер ғылыми стильдің қазіргі жанрлық түрлерін төмендегіше саралап көрсетеді:
- академиялық (таза ғылыми) мәтіндер: монография, мақала, диссертация, тезис, ғылыми есеп, баяндама, хабарлама, жарыссөз;
-ақпараттық-ресми мәтіндер: реферат, түйін (резюме), түйіндеме (аннотация) т.т.;
-анықтамалық-энциклопедиялық ғылыми мәтіндер: энциклопедия, анықтамалық, сөздіктер т.т.;
-ғылыми-бағалауыштық мәтіндер: рецензия, пікір, сараптама қорытындысы т.т.;
-ғылыми-оқу мәтіндері: оқулық, оқу құралдары, дәріс т.т.;
-ғылыми-нұсқаулық мәтіндер: нұсқаулық, әдістемелік құралдар, бағдарлама, ұсыныстар т.т.;
-ғылыми-іскерлік мәтіндер: а) ғылыми және техникалық құжаттар; авторлық куәлік; стандарт, техникалық талаптар, т.т.; ә) басқару мәтіндері: акт, ұсыным, келісім, жоба, қаулы, шешім, жоспарлық құжат, есеп, т.т.
Жоғарыда берілген жанрлық түрлері көбінесе ғылыми стильдің жазбаша түрлерін көрсетеді: монография, диссертация, оқулық, оқу құралдары, мақала, пікір, сыни пікірлер, мақала не баяндама тезистері, ғылыми есеп, т.б. Ал ғылыми стильдің ауызша түрлеріне: дәріс, баяндама, жиын, ғылыми конференциялардағы жарыссөздер, ғылыми сұхбат, т.б. жатады.
Функционалды стильдерді бір-бірінен ерекшелендіріп көрсететін қыры – таза тілдік белгілері (лингвистикалық ерекшеліктері) екендігі белгілі. Демек, ғылыми стильдің лингвистикалық сипаты дегенде, тілдің қандай құрылымдық түрлерінде болмасын, әдеби тіл норма талаптары қатаң сақталынуы тиіс. Мәселен, фонетикалық ерекшеліктері кез келген автордың, ғалымның дәрісті дұрыс оқи білу, сөйлей білу шеберлігі тұрғысынан байқалады. Ғалым ғылыми ойын баяндауда не сөйлеуде назар аударарлық белгілі бір ұғымға, жаңа ақпарат, түсінікке айрықша екпін беріп, тілдік талдамаларын дауыс қарқыны, интонация арқылы саралап, мәнді белгілерін көрсетуге ұмтылады. Лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін сипаттағанда, ең басты көрсеткіші – терминологиялық жүйемен байланыстылығы, терминдерге қатыстылығы айқындалады. Яғни, терминдік лексиканы, халықаралық, салалық терминдерді әр ғылым саласы ерекшелігіне қарай жүйелі де жиі пайдаланады. Семантикада мағыналық дәлдіктің болғаны шарт. Сөздер негізінен тура мағынада жұмсалады, ауыспалы мәндегі сөздер болмайды. Лексикада – атау сөздер мен жаңа бірліктер, морфологияда зат есім тұлғалы сөз таптары, сондай-ақ сын есім, етістік, оның шақтық категориясы, есімдік, шылаулар, қыстырмалар,т.б. түрлері, синтаксис саласы бойынша сөз тіркестерінің көптеген түрлері, күрделенген сөйлемдер, жай (толымды, жайылма, жақсыз) сөйлем түрлері, құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлері қолданылады. Мәселен, күрделі ойдың логикалық жүйесін бұзбай, бірізді баяндалуы үшін жиі жұмсалатын сөйлемнің түрі – сабақтас құрмаластар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет