Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану



Дата07.12.2023
өлшемі24.37 Kb.
#485847
түріСабақ
Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану


Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану
Инновация – жаңалыққа талпыну – бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық - өмір қажеттілігі. Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Үйретілетін тілдік материалдарға, жалпы оқу бағдарламасына өзгерістер еніп, бұрынғыға қарағанда күрделеніп, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерінің де жетілдіріліп жатқаны да белгілі.
Қазір әдістеме ғылымында оқытудың жаңа технологиясы деген ұғым кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің де мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдары.
Инновация - дегеніміз білім, тәрбие жұмысына жаңалық енгізу, яғни, жаңа әдістемелік, амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Бүгінгі таңда біздің міндетіміз – оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту үшін, жұмысымызды жаңашаландыру – жаңа технологияны енгізу. Бұл ұғым біздің өмірімізге берік еніп келеді, дегенмен оның мән-мағынасы туралы пікірлер сан алуан.
Технология грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздың, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Технология инновациялық іс-әрекет оқытудың жаңа формалары, амалдарынан іздене отырып, белгілі бір уақытта алдыға нақты, тұжырымды мақсат қоя отырып, жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді. Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттерінен ізденуді, яғни, білім мен тәрбиеде ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерді оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғарғы көрсеткіш білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізу. Осы мақсатта жұмыс істеу бүгінгі күн педагогтарының көкейкесті мәселесі. Олай болса, бүгінгі күні тіл тағдырына тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де көңіл бөліп, «тіл тағдыры – ел тағдыры» деген мақалдың  мәніне шын үңілсек, оны оқыту дәрежесі де бізді ойландыруы тиіс.
Оқытушы сабақ беруде өз шеберліктерін шыңдап, дамыту үшін жаңа оқу технологиясының алуан түрлерін меңгеріп, оны өзінің күнделікті сабағында қолданып отыруы керек.
Студенттерді оқыту бұл бүгінгі күннің талабына ғана емес, ертеңгі күннің талабына да  сай болуы керек. Бұл үшін оқу процесіне жаңа формалар мен оқыту әдістемелері, жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуде.  Кәсіптік даярлық, жаңа технологияларды пайдалана білу,  әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасу, технологиялық жаңалықтарды пән қасиеттілігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатының бірден-бір жолы. Кез-келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің, оқыту процесінің белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
Оқу процесіндегі негізгі  инновациялық технологиялар :
1.Кейс –технология
2. WEB технология
3. Коммуникациялық технология
4. Ақпараттық технология
5. Интерактивтік әдіс технологиясы
6. Мультимедия технологиясы
7. Телекоммуникация  немесе электронды оқыту технологиясы.
Бүгінгі таңда мультимедиялық үйретуші бағдарламалар, электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі болып саналады.
Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі.
Технологияның тиімділігі, оның болашағы маманның психологиялық ерекшелігіне, іскерлігіне байланысты. Бұдан шығатын басты талап субъектінің мән бере оқуы, жеке бастың даму диагностикасы, жағдайларды жобалау, ойлы ізденістер диалогы, оқулықтағы тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беру. Оқытушы көбінесе оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданғаны жөн.
Оқыту технологиялары оқу процесіне, сабақ түріне байланысты жан-жақты: проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек сигнал арқылы оқыту, компьютерлік оқыту, электронды оқыту, коммуникативтік технологиялар, инновациялық оқыту, жаңа технологиялар бойынша оқыту.
Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады. Тыңдаушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық белсенділігін арттырады. Орфографиялық, лексикалық дағдыларын қалыптастырады. Компьютер әсіресе, тіл үйренушілердің әр түрлі тілдік жаттығу жұмыстарын орындау кезінде одан көп көмегін тигізеді. Негізінен мына әдіс-тәсілдер қолданылады:
1) Сұрақ-жауап диалогы, тапсырманың мәні компьютердің сұрағына тура жауап беру; сұрақ құрастыру үшін негізгі тілдік мәтін пайдаланылады.
2) Таңдап алынған жауаптар диалогы. Жауап беруші ұсынылған жауаптар тізбегінен өз жауабын таңдайды.
3) Бос орынды толтыруға арналған жаттығулар.
4) Сөздікті қаншалықты меңгергендігін бақылауға арналған жаттығулар: компьютер аударуды керек ететін сөздер тізімін ұсынады; орысша-қазақша жазылған сөздер ұсынылады. Олардың ішінен дұрыс эквиваленттерін тауып, жұп құрау қажет.
Компьютер интерактивті оқытудың жоғарғы сатысын қамтамасыз етеді. Бұл жаттығу жасау барысында оқушының іс-әрекеті компьютердің үнемі әрі тез реакциясы арқылы жүзеге асады. Оқушылар жұмыс қарқының өздері белгілейтін болғандықтан, компьютерлік оқу өз бетімен оқудың принциптеріне толық жауап береді.
Әдіскер ғалымдардың зерттеу еңбектерінен мұғалім өзіне қолайлысын, оқушыға тиімдісін ала отырып, оны өз сабақтарында қолдану үстінде кәсіби шеберліктерін арттырып отыруы тиіс.
Оқу – тәрбие процесінде жаңа технологияның кейбір аспектілерін даралап көрсетуге болады:
1.  Тыңдаушылардың оқу үрдісіне қызығушылығын тудыру.
2.  Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, оны жетілдіру.
3.  Кең көлемде дамытып, білімді терең игеруіне жағдай туғызу.
4.  Білім сапасын көтеру.
Бүгінгі таңда мультимедиялық үйретуші бағдарламалар, электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторларының бірі болып саналады.
Өйткені, компьютерді басқа құралдармен салыстырғанда оның басымдылығы жоғары:
-  әр түрлі жұмысты тез және қысқа мерзімде орындай алуы;
-  бейнелеу мүмкіндігінің жан-жақтылығы;
-  дидактикалық мүмкіндігінің жоғары деңгейлігі.
Тіл меңгертуде компьютерді  қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:
-  тіл үйренушінің өз бетімен жұмыс істей алуы;
-  компьютердегі сілтемелерге сүйене отырып, өз іс-әрекетін өзінің басқара алуы;
-  өз қатесін өзі тексеріп, өзі түзете алуы;
-  тапсырмаларға қайта орала алуы;
Компьютерге үйретуші техника ретінде қарау, оны қазақ тілін үйрету үшін пайдалану мүмкіндігі оқыту үдерісін өзгертті және оқыту әдістемесіне түбегейлі түрде әсер етті. Психологтардың пайымдауынша, сабақта әр түрлі компьютерлік технологияларды пайдалану студентердің қызығушылығын арттырады және өз қабілетіне сенімділігін тудырады.
Ғалым Қ.Қадашева былай дейді: “ Жаңаша жаңғыртып оқыту, жоғары белсенділікті дамыту және деңгейлік оқыту әдістемелерін жоғары дәрежеде дамыту оқытудың техникалық және электронды құралдарын жан - жақты пайдаланғанда ғана толық орындалады [1.148]. Бірақ оқытудың жаңа техникалық және электронды құралдарын тиімді пайдалану оқытушының шеберлігіне байланысты.
Бүгінгі күні мультимедиаға ұсынылған жаңа аудиовизуалдық техникалық құралдар әдістемеші қазақ тілі мұғалімдерінің тілді оқытуға жаңаша қарауын және өз әдістерінің жетілдірілуін талап етеді. Бұдан бірнеше жыл бұрын “оқытудың техникалық құралдары”, “лаборатория” ұғымы – үнтаспа, оқу теледидарын пайдаланумен, лингафон кабинетіндегі сабақтармен немесе техникалық және нақты ғылымдар саласындағы зерттеулермен ғана байланысты болып келді, бірақ тілді оқытуда компьютерді, сондай-ақ интернет желісі ресурстарын пайдалануға ешқандай мүмкіндік болмады. Қазір қазақ тілін оқытушылардың қарамағында компьютерлік техниканы қолдануға негізделген ОТҚ-ның (оқытудың техникалық құралдары) бірнеше түрі бар. Ал мұндай күрделі техникалық жүйені меңгеру арнайы дайындықты қажет етеді.
Оқыту процесін оңтайландыру – жаңартылған компьютерлік бағдарламалар базасында оқу лабораторияларын жетілдіруді және де мемлекеттік тілді оқытуда ОТҚ-ның аталған түрін қолдану әдістемесін әзірлеуді қарастыру қажет. Әрине, жаңа компьютерлік бағдарламалар мен тұтас ақпараттық оқу кешенін әзірлеу бүгінгі отандық жоғары мектептердің ең өзекті қажеттілігі саналады. Алайда оны қанағаттандыру – қазақ тілін оқыту процесінде компьютерді қолданудың теориялық негіздерін түпкілікті білмейінше, мүмкін емес. Енді осы үдерістің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын сипаттап көрсетелік.
1.   Қағидалардың бірі жеткілікті мөлшерде жалпылама, белгілі шекте әмбебаптық сипатқа ие болатындығы белгілі, енді біреулері өзінің қолданылу саласында жекелік (даралық) сипатта болуы мүмкін. Бұлар осымен байланысты, бәрінен бұрын, тар шеңберде ұсынылатын жалпылама әдістемелік қағидаларды дамытады, нақтылайды.
2. Олардың қолданылуы қазіргі кезде мультимедиаға ұсынылған белгілі компьютерлік бағдарламалардың көмегімен қазақ тілін оқытудың нақтылы, қиын ерекшелігі саласымен шектелетін де әдістемелік қағидалар бар: тілдік жүйенің кейбір жекелеген қырын және де сөйлеу қызметі түрлерінің бірін оқыту қағидасы немесе мемлекеттік тілді оқыту негізінде оқу құралдарының айрықша маңыздыларын пайдалану.
Оқытушы қазақ тілі сабағында компьютерлік презентацияларды, дыбыс және бейне материалдарды, слайдтарды,қарапайым және күрделі анимациялы графикалық объектілерді пайдалана алады.
Желілік технологиялар мен мультимедиялық үйретуші бағдарламаларды пайдалану тіл үйретудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан компьютердің көмегімен тіл үйренушінің қызығушылығын, ынтасын арттыруға  және әрбір жұмыс барысында қысылмай, өз білімін еркін қолдануына мүмкіндік болады. Мультимедиялық үйретуші бағдарлама тіл үйретуде өте тиімді. Тіл үйренушінің психологиялық, тілдік кедергісін жоюға көмектеседі.Оқыту жүйесіне енгізілген жаңа технология оқытудың тұлғасына, мазмұнына және әдістемесіне әсерін тигізеді. Ол оқытудағы уәждемені және оқыту үдерісіндегі дидактиканы күшейтеді.
«Мультимедия» латын тілінен аударғанда «көп орта» дегенді білдіреді.
Мультимедия- толық зерттелмеген  оқытудың өте қиын технологиялық құралы. Оқыту барысын ұйымдастыруда оқытушының міндеті – жаңа технологияларды ұтымды пайдалану.
Мультимедиялық технологиялар  оқытудың дәстүрлі қағидаларымен сабақтастықта болуы керек.
Мультимедия – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарды пайдаланып интерактивті бағдарламамен қамтамасыз ету. Мультимедия –бұл мәтінді, дыбысты, бейнені т.б. біріктіріп пайдалану. Мультимедия – бұл ақпараттық –технологиялық гипертексті құрылым.
Мультимедиялық үйретуші бағдарламалар тіл үйретуде өте тиімді.Тіл үйренушіге көріп және есту арқылы есіне сақтауға, таныс емес сөздерді ұғынуға көмектеседі. Әдіскер-ғалым Қ.Қадашева былай дейді: «Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарын қолданғанда сабақтың негізгі үш түрі айқындалады:
-оқулық бойынша өтілетін материалды бекіту және қорытынды;
-өмірдегі шындықпен жақындастыру және танымын арттыру;
-үйренушінің қабілет белсенділігі қызметіндегі сөйлеуді жандандыру [1.153].
Қазақ тілін оқытудың мультимедиялық үйретуші бағдарламасы оқушылардың қандай да бір сұрауларына жауап бермесін, мемлекеттік тілдегі оқу-тәрбие процесінің әрбір бөлігінде сол немесе өзге жаттығу жұмыстары көлемі немесе ұзақтығына байланысты басты назарда болады. Тек дұрыс құрастырылған жаттығулар топтамасы ғана оқыту процесін мақсатты, коммуникативті және нәтижелі етеді.
Жаңа технологияның көмегімен мемлекеттік тілді оқытудың әрбір кезеңінде шешуші фактор болып табылатын ауызша жаттығуларға толы болуы керек. Мұны елемеу оқытылып жүрген тілді практикалық игеру жолында бөгет болатын дайындық және тілдік жаттығуларының күштеп тықпалануына әкеп соғады. Алайда мұндай көзқарас дайындық жаттығуларының орындалу қажеттілігін теріске шығармайды, бірақ, біріншіден, олардың негізгі үлесі ауызша жаттығулармен салыстырғанда өте аз болады, ал, екіншіден, кез келген дайындық жаттығуларының орындалуын коммуникативтік мақсатқа жету үшін танылған құбылыстың тілде қалай қызмет атқаратынын көрсетумен аяқтау керек.
Мемлекетік тілді меңгеру саласында оқыту деңгейіне жету, негізінен, жаттығу жұмысы кіретін жаңа тілдік стереотиптер құру қажеттілігімен байланысты. Тек бірыңғай тілдік бірліктер мен олардың комбинацияларының бірнеше рет қайталануының нәтижесінде ғана оқытылатын тілдік қатынас құралы ретінде қолданылатын мықты іскерлік пен еп-дағдылары жасалады.
Қазіргі заман талабына сай әр түрлі техникалық құралдармен жабдықталған  кабинеттерде тіл үйретуді талап етеді. Сондықтан, мультимедиялық кабинеттерді, интерактивтік тақтаны пайдалану бұл - заман талабы.
Мультимедиялық кабинеттерде интерактивтік тақтаны қолдану біріншіден, көп тыңдаушыларды қамтуға екіншіден, танымдық үдерісті жандандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл - өз алдына интерактивтік желілік оқытудың синхрондық моделінің  баламасы. Қазіргі заманға сай мультимедиялық дәрісханалар негізінде тілді жеделдетіп үйретудің әдістемесі , «Қазақ тілі» мультимедиялық үйретуші бағдарлама әзірленуде.
Мультимедиялық үйретуші бағдарлама өзгетілді дәрісханаларға 100 сағатта мемлекеттік тілді жеделдетіп үйретуге арналған. Мультимедиялық үйретуші бағдарламада тіл үйретудің бастапқы деңгейіне қажетті материалдар 20 сабаққа жинақталған. Әр сабақта өз бетінше орындайтын материалдар, тест тапсырмалар, аудиоматериалдар, бейнематериалдар ұсынылады. Бұл тыңдау мен сөйлеу дағдыларын жылдамдатады, таныс емес сөздерді ұғынуға көмектеседі. Тіл үйренуші түсінбеген материалына қайта оралу мүмкіндігі бар.
Мультимедиялық үйретуші бағдарламаны, интерактивтік тақтаны,сөйлесу сеансын бірге пайдалану оқытушы мен тыңдаушы арасындағы бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға мүмкіндік береді. Бұл – оқыту уақытын азайту, оқу үдерісін бақылау, және  оқыту сапасын арттыру.
Жаңа технологияларды сабақта қолдану тіл үйренушінің танымдық қызметін қалыптастырады, белгілі бір мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет жасауына ықпал етеді. Ең басты мақсат- тілді үйрену, меңгеру дағдысын қалыптастыру.
Ғалым Қ.Қ.Қадашева былай дейді: «Тілді жаңаша жаңғыртып оқытуда оқытушы-түсіндіруші, ал үйренуші-тыңдаушы немесе оқытушы-үйренуші деген ұғымды мүлдем жояды. Оқытудың бұл түрінде тіл үйренуші оқыту объектісінен білімді меңгеруші, өзі тілді үйренуді іске асыратын субъект қызметіне көшеді» [1.87]. Яғни, оқытушы бақылаушы бағыт беруші ролінде болады.  Тілді жаңаша жаңғыртып оқытуда талап та, қарым-қатынас та өзгереді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін арттырғандығымен де, кейбір технологияда бұл құралдар басты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Олар: проблемалық оқыту технологиясы, коммуникативтік технология, дамыта оқыту технологиясы, пікірсайыс, ойын әдістері т.б.
Сонымен қатар қазақ тілін үйретуде оқыту әдістемесінің сапасын арттыру үшін жоғары белсенділікті дамыту әдістемесін де қолдануға болады.
Ғалым Т.Левандовский  интеракцияның қарым-қатынас жасау үрдісінің синоним ретіне сипаттайды. Бұл әдіс әсіресе, сұхбат құруда тыңдаушылардың белсенділігін арттырады. Топ болып, жұп болып жұмыс істеуге үйретеді.
Интерактивтік әдіспен сабақ өткізгенде оқытушы кеңесші ролін атқарады. Тіл үйренуші ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді, тілге деген қызығушылығы артады, яғни өз қажеттілігі үшін үйренуде ынтасы оянады. Оқытушы өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын тыңдаушы мен тыңдаушының арасындағы интеракцияны қалыптастыруға жағдай жасайды.
Оқытушы жұмысты ұйымдастыра білуі қажет: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, тыңдаушылардың әрекетін бақылау және бағалау, оқытушы тыңдаушының кеңесшісі болады. Жұмысты ұйымдастырып, топқа бөліп, әр топқа тақырып беріп, оларды талқылау көзделеді. Келесі әр студентке жеке-жеке тапсырма  беру, одан кейін жұптық тапсырмаға әр түрлі жағдаяттық тапсырмалар немесе сұхбат т.б.  беруге болады. Соңында бүкіл топ өз жұмыстарының нәтижесін талқылайды, бір-бірін бағалайды.
Белгілі ғалым Оразбаева былай деп көрсетеді: <…тілдік қатынасты игеру тек тілдік ортаға қатысты тақырыптарды соған сәйкес лексикалық минимуммен сөйлеу үлгілерін сөйлем әрекеттерін үйретумен іске асады. Тілдік қатынас ешуақытта грамматиканы жеке үйретумен жүзеге аспайды. Адамға қажет тақырып, сөйлем, тұрақты тіркес, мәтін арқылы ұсынылып, грамматика сол тілдік қатынастың қажетіне қарай сұрыпталғанда ғана нәтиже береді»[2.152]
Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы. Жаңаша жаңғыртып оқыту, интерактив әдістер, жаңа технологиялар тіл үйренушінің танымдық, білімдік белсенділігін тудыруға, уәждемесін тудыруға бағытталған. Қазақ тілін үйренуде бұл әдістер арқылы елеулі  нәтижелерге жетуге болады. Бірақ бұның бәрі оқытушының  шеберлігіне байланысты, оқытушы  үнемі ізденісте болуы қажет.
Әдебиеттер:
1.Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді әдістемелері. –А. 2000.
2.Оразбаева Ф.. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. –А. 2001.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет