Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері



бет5/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Әкімбек (а-қ). Әкімбек түн ортасында машинасы бұзылып, орта жолда түнеді («Қ. Ә».).

Әкімхан (а-қ). Аспанда самғап ұшқан құсты көрсең, Ол менің саған қарай асыққаным. Жаралған жан деуші едім бағым үшін Аралап алыс кеттің сағым ішін,— дейді Әкімхан («Қ. Ә.»).

Кәкімбек (а-қ). Кәкімбектер қалың орман ішіне ене бастады («Л. Ж».).

КәкішКәкімбек есімінің еркелете айтылған түрі. Жансұлу топ арасынан Кәкішті байқап қалды («Жалын»).
حاكى(хаки1) әңгімеші, әңгімешіл; 2) ауыс. шешен, сөзуар). Кәкітай (а-қ). Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев. (1868-1915) — Абай шығармаларын жинап бастырушы («Қ. С. Э.»).
حال (халхал, жағдай, күш-қуат, әл, жігер). Әлтай (а-қ). Әлтай алты-жеті жасында сыбызғы тартып, ән шырқайды (Т. Әлімқұлов).
حال حيذر(хал-хайдар арыстандай күшті) б. т. е. хал + хайдар: Әлайдар. Әлайдар... бойында байсалдылық, сөзінде сыпайылық мол («С. Қ».).
حامد(хамидмақтаушы, ырзашыл, шүкіршілік етуші; игілікті). Хамид, Хамит. Бүйте берсең, жолдас Хамидов, орға жығылуың әжеп емес (О. Сәрсенбаев). Бақытжан мен Хамит екеуінің жасы қарайлас («Л. Ж».).
حامى(хами1) қорғаушы; 2) жақтаушы, сүйеуші, қамқоршы). Хами, Қами. Хамидың бригадасы егістікке тыңайтқыш шашып жүр («Л. Ж».).
حبى (хубби1) сүйіспеншілік; 2) жақындық, достық, татулық). Үбі. Үбі ақын емес. Бірақ жасында әншіл, өлеңді тез жаттағыш болатын (Қ. Жұмалиев). Үбі деген адам Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің алғашқы дәуірінде ұсталып, Сібірге айдалады («Қ. Ә. Т».).

Құби. Табысын Құби гүрлеткен, «Құбидан ал, үлгі алсаң!» («Айтыс».).
حبى سلطان (хуби сұлтан; хубби — қар. حبى; султан - қар. سلطان) б. т.е. хубби + султан: Үбісұлтан. Үбісұлтан...сынды халық шешендерінің шеберлік күші — әсерлілікте (Б. Адамбаев).
حبيب (хабибсүйікті (еркек); тамыр, дос; ашына). Хабиб. Барлыбаев Хабиб (1898-1946) — медицина ғылымдарының канди­даты, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген дәрігері («Қ. С. Э».).

ХабиХабибтің қысқарған түрі. Лейтенант Хаби Рахимов — батальон штабының начальнигі

(Б. Момышұлы). Хаби қолжазбаларынан басын көтеріп, столға шынтақтай отырып, жағын таянды

(Р. Әбутәліпов).
حبيب الـله (хабиб-ул-лаһ; хабиб — қар. حبيب; аллаһ — қар. الـله ) — б. т. е. хабиб + аллаһ: Хабибулла. Хабибулланың әдемі жазуымен өрнектелген картаны алдына жайып салдық (Б. Момышұлы).

Абибулла. Кітап магазиніне келушілер үлгілі сатушы Абибуллинаның мінсіз қызметіне әрдайым риза («С. Қ.»).

Әбиболла. Әбиболла бүгін «Көктұмсық» тракторына мініп көп жүрді («Л. Ж».).

Қабиболла, Хабиболла. Шанқанбозға мінген аққұба жігіт Қабиболла көбірек қызықтайтын сияқты (М. Сатыбалдиев). Хабиболла тыржың ете түсті («Жұлдыз»).
حبيب رحمان (хабиб рахман; хабиб — қар. حبيب; рахман — қар. رحمان ) — б. т. е. хабиб +рахман: Хабибрахман. Ол өтінішке қол қойып, енді соның қалайда аяқсыз қалмауын, бұған Хабибрахманның бар күшін, бар беделін жұмсауын сұрады (X. Есенжанов).
حبيبة (хабибасүйікті (әйел). Хабиба. Хасен мен Хабиба да осында екен (А. Ахметов).

Әбиба. Санабек жүк түсірген кісі болып әбігерленеді. Оған Әбиба қызыға қуанады (С. Бегалин).

Қабиба. Қабибаның мамасы да қолдарында тұрады екен (А. Бақтыгереева). «Дариға, Ақан, Біржан, Естай»—деп, жеке-жеке атап, бәйбішесі Қабибаның есендігін сұрады (Ж. Кәрменов).
حديثة (хадиса1) әңгіме, кеңес, аңыз, сөз, 2) хадис). Әдиса. Әдиса — өз ісінің нағыз маманы

(«С. Қ.»).
حرمة(хурма1) тыйым салынған; 2) әулие, киелі; 3) қадір; 4) ауыс. сый, құрмет, ізет, қошемет). Құрмет. Исатай Таймановтың баласы Жақиядан Шахмет туған, Шахметтен — Шамақ, Шамақтан — Құрмет. (Ш. Дәулетияров).
حريف (хариф жолдас, серік). Әріп. Әріп жүдеп келе жатқан Бүркіттің көңілін тапқысы келіп, атын бір тебініп калды да: «Бие сауым жерде Тәкежан аулы бар»,—деді (І. Есенберлин).
حريف على (хариф али; хариф — қар. حريف ; али — қар. على ) — б. т. е. хариф + ‘али: Әріпқали. Балалар аяқ киімі цехында Әріпқали деген жігіт болушы еді (Қ. Жұмаділов).
حسام الدين(хусам-уд-дин; хусам — семсер, қылыш; дин — қар. دين ) — б. т. е. хусам + ад-дин: Хисамеддин. «Жібек жолының» біраз оқиғасына мұрындық болып жүрген Иланшы Хадыржан, Хисамеддин ақын, Зиет баба... (Д. Досжанов).
حسن (хасан1) сұлу, көркем; 2) жақсы, игі, ізгі; 3) жалқы есім). Асан. Қорқыт, Асан тіріліп, қайта келсе, Сенің мына кейпіңе сенер ме еді?.. Мына бақты көргендер төбеңдегі Қуанғаннан көз жасын төгер ме еді? (М. Мақатаев).

Асанбай (а-қ). Асанбай нағашысына келіп қонақ болып жатқанында көп қызықты бастан кешті

(«Л. Ж».).

Асанбек (а-қ). Күн бұлттанғанын байқаған Асанбек кепкен шөптерді жинастыра бастады («Л. Ж»).

Асанқайғы (а-қ). Халық қамқоршысы Асанқайғы атамыз желмаямен жер жаһанды шарлағанда әр жерге-ақ айдар таққан екен («Қ. К.»). Еңіреп ен даладан бақыт іздеп, Таба алмай, аңсап Асанқайғы да өткен (Жамбыл).

Асантай (а-қ). О, Мәди, кегің тентек, асау қайғың, Әніне қосып берген жасаудай мұң. Бір кезде қарсы алдынан шыға келді, Сіп-сирек мысық мұрты Асантайдың (С. Саматаев).

Асанхан (а-қ). Асанхан — Асанқайғының шын аты (Н. Оңдасынов).

Әсен. «Бүгінгі жиынға Әсен де келіпті»,— деп сыбырлады («Қ. Ә».).

Қасан. Қасан боз жорғаның үстінде калғып келеді («Қ. Ә».).

Қасантай (а-қ). Басын желкесіне қарай кекірейтіп ұстаған Қасантай кірді (К. Мағзомов).

Қасен. Ахмет пен Омардың үлкен баласы — Қасен құрдас һәм жасынан бірге өсіп, бірге оқып, біте қайнаған сырлас еді (С. Торайғыров).

Қасенбай (а-қ). Қараңғы түсе Қасенбай да жұмысын доғарды («Жалын»).

Қасенхан (а-қ). Қасенхан Алтынбеков — бұрынғы 100-бригаданың байланысшысы («Л. Ж».).

Хасан. Бүгінгі отырысқа мұрындық болған Хасан еді («Л. Ж» ).

Хасен. Бұл сөйлеген жігіт — жаратылыс пәнінің оқытушысы Хасен мұғалім (А. Машанов).

Хасенхан (а-қ). Қарақшыға Хасенханның тарланы жалғыз келді («Жалын»).
حسن على (хасан ‘али; хасан — қар. حسن; али қар. على ) б. т. е. хасан + али: Асанәлі. Асанәлі қалаға аттанды (Ш. Айдаров).

Хасанғали. Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекенін», әсіресе, алыста жүргенде эфирден Алматының толқынын іздеп табасың да, сол әнге еріксіз құлақ түресің (М. Әлімбаев).

حسنى(хусни1) өте әдемі, асқан сұлу, тамаша; 2) игілік, игілікті іс). Хұсни, Құсни. Ахау жалған, Хұсни, Хорлан! Екі бағлан, Екеуі туған екен бір анадан (Естай). Апалы-сіңлілі екі қыз екен, үлкені Құсни, кішісі Қорлан (Естай).


حسين (хусайнкішкентай Хасан). Құсайын. Құсайын жастық жылдарында көмірлі Қарағандыда тұрды («Л. Ж».).

Құсайынбек (а-қ). Ауылдың қай тұста екенін білмей қысқы түнде Құсайынбек көп жүрді («Жалын»).

Құсан. Екінің бір жуаны - Құсан мырза, Құсан десе қол қояд көбі таза (И. Байзақов).

Құсанбек (а-қ). Бас бәйгені Құсанбек иеленді (С. Парманқұлов).

Құсен. Астымда ат, қасымда Құсен мен Болжық бар (Ғ. Мүсірепов).

Үсен. Әлібек Қоңыратбаев, Ілияс Қабылов, Әзімбай Лекеров, Әшір Үсенов сияқты жолдастар бірсыпыра мақалалар қалдырды («Қ. Ә. Т.»).

Үсенбай (а-қ). Үсенбай шықты жасынан... Көрген кісі шошынған, Бұлбұлдай тілі сайраған, Елдің қамын ойлаған (Сарбас).

Үсенбек (а-қ). Әңгіменің бір ұшын Үсенбекке тастап отырғанын аңғартты (Ж. Тілеков).

Үсейін. Үсейін маған бір тиын да бермес! Ол аттының аяғын, жаяудың таяғын алған қу ғой

(І. Жансүгіров).

Хусайн. Хусайн жетекшілік еткен студенттер жұмысы өте жақсы бағаланды («Л. Ж».).

Хұсайын... Мұса, Хұсайын, Қымбат секілді жаңа заманға назары түзу адамдар бар (С. Торайғыров).

Хұсейін. Режиссерлық жұмыстың қиындығын Хұсейін өте жақсы біледі («Л. Ж».).
حصيفة (хасифатаза, сау-саламат; 2) саналы, есті, ақылды, зерделі (әйел). Қасиба. Директордың машинасы қырқаға барып ілінгенде, Қасиба Әбутайды «папа, папа, мында келші» деп оңаша жетеледі (С. Бақбергенов).

Қасипа. Қасипа — совхоздың осы бригадасының мүшесі (С. Бақбергенов).
حضرة(хадратағзам, мырза, ұлы мәртебелі). Әзірет. Әзірет сатушылық қызметін мінсіз атқарып, тұтынушылар алғысына бөленіп келеді (М. Әбдіқалықов).

Ғазират. Ғазират келе салып жұмысқа қызу араласып кетті («Л. Ж».).
حفى (хафи1) білетін, хабардар, мәліметті білгір, білгіш, жетік; 2) ілтипат, құрмет көрсетуші). Әпи. Әзиз әжем — Нұрбибі, аяулы анам — Әпи, сендерге арнадым бұл еңбегімді

(М. Сатыбалдиев).

Қаби, Қапи. Қаби күнге күйіп, жүзі тотығыпты («Л. Ж».). Мұны істеген сонау жалғыз аттылының Қапи екеніне Әбдірахман енді тектелген жоқ (X. Есенжанов).

حق(хаққ1) ақиқат, шын, рас; 2) таза, айыпсыз).



Ақбай, Ақпай (а-қ). Ғани Мұратбаев пен Әбдікәрім Ақбаев Таш­кент қуғыншыларымен бірге осы отрядқа қосылды (Ж. Арыста­нов). Жас кезінде Құлжабай ақынның өзі Байжанды да, Ақпайды да көргенін айтқан (С. Бақбергенов).

Ақберген (а-қ). Әбділда, Бісмайыл мен Жүсіпназар, Заманның найыптары бір бағалас. Ақберген, Алдана һәм Жүсіпбек, Аппаз би озық ақыл, ер Мұңайтпас (Кете Жүсіп).

Ақберді (а-қ). Қонақ болған Әбубәкір ақынға Ақберді деген бай үйі кәрі жілік асып береді

(Т. Қожакеев).

Ақжол (а-қ). Ақжол би Жәнібек пен Керей үшін отқа күйіп, суға батуға бар (І. Есенберлин).

Аққұл (а-қ). Аққұлдың келіні Зәуре жазықсыз қиянатты бол­ды (P. Тоқтаров).
حق حيدر (хаққ хайдар нағыз, шын арыстан)б. т. е. Ақ + хай-дар: Ақайдар, Ағайдар. Менің атым — Ақайдар (Ж. Еділбаев).
حق دولة (хаққ даула; хаққ—қар. حق; даула—қар. دولة ) — б. т. е. хаққ + даула: Ақдәулет. Ақдәулет алтын күрек қолға алды (Ә. Тәжібаев).
حق ضياء (хаққ диаақиқат сәулесі, шұғыласы) б. т. е. хаққ + диа. Ақзия. Ауыр жұмыстан арқасы босаған соң Сақан өлең айтпағанда қайтсін,— деп Ақзия да ене сөзін қоштап қойды

(М. Сатыбалдиев ).
حق عادل (хаққ ‘адил; хаққ—қар. حق ;адил— қар. عادل ) — б. т. е. хаққ + адил: Ақәділ, Ағаділ. Ә. Шәріповтің «Партизан қызы» повесіндегі Ақәділовтар семьясының таңқаларлық тағдыры... қызықты жолмен жасалған («Қ. Ә. Т»). Павлодарлық кіші лейтенант Ағаділов Жылбек өзінің зайыбы Жамалмен бірге Батыс шекарада Қызыл Армия қатарында болады (Қ. Қайсенов).
حق ملا (хаққ мулла — хаққ — қар. حق ; мулла — қар. ملا)— б. т. е. хаққ + мулла: Ақмулла. Ақмулла күндік нормасын 170-180 процентке дейін артығымен орындап жүр (Ә. Бейсебаев).

Ақмолда. Ақмолда Батырбасы (1824-73) — Қоқан хандығына қарсы көтеріліс жасаған Дулат тайпасы басшыларының бірі («Қ. С. Э.»). Ақмолла. Ақмолла (шын аты — Муфтахетдин Мухамедияров) (14.2. 1831-21. 10. 1895) — қазақ, башқұрт ақыны, ағартушы («Қ. С. Э.»).
حق نظر(хаққ назар; хаққ — қар. حق ; назар — қар. نظر ) — б. т. е. хаққ + назар: Хақназар. Хақназар хан кезінде үш жүз жылдан көп әңгіме болып келген жай — бүкіл қазақтың үш жүзге бөлінуі аяқталды (I. Есенберлин).

Ақназар. Ноғайлы Алшындар келіп қосылған соң, Ақназар күшейіп, бөлшектеніп жүрген қазақ атанған руларды біріктіре бастайды (С. Сейфуллин).
حكم (хукм1) үстемдік; 2) өкімет басқару; 3) режим, низам, құрылыс; 4) қаулы, қарар, шешім, тоқтам). Өкім. Жайлауов Өкім — қазақ совет ақыны Қ. С. Э.»).
حكيم (хаким1) дана, данышпан, ақылды, есті; 2) фило­соф; 3) доктор). Кәкім. Кәкім бұрылып шыға жөнелді «(Жалын»).

Кәкімбек (а-қ). Салықов Кәкімбек — инженер, қазақ совет ақыны, партия қайраткері (Н. Оңдасынов).

Кәкімжан (а-қ). Кәкімжан жерде, айырмен шөп әперіп тұр («Л. Ж.»).

Хакім. Хакім әңгіменің ұзаққа созылғанын тәуір көрді (X. Есен­жанов) .

Хакімбек (а-қ). Төкин Хакімбек (1879-1919) — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатынасушы («Қ. С. Э.»).
حكيمة(хакимадана, данышпан, ақылды, есті әйел). Хакима. Сені ат арқасына өңгеруге бермей сақтап қалған оқтың күші, Хакима (Ш. Хұсайынов). Қарт анасы Мүслима, қарындасы Хакима

(Н. Баймұратов).

Кәкима. Сырлы кереуеттің үстінде он жеті жасар қыз Кәкима. (А. Жұбанов).
حلقة (халқашығыршық; жүзік, сырға; алқа). Алқа. Алқа егде тартқан кісі еді (І. Жансүгіров). Алқа апайдың қасында отырып, әңгіме айт деп жалынғанда, тәтті-тәтті әңгімелерін сөйлеп беретін еді

(I. Жансүгіров).
حلواء(халуа1) тәттілік, шырындық; 2) тәтті тағам). Алуа. Алуа деген сұлу қызға Жарылқасын дейтін жігіт ғашық болады да, елдің рушылдық тәртібін бұзып, алып қашады (С. Мұқанов).

Халуа. Боркемік ана емес пе, жүрер алдында Қадиша баласын емес, Халуаны бетінен сүйеді

(Ж. Жұмақанов).
حليلة(халилазайып, әйел, жұбай). Әлила. Әлила мен көмекші шопан Мұханбетті үй маңында қалдырып, малды өзі бағып кетіп еді (С. Есі.мов).
حليم(халимжұмсақ, сабырлы). Халим, Қалим. Халимовтың звеносы гектарына 50—55 центнерден айналдыруға уәде берді («Л. Ж.»). Қалимов суреттерінің тақырыбы алуан түрлі («С. Қ.»).

Қалима, Халима. Тәйірі шіркін, қырық деген де сөз бе екен. Өзіміз қырықта қызға бергісіз болғанбыз,деді Қалима (Ә. Тәжібаев). Соның бірі Халима — молда қызы... (С. Торайғыров). Айталық партияға сансыз алғыс, Кедейді ең алдымен алға ұстаған. Халима, әріптесім бері отыршы... (К. Әзірбаев). Қалимаш. Қуаныш пен Қалимаштың арасы бір жасар («Л. Ж.»).

حماس (хамасижалынды, жігерлі, қайратты, рухты; қатты қуанған, шаттанған). Кәмәси (1913-65) — қазақ совет актері, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі («Қ. С. Э.»).



Қамаси. Көк шалғын аяғына оралып, Қамаси жылдам жүре алмай келеді («Л. Ж.»).
حمراء (хамрақызыл). Хамра. Хамраның звеносы бүгін демалып жатыр екен («Л. Ж.»).

Хамрақұл (а-қ). Алаңда бригадир Хамрақұл жалғыз өзі жүр («С. Қ».).
حمزة(хамзаөткір; ыстық, күйдіретін, күйдіргіш). Хамза. Хамза Ихсанұлы Есенжанов (1908-74) — қазақ совет жазушысы («Қ. С. Э».).

Әмзе. Әмзе ішінен бұл екеуін және, әсіресе, Сұлтанмахмұтты атарға оғы жоқ боп отыр (Д. Әбілев).

Әмзебек (а-қ). Ипатовтық жүйемен жұмыс істеуді совхоз механизаторлары бастап кетті,— деді Әмзебек (А. Жолдасбеков).

Қамза. Бейсенбай мен Айнагүл, Нұрыш пен Жамал, Қамза мен Қатира арасындағы қарым-қатынастар да... әр қайсысының өзіндік арманы да, психологиясы да нанымды («Қ. Ә. Т.»).

Қамзабек (а-қ). Қамзабектің майда қоңыр даусы бар екен («Л. Ж.»).

Хамзабек (а-қ). Хамзабектің бригадасы сайланып шөп шабуға шықты («Л. Ж.»).
حميد (хамид 1) мақтаулы, мақтауға тұрарлық; 2) жалқы есім). Хамит. Айқайынан арманы басым, жырсыз ішпейтін таңдағы асын — Хамит (Т. Молдағалиев).

Хамитбек (а-қ). Колхоз құрылысының шебер ұйымдастырушылары атанған Ахмет Тынымов (Омар Тынымовтың баласы), Ха­митбек Қапановтың... есімдерін ардақ тұтады (С. Шүкіров).
حميد اللـه (хамид-ул-лаһ; хамид — қар. حميد ; аллаһ — қар. اللـه)б. т. е. хамид + аллаһ: Хамидулла. Хамидулла болса бұған көнер ме еді, әлде қайтер еді? («Жалын»).

Қамидолла. Төрде теміржолшы Қамидолла отыр («С. Қ.»).
حميدة (хамидамақтаулы, мақтауға тұрарлық (әйел). Хамиданың денесі тоңази бастады

(«Л. Ж.»).
حنيفة(ханафийакран, су ағызатын шүмек). Ханафия. Ханафиялар күн шыға атқа қонды

(«Л. Ж.»).

Анапия, Әнапия, Әнәпия. Қимылы Анапиям қандай екен, Жүлде алған арғымағым сүрінбеген

(Ақан сері). Ағабек, Әнапия, Алпысбайлар Еңбекте мәлім болды гүл-гүл жайнап (Өмірсерік), Әнәпия көк етікті кездеспей, көн етіктіні менсінбей, отырыңқырап қалған қыз еді (А. Хангельдин).

Қанапи, Қанафи, Ханафи. Қанапи еселі еңбегімен ерекше көзге түсті (Б. Қазиханов). Жиналысты Қанафи ашты («Л. Ж».). Ханафи үйінен сәске түсте әрең шықты («Жалын»).
حنيف(ханифнағыз, ақиқат, шындық). Ханип. Ханиповафабриканың озат тоқымашысы

(«С. Қ.»).
حنفية (ханифа1) шын, ақиқат; 2) жалқы есім). Ханифа. Ханифалар бір бөлек отырды («Жалын»).

Әнипа. Қайнұр апай сексенге келген енесі Әнипадан бата алған («Л. Ж».).

Қанипа, Қанифа. Қанипаға сәлем айт (Қ. Мағзомов). Оспан — Қанипаға бөле (С. Омаров).

Ханипа — бір оқығаннан есте қалатын толыққанды, сом тұлға (Ә. Қайдаров).
حور (хур1) ұжмақ, жаннат; 2) қара көз сұлу қыздар). Ұртай (а-қ). Осылай Ұртай да өсті

(Ә. Нұрмаханова).
حورالعين (хур-ул-айн; хур — қар. حور ; айн-көз) к. е. хур + аль-айн: Қорлан. Естай «Бір мысқал» деген әнін Қорланға арнаған (М. Әлімбаев). Тасып еді туған жерде алтын дән, Қорлан шықты ертіп әке-інісін (Е. Ибраһим).

Қорлан-Ғайын. Екі қыз Маралдыда Қорлан-Ғайын Мағрут қолға берсе күн мен айын (Естай ақын).

Хорлан. Ән ғана есіркеуші, жұбанышы, Ән ғана қолдан соғар қуанышы. Тағдырға әнмен алғаш айтпақшы ол, Хорлан қыз жер бетіне туғаны үшін (М. Әлімбаев).
حورضيأء (хур диа; хур — қар. حور ; диа — қар. ضيأء) — б. т. е. хур + диа: Үрзия, Үрзия. Повестегі Мейіргүл, Үрзия, Аймереке бейнелері арқылы әйелдердің реалистік портреттері дараланып көрінді (3. Сақиев). Айнакүл, Мампош, Қалтай, Марал қандай, Екпінді Үрзия мен Жамал қандай! (Тілеген).
حورية (хурийа1) шығыс мифологиясы бойынша ұжмақ қызы, үрдің қызы; 2) ауыс. асқан сұлу қыз). Үрия. — Иә, сөйт. Сақ болсын азаматтар, — деді Үрия (Ә. Тәжібаев).
حيدر (хайдарарыстан). Хайдар. Хайдар бастаған жігіттер қатар-қатар тұра қалып, көк шалғынға шалғы салды («Жалын»).

Айдар. Алған хаты Айдарынан Балдай шәрбат жан қорегі. Әр сөзінен ериді жан, Сертті сергек ой береді (С. Бегалин).

Айдарбай (а-қ). Айдарбай қарт тағдырға тісін қайрап жүріп, арпалысты... (М. Сатыбалдиев). ,

Айдарбек (а-қ). Айдарбек пен Зейнептің отасуының өзі қызық (І. Омаров).

Айдарқұл (а-қ). Бердіқұл, Айдарқұл мен молда Қосжан, Дарияның олар гүжім бұзған сеңін

(Кете Жүсіп).

Айдархан (а-қ). — Жолдас батальон командирі, дәрігер-капитан Айдарханов сіздің қарамағыңызға қызметке келіп тұр (X. Бекішев). Айдархан Семейге біреу болып барып, қайтқанда екеу болып оралды

(Ж. Жұмаханов).

Бекайдар (қ-а). Бекайдар жүріп кетті (Т. Әлімқұлов).

Ғайдар. Ғалиакпар Ғайдаров сияқты асыл азаматтардың есімдеріне бас иіп, зор ыстық ықыласпен еске алады (Ә. Бектасов).

Қайдар. Биыл қыс қатты болып, Қайдар базар шыға алмай жүр («Жұлдыз»).
حيد ر على (хайдар ‘али арыстан Әли)б. т. е. хайдар + али: Айдарғали. Айдарғалиев он екіден он сегізге дейінгі барлық өнімді сенің бригадаңа аудара салған (3. Шашкин).

Айдаралы — Айдаралы ертең жүрмекші болып отыр («Л. Ж».).

Айдарәлі. Түнделетіп дүрліктіріп жүрген Айдарәлі екен («Жалын»).
حيران (хайрантаңырқаған, таңқалған). Қайран. Қайран есік бұзылып жатқанын байқамай, ішке кіріп кеткенін айтты (Қ. Олжаев).

Қайранбай (а-қ). Мектеп меңгерушісі Қайранбай — бойы нар түйедей, ат жақты, қапсағай денелі сақа жігіт (С. Омаров).
حى نور (хай нур; хай — тіршілік, өмір; нур — қар. ) — б. т. е. хай + нур: Қайнұр. Қайнұр апай сексенге келген енесі Әнипадан бата алған («Л. Ж».).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет