Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет35/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Синтетика-семантикалық Қазіргі қазақ тілінің

сөзжасамдық тәсіл сөзжасамдық жүйесінде

синтетика-семантикалық

сөзжасамдық тәсіл ең өнімді тәсілдердің бірі саналады. Сөзжасамдық тәсілдің бұл түрі түркітануда да, қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттелген. Сөзжасам саласы жеке пән ретінде бөлінбей тұрғанда-ақ, сөзжасамның синтетикалық тәсілі морфологиялық аспектіде қарастырылған. Мұнда сөз таптарының жасалу жүйесі бөлек-бөлек қарастырылып, өнімді және өнімсіз сөз тудырушы жұрнақтардың тұлғалық және мағыналық сипаты бағамдалған. Әдеби тілде (А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, Н.Оралбаева т.б) және диалектіде (Ғ.Қалиев) кездесетін сөз тудырушы тұлғалар жүйелі түрде анықталған. Кез келген туынды сөз сияқты синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған атаулардың да семантикалық құрылымы күрделі. Бұл ең алдымен, атаудың тұлғалық құрамының күрделілігімен де байланысты. Синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл (СССТ) арқылы жасалған атау мағынасы себепші негіз бен сөз туғызушы тұлғаның мағынасы арқылы пайда болады. Басқа да сөз тудырушы тәсілдердегі сияқты, бұл тәсілде де сөзжасамдық туынды мағына екіншілік сипатта болып, құрамындағы сөзжасамдық тұлғалардың мағыналық құрылымы арқылы айқындалады. Синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсілдің басқа тәсілдерден өзіндік ерекшелігі бар. Айталық, семантикалық тәсілде жаңа атаудың пайда болғандығын тек сөздің ішкі мағыналық құрылымында пайда болған ерекше сема арқылы айқындайтын болсақ, бұл тәсілде сөзжасамдық мағына себепші негіз бен сөз тудырушы жұрнақ мағынасы арқылы жасалады. Туынды сөздің тұлғалық жамылғышы өзгеріске түседі. Тұлғалық жамылғыш мағынасын сараптау нәтижесі арқылы екіншілік номинация туғызу үшін қандай ерекше мағына қосылғанын зерделеуге болады. Синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл өзге сөзжасамдық тәсілдермен салыстырғанда кейін пайда болған. Өйткені сөз тудырушы жұрнақтардың өзі әуел бастағы түбір сөзден қалған “жұрнақ”. Оның сөз тудырушы жұрнақ ретінде қалыптасуының өзі үлкен тарихи кезеңді қамтиды. СССТ құрамында кездесетін сөз тудырушы тұлғалардың мағынасы тарихи қалыптасу жолынан өткендіктен, оның сөзжасамдық тәсіл ретінде жүйелі түрде жұмсалуының өзіндік ерекшелігі мен сипатты белгілері бар.

Себепші негіз бен сөз тудырушы жұрнақ мағынасы арқылы жасалған сөзжасамдық мағына екіншілік мағына болады. Қазіргі қазақ тілінде синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл сөзжасамның ең өнімді тәсілі саналады. Себепші негізге бір ғана мағына қосатын тұлға бірнеше негізге жалғанып, себепші негіздегі мағынаға сәйкес көптеген жаңа номинативті мағына туғыза алады. Екіншілік мағына туғызатын екі сөз жасаушы тұлғалардың бір-бірімен жалғануында семантикалық валенттілік сақталады. Яғни жаңа сөзжасамдық мағына туу үшін тұлғалар синтагматикалық және мағыналық жағынан бір-бірімен сәйкес болуы қажет.

Жаңа туынды сөз жасау үшін кез келген себепші негізге кез келген сөз тудырушы жұрнақ жалғана алмайды. Себепші негіз мағынасы мен сөз тудырушы жұрнақтың лексика-грамматикалық мағынасы парадигматикалық және синтагматикалық сипаты жағынан бір-бірімен үндесіп, ыңғайласып келуі керек.

Синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалатын туынды сөздердің мынадай ішкі ерекшеліктері болатыны айқындалды:



  1. бір сөз тудырушы жұрнақ бір семантикалық өрісте жататын бірнеше сөздерге жалғана алады;

  2. бір сөз туғызушы тұлғаның жаңадан туғызатын екіншілік мағынасы ұқсас, жақын болады;

  3. сөзжасамдық жаңа мағына себепші негіз арқылы айқындала алады;

  4. сөзжасамдық мағыналардың ортақ семасы пайда болады, олар бір парадигмалық қатар құрай алады.

Синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған атаулардың екіншілік мағынасының қалыптасуында себепші негіздің мағынасы ғана маңызды рөл атқармайды, сондай-ақ, жұрнақтың да өзіндік қосар мағыналық үлесі болады. Себепші негіз де, сөз туғызушы тұлға да екіншілік мағына жасауға толық қатысып, өзіндік семалық мәнін қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет