Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет46/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты еңгізу, яғни (аударғанда) жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа кон-цепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация–нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”.
Майлс“Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз”,- дейді.
Ендеше, «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу” деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс ” деген терминмен анықтайды.
«Инновация» термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
«Инновация» латын тілінен аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.
Ресейде “инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, ХІХ-ХХ ғасыр басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ “инновация” термині еш жерде аталмаған.
Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “құрамына материалдық өзгіруін ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс”,- деп түсіндіреді.
Инновациялық іс - әрекет моделін қалыптастыруда Л.Н.Подымова өзінің ғылыми -зерттеу жұмысында мынадай көзқарастарды ұсынады: аксиологиялық, рефлексті – қызметтік, жүйелі – қызметтік, әлеуметтік – психология, жеке шығармашылық деп. Автор мұғалім моделін жасауда жалпы инноватика жайлы білімге сүйену, моделдің технологиялық блогын құрауда жаңалықтың өмір сүру циклын, оның сатыларын / талдау, жоспарлау, даярлау,қолдану/ жаңалық енгізудің пайда болуы, меңгерілуін көрсеткен.
Ғалымдар:И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Лещенко зерттеулерінде инновациялық іс-әрекеттің және операциялық аспектілердің өзара байланысын қарастырды.
Қазақстан мемлекетінде “инновация ұғымын пайдалану соңғы жылдар еншісінде. Ең алғаш “инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс” деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деп жазады. Ал инновация негізін құраушы ұғымдарға: “Инновация”, “нововведение”, “новшество”, “новое”, т.б. қазақшаға аудармаларын жасаған Ы. Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми-зерттеу институтының әдіскері Қ. Құдайбергенова болып табылады. Ол өз еңбектерінде “Инновацияны нақты қойылған мақсатқа сай жеткізетін жаңа нәтиже” деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: “инновация - жаңарту”, “нововедение” – енген жаңалық, “новое” – жаңа, “новшество – жаңалық”, “инновациялық процесс” – жаңарту үрдісі деп түсіндіреді.
“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз “жаңа өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “жаңа”, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, материалдарды өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:

  • үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;

  • оқыту мен үйренудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;

  • мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;

  • үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;

  • көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне қабылдау эмоцияна әсер ету.

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін бақылау жатады.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық –психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастағы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни, инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалатынын Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова төмендегідей белгілеген:
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналдыру.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюін, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауын, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады дейді. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасаулуы тиіс деген пікір айтады.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға, енуі жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда деп қортындылайды.
Демек, әрбір, жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдалана білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.
Инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет