Функционалды аймақтар территорияларының реконструкциясы
50. Функционалды аймақтар реконструкциясы қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес, елдімекендерде қалыптасқан әлеуметтік, инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдарды пайдаланудың тиімділігін арттыратын тұрғынжай, қоғамдық және өндірістік-іскерлік территориялар арқылы жүзеге асыру керек.
51. Функционалды аймақтар реконструкциясына байланысты іс-шаралар үлес салмағы жоғары әбден ескірген, тұрығын үйлерінің, қоғамдық және өндірістік-іскерлік қорының (ескі, жылу-энергетикалық ресурстарды шамадан тыс қолданатын, ғимараттар мен құрылыстардың температура-ылғалдылық режимдері бұзылған) техникалық жағдайлары нашар аймақтық және қалалық бағдарламаларға сәйкес жоспарлануы тиіс.
52. Тарихи-мәдени құндылықтары жоғары нысандары бар елдімекендерді олардағы нысандардың сақталу деңгейін анықтай отырып, тарихи құрылыс аудандарын құрылымдық-жоспарлау ерекшеліктерін, қазіргі заманға лайықты қолданысын, әлеуметтік, инженерлік, транспорттық қызмет көрсету жүйесін қайта жаңғырту қоршаған орта жағдайын жақсарту, құрылыстың архитектуралық-көркемдік келбетін 15 бөлімге сәйкес сақтап функционалды аймақтар реконструкциясын жасау керек. 53. Функционалды аймақтар реконструкциясын қазіргі таңда бар тұрғын үйлер мен қоғамдық, өндірістік ғимараттар, инженерлік-транспорттық инфрақұрылым, бір уақыттық қайта ұйымдастыру мен инженерлік құрал-саймандардың пайдаланылуы негізінде жүзеге асыру қажет. 54. Елдімекендердің функционалды аймақтары реконструкциясына қатысты іс-шараларды жоспарлауда аяқталған жоспарлық элементтер (модульдер) тұрығн үй, қоғамдық немесе өндірістік-іскерлік құрылыстарды ескеріледі. 55. Функционалды аймақтарды дамыту шарттарының бағасы негізінде кешенді қала құрылысын реконструкциялау үшін келесі талаптар мен тыйымдарды бекіту қажет:
түрлі функционалдық мақсаттағы жоспарлы элементтерді тиімді пайдалану негізінде территориялардың функционалдық мақсаттағы өзгерісі мен сақталу дәрежесі анықталады;
реконструкцияланатын жоспарлы элементтердің қызметтік және қайта құрылымдық сипаты мен қаланың басқа да аймақтарының өзара байланысы;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, территориялар мен тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, азаматтық қорғаныс саласындағы талаптар.
56. Кешенді қала құрылысын реконстукциялауды жүзеге асыру барысындаелдімекен территориясын тиімді пайдалану үшін санитарлық-гигиеналық, инженерлік-құрылыстық талаптарға жауап беретін барлық территориялық ресурстарды пайдалану керек, оның ішінде:
қазіргі заманға қала құрылыс нормативтері мен құрылыс салу тығыздылығына, тіршілік қызметінің сапасына жауап бере алмайтын тұрғын үйлер территориялары;
өз мақсатына сәйкес тиімді пайдаланылмайтын өндірістік, коммуналды-қоймалық құрылыстар мен транспорттық, инженерлік инфрақұрылым территориялары;
рекультивацияланғаннан кейінгі жерлер мен бұрын ыңғайсыз саналған территориялар;
қала сыртындағы бау-бақшалық серіктестіктер мен саяжай құрылыстары территориясы.
57. Тұрғын үй және қоғамдық территорияларда кешенді қала құрылысын реконструкциялауда ескеретін бірінші кезектегі іс-шаралар:
қазіргі заманғы тұтынушылық сапасына жауап бермейтін, жылуэнергетикалық сипаты төменгі деңгейдегі моральды ескірген тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар қорының бар болуы;
потенциалды инвесторларға (жеке және заңды тұлғалар) арналған реконструкцияланатын жоспарлық элементтерге деген қаржылық қызығушылық;
жасалып жатқан құрылысты тығыздандыру мүмкіндігі мен сыйымдылық көрсеткіштерін нормативті деңгейге жеткізу;
электрмен, газбен және сумен қаптамасыз етуге арналған қосымша қуаттылықтың болуы;
ғимараттарға өрт сөндіру депосымен қызмет көрсетудің нормативті радиусын және олардағы өрт сөндіруге арналған апаттық-құтқару техникасының санын осы құрылыс нормасы сай қамтамасыз ету.
58. Кешенді қала құрылысын салуды реконструкциялауда құрылыстардың тығыздылығын төмендегідей іс-шараларды орындау барысында жүзеге асыруға болады:
бұрын бар ғимараттардың қабаттарын көбейту, оның ішінде мансард қабаты да бар;
бұрыннан бар ғимараттар арасына қыстырма құрылыс салу;
қосымша құрылыстар арқылы бұрыннан бар ғимараттарды кеңейту;
құрылымдық-жоспарлық элементтер шеңберінде реконструкцияланатын тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар (модульдер) орналастыру;
жеке тұрған усадьбалық үйлерді тұйықталған құрылыстарға;
әкімшілік мақсаттағы өндірістік ғимараттарды көшіру.
Достарыңызбен бөлісу: |