«ҚАЗақстан-2050» стратегиясы


БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



бет10/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#124879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Заман талабына сай мамандардың жоғары жетістікке жетуіне компьютердегі жұмыстың маңызы жоғары. Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазіргі білімнің даму болашағы қоғамның дамуымен қатар үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Компьютерге байланысты мамандықты игергендер білімін жетілдіріп, көш алдында болғаны жөн. Өйткені уақыт өткен сайын техниканың жаңаруы мен дамуына сәйкес бағдарлама пакеттері ескіріп, жұмыстың тәсілі өзгереді. Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану оқытушыға дайындық жұмыс­тарына көп уақытты керек етеді. Әрбір оқытушының ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс-жақын шетел­дердің озық тәжірибелерімен танысуды және оны күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді. Студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ.

Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиалық оқулық. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттің танымдық белсенділігін арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарды пай­далану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың ережелеріне сәйкес келеді. Студент әр пән бойынша оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі студенттің жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бір-ақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені студент электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды. Электронды оқулық – бұл студентке ғана емес, сонымен қатар оқытушыға да көмек. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.

Оқу үдерісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Электронды оқулықты пайдалана отырып көрнекі түрде ақпарат ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ, жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
//Сыр бойы.-2013.-30 наурыз.-

Жасыл энергия – ЭКСПО-2017-
Айша МҮХАМЕДОВА
Күн көзі мен желді өзімізге жұмыс істетеміз

Табиғаттың қос күші алпауыт қуат береді

Осы уақытқа дейін адамзат мұнай қуатын пайдаланып келді. «Қара алтынды» алмастыратын қуат көзі әзірге толықтай іске қосыла алмауда. Әйтсе де, әлем балама көздерге бетбұрыс жасауда. Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» мақсаты тек өз елімізді ғана емес бүікл әлемді экологияға еш залал әкелмейтін табиғаттың өз күшін пайдаланып, одан адамзаттың тіршілігі үшін аса қажет жылу, жарық, таза ауаны алу болып табылады.

Жалпы, адамның тірлігі үшін алдымен таза сапалы тамақ саф ауа, жылу қажет. Ал джип, кең сарай, ұшақ, материалдық басқа да құндылықтар осы үшеуінен кейін ғана қажет. Онда да жұрттың бәріне бірдей емес.»- дейді ҚР инженерлік академиясының бірінші вице-президенті Нәдір Кәрімұлы Каримов.-Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Павлодар облысына жұмыс сапары барысындажылыжайды тамашалаған болатын. Дизель отынымен жылытылатын жылыжай шынымен де өте үлкен. Елбасы осындай жылыжайларды болашақта барлық облыс орталықтарының маңайына салу арқылы халықты көкөніспен қамтамасыз ету керектігін айтты. Өздеріңіз білесіздер, кеңес үкіметі кезінде үлкен жылыжайлардың бәрі болды, бірақ кейіннен дизель отынының қымбаттығынан олар жабылып қалған. Петропавлдағы жылыжайды көріп тұрып, маған бір ой келді.Мұнай өнімдері өте қымбат. Мына жылыжай да болашақта тоқтап қалады-ау деп іштей ойладым. Павлодар облысына барып, келгеннен кейін Алматыда жылыжайға қатысты үлкен халықаралық көрме болды. Бізде бір бутикті алып сол халықаралық көрмеге өзіміздің күн сәулесін пайдаланып, энергия алатын макетімізді апарып қойдық. Онымен жылыжайды жылытуға болады. Содан көрме аяқталар күні кешке жігіттер телефон шалды. «Нәдір Кәрімұлы тезірек көрмеге жетіңіз, біздің макетке қызығушылық танытып жатқандар көп» деп. Мен де тез жеттім Әкімдер мен сол кездегі ауылшаруашылық министрі бар. Олар біздің жылыжайға байланысты макетімізді көрді. Бір жағынан бутиктің маңдайшасына «Инженерлік академия» деген жазу бар, оның жылыжайға қатысы қанша деген ой да бар. Олардың бәрі менен бұл макет қолданыста бар ма деп сұрады. Мен ол үшін қаражат керек дедім. Сонымен іс бітті дейді ғалым.

Нәдіровтың пікірінше, бүгінгі салынып жатқан екі-үш гектарға созылып жатқан ғұмыры қысқа болады. Жылыжайлар көлемі неғұрлым шағын болғаны дұрыс, біз тәжірибе жасағанбыз. Жылыжайлардың көлемі 50-60шаршы метрден аспауы керек. Ал бір-екі гектар жылыжайды жылыту және оптимальды температрада ұстап тұру үшін қаншама энергия керек

екенін білу шарт. Оған орасан дизель отыны қажет. Біріншіден жылыжайдың көлемі 60шаршыдан аспау керек. Екіншіден оларды жылыту үшін балама көзден басқа запаста тұратын тағы бір энергия көзі болуы тиіс. Күннің көзі шықпай немесе жел тұрмай қалған жағдайда дизель отыны дайын тұру керек. Сондажылыжай да токтамайды, энергия көзі де үнемделеді. Бұрынғыдай көп дизель отыны кетпейді. Ал ірі калалар маңынан көп жылыжайлар салу қажет болса оларды салуға болады, тек арасын бөліп-бөліп, 60 метр шаршыдан метрден асырмай салу керек. Сонда ғана олардың әрқайсысын жеке-жеке қалыпты температурада ұстап тұруға болады.



Отандық технология

- Сонымен, жоғарыда мен айтып кеткен «Атакентте» өткен жылыжайлар халықаралық көрмесіне қойылған біздің күн сәуімен жүмыс істейтін жылыжайымыз бәрін қызықтырды. Біз мәселені жетілдіре түстік.

Халықаралық тәжірибені зерттедік, сөйтіп, өзіміздің гелиожылыжайымызды жасап шықтық. Өнертабысымызды патент алуғаұсындық. Оны да жетілдіре түсіп, «бүкілодақтық гелиожылыжай» деген атау бердік. Кейінірек көкөкөніс өсіретін жергілікті кәсіпкерлерді жинап алып, олардың пікірлерін тыңдап, «автономды бүкілодақтық геожылажай» жасап шықтық. Өткен жылы патент алып, ол туралы Білім және ғылым министрлігіне хабарладық.

Біздің жасаған жылыжайымызды қондыру үшін тек қаражат қана емес, территория да қажет. Менің есіме жас натуралистер стансасы түсті. Оның директорымен кездесіп, «біздің ортақ министріміз Бақытжан Жумағұлов Ұлттық инженерлік академияның президенті де. Ал мына өнертабысы сол инженерлік академия шеңберінде жасалды. Сондықтан бізге сізбен бірігіп, осыны жүзеге асыру керек» дедім. Бүгінде біз бірігіп, оның өзіндік құнын төмендетуге жұмыс істеудеміз. Мұндай жүйе ұзақ жылдар жұмыс істейді. Алғашында, әрине, шығын болады, есесіне кейін тегін энергия көзіне ие боласың. Алыстағы аудандар мен шалғайдағы ауылдарға электр сымдарын тарту қымбат. Оның үстіне тиімсіз де екенін өмірдің өзі көрсетуде. Жол-жөнекей тасымалдау кездерінде қаншама энергия шашылады, далаға кетеді. Сондықтан да еуропалық елдерде біздікіндей сала құлаш желілер жоқ. Тек автономдық энергия көздеріне кешірілуде.

Ал енді біздің гелиоқондырғыларымыздың шетелдіктердікімен салыстырғандағы айырмашылығына келетін болсақ, шетелдік қондырғылар күн сәулесін ол тек тастөбеде тұрған кезде ғана ұстайды. Яғни күн тура қондырғыға түскен кезде ғана. Ал біз оны күні бойы ұстауға тырыстық. Ол үшін спутниктік байланысқа арналған антеннаны еске түсіретін табақ қондырғы жасап, оны күннің сәулесін шағылыстыратын пленкамен қаптадық та, оның дұрыс жұмыс істеп тұрғанын хабарлап керсетіп тұратын құралмен жабдықтадық. Күн көзі шыға салысымен, құрал (датчик)

Күн сәулесінің түсуін қадағалап, соның соңынан еріп отырады., сөйтіп оның әрбір сәулесін барынша ұстап қалуға жұмыс істейді. Сонымен қатар біз тек күннің ғана емес, желдің энергиясын да қатар пайдаланылатын гибридтік жүйені жасамақпыз. Қазір соған жұмыс істеудеміз. Біздің даламызда желден көп нәрсе жоқ екенін білесіздер. Яғни гибридтік жүйе күн мен жел және дизель дизельотынынң энергиясын компьютер арқылы ортақ

агрегатқа байлап, олардың кезек-кезегімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін болады. Ал бұл енді баламалы энергетиканы пайдалану бойынша мәселесіне түбегейлі өзгерістер енгізеді деген сенімдеміз- дейді академик Нәдіров.

Азык-түлік кауіпсіздігіне аса мән берілмесе болмайтынын, әлем халыктарының ширек пайызы ашаршылықты бастан өткеріп отырғаны жер бетіндегі алпауыт, тоқ елдерді де мазасыздандыра бастады. Болашақта - дағдарыс осы салада орын алмас үшін барлық амалдарды карастырып,жеріміздің кеңдігін пайдаланып, біз тек өз елімізді ғана емес, өзгелерді де азык-түлікпен қамтамасыз етуге атсалысуымыз керектігін Елбасымыз айтып келеді. Соңғы екі жыл болды, «Энергетика туралы» Заңның қабылданғанына. Оның бір пункітінде энергоүнемдеуші технологияларды дамыту туралы айтылған.

ҚР инженерлік академиясының заң шыға салып, сол пунктте көрсетілген мақсатты бірден тізгінде ұстап алып, сол мақсатта жұмыс істеуге жұмылды. Ең үлкен екі сала - азық-түлік проблемаларын шешуде және мұнай салаларына баламалы энергетиканы пайдалану. Азық-түлік проблемаларына келетін болсақ, бүкіл жеміс пен көкөністің көршілес елдерден келіп жатқаны белгілі. Қытайдан келген помидор мен қиярдың сапасымен таныспыз. Кезінде Есік пен Қапшағайда жақсы жылыжайлар болған. Олардың барлығы жабылып қалды, басты себебі олар дизель отынымен жұмыс істеп, мұнай өнімдерінің бағасы күрт өсіп кеткен кезде шығынға белшесінен батып, тоқтап қалуға мәжбүр болды. Инженерлік академия осы ақтандақтарымыздың орнын толтыруға бел шеше жұмыс істеуде. Оның бәрін дұрыс жолға қоюға академия ғалымдарының қуаты мол. Тек қолдау мен көмек көрсетілсе болғаны.

Кейде осы біз неге тек шетелдік технологияларға құмармыз, өзіміздікін неге дамытуға атсалыспаймыз деген сауалдардың оқырмандар көңілін толғандыратыны рас. Бүгінгі күні де тағы да немістердің энергетикалық технологиясына қызығушылық танытып отырмыз. Өзгені өзімізден артық санаудың нәтижесінде ғылымымыздың жетістіктері тек жоба күйінде қалып, патент алудан ары қарай аспай отырмыз. Тіпті қазақстандык ғылыми жобаларды алдымен шетелдік сарапшыларға ұсынып, солар мақұлдаса ғана өзіміздің мойындайтынымыз да ақылға сыймайтын нәрсе екенін түсіне алмай келеміз.Қай мемлекет өз ғылыми жетістіктерін өзгелерден талқылауына жайып салып, жария етеді? «ЭКСПО- 2017»-де ұсынатын жасыл энергетикамызды күнібұрын шетелдіктердің сарабына беріп, ертеңгі күні олар өз табыстарымызды өзімізге үлгі етіп ұсынып жүрмесе болғаны.


Академия экономиканың энергияны көп қажет ететін сыйымдылығы жоғары салаларына бағыттала жұмыс істеуді ұйғарған. Ең үлкен сала — азық-түлік проолемаларын шешу және мұнай салаларына баламалы энергетиканы пайдалану.

//Класстайм.-2013.-27наурыз.-5б.



Көрмеге әзірлену тәжірибесімен танысуда
Миланда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бастаған Қазақстан делегациясының «ЭКСПО-2015 Милан» компаниясының атқарушы директоры Джузеппе Сала және Милан қаласы әкімдігінің басшылығымен кездесулері өтті. Делегация құрамында ҚР СІМ жауапты хатшысы, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Р.Жошыбаев, «ЭКСПО-2017 Астана» ұлттық компаниясы» АҚ Президенті Т.Ермегияев және Қа­зақстанның Италиядағы елшісі А.Елемесов болды. Кездесулер барысында қазақстандық тарап Италия үкіметіне халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізуде Қазақстанның кандидатурасын қол­дағаны үшін ризашылығын білдіріп, италиялық компанияларды іс-шараны дайындауға белсенді түрде қатысуға шақырды. Астанада өтетін көрме баламалы энергетиканы құру мен қолдануға үлкен үлес қосады, ең үздік әлемдік технологияларды кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді және энергетикалық тиімді бағдарламалар мен жаңа шешімдерді ілгерілетуге көмектеседі, деп атап өтілді. Қазақстанда Итальян компаниялары баламалы энергетика, құрылыс пен туризм салаларында ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізуге белсенді түрде қатысады деп күтілуде.

Өз кезегінде Джузеппе Сала Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орны болып сайлануын қуана қабыл алып, алдағы әлемдік деңгейдегі іс-шара тек Астананың ғана емес, тұтас Қазақстанның да дамуына қосымша серпін береді, деп атап өтті. Ол Италия тарапы ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізуде Қазақстанға қажетті көмек көрсетеді деп сендіріп, Миланда өтетін ЭКСПО-2015-тің тақырыбы «Планета үшін тағам, өмір сүруге қуат» болғандығын айтып, мұның қазақстандық көрменің тақырыбымен үндес екендігіне назар аударды.

Келіссөздер барысында тараптар Миландағы ЭКСПО-2015 және Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмелерін дайындаудағы қызметті үйлестіру жөнінде бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі атап өтілді. Ұйымдастырушылық мәселелер жөнінде ақпаратты жедел түрде алмасу мақсатында, екі елдің көрмелерді дайындаумен айналысатын мемлекеттік органдары мен ұлттық компаниялары арасында тұрақты байланыстарды жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сапар барысында қазақстандық делегация ЭКСПО-2015-тің құрылыс алаңымен танысты. Италия үкіметі Миландағы ЭКСПО-ны дайындауға 13,2 млрд. еуро бөлді. Мұның сыртында 14 млрд. еуродай тікелей инвестиция жасалады деп күтілуде. Көрме өтетін күндері Милан қаласы 20 млн. адамға дейін қонақ қабылдамақ. Көрменің жалпы алаңы 110 гектарды құрайды. Көрме өткізу үшін Expo Village жаңа тұрғын қалашығы, бірқатар жаңа қонақ үйлер мен ірі кемпинг салынады. Қатысушы елдердің павильондары 4 категорияға (A, B, C және D) бөлінген. Бірқатар үйлер мен ғимараттар, соның ішінде ресми рәсімдер мен қабылдаулар өтетін Италия сарайы, мәдени іс-шараларды өткізуге арналған 24 мың көрермен сиятын арена, 8 мың көрермен сиятын амфитеатр құрылысы жоспарлануда. Көрме Милан мен Ломбардия үшін ғана емес, жалпы ел үшін ең ірі оқиға болады және Италияның экономикалық дамуына қосымша серпін береді деп күтілуде.


//Егемен Қазақстан.-2013.-15 наурыз.- 2б.
Ауқымды көрме айшықтары

Сенбі, 16 наурыз 2013 2:11


Сыртқы істер министрілігінің жауапты хатшысы, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев пен «ЭКСПО-2017 Астана» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың президенті Талғат Ермегияев Германияның Майндағы Франкфурт қаласында жыл сайын өтетін аса ірі «ISH – Optimum Combinatoin of Water and Energy 2013» Халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Бұл ауқымды көрме баламалы және дәстүрлі энергетиканы пайдалана отырып, сумен, жылу және климаттық жүйелермен қамтамасыз ету салаларындағы жетекші технологияларға арналды. Көрмені «Франкфурт Мессе» көрме орталығының президенті Вольфганг Марцин, Майндағы Франкфурт қаласының мэрі Петер Фельдман және федералды жерлердің Қоршаған орта, энергетика, ауыл шаруашылығы және тұтынушылар құқығын қорғау министрі Гесен Луция Путрих ашты. Олар өздерінің сөздерінде қуат үнемдеу технологияларын дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. В.Марцин сондай-ақ қатысушы меймандарға алда өтетін «ЭКСПО-2017 Астана» Халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы хабарлап, оның негізгі тақырыбымен таныстырды. Ал осы арада ЭКСПО-2017 мен «ISH – Optimum Combinatoin of Water and Energy 2013» көрмесі негізгі тақырыбы жағынан бір-бірімен тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн.

Шара шеңберінде қазақстандық делегация «Франкфурт Мессе» көрме орталығының басшылығымен кездесу өткізіп, аталған көрме кешенін ұйымдастыру жұмыстарымен танысты. Неміс жағы «Франкфурт Мессе» өкілдері «ЭКСПО-2015 Милан» көрмесінде Германияның ұлттық павильонының кураторы болып табылатынын хабарлады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Германияның нысандар салу және құрал-жабдықтар өндірісі салаларымен айналысатын «Bosch Termotechnik», «Vaillant Group», «Viessmann Willo Se» секілді жетекші компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді. Неміс компаниялары Астанада ЭКСПО-қалашығын салуда пайдалануға болатын, «жасыл» технологиялар пайдаланылған соңғы үлгідегі жаңалықтарының тұсаукесерін ұйымдастырды.

Өткізілген кездесулер қорытындыларында неміс компаниялары басшыларының Қазақстанға сапарларын ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сондай-ақ Қазақстанда туризм инфрақұрылымдарын дамыту, осы салада Германияның тәжірибелерін пайдалану мәселелері талқыланды.

1960 жылы алғаш рет ұйымдастырылған «ISH – Optimum Combinatoin of Water and Energy 2013» көрмесіне әлемнің түрлі елдерінен 2000-нан астам компания қатысуда. Көрменің басты тақырыбы – «Энергияның тиімділігі, қуат үнемдеу, ауыз сумен қамтамасыз етудегі қауіпсіздік, қайталама қуат көздерін пайдалану арқылы жылыту және суыту».

//Егемен Қазақстан.-2013.-16 наурыз.- 2б.


Олег БОЛДЫРЕВ



Виктор ТЕЙФЕЛЬ: Миссия выполнима

Мало кто знает, что Наурыз – это не только праздник, почитаемый во всем мире, но и важная дата для половины астрономов мира. В день весеннего равноденствия в Северном полушарии Земли наступает астрономическая весна – наиболее удобный период для проведения вечерних наблюдений. О космических сюрпризах газете “Класс Time” рассказывает профессор, заведующий лабораторией физики Луны и планет Астрофизического института им. В. Фесенкова Виктор ТЕЙФЕЛЬ.

Не скатиться бы в мракобесие

Виктор Германович, астрономы тоже отмечают день весеннего равноденствия?

– Для нас Наурыз является неофициальным, но долгожданным праздником. С этого момента день становится длиннее, чем ночь, а весна уже полностью входит в свои права. На полюсах в это время Солнце движется точно по горизонту в течение суток. Жаль, что прекратил свою деятельность Лицей космического природоведения в Алматы, основателем которого и научным руководителем был наш сотрудник – Карим Ибрагимов. Например, сейчас можно увидеть комету Пан Старс. Это очень яркая комета, которая наблюдается в марте на фоне сумеречного неба, примерно в 10 градусах над горизонтом на западе. Кроме того, сейчас в вечернее время четко виден Юпитер, а в ночное – Сатурн.

– Думаю, что даже те планеты-гиганты, которые вы сейчас назвали, знает сегодня не так много молодых людей...

– Не только мы, но и российские ученые настаивали, чтобы астрономию вернули в школьную программу. Иначе мы и дальше будет пожинать плоды мракобесия. Различные слухи о приближении планет-убийц типа Нибиру или взрыва Солнца – это обскурантизм на фоне отсутствия элементарных знаний по астрономии. Кстати, в Казахстане много любителей ночного неба. В Алматы, например, существует клуб любителей астрономии, и порой он нам кое в чем помогает.

Казахстанская астрономия – это часть мировых знаний о космосе, начиная от исследования земной атмосферы до поиска и анализа далеких галактик. Вообще, космос заслуживает самого пристального внимания: на Марсе случаются необычные пылевые бури, на Юпитере и Сатурне – аномальные ураганы. И это не говоря уже о звездах, яркость и спектр которых постоянно меняются. Как раз наш институт непосредственно изучает галактики с нестационарными, активными ядрами. Например, если снимать спектр ядра Сайертовских галактик, то можно увидеть изменения в излучении и поглощении света. Немало проблем и в изучении общего строения Вселенной, чем занимаются наши космологи.

О поясах и странных звездах

– Какие научные открытия XXI века вас впечатлили больше всего?

– Открытий было сделано довольно много благодаря космическим телескопам. Ведь они не зависят от земной атмосферы. Тот же телескоп Кеплера, который занимается поиском планет возле других звезд, впечатлил открытием пояса Коэпера. Этот пояс находится примерно на орбите Плутона, который некогда считался планетой. И знаете, почему это небесное тело потеряло статус планеты? Недавние исследования показали, что Плутон в диаметре меньше Луны. Более того, таких “плутонов” в поясе Коэпера огромное множество. Поэтому самая дальняя планета Солнечной системы перешла в разряд карликов.

Ну и одно из грандиозных открытий произошло совсем недавно – в 2007 году. Титан – спутник Сатурна – по размерам не так уж велик, зато его атмосфера плотнее земной в 1,5 раза. Такой эффект создается азотом и азотно-метановой атмосферой. Метан из-за низких температур выпадает в виде дождей, а те, в свою очередь, наполняют реки и озера. Более того, аппарат “Кассини”, который находится на орбите Сатурна, сбросил на Титан зонд. И теперь в руках ученых есть подробное изображение ландшафта. Данные “Кассини”, чья миссия успешно выполняется, подробно картографируются. Да, еще забыл сказать про полет “Вояджера” – величайшее достижение астрофизики: этот космический аппарат пролетел мимо всех планет-гигантов. Сейчас известно, что “Вояджер” уже вышел за пределы Солнечной системы и до сих пор подает какие-то признаки “жизни”. Другое дело, что эти сигналы идут очень долгое время, ведь даже солнечный свет доходит до Земли через 8,5 минуты.

– Знаю, что ваш институт АФИФ находится на 77 меридиане. Такое расположение было выбрано не случайно?

– 77-й меридиан, конечно, не выбирался специально, а просто совпал с тем предгорьем, на котором академик Василий Григорьевич Фесенков нашел подходящее место для строительства обсерватории. Хотя во многом это символично.

– Сейчас очень модно “дарить” звезды с неба. Это, конечно, романтично, но законно ли?

– К сожалению, некоторые мошенники действительно наживаются на продаже звезд. Однако это совершенно незаконно – названия звездам давным-давно не присваиваются. Сириус, Альдебаран, Вега – имена этих светил нам достались еще от древних арабов и греков. Остальные тысячи звезд имеют порядковые номера согласно каталогу. Конечно, кроме уникальных – например, звезды Барнарда, которая летит в космосе с огромной скоростью.

Обойдемся без Брюса Уиллиса

– Каждый год мы слышим о грядущем апокалипсисе, но он до сих пор не настал. Как вы думаете, почему люди верят во всю эту чепуху?

– Суеверия имеют очень давнюю природу. Древние люди, не имевшие телескопов для изучения небесных тел, обожествляли звезды, созвездия. Они верили, что светящиеся точки на небе могут каким-то образом оказывать влияние на людей. Отсюда, кстати, и появилась лженаука – астрология, которая захламляет головы наивных.

– Челябинский метеорит, который наделал столько шума, все-таки заставляет задуматься: неужели гибель цивилизации настолько реальна?

– На этот счет можно строить самые разные гипотезы. Мы видели не один американский фильм про конец света или вторжение инопланетян. Но все это из области фантастики. Поверьте, нашу цивилизацию просто так уничтожить невозможно – для этого нужны грандиозные катаклизмы, которые убили бы все живое на Земле. Другое дело, что есть определенные опасения по поводу столкновения крупного астероида с Землей. Это может вызвать если не глобальную, то локальную катастрофу, в результате которой погибнут тысячи людей. Однако вероятность такого “небесного ДТП” очень низка. Как ни странно, но челябинский метеорит подогрел интерес к космическим проблемам не только рядовых людей, но и чиновников. Власть имущие стали понимать, что астрономия – наука важная и в нее нужно вкладывать деньги.

– Правда, что сверхзвуковой самолет прогремел бы не слабее челябинского болида?

– Действительно, если СУ-32 пролетит вблизи городских кварталов, то ударная волна повыбивает стекла не хуже метеорита. Однако астероид врезался в Землю с гораздо большей скоростью, поэтому и ударная волна была в разы мощнее. Чтобы предотвратить такие столкновения с космическими телами, создаются специальные обсерватории. Правда, погодные условия не позволяют вести непрерывные наблюдения. Поэтому станции слежения расположены в различных уголках Земли. Впрочем, большая часть малых планет для нас безопасны, так как вращаются вокруг Солнца между границами Марса и Юпитера.

– Если человечеству будет угрожать гибель от астероида, как спасаться?

– Брюса Уиллиса с командой, конечно, посылать не нужно, он нас не спасет – достаточно атаковать астероид тактическими ядерными боеголовками. Они вызовут небольшое отклонение малой планеты от траектории. Но для этого нужно обнаружить астероид на большом расстоянии. И точная наука астрономия нам в этом со временем поможет. Еще существует другой способ спасения Земли: можно послать специальную ракетную установку, которая прикрепится к астероиду и своими реактивными двигателями сместит его с орбиты.

– В последнее время человечество подвержено еще одной истерии – боязни пришествия инопланетян…

– Вероятность того, что мы не одиноки, безусловно, есть: в последние десятилетия очень много внимания уделяется поиску обитаемых планет. И если раньше открывались планеты-гиганты – в несколько раз больше нашего Юпитера, то сейчас ищут и находят “близнецов” Земли. Хотя размеры планеты еще не определяют возможности существования на ней жизни. Планета должна находиться на оптимальном расстоянии от светила, получать от него достаточно тепла и света, и в то же время звезда не должна ее испепелить, как Солнце сжигает Меркурий.

– И традиционный вопрос: есть ли жизнь на Марсе?



– Что касается разумных цивилизаций, то никаких наблюдательных данных, кроме философских рассуждений, пока нет. В свое время была начата программа по поиску инопланетян. Она называется “SETI” – поиск сигналов разумных существ или, по-другому, радиошума из Вселенной, который распознается нашими телескопами. Но для того чтобы проанализировать этот шум и выделить какие-то упорядоченные данные, необходима трудоемкая работа. Даже самый мощный компьютер в мире только за 1000 лет обработает трехдневный космический шум. Причем вам ничего не нужно делать – только скачать бесплатный софт из Интернета и установить его. Затем компьютер будет автоматически обрабатывать порцию космических данных. И это никак не будет нагружать систему, так как программа работает при отсутствии вас за компьютером. Так что каждый может внести свой вклад в поиск внеземных цивилизаций.

//Класс Тайм.-2013.-20 марта.-С.12

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет